Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жазылым дағдыларын қалыптастыру
Ерінбей еңбек етсең шыдап егер,
Тікен де гүлге айналып шыға келер.
Сағди
Еліміздің білім саласының алдында тұрған басты міндет-сыныпта алған білімдерін болашақта пайдалана алатын жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсатты шешу, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімнің міндеті деп білемін. Осы орайда жаңартылған білім беру бағдарламасының орны ерекше. Өйткені, жаңартылған бағдарлама оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыруға зор мүмкіндік жасап отыр. Ол тілдік дағдылар: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым.
Жоғарыда аталған дағдылардың ішінде оқушыларды шығармашылыққа жетелеуде жазылым дағдысының орны ерекше. Жазылым дегеніміз не? Жазылым-бұл оқушылардан үйлесімді мәтін құру үшін көптеген күрделі дағдыларды меңгеруді талап ететін міндет. Бұл жерде күрделі дағдылар деп оқушылардың сөздік қорларындағы сөздерді тиімді пайдаланумен қатар оларды жазуда тыныс белгілерді де назардан тыс қалдырмауын айтамыз. Сондықтан, жазылым басқа дағдыларға қарағанда өнімді дағды болып табылады.
Жазылым басқа да сөйлесім дағдыларымен бірлікте жүзеге асады. Себебі, оқушы оқылым және тыңдалым, айтылым дағдысы негізінде өзінің жазылым дағдысын дамыта алады. Жазылым дағдысы-бұл жазу емес. Жазылым дағдысы-шығармашылық ойлау. Оқушының өз ойын шығармашылық тұрғыдан жеткізе білуі оның бойында жазылым дағдысының қалыптасқандығын көрсетеді.
Жазылым түрлері әр алуан.
Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну
Мәтіндерді түзету, редакциялау
Жазылым түрлері
Жоспар құру
Эссе жазу
Жинақы мәтін (компрес-сия) жазу
Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Жазылымға арналған сабақ құрылымы:
-өз бетінше жазудың алдында- идеяны тұжырымдауға қолдау көрсетеді, жоспарлаудың әр түрлі әдістерін үлгілеп көрсетеді және бастапқы нұсқаны жазу үдерісін ұйымдастырады;
- жазу барысында-оқушылардың нақты іріктелген лексикалық бірліктерді қолданғанын (тіркестерді таңдау), грамматикасы ережеге сай екенін, сөздердің үйлесімділігін қадағалайды;
- жазып болғаннан кейін-жұмыстың алдын ала белгіленген критерийлерге сәйкестігін тексеріп, түзетеді, жетілдіреді.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтай отырып, оқушылардың жазылым дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра аламыз.
Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары-продуктивті жазылым және жазылым үдерісі. Продуктивті жазылымда біз оқушыларға жазылатын жұмыстың үлгісін ұсынамыз. Бұл оқушыға қалай жазу керектігі туралы идеяны береді
Көптеген дерек көздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы асықпай сөйлеп, баяу қимылдайтын оқушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет шеберлік танытады. Сондықтан, мен оқушылар бойында осы жазылым дағдысын қалыптастыру мәселесі бойынша ізденіп жүрмін. Мақсатым: оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар бойында жазылым дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
-оқу үрдісінде оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуды сөйлесім әрекетінің түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) бірлікте қалыптастыру;
-оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлерін айқындау;
-жазбаша сөйлеу тілін қатысымдық бағытта дамытудың әдіс-тәсілдерін айқындау.
Күтілетін нәтижелер:
-оқушылардың жазбаша сөйлеу тілінің дамуы сөйлесім әрекетінің түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, тілдесім) бірлікте қалыптасады;
-шағын әңгіме, мәтін, ертегі, әңгімені өз бетімен аяқтай алады;
-оқушылар құттықтау хат, жарнама, шақыру хаттарын жаза алады;
-грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
-оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.
Жазылым жоғарыда аталған 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім дағдысы болып табылады. Оқушы бойында жазылым дағдысын қалыптастырмас бұрын өз-өзімізге мына сұрақтарды қойғанымыз жөн.
-Оқушылардан не туралы жазуды сұраймын?
-Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады?
-Жазылым дағдысын дамыту үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?
«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болуы үшін қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.
Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең әуелі, сөздік қорға тікелей байланысты. Ал сөздік қор оқылым арқылы келеді.
Оқушыларға жазылым дағдысын үйретуде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің ықпалы мол екенін жоғарыда айтып өттік.
Мәселен, «Суретті сөйлету» әдісі оқушылардың сыни тұрғыдан ойландырып қана қоймай, олардың шығармашылықпен айналысуларына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өз тәжірибемде «Кейіпкерге хат жазу», «РАФТ» стратегиясы, «Түйін сөз», «Талдау картасы» секілді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың жазылым дағдылары қалыптасқандығына көз жеткіздім. Сонымен қатар, былтыр жыл бойына зерттеу жүргізу
барысында жазылым түрлері бойынша мына әдістер тиімді екендігіне көз жеткіздім.
Жоспар құру Қызықты мозайка
Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру Бір минуттық жазба
Жұмыстарды әр түрлі формада ұсыну Қорапша
Эссе жазу Дербес пікір
Жинақы мәтін (компрессия) жазу Гамбургердегі жазба
Мәтіндерді түзету, редакциялау Досыма хат
Орфографиялық дағды қалыптастыруда жазбаша жаттығу, диктант, мазмұндама, шығарма жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру да жақсы нәтиже береді. Әсіресе, эссе жұмыстарының маңызы зор. Ол оқушының өз көзқарасын дәлелдеп айта білуге, сондай-ақ, өз көзқарасын нақтылауға көмектеседі. Ал, оқушыларды эссе жазуға қалай үйретеміз?
Эссе жазуға үйрету үшін мен әрбір сабағымда дерлік «Дербес пікір» әдісін қолданамын. Өтілген тақырып бойынша «Дербес пікір» әдісі арқылы ой түйіндей білген оқушы эссе жазуда еш қиналмайды. «Дербес пікір» әдісінің жалпы мазмұны мынадай: