«Ойын арқылы қолдың
ұсақ моторикасын дамыту»
Мақсаты:
Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың ұсақ моторикасымен қол үйлесімділігін дамыту.
Міндеттері:
- Қол мен көздің үйлесімділігін және дәлдігін жетілдіру,қолдың икемділігін,ырғағын дамыту.
- Қолдың бұлшық еттерімен саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту.
- Тілдік функциясының дамуына көмектесу.
- Әр түрлі заттарды қолданғанда қолдың ұсақ моторикасы мен икемділігін ,жаттықтыру;
- Балалардың ұсақ моторикасының дамуына ата-аналармен қарым-қатынаста жұмыс жасау.
Өзектілігі:
Балалардың ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып табылады.Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функциясының үлкен ықпал тигізетінін атап өтті.Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін,оның интеллектуалдық қабілетін айғақтайтын дәл ұсақ қол моторикасы екендігі белгілі болды.Қол моторикасы жетілмеген балалар өзі-өзіне қызмет көрсету іс-әрекеттерін епсіз орындайды,оқу іс-әрекеттерде басқа балаларға ілесе алмайды.Осы себептен өзіне деген сенімі,көңіл-күйі,өзін бағалауы төмендейді.
Моторика деген не? Бала дамуына қандай әсер тигізеді?Ата аналарға балаларды мектепке дұрыс дайындап,жан-жақты дамуына қандай көмек көрсетуге болады?Аталған сұрақтардың жауабын табу үшін осы тақырыппен жұмыс жасауды қолға алдым.
Қолданылатын жұмыс түрлері
- Тәрбиешінің балалармен бірлескен іс-әрекеті
- Балалармен жеке жұмыс
- Балалардың ерікті өз бетімен іс-әрекеттері
Негізгі бағыттар
- Заттық дамытушылық орта құру
- Жұмыс құралдарын дайындау
- Балалармен жұмыс
Әдіс-тәсілдері
- Пішіндер
- Түстерді ажырату ойындары
- Сипап сезу түйсігін дамыту ойындары
- Құрастыру ойындары
Пішіндер-2 сағат
- Пішінді құрастыр
- Геометриялық пирамида
Мақсаты:Кеңістік ұғымдарын, ұсақ моториканы дамыту; санау машықтарын бекіту; қиялы мен елесін дамыту.
Балалардың сенсорлық қабілеттерін, геометриялық пішіндерді тану және олардың түсін, көлемін,сұлбасын атау біліктерін дамыту.
Түстерді ажырату-7 сағат
- Түрлі –түсті қақпақтар
- Түрлі –түсті ыдыс
- Түрлі-түсті түймелер
- Түрлі-түсті қақпақшалар
- Қуыршаққа арналған көйлек
- Қуыршақтарға моншақ тізуге көмектесейік
- Балапанға жем бер
Мақсаты:Балалардың заттарды бір түс бойынша таңдау біліктілігін, екі түстен тұратын заттарды кезектестіру.Түсті атауда балаларды жаттықтыру. Түсті түске сәйкестендіре білуді дамыту. Есте сақтау, зейіндідамыту.
Сипап сезу түйсігін дамыту-5 сағат
- Саусақ құрғақ бассейні
- Сиқырлы қапшықтар
- Бауырсаққа дәрумен береміз
- Көңілді құрт
- Жұмсақ шұжықтар
Мақсаты:Балаларда ұсақ моторика мен тактильді сезімдерін дамыту. Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың сипап сезу белсенділігін арттыру; белсенді сөздік қорларын байыту; шығармашылық қабілеттерін дамыту
Құрастыру ойындары-4 сағат
- Суретті құрастыр
- Өрнек құрастыр
- Қысқыштармен ойын
- Көңіл-күйді бейнеле
Мақсаты:Саусақ моторикасын дамыту; Есте сақтау, зейін, ойлауды дамыту. Сөздік қорларын байыту. Түсті түске сәйкестендіре білуді дамыту.Әртүрлі көлемдегі қатармен қимыл-әрекет орындау білігін дамыту.Шамаларды ұзындығы мен ені бойынша салыстыруға, сөйлеу кезінде «ұзын», «қысқа», «кең», «тар» сөздерін қолдануға үйрету.
Күннің екінші жартысында қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар жоспарланып өтіледі.
Қосымша
- Түрлі-түсті пішіндер
- Түрлі түсті ыдыстар
- Түрлі-түсті қақпақтар
- Кішкентай
қапшықтар
- Түрлі-түсті қысқыштар
- Түрлі-түсті маталар
- Макарондар
- Түймелер
- Әр түрлі дәндер
- Жіптер
- Пластмасса бөтелкелер
Қорытынды
Саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыруға арналған жұмыс нәтижесі тиімді болу үшін әр түрлі әдіс тәсілдер қолдану қажет.Әр істі,әр жұмысты қызығушылықпен орындауға болатынын үйретемін.Келешекте де өткізген жұмыс нәтижесінің жемісті болу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды жалғастырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |