11-сынып оқушыларына арналған мектепшілік олимпиадасының тапсырмалары Олимпиада мақсаты: - Оқушылардың ой-өрісін кеңейту;
-Мектеп оқушыларының қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын дамыту;
-Мектеп курсын терендету,білімдерін бақылау;
Олимпиаданың І кезеңі.
І. Лексика-грамматикалық тест 10 –ұпай.
1.Жуан дауысты сөзді табыңыз
A)Көлік B)Көбелек C)Дәрігер D)Астана E)Түлкі
2)Қатаң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді анықтаңыз
A)Мейрам B)Астық C)Доп D)Ине E)Бала
3)Екі ашық буыны бар сөзді анықтаңыз
A)Отбасына B)Береке C)Дәптерге D)Демалыс E)Жексенбі
4)Сөйлемнен буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсетіңіз Менің ағам балашқта заңгер болғысы келеді A)Менің ағам B)Болашақта C)Заңгер D)Болғысы E)Келеді
5)Болымсыз етістікті табыңыз
A)Көрген B)Көрді C)Көрсең D)Көрме E)Көрсеқ
6) Мақалдың жалғасын табыңыз Күздің бір күні…
A)Қыстың бір айын асырайды B)Нұр жауады C)Молшылық болады D)Маған ұнайды E)Жакқсы болады
7) Сапалық сын есімді көрсетіңіз
A)Айнадай B)Ақылды C)Әдемі D)Бойшың E)Өнерлі
8) "Соңғы жыл" тіркесінің антонимін табыңыз
A)Жаңа жыл B)Негізгі жыл C)Алғашқы жыл D)Аязды жыл E)Табысты жыл
9) Болымсыздық есімдіктерді анықтаңыз
A)Олар, бұлар B)Менен, одан C)Кейбіреуге, біреудің D)Ешқашан, ешқайда E)Мен, сен
10) Сөйлемнен тура толықтауышты табыңыз Адал бала өзінің анасын ұмытпайды
A)Адал B)Анасын C)Өзінің D)Ұмытпайды E)Бала
Олимпиаданың ІІ кезеңі.
ІІ-Оқылым
Тапсырма:
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол – өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейініректе білім қалыптасып, жазудың шығуы қоғам алдына жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттілігі туындады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
Мәтіннің 1-бөлігінің негізгі ойы қандай? 5 ұпай
Мәтіннің мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңдар. 5 ұпай
ІІІ. Жазылым. Берілген үш тақырыптан біреуін таңдап диалог құрастыру. -10 ұпай 1. «Денсаулык-зор байлық».
2. «Менің болашақ мамандығым».
3. «Тіл-қазақтың ары да, бары да.»