ГЛОССАРИЙ
Аңыз- қазақ фольклорлық прозасының жанры, елдің, тайпа, рудың шыққан тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар, сондай - ақ нақтылы бір жер- су, сол жерде өткен оқиғалар турасындағы тарихи шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтседе, уақыт өте көркемдік сипат алған әңгіме.
Әңгіме- оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қарасөзбен жазылған шағын көркем шығарма.
Бесік жыры- қазақ балалар фольклорының жанрлық түрі. Әнге қосып баланы уатып, қалғытып, ұйықтатуға лайық біркелкі ырғақпен жайдары, жағымды үнмен айтылатын ән.
Драма- сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс- әректін, көңіл- күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
Ертегі-бұрынғы өткенді қиялмен ұштастыра болжап, сюжетті көркем әңгіме түрінде келіп, қарасөзбен беріледі.
Жаңылтпаш- ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетік жетілуіне, оралымды, анық сөйлесуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауға баулиды.
Жұмбақ- көлемі қысқа, еске сақтауға қолайлы, белгілі бір затты, табиға құбылысты, адам болмысын, іс- әрекетті, қоғамдық күрес- тартыс шиеленістерді ойланып, шешімін табуға ыңғайлап, басқа нірсенің немесе әрекет - қимыл арқылы тұспалдап айту тәсілі.
Комедия- драмалық жанрдың негізгі бір түрі.Өмірегі келеңсіз, жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы міндерді, қасиетсіздікті, оспадарлықты күлкілі етіп бейнелейтін сахналық шығарма.
Өнер- нақтылы іске, соның нәтижесінде туған затқа байланысты
кәсіпті айтады.
Өтірік өлең- қазақ ауыз әдебиетіндегі өмір құбылыстарын шындыққа жанаспайтындай етіп айтатын өлең түрі.
Санамақ- сәбилерге сан үйрету, санның ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі.
Тақпақ- қазақ өмірінде шешендік дәстүрмен байланысты туған өткір нақыл- ғибраттылық, мінерлеп айтуға лайықты сөз нұсқасы.
Трагедия- сахнаға арналып жазылатын әдеби шығармалардың, яғни драмалық жанрдың бір түрі. Өмірдегі бір ауыр жағдай, адамның қиын басына түскен ауыртпалық баяндалады, шығарма көбінесе негізгі кейңпкердің қазаға ұшырайымен аяқталады.
Тұрмыс- салт жырлары- қазақ ауыз әдебиетінің жанрлық бір түрі. Халықтың әр түрлі салт, дәстүр, әдет- ғұрып, ырым- жораларына байланысты өлең- жырлар.
СЫҢСУ - қыз өзінің ел - жұрты, құрбы-құрдастарымен айырылысар кезде, қайын жұртына аттанар сәтте мұң-зарға толы айтылатын өлеңдер.
ЖҰБАТУ - сыңсуға жауап ретінде жігіттер жағы айтатын жыр үлгісі.
БЕТАШАР - қалыңдық түскенде, ақ жаулық жауып әкелген жас келіннің бетін ақын ашып, үйдегі үлкен-кішімен, ел-жұртымен таныстыру түрінде айтылатын жыр үлгісі.
ЖАНАЗАЛАУ ЖЫРЛАРЫ - адам қазасына байланысты туып, ел аузында сақталған естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау сияқты салт жырлары.
ЕСТІРТУ МЕН ЖҰБАТУ - өлген адамның жайын, өлеңмен немесе қарасөзбен кейде тіпті күймен де жеткізетін хабарлаудан туған жыр.
ЖОҚТАУ - көбіне жауда қаза болған қас батырлардың ерлік істерін еске түсіруден туған жырлар.
ДІНИ-ҒҰРЫПТАРҒА ТУДЫРҒАН ЖЫРЛАР - қазақ фольклорынан ежелгі көшпелі тайпалардың ежелгі наным-сенімдері басты орын алған. Оның көрінісітері-бәдік, жарапазан,алғыс, қарғыс,арбау,бақсылық сарындары жатады.
МИФ - дүние туралы фантастикалық түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесі.
АҢЫЗ - ӘҢГІМЕЛЕР - оқиғасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып, ауызша шығарған қазақ халқының көркем шығармаларының елеулі бір саласы.
ЭПОС - оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдарды ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен эпикалық жыр - дастандар.
РИТОРИКА - сендіре білу, яғни тыңдаушының санасына, сезіміне және еркіне әсер ету, ықпал жасау.
АЙТЫС - қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің құнарлы бір арнасы ретінде бағзы замандарда туып, қалыптасқан көне жанр.
Достарыңызбен бөлісу: |