Қарағанды медициналық университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы
Баяндама
Тақырыбы: “ Өнер- рухани мәдениет саласы.
Өнер пәні, қызметтері”
Орындаған: Муратқызы Ж.
Топ: ФӨТ 1-011
Қабылдаған: Әли М. Т.
Қарағанды, 2022жылы
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, муызыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері және т.б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердіңқуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады
Өнер – адамның әлемді көркемдік жағынан игеру жөніндегі әрекеті. Өнер арқылы адам өзінің эстетикалық дүниетанымын білдіреді. Өнерге неғұрлым дұрыс анықтама берген Н.Г. Чернышевский: "...Өнердің мазмұны – өмірдегі жалпы қызығушылық... өмірде адамның қызығушылығын тудырғанның бәрін бейнелеу" ("Өнердің шындық болмысқа эстетикалық қатынасы") деп жазған.
Өнердiн қызметтері
Коммуникативтік кызметі (онер-карым-катынас құралы). Адамдарды бiрiктiретiн - енер. Ежелгi кезендерде тiлi әр алуан тайпалар келiсiмге келгенде, өздерiн топтастыра тусетiн, би билейтін болган. Саясаткерлер XVIII гасырдын сонында Италияны шағын графтықтар мен князьдіктерге белгенде: неаполитандықтарды, римдіктерді, ломбардиялыктарды онер туыстырган да бiрiктiрген және оларға өздерiн бiртұтас ұлт ретiнде сезiнуге көмектескен. Өзара тартыстардан бөлшектенген Ежелгi Русь ушiн де біртұтас өнердің манызы зор болды. Ал XVIII-XIX Ғасырларда немiстер поэзиянын бiрiктiргiш құдiретiн ерекше сезінді. Қазіргі таңда өнер халықтардың өзара түсіністігіне жол салып келеді. Ол - бейбіт қатар өмір кешудің және ынтымақтастыктын құралы.
Акпараттык кызметi (өнер - хабарлама). ақпаратты жеткізетін де - өнер. Сөзге қарағанда бидің, кескіндеме, сәулет өнерлерiнiң, мүсiннiн, колданбалы және декоративтiк өнер турлерi тiлiмен берiлетiн акпарат женіл меңгерiледi. Оны аударудын кажетi болмайды. Өнердiн ақпараттық мүмкіндіктері ауқымды, өйткені оның тілі түсінікті, бейнелі әрі икемді. Көркем ақпарат қашанда біртума, эмоциялық қанық та қарама-қайшылықты және эстетикасы бай.
Тәрбиелiк қызметі (онер тазару мен арылу). Адамдардын сезiм мен ой кұрылымын жетiлдiретiн - өнер.саясат - саяси көзқарастарды, ал философия - дуниетанымды калыптастырады. Ғылым - адамнан маман даярласа, тавтологиядан қашқақтамай айтар болсак, онер - адамнан адамды даярлайды: акыл мен жүрекке кешендi түрде әсер етеді, оның әсері адам рухынын небір калтарыстарына дейiн козгайды.
Өнер бiртұтас тұлғаны қалыптастырады Өнер бiргетас тулганы әлеуметтендiру мен онын өзiндiк бағасының маңызын бекіте түсу бағытында әсер етеді.
Иландыру кызметi (енер - суггестия).
Белгiлi бiр ой мен сезімдерге иландыру мен психикасына гипноздық секілді әсер ету де - өнер. Суггестия (сендіру әсері) алғашқы қауымдық құрылыска да тән. Австралиялык тайпалар шайқасқа шығар алдында ән айтып, би билеп, бойларындагы кажырлы ояткан. Өнердiн сендiрушiлiк релі сап түзеп келе жаткан әскерлерге көтеріңкі көңіл күй беруге мiндеттi марштарда да айкын корiнедi.
Адамзатпен бірге пайда болған өнер салалары ғасырлар бойы дамып, өз жанрларын жетілдіре түсті. Өнердің дамуы тікелей қоғамда болатын құбылыстарға байланысты өзгеріп, жетіліп отырды. Ол әрдайым шығармашылық табыстарымен бағаланады.
Өнер арқылы берілген эстетикалық тәрбие адамды ұдайы сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастырады.
Қазақстандағы өнер түрлері де ерте кезде-ақ пайда болып, қазіргі таңда адамның жан азығы мен рухани байлығы іспеттес. Адамдар өмір сүре бастағаннан-ақ өнердің алғашқы нышаны қалыптасқан. Сондықтан да қазақ өнерін әлем өнерінің құрамдас бөлігі ретінде оқып - тануға міндеттіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |