Опросы на казахском языке



Дата13.06.2023
өлшемі55,85 Kb.
#100925
Байланысты:
testmed





Вопросы на казахском языке

1) Жалпы тәжірбиелік дәрігер (ЖТД) қабылдауында науқас К. Дене температурасының жоғарлауына және жөтелге шағымданып отыр. Осы қалаға жұмыс бабымен келген. ЖТД ЖРВИ диагнозын қойды.Осы науқастың жұмысқа жарамсыздығына сараптама жүргізіңіз:

2) Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауында 29 жастағы науқас аз көлемді қаырықты жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке шағымданып келіп отыр. Жалпы суықтанудан және ЖРВИ -мен ауыратын науқаспен байланысқаннан кейін ауырған, ауырғанына 2 күн болған. Тыныс алу жүйесін объективті тексергенде оң жауырыннан төмен дауыс дірілінің күшеюі, сол жерде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, зақымдалған өкпе аймағының үстінде әлсіргене везикулярлы тыныс және үнді дыбысты ұсақ көпіршікті сырылдар. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

3) Қалалық аурухананың жалпы тәжірбиелік дәрігеріне 45 жастағы К науқас кіндіктің сол жағында ұзаққа созылатын сыздап аурысынуға шағымданады, ауырсыну арқаға, сол жауырынға беріледі, майлы тамақтан кейін пайда болады. Тәбетінің төмендеуін, жүрек айну, тамақтан кейін эпигастральды аймақта ауырлық сезімін байқаған. Бұл симптомдар 4 ай бойы мазалайды. Көп жылдар созылмалы холецистипен ауырады. Объективті: температура 37,2 С. Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, құрғақ, сарғыш реңкпен. Теріасты-май қабаты шектен тыс дамыған. Жүрегі мен өкпесі патолгиясыз. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, жоғары жағында және сол қабырғаастында ауырсынады. Сіздің болжамды клиникалық диагнозыңыз қандай?

4) Амбулаторлық қабылдауға 44 жастағы М.ер адам физикалық жүктемеде күшейетін ентігуге, кейде аз көлемді шырышты қақырықты, ұстама тәрізді жөтелге, ентігуідің күшеюіне байланысты ұйқысының бөлінуіне шағымданып келді. Пикфлоуметрия күнделігін жүргізеді. Науқаста осындай пикфлоуметрияда дәрігер не жайлы ойлау керек?

5. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауында 29 жастағы науқас аз көлемді қаырықты жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке шағымданып келіп отыр. Жалпы суықтанудан және ЖРВИ -мен ауыратын науқаспен байланысқаннан кейін ауырған, ауырғанына 2 күн болған. Тыныс алу жүйесін объективті тексергенде оң жауырыннан төмен дауыс дірілінің күшеюі, сол жерде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, зақымдалған өкпе аймағының үстінде әлсіргене везикулярлы тыныс және үнді дыбысты ұсақ көпіршікті сырылдар. Жалпы тәжірбиелік дәрігер қандай препараттар тобын тағайындау керек?

6. Әйел, 42 жаста, жалпы тәжірбиелік дәрігерге ентігуге, ұстама тәрізді жөтелге, тұншығу ұсатамаларына шағымданады. Симптомдар аптасына 1 реттен кем, айына 1 реттен көп мазалайды. Өршулер физикалық белсенділікті және ұйқыны бұзады. Түнгі симптомдар айына 2 реттен көп. ОФВ1 немесе ПСВ≥ 80% қалыптыдан, ПСВ көрсеткішінің айырмашылығы 20%-30%. Қандай зерттеу әдісі дәрігерге себептік-негізгі факторларды анықтауға көмектеседі?

7. 32 жастағы науқас қабылдауға кеудесінде дискомфортқа, таңертең пайда болатын жүректің мезгілдік шалыс соғуына шағымданып келді. Жалпы тәжірбиелік дәрігер науқаста вазоспастикалық стенокардияға күмәнданады. Диагнозды қандай инструменттік зерттеу әдісі дәлелдейді?

8. Науқас Б., 63 жаста, ұзақ уақыт бойы диабетикалық нефропатиямен асқынған қант диабеті бойынша диспанесерлік тізімде тұр. Қандағы қанттың бақылаулы мөлшеріне қарамастан, тексеру кезінде артериялық қысымның 180/100 мм.с.б.б. Дейін жоғарлауы анықталды. Антигипертензивті препараттардың қай тобы науқаста таңдау препараты болып табылады?

9. Осы препараттардың тобы ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлы синдромда тек ауырсыну синдромының болуы мен САҚ>90 мм.с.б.б. Болғанда тағайындалады. Тамырішілк енгізу басқа формаларына қарағанда ангинозды ауырсынуды басу және ST сегментінің депрессиясының регрессиясында тиімдірек. Препараттың мөлшерін АҚ қатаң бақылауымен, стенокардия ұстамасы жойылғанша, ал артериялық гипертензиясы, жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда- АҚ қалыпқа келгенше немесе жағымсыз әсерлері пайда болғанша жоғарлатуға болады. Жедел коронарлы синдромда тағайындалатын қандай перапарттар тобы жайлы айтылып тұр?

10. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 37 жастағы науқас келіп отыр. Науқас жедел ревматикалық қызбаны басынан өткерген. Қосымша зертханалық-инстурментальды әдістері инфекциядан 1 ай өткеннен кейін формуланың солға ығысуымен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, СРА пайда болуы, сиал қышқылы, фибриноген, α2 и γ-глобулиндер мөлшерінің жоғарлауы, антистрептокиназа >1:300, антистрептолизин >1:450 анықталды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақша хордалары мен жармаларынан ЭХО-дабылдың қалыңдауы мен "жалбырлығы" , қақпақшаның артқы жармасының қозғалғыштығының шектелуі анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

11. Жалпы тәжірбиелік дәрігер қабылдауында 44 жастағы М науқас жүрегіндегі кезеңдік шаншып ауырсынуларға, жүрек қағысына, жүрек аймағында "тоқтап қалу мен шалыс соғу" сезіміне шағымданып отыр. 2 дәрежелі артериялық гипертензия, қауіп 3 диагнозымен диспансерлік тізімде тұр, базисті емді тұрақсыз қабылдайды. Жүрек-тамыр жүйесін тексергенде перкуторлы шекаралары солға ығысқан, аускультативті- үндері тұйықталған, ырғағы дұырс емес, ЖЖЖ 78-90 соққы/мин. Науқастың ЭКГ-на қарай отырып, сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

12. Осы препараттар тобын кері көрсеткіштер болмаса ишемия симптомдары бар науқастарға ерте тағайындау ұсынылған. Дәрілік заттар айналымдағы катехоламиндердің миокардиальды әсерлерін конкурентті ингибирлейді және ЖЖЖ, АҚ және миокард жиырылғыштығын төмендету есебінен миокардпен оттегі қолдануын төмендетеді (дәлелділік деңгейі ІВ). Егер миокардтың жиырылғышы белгілі емес науқастарға ерте тағайындаудан бас тарту керек. Сонымен қатар коронарлы спазммен немесе кокаин қабылдаумен байланысты симптомдары бар науқастарға тағайындамаған жөн, өйткені олар β-жанама вазодилатацияға қарама-қарсы α-жанама вазоконстрикцияға ықпал ететін спазмға ықпал көрсетуі мүмкін. Жедел коронарлы синдромда тағайындалатын қандай препараттар тобы жайлы айтылып отыр?

13. 27 жастағы әйел жүктіліктің 6-7 аптасында жасанды жолмен түсік жасату мақсатында келді. Екі апта бұрын ЖРВИ, ауыр ағымымен амбулаторлы ем қабылдаған. Әйел ҚР азаматшасы және тұрақты жұмысы бар. Оған қандай құжат берілу қажет ?

14. Жалпы тәжірбиелік дәрігер қай жағдайда науқасты ЭКГ-ға жолдайды және скринингтік қараудың нәтижелері бойынша қажет болса кардиологтың кеңесіне жібереді?

15. Осы препараттар тобы өңештің төменгі сфинктерінің тонусын жоғарлатады, , асқазанның босауын стимуляциялайды, ас қорыту жүйесінің жұмыс үйлесімділігін жақсартады. Олар антисекреторлы препараттармен комплекстік ем құрамында тиімдірек. Препараттардың жаңа классын қолданған жөн, өйткені өз тобына сай жанама әсерлері жоқ (оның гематоэнцефалдық барьерден өту қабілетінің төмендігі экстарпирамидалық бұзылыстардың, гиперпролактинемия қауіпін төмендетеді, сонымен қатар цитохром-Р ферменттерімен байланыспағандықтан комплекстік ем кезінде дәрілік әрекеттесуден құтылуға мүмкіндік береді. Гастроэзофагальдырефлюкстік ауру мен ойық-жара ауруын емдеуде қолданатын, сонымен қоса амбулаторлық тәжірбиеде кең қолданылатын қандай препараттар тобы жайлы айтылып отыр?

16. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 25 жастағы науқас жүрегінің айну, ауызында жағымсыз дәм, омыртқаға таралатын төстің астындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келіп отыр. Ауырсыну түнгі уақытты мазалайды, сондықтан науқас түнде тұрып, 1 стақан салқын сүт ішеді. Объективті: пальпацияда оң эпигастральды аймақта ауырсыну, Мендель симптомы оң мәнді. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

17. Ер адам А., 39 жаста, әлсіздікке, басының ауырсынуына, жүрек тұсында, бұлшықеттерінде ауырсыну сезіміне, аяқтарында, қолында және бетінде ісінуге, кейде ішінің өтуіне шағымданып келді. Анамнезінен соңғы жарты жылда 8 кг арықтағаны, кезеңдік өршуімен жамбас сүйегініңсозылмалы остеомиелиті бар екені белгілі болды. Науқастың қолында құрсақ қуысы мүшелерінің және бүйректің УДЗ қорытындылары- үлкейген, тығыздалған бүйрек анықталады (үлкен майлы бүйрек). Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

18. Антигипертензивті препараттардың қай тобы созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарда кардио-васкулярлы жағдайлардың алдын алу үшін тағайындалады?

19. Ер адам, 29 жаста, аяқ буындарының ауырсынуына, субфебрильді температураға, тәбетінің болмауына, соңғы 1 айдыі ішінде 4 кг арықтауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезі ерекшеліксіз, екі ай бұрын цистике байланысты емделген. Қарау кезінде- тізе, оң жамбас-сан және балтыр-табан буындарының симметриялық емес артриті. Қан анализінде- шамалы лейкоцитоз, аздаған анемия, зәр анализінде аздаған протеинурия, зәр шөгіндісі ерекшеліксіз. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

20. Ер адам, 47 жаста, ұзақ уақыт бойы ревматологтың диспенсерлік тізімінде тұр. Буындарының ауырсынуы мен ісінуіне, көбіне білезік буыны, осы буында қозғалыстың шектелуі, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарау кезінде: симметриялық полиартрит, бір уақыттта бір саусақтың 2-3 буыны зақымдалған, осы буындарда тырнақтарының көлденең иректелуі. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

21. Емханадағы жалпы тәжірбиелік дәрігерге 55 жастағы науқас Д келді. Сұрау кезінде мына шағымдарды айтады: тізе, табанның І табан сүйек-бақайшақтар, білезіктің дистальды фалангаралық буындарында ауырсыну, тізе буынының кеәде ісінуі. Науқастың айтуы бойынша көп жылдар бойы ауырады. Қарау кезінде жоғары тамақтанатын науқас екені анықталды. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ТЖ минутына 19 рет. Жүрек үндері дыбыссыз. ЖЖЖ 86 соққы/мин. Оң қолындағы АҚ 170/100 мм.с.б.б. Сол қолындағы АҚ 160/100 мм.с.б.б. Бауыры пальпацияланбайды. Status localis:тізе буыны үлкейген, қозғалыста "дөрекі сықыр". Сан бұлшықеттерінің аздаған атрофиясы. Тырнақ фалангаларында "Геберден түйіндері" бар. Жалпы қан анализінде- Нв- 120 г/л, эритроциттер- 4 х1012; лейкоциттер- 5,4 х 109; СОЭ- 23 мм/сағ; СРБ - оң. Рентгенологиялық: субхондральды остеосклероз, буындық саңылау тарылған. Болжамды диагноз қандай?

22. Бала 9 жаста. 2 жастан бастап "обструктивті брохит" диагнозы қойылғаннан бастап ауырады. Кейін бұл ауру 2-4 айда бір рет кезеңділікпен қайталанып отырды. 2 жастан бастап тұншығу ұстамасы байқалады. Соңғы 2 жылда ұстамалар жиілеген (аптасына бірнеше рет). Бала үйде оқытылады. Сыртқы тыныс қызметін тексеру: бронхиальды өткізгіштіктің обструктивті тип бойынша тұрақты бұзылысы. ПСВ-50%, вентолинмен сынама әрдайым оң мәнді. Бронхиальды өткізгіштіктің тәуліктік өзгерісі 30%. Диагноз құрастырыңыз:

23. Отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға 5,5 айлық бала келді. Күнтізбе бойынша екпе алған. Бірақ баланы объективті тексеруде БЦЖ-дан кейін тыртық қалмаған. ЖТД балаға қайтадан екпе жасайды ма және неге?

24. Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 1 жастағы гипертермиямен балаға шақырды. Жедел ауырды, ЖРВИ-мен ауыратын ағасымен байланыстан кейін. Бала мазасыз, қолы мен аяқтары суыз, денесі ыстық. Бір апта бұрын екпе күнтізбесіне сай екпе жасалған. Қарау кезінде баланың температурасы 38,9 С. Диагнозды және парацетамолдыі бір реттік мөлшерлемесін анықтаңыз:

25. 6,5 айлық балада психомоторлы дамудың артта қалуы. Ата-анасы екі ағайынды ағасы мен қарындас. Олардың шашы қара, көзі көгілдір, терісі ақ. Қыз бала сирек былдырлайды, отырмайды, еңбектемейді, тістері жоқ. Аллергодерматоз белгілері анық. Рахимт белгілерінің болмауына қарамастан бала тез терлейді. Тері арнайы "тышқан" иісті. Анасының айтуы бойынша балада туылғаннан бастап іш қатуға бейімділік. Анамнезінде 2 рет тырысу синдромымен ЖРВИ. Феллинг сынамасы оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз:

26. Дәрігердің қабылдауына 5 жастағы қыз бала келді. Анасының айтуынша, қайталамалы немесе өнімсіз жөтел, түнгі уақытта күшейеді немесе дистанциялық сырылдармен және тыныс алудың қиындауымен жүреді. Жөтел физикалық жүктемеде, күлкіде, жылағанда немесе темекі түтінімен байланысқанда қазіргі уақытта респираторлы инфекция болмаса да пайда болады. Дәрігер науқаста бронх демікпесіне күмән тудырды. Осы жастағы науқастарда бронх демікпесін диагностикалаудың негізгі шарттары қандай?

27. Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 2 күн бойы ауырып жатқан 7 жастағы балаға шақырды. Температура 38,5С. Дененің барлық бөлімдерінде гиперемия, анық ұсақ нүктелі бөртпе. Мұрын-ерін үшбұрышы бозарған. Аңқасында ашық гиперемия, бадамшалараында ақшыл-сарғыш шөгінді. Тілі ақ жабындымен жабылған. Жүрек үндері тұйықталған. Ақ дермографизм. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

28. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауында 8 жастағы қыз бала отыр, балабақшаға барады. Анасының айтуы бойынша көбіне түнгі уақытта болатын перианальды қышынуға, ұйқысының бұзылуына, басыныңы ауырсынуына, қозғыштыққа, тәбетінің болмауына, ішінің ауырсынуына, соңғы 3-4 күн бойы шырыш аралас сұйық нәжіске, жыныс мүшелерінің аймағында қышу, ашу сезіміне, зәр шығарудың жиілеуіне шағымданады. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

29. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 8 жастағы ұл бала келді. Шағымдары жоқ. Алдын алулық рентгенографиядан кейін жолданған. Рентгенограммада өкпеде пневмонпиялық ошақ және лимфангоит, регионарлы кеудеішілік лимфа түйіндерінің зақымдалуы. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

30. Бейінді мамандар мен лабораторлы-диагностикалық әдістердің қорытындысын есепке ала отырып, педиатрдың, жасөспірімдер дәрігерінің, жалпы тәжірбиелік дәрігерлердің скринигтік тексеруінен кейін балалардың денсаулық жағдайын "дені сау топты" анықтаумен комплексті бағалау жүргізілдуде. Денсаулықтың үшінші тобына қандай балалар тобы жатады?

31. 2,5 айлық бала. Ентігумен жүретін кезеңдік ысқырықты тыныс эпиходтары мазалайды. Емшек емеді, жиі құсады. Гипертензиялық синдром бойынша неврологтың тізімінде тұр. Баладағаы респираторлы аурулардың себебі қандай?

32. 9 жастағы ұл бала 4 жыл бойы қант диабетімен ауырады. Ауруы өте ауыр, кетоацидоз бойынша бірнеше рет ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған. Пролонгирленген әсерлі инсулин (тәулігіне 2 инъекция) алады. Қан мен зәрдегі глюкоза мөлшерін систематикалық бағалау жоқ. Кешкі уақытта бала агрессивті болған, тамақ ішуден бас тартқан. Түнде қорқыныш, мазасыздық сезімімен оянған. Қолының треморы, жақтарының тризмі, қарқынды тер бөлу байқалған. Осы жағдайдың дамуына қандай себеп әкелді?

33. 7 жастағы баланы алдын ала тексеруде шағымданбайды. Мұғалімдердің айтуы бойынша қыз бала баяу, қанағаттанарлықсыз оқиды. Обьективті қарау кезінде- дене бітімі диспропорциональды- қолы мен аяқтары қысқа, қысқа саусақтармен жалпақ алақан, қысқа кең мойын, жалпақ кең кеңсірік, макроглоссия. Шаштары құрғақ, көмескі, терісі өте құрғақ, ұстағанда суық. Қалқанша безі пальпацияланбайды. Пульс 62 соққы/мин, АҚ 90/50 ммс.б.б. Іші үрілген, кіндік сақинасы кеңейген, туылғанна бастап-іш қатулар. Ең бірінші ажыратплы диагнозды мына аурумен жүргізу керек:

34. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 11 жастағы қыз бала келді. Дәрігерге келмес 1 ай бұрын баспамен ауырған. Соңғы уақытта шаршағыш, үлгерімі нашралаған, тітіркенгіштік, жылағыштық пайда болған, мимикалық бұлшықеттердің тартылуы, жүрісінің тұрақсыздығы, жазуының өзгері байқалады. Объективті: жүрек шекараларының кеңеюі,тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу, бұлшықет тонусының және сіңірлік рефлестердің төмендеуі, координациялық сынамалардың бұзылысы. Сіздің диагнозыңыз:

35. Жоғары оқу орнының студенті аймақтық дәрігерге келді. Оған "Ауруханадан тыс пневмония, жеңіл ағымды" диагнозы қойылды. Амбулаторлы ем қабылдады. Оған қандай уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы құжат берілу қажет ?

36. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 8 жастағы қыз келді. Анамнезінде ойық жаралы-некротикалық баспа, күбіртке түріндегі жиі инфекциялық асқынулар. Соңғы аптада жедел іріңді отитке байланысты парентеральды антибиотиктермен ем қабылдаған. Постиньекцилық абсцесстің дамуына байланысты дәрігердің қабылдауына келген. Объективті: тамақтану төмендеген. Тері жамылғылары мен көрінеті шырышты қабаттарының бозаруы. Тырнақ дистрофиясының болуы, әсіресе аяқ тырнақтарында айқын. Қан анализінде тромбоциттер 100х109/л, гемоглобин 80 г/л. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

37. Дәрігердің қабылдауына 12 жастағы ер бала жедел миокардитке күдікпен келді. Амбулаторлы жағдайда қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдеуге көмектеседі?

38. Жалпы тәжірбиелік дәрігер жаңа туылған сәбиді үйінде тексеруде. Дәрігер баланы ішімен жатқызды, осы кезде баланың басы рефлекторлы бұрылады. Бұл рефлекс өмірінің бірінші күнінен бастап айқындалған. Бұл рефлекс қалай аталады?

39. Дәрігердің қабылдауына 2 жастағы баласы мен анасы келді, қызбаның үдеуіне және 2 күн бойы тәбетінің болмауына шағымданып келді. Жөтелмейді, бірақ ата-анасы қиындаған тыныс алуда байқаған. Өмір анамнезі ерекшеліксіз. Екпелері мерзімінде жасалған. Қарау кезінде стридор және ысқырықты тыныс анықталған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

40. Еркек 48 жаста, дәрігерге әсіресе таңғы уақытта болатын іріңді-шырышты қақырықтың бөлінуімен жөтелге шағымданып келді. Жөтел 15 жыл бойы мазалайды. Зиянды әдеттері-20 жасынан бастап күніне 1 қораптан темекі шегеді. Ауруының өршуі жылына 3 рет болады. Постбронходилатациялық сынама: ОФВ1 боложамдыдан <30%. САТ бағалау-18 балл. mMRC шкаласы бойынша 4. Науқас GOLD (2019 Global Initiative for Chronic Obstructive Lung Disease) қай санатына жатады?

41. Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 2 жастағы баланың үйіне шақырды. Қарау кезінде аузының, ұртының шырышты қабаты гипермияланған және қайды, 15-17 көпіршікті бөртпелер және кірлі-сұр жабындылар бар, пальпацияда үлғайған және ауырсынатын лимфа түйіндер, дене темпераутарсы 39С. Анасында herpes labialis анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

42. Педиатр дәрігер, жасөспірімдік дәрігер, жалпы тәжірбиелік дәрігерлер профильді мамандар мен зертханалық-диагностикалық зерттеулердің қорытындысын есепке ала отырып балаларды скринингтік тексеру аяқталғанда "дені сау" балалардың жағдайын комлекстік бақылау жүргізіледі. Балалардың қай тобы денсаулықтың төртінші тобына жатады?

43. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 7 жастағы бала ата-анасымен келді. Мектепке барғаннан бастап бас ауру, әлсіздік, тамақ қабылдаумен байланыссыз эпигастрийда орналасқан ішінің ауырсынуының пайда болуына шағымданады. Жоғарыда айтылған шағымдар 6 ай бойы мазалайды. Жалпы тәжірбиелік дәрігер амбулаторлы жағдайда қандай зерттеу әдісін ұсыну керек?

44. Науқас 32 жаста, сол қолтық ойысында ауырсынатын ісік тәрізді түзіліске шағымданады. Жалпы әлсіздік, дімкәстік пайда болды. Дене температурасы жоғарлады. Қарау кезінде сол қолтықасты ойысында орталығында іріңді фокусы бар, өлшемі 3х3см, тіндердің қабыннулық инфильтрациясы анықталды. Науқасты амбулаторлы жағдайда жүргізу әрекеті?

45. Емханада кезекте отырған 35 жастағы ер кісі ішіндегі қатты ауырсынуды сезген, кенет әлсіздік, суық тер және аузының құрғауы пайда болған. Диспансерлік бақылауда "он екі елі ішектің ойық жарасы" диагнозымен диспансерлік бақылауда тұр, мезгілдік асқынуға байланысты жалпы тәжірбиелік дәрігерге келген. Объективті қарауға дейін науқаста қандай асқыну дамығанын болжауға болады?

46. 70 жастағы еркек соңғы 6 айда аяқтарының шаншуына, тырысуға және ауырсынуға байланысты дәрігерге келді. Симптомдар 500 м артық жүрген кезде үдейеді, тыныштықта басылады. Анамнезінде 2 типті қант диабеті. 50 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шегеді. Алкоголь ішпейді. Метформин қабылдайды. Балтыр аймағында дене температурасының төмендеуі. Осы науқасты емдеу кезінде қандай шара ұтымды?



47. 46 жастағы еркек емханаға оң жақ бел аймағындағы ұстама тәрізді ауырсынуларға, ауырсынудың мықын аймағына таралуына, жүрек айнуға, құсуға, жиі зәр шығару сезіміне,, дене температурасының жоғарлауына шағымданып келді. 5 сағат бұрын жедел ауырған, сыра ішуімен байланыстырады. Қарау кезінде: пальпацияда іштің оң жиегінде, бел аймағында және қасаға үстінде ауырсыну. Соққылау симптомы екі жақта да әлсіз оң. Қан анализінде: лейкоциттер 10,6х109, зәр анализінде: лейкоциттер 7-9, эритроциттер 10-15 к/а. Қанның амилазасы 78 ммоль/л. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

48. Науқас П., 27 жаста, жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына оң білектің ауырсынуына, ісінуіне, осы аймақтағы гиперемияға, жалпы әлсіздікке, дімкәстікке, дене температурасының 38 дейін жоғарлауына шағымданады. Осыған 4 күн бұрын оң білектің сыртқы жиегіне сырылған жарақат алған. Оң білектің сыртқы жағын қарау кезінде ісінумен тығыз қабынулық инфильтрат, гиперемия, гипертермия анықталды. Инфильтраттың пальпациясы айқын ауырсынумен. Флюктуация симптомы оң. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

49. Ер адам С., 65 жаста, обтурациялық ішек өтімсіздігіне байланысты операция жасалған. Ауруханадан шыққаннан кейін ентігу, төс арытнда ауырсыну, қан қақыру пайда болған. Қарау кезінде: тыныс өкпенің барлық бөлімдеріне анықталады, сырылдар жоқ. Пульс 100 соққы/мин, АҚ 115/75 мм.с.б.б. Жүрек үндері тұйықталған, өкпе аретриясында ІІ үннің акценті. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры ұлғаймаған. Кеуде келткасының рентгенографиясында патологиялық өзгерістер анықталған жоқ, ЭКГ-да Гисс шоғырының оң аяқшасының жедел бөгемесі анықталды. Науқаста операциядан кейінгі кезеңде қандай асқыну дамыды?

50. Науқас кенеттен пайда болған етігуге және оң жақ кеуде келткасының ауырсынуына шағымданып келді. Рентгенограммада оң жақ өкпе суреті ден сау жаққа қарағанда ақшылдау. Дәрігер қандай патология жайлы ойлау керек?

51. Амбулаторлы қабылдауға ішінің оң жарытысының ауырсынуына, ауырсынудың вертикальды қалыпта, жұмыстан кейін күшеюіне шағымданып науқас келді. Жағдайының нашарлауын соңғы жарты жылда байқаған. Қарау кезінде: іштің оң жартысында пальпацияда жылжитын, аздап ауырсынатын, қозғалмалы түзіліс анықталды. Төменгі жиегі мықын сүйектің қырына дейін жетеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

52. 50 жастағы ер адамда жөтелген кезде ішінің барлық бөлімінің ауырсынуы пайда болды. 10 жыл бойы мазалап келе жатқан оң жақ мықын аймағындағы томпаю кернеуленді және ауырсынды. Бір реттік құсу және мол емес нәжіс болды, одан кейін газдар мен нәжістің шығуы тоқтады. 2 сағаттан кейін науқастың ішінде ұстама тәрізді ауырсыну пайда болды, құсу қайталанды. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

53. Емхананың амбулаторлық хирургия бөлімшесіне 37 жастағы науқас оң санның ортаңғы үштігінің латеральды беткейінің жаншылған-тілінген жарақатынан кейін 1 сағаттан кейін келді. Науқасқа қандай шара жүргізу керек?

54. Санның алдыңғы беткейінде жергілікті өзгерістер: домалақ пішінді қызару, ауырсыну, гипертермия, флюктуация және қозғалыстың шектелуі. Науқаста қандай ауру?

55. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің (ЖТД) қабылдауына жүктілік мерзімі 17-18 апталық 26 жастағы науқас келді. Шағымдары жоқ, объективті көрінетін патологиясыз. АҚ 125/75 мм.с.б.б., пульс 84 соққы/мин. Жалпы зәр анализінде-ақуыз жоқ, тұнбасы-ерекшеліксіз.Зәрдің ортаңғы порциясында>105 1 мл бакетриялар колониясы. Сіздің таңдау препаратыңыз:

56. 4 жастағы баланың анасы баласының мазасыздығына, субфебрильді дене қызуына, жиі ЖРВИ ауратынына шағымданып келді. Анамнезінен: белсенді туберкулезбен науқас ағасымен бір реттік байланыс орнатылған. Объективті: орташа ауырлық дәрежесі, уыттанудың әлсіз белгілері, дене қызуы- 37,5 0. Тері жамылғылары бозғылт, аз тамақтанады. Физикалық деректер - өзгеріссіз. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің үстіңгі жоғарғы бөлігінде гомогенді емес күңгірттену, кеңейтілген трахеобрончиялық лимфа түйіні жолмен байланысты. Төмендегі зерттеулердің қайсысын диагнозды айқындау үшін дəрігер бірінші кезекте жасайды?

57. Науқас 26 жаста, жүктілік мерзімі 22-23 апта, жалпы тәжірбиелік дәрігерге басының ауруына, жүрек айнуға, құсуға, оң қабырғаастындағы ауырсынуға және зәр шығарудың төмендеуіне шағымданып келді. Объективті қарауда аяқтары ісінген, АҚ 150/90 мм.с.б.б. Екі қолында да, пульсі 96 соққы/мин. Қандай қосымша зерттеу әдісі диагнозды нақтылауы мүмкін?

58. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына жүктілік мерзімі 16-17 апталық 27 жастағы науқас келді, басының ауырсынуына, әсіресе шүйде бөлімінің ауырсынуына, бас айналуына, кейде жүрек айнуына шағымданады. Алғаш шағымдары 3 күн бұрын пайда болған. Созылмалы аурулары жоқ. Физикальды қарау кезінде есі анық, табандарының ісінуі, жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. АҚ 160/100 мм.с.б.б. ЖЖЖ90 соққы/мин. Қанның жалпы анализінде, биохимиялық анализде (АСТ, АЛТ, билирубин, креатинин, тромбоциттер деңгейі) қалыпта. Зәрде-протеинурия 0,1 г/л. Құрсақішілік ұрықтың жағдайы қанағаттанарлық. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

59. Науқас 26 жаста, жүктілік мерзімі 22-23 апта, жалпы тәжірбиелік дәрігерге басының ауруына, жүрек айнуға, құсуға, оң қабырғаастындағы ауырсынуға және зәр шығарудың төмендеуіне шағымданып келді. Объективті қарауда аяқтары ісінген, АҚ 150/90 мм.с.б.б. Екі қолында да, пульсі 96 соққы/мин. Осы науқасқа гипотензивті препаратты таңдаңыз:

60. Жалпы тәжірбиелік дәрігердің (ЖТД) қабылдауына жүктілік мерзімі 17-18 апталық 26 жастағы науқас келді. Шағымдары жоқ, объективті көрінетін патологиясыз. АҚ 125/75 мм.с.б.б., пульс 84 соққы/мин. Жалпы зәр анализінде-ақуыз жоқ, тұнбасы-ерекшеліксіз.Зәрдің ортаңғы порциясында>105 1 мл бакетриялар колониясы. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

61. Жалпы тәжірбиелік дәрігерге 30 жастағы науқас сыртқы жыныс мүшелері мен қынаптағы қышыну сезіміне, зәр шығаруда және жыныстық қатынас кезінде қышынудың күшеюіне, мол қынаптық бөліністерге шағымданып келді. Ауырғанына 3-4 күн болған, танымайтын жігітпен бір рет төсек қатынасы болғанын айтты. Қынаптық және вульваның үстінен алынған бөліністі бактериоскопиялық тексеруде ашытқы (С.albicans) және олардың мицелиі анықталды. Сізің медикаментозды әрекетіңіз:

Емхананың жалпы тәжірбиелік дәрігеріне жүктілік мерзімі 8-9 апталық 25 жастағы әйел келді, 2 жыл бұрын түйінді токсикалық жемсауға байланысты операция болған. Операциядан кейін тироксин қабылдаған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі құрғақ, боз, пульс 60 соққы/мин. Жүктіліктің қандай асқынуы дамуы мүмкін?

Ер адам, 52 жаста, Қызылорда облысының тұрғыны, шопан, ауруханада маусым айының 1-ші күнінен 21-не дейін емделген. Түскен кездегі шағымдары: дене қызуының 39,9° дейін көтерілуі, айқын бас ауруы, қалтырау, мұрыннан қан кету. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы - 39,8°С, денесінде аздаған петехиалді бөртпелер бар, иньекцияланған жерлерде гематомалар көрінеді. ЖСЖ – 100 рет 1 минутына., АҚҚ-90/60 мм сын.бағ. Бауыры 1,0 см ұлғайған. Науқас 21 күннен соң жазылып шыққан. Ауырғаннан кейін науқастарды диспансерлік бақылауының оптималді ұзақтығы қандай?

Емхананың жалпы тәжірбиелік дәрігеріне 6 апталық жүкті әйел келді. 2 жыл бойы орташа ауыр дәрежелі диффузды токсикалық жемсауға байланысты эндокринологтың бақылауында. Дийодтиронин қабылдайды. Жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігердің әрекеті?

Бедеулік диагнозымен әйелге амбулаторлы жағдайда гистеросальпингография жасалды. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы түтіктік бедеулікке жатады?

26 жастағы науқас жалпы тәжірбиелік дәрігерге 2 ай бойы етеккірінің болмауына шағымданып келді. 20 жасынан бастап жүректік ревматикалық қауына байланысты жалпы тәжірбиелік дәрігердің тізімінде тұр. Соңғы 6 айда жүрген кезде, аздаған физикалық жүктемеде ентгіудің пайда болуы. Қазіргі жүктілігі бірінші, тексеру нәтижесіне байланысты 6 аптаға сай. Ревматологтың қорытындысы: ревмокардит, белменді фаза. Сол атриовентрикулярлы саңылаудың стенозының басымдылығымен жүректік қосарланған ақауы. Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі ІІ Б саты. Науқасты жүргізудің арғы әрекеті қандай болмақ?

25 жастағы науқас басының үдемелі ауырсынуына және соңғы екі күнде дене температурасының 37,5С дейін жоғарлауына шағымданып келді. Осы ауруға дейін дені сау болған. Тексеру барысында: есі анық, орны мен уақыта ориентацияланған, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, екі жақтан да Керниг симптомы, басқа неврологиялық симптомдар жоқ. Диагностикалық мақсатта люмбальды пункция жасалған. Жұлын-ми сұйықтығын тексеру кезінде лимфоциттер саны 150 жасушаға дейін өскен, ақуыз-0,65 г/л, глюкоза деңгейі қалыпты. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Люмбальды пункциядан кейін ликвордың келесі нәтижесі алынды: мөлдірлігі толық, түсі-түссіз, қысымы 370 мм.с.б.б., ақуыз 0,66 г/л, цитоз 1 мкл 500 жасуша (95%-лимфоциттер, 5%-нейтрофилдер), глюкоза 0,75 г/л, хлоридтер 7,4 г/л. Жоғарыда айтылған өзгерістер қай ауруға тән?

Невропатологтың қабылдауына 62 жастағы науқас ұйқысының нашарлауына, жылағыштыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, көңіл-күйінің болмауына шағымданып келді. Ауырғанына 5 жыл болған. Жағдайының нашарлауы соңғы 2-3 айда әйелі қайтыс болғаннан кейін. Объективті: АҚ 130/80 ммс.б.б. Ойы мен сөйлеуінің тұтқырлығы, екіншілік бөлшекке кептелу, жылағыштық. Оң қол саусақтарының тиын санау түріндегі ырғақты стереотипті треморы, маск тәрізді бет, сирек көз жұму, қуыршақ тәрізді жүру байқалады. Тістік дөңгелек типіндегі оң аяқ-қолда бұлшықет тонусы жоғарлаған. Көз түбі-ангиопатия. ЭХОЭГ: қалыпты. РЭГ-пульстік қан толымның ассиметриясы, ми тамырлары тонусының жоғарлауы. Ликвор-120 су бағ қысыммен ағуда, түссіз, мөлдір, ақуыз 0,33 г/л, цитоз 1 мкл 2 жасуша. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Емхананың отбасылық дәрігеріне 30 жастағы Т науқас келді. Анамнезінен 5 күн бойы ортаңғы құлақтың қабынуымен ауырғаны белгілі болды. Осы науқаста бүгін таңертең ауыз бұрышының түсуімен бетінің ассиметриясы, мұрын-ерін қатпарының тегістелуі, ауыратын жақта көзінің жабылмауы пайда болды. Қандай асқыну жайлы айту керек?

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 20 жастағы науқас келді, объективті қарауда айқын экссудативті компонентпен катаральды өзгерістер, фарингит, тонзиллит, ринит, конъюнктивит және лимфоаденопатиямен қосарланған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Әйел 32 жаста, дене қызуының 38,5°С дейін жоғарлауына, аз бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге,аздаған ентігуге шағымданып келді. 10 күненнен бері ауырады, ауру қызбамен, тамағындағы ауру сезімімен, құрғақ жөтелмен жедел басталған, 3 күн бұрын жағдайы ауырлап,ентігу пайда болған. Объективті: АҚҚ 110/70 мм.с.б, ЖСЖ 95 рет мин, ТЖ - 21 рет мин, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс фонында крепитация естіледі, ортаңғы және жоғарғы бөлімінде - бронхиальды тыныс. Пульсоксиметрия - 95%. ЖҚА - Л 11х109/л, Эр - 3,2х1012/л, Нв - 123 г/л, ЭТЖ - 24 мм/сағ. Өкпенің Р-графиясы - оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде орташа интенсивті инфильтратты көлеңке. Қандай тактика БАРЫНША тиімді?

Жалпы тәжірбиелік дәрігерді үйге шақырған. 4 жастағы балада дене температурасының 39С дейін жоғарлауымен вирусты инфекцияның белгілері. Ата-анасының айтуы бойынша, дене температурасының жоғарлауының шыңында бала кенет "созылған", қолдарының бұлшықеттері кернелген, кейін "шырмауық тәрізді сабыраған", аузынан сілекей бөлінген, кейін ұйықтаған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Жалпы тәжірбиелік дәрігерді үйге шақырған. Кептірілген балық жегеннен кейін 25 жастағы еркекте 16 сағаттан кейін жүрек айну, құсу, әлсіздік, енжарлық, көз алдында екі еселену болған. Объективті: бұлшықет тонусының төмендеуі, анизокория, әлсіз жұтқыншақтық және сіңірлік рефлекстер. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Науқас Н., 40 жаста, тері зауытының жұмыскері. Дене температурасының жоғарлауына, бас ауруына, оң білезіктегі ойық жараға шағымданып келді. Жедел ауырған, 2 күн бұрын бас ауру, әлсіздік, дене температруасы 39С, оң білекте қышитын дақ, кейін қара құрамды везикула пайда болған. Көпіршік қасыған кезде ашылған, ойық жара пайда болған, қара қабықша пайда болған.Жағдайы орташа ауыр. Т 38,9С. Пульсі 90 соққы/мин. АҚ 110/70 мм.с.б.б. Оң білектің айқын ісінуі, сыртқы беткейінде ауырсынбайтын ойық жжара (3х4 см),қара струппен жабылған. Ойық жараның айналасында қара құрамды көпіршіктер. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

32 жастағы науқас жалпы тәжірбиелік дәрігерді үйіне шақырды. Ауырғанына бір апта болған, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене температурасының аздап жоғарлауы, терінің қышуы, оң қабырғаасстындағы тұйық ауырсынулар пайда болған. Бүгін склераларының сарғыштығы, зәр түсінің өзгеруін байқаған. Объективті жағдайы қанағаттанарлық. Терісі сарғайған. Бауыры 1,5-2 см, аздап ауырсынады. Осы жағдайда цитолиздің зертханалық негізгі индикаторын атаңыз:

Науқас К., 25 жаста, ауруының 3 күні тамағының ауырсынуы, бас ауру, жалпы дімкәстік, дене температурасының 38,6 С дейін жоғарлауы пайда болған. Бір апта бұрын өзенге шомылған. Жедел ауырған. Қарау кезінде аңқасында баспа тәрізді өзгерістер, артқы мойын, қолтықасты және шап лимфа түйіндерінің, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы, денесіндегі дақты-папулезды бөртпе. Гемограммада 56% лимфоциттер, 13% моноциттер, атипті лимфомоноциттер анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

туберкулездың фиброзды-кавернозды түрімен ауыратын 27 жастағы әйелде 10-11 апталық жүктілік анықталды. Осы жүктіні арық қарай жүргізу әрекетін таңдаңыз:

Қабылдауға 16 жастағы жасөспірім келді. Туберкулезды байланыс болмаған. 2 апта бойы қақырықты жөтелге, дене температурасының 37,6 С дейін жоғарлауы, әлсіздікке шағымданады. Кеуде келткасы мүшелерінің шолулы рентгенограммасында оң жақ бұғанаасты аймақта дұрыс емес пішінді, айқын сыртқы контурлары жоқ, гомогенді емес қараю анықталады. Қақырықта ТМБ абылған жоқ. Сіздің әрекетіңіз:

Бала 6 жаста. Дене температурасының 37,6 С дейін жоғарлауы, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, шаршағыштық. Туберкулинді сынамалардың динамикасы: 1 жастан 4 жасқа дейін -теріс, 5 жас-9 мм, 6 жас-15 мм. Тері жамылғылары боз, перифериялық 4 топ лимфа түйіндері 2-3 өлшемде пальпацияланады, тығыз-эластикалы консистенциялы, балтырдың алдыңғы беткейінде көкшіл-қошқыл түсті тығыздану анықталды, екі көзінің де шырышты қабаттары гиперемияланған. Рентгенотомографиялы: өкпеде өзгерістер жоқ, түбірлері құрылымды, синустары бос. ЖҚА: гемоглобин 110г\л, лейкоциттер 9,8*109/л, лимфоциттер 16%, ЭТЖ 21 мм\сағ. Диагноз қойыңыз:

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қарауында 27 жастағы науқас құрғақ жөтелге, кеуде клеткасындағы ауырсыну, қызба, соңғы 2 аптада ентігудің күшеюі пайда болды. Физикальды зерттеуде зақымдалған жақтық тыныс экскурсиясының шектелуі, қабырғааралықтардың тегістелуі және ісінуі, қиғаш Эллис-Дамуазо сызығынан жоғары жерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Рентгенограммада-келесі көрініс. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 37 жастағы науқастың үйіне шақырды. Науқас дене температурасының 37,3 С дейін жоғарлауына, түнгі терлеуге, тұрақты құрғақ жөтелге, жалпы әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Науқастың айтуы бойынша ауырғанына 2 ай болған. Объективті: температура 37,0С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, ылғалды. Кеуде клеткасының перкуссиясында 2-3 қабырғааралықтарда перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда осы аймақтағы тыныс бронхтық реңкпен, бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. ЖЖЖ 94соққы/мин. АҚ 120/80 мм.с.б.б. Нәжісі мен диурезы қалыпты. Сіздің болжамды клиникалық диагнозыңыз:

Жалпы тәжірбиелік дәрігер ата-аналарға БЦЖ екпесін қолдану мақсатын түсірдіру керек:

Төменде көрсетілген туберкулез кезінде алдын алатын шаралардың қайсысы ауруханалық жағдайда жүргізіледі?

52 жастағы еркек 3 айда 6 кг салмақ түсуіне, шаршағыштыққа шағымданып келді. 6 жыл бұрын Г гепатит диагнозы қойылған. Әкесі тоқ ішектің ісігінен қайтыс болған. 35 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шеккен және сыра ішкен. Бұрын героин қабылдаған. Бойы 175 см, салмағы 71 кг, ДСИ-22,9 кг/м2. Склералары сарғайған, алақанның екі жағынан да қызаруы, төсі мен арқасында бірнеше елеангиоэктазиялар. Бауыры тығыз, түйінді консистенциялы. ЖҚА: Hb 116 г/л, лейкоциттер 9,6х109\л, тромбоциттер 223. Науқасты ары қарай бағалауда қандай нәтиже күтуге болады?



Амбулаторлы тәжірбиеде балалар туберкулезын ерте анықтаудың негізгі әдісі:

Ер бала ата-анасымен бірге жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына келді. Науқас 4 жаста, "ауыр дәрежелі ақыл есінің артта қалуы. Фенилкетонурия (фенилпирожүзімді олигофрения)" диагнозымен тізімде тұр. Анамнезінен психикалық дамымауышылықтың белгілері ерте жастан бастап көрінгені белгілі болды. Балаға қандай емдәм тағайындау керек?

Қабылдауға 72 жастағы науқас туысқандарымен келді. Туысқандарының айтуы бойынша, науқаста есте сақтаудың нашарлауы, әсіресе жаңа ақпаратты қабылдаудың қиындығы байқалады. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы науқастың өміріне кедергі келтіреді. Жақсы түсіндірілген немесе таныс материалды ғана есте сақтай алады. Жаңа ақпарат қысқа уақытқа ғана сақталады. Науқас қайда тұратынын, жақында не істегенін және оның туыстарының атын білмейді. Объективті жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 150/10 мм.с.б.б. Пульс 80 соққы/мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. Табандарының ісінуі. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Дәрігердің қабылдауына 20 жастағы науқас сол сүт безіндегі ісіктің пайда болуына шағымданып келді. Ісікті 7 күн бұрын өзі анықтаған. Сол сүт безінің жоғары-сыртқы квадрантында 2х2 см, тығыз, ауырсынбайтын ісік анықталды. Регионарлы лимфа түйіндері үлғаймаған. Үрпіні басқанда бөлініс анықталмайды. Болжамды диагноз:

53 жастағы ер адам қатты тамақ жегенде дисфагияға, жұтыну кезінде өңештің бойымен тартып ауырсынуға шағымданады. Жалпы қараудан кейін дәрігер өңешті контрасттаумен рентгеноскопия тағайындады. Келесі сурет анықталды: ретрокардиальды сегментте қашықтығы 3 см тарылу, осы деңгейде шырышты қабатының рельефі бұзылған, аздаған параэзофагеальды көлеңке көрінуде.Берілген рентгенологиялық сурет қай ауруға тән?

67 жастағы науқас сол сүт безіндегі ауырлыққа шағымданады. Қарау кезінде сол сүт безінің көлемі ұлғайған, ареола кеңейген, үрпі тартылған, терісі "лимон қабығы" тәрізді. Сол қолтықасты аймақтың лимфа түйіндерінің кангломераты. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

18 жастағы қыз дене температурасының 39С дейін жоғарлауына, әлсіздікке, дімкәстікке, бел аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Анамнезінен: 3 күн бұрын жедел ауырған, өзі парацетамол, бисептол қабылдаған, әсері болмаған. Объективті: терісі бозарған, ылғалды. Дене температурасы 39,5 С, ісіну жоқ. Артериялық қысым 110/70 мм.с.б.б., пульс 92 соққы/мин. Пальпацияда бел аймағы ауырсынады. Қанның жалпы анализі: гемоглобин 120 г/л, лейкоцит 12х109/л, ЭТЖ 40 мм/с. Жалпы зәр анализі: бұлыңғыр, ақуыз 0,066%, лейкоциттер – толығымен, бактериялар +++. Қай антибиоикті тағайындаған жөн?

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 68 жастағы еркек ішектен қан және шырыш тәрізді патологиялық бөліністерге, тік ішектегі бөгде дене тәрізді затты сезінуге, іш қатуға, ішінің үрілуіне, анальды өтіс аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Тік ішекті саусақтық зерттеуде тығыз консистенциялы экзофитті түйін пальпацияланады, валик тәрізді көтерілген жиектерімен ойық жаралардың болуы, беткейі тегіс еме, ішектің ригидтілігі ішек сағасының тарылуымен.Сіздің диагнозыңызды қандай зерттеу әдісі нақтылайды?

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 8 жастағы баласы мен ата-анасы келді. Буындарының ісінуі, жоғары шаршағыштық, әлсіздік, бас айналу және құлақтарындағы шуға шағымданады. Ата-анасының айтуы бойынша, ауасы тар бөлмеде баланы жиілеген жүрек қағысы мазалайды. 2 апта бойы кешке қарай дене температуарсының жоғарлауы болған. Анамнезінен: бір ай бұрын афтозды стоматит болған. Физикальды қарауда тері жамылғылары мен шырышты қабаттары бозарған, аяқтар буындарының ісінуі, аяқ башпайлары тырнақтарының дистрофиясы. Анализде-гемоглобин 80 г/л. гранулоциттер 1,0 х109/л, тромбоциттер - 120х109/л;. Бала диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

Сүт безінің ісіктік және ісік алдылық ауруларын ерте анықтау үшін скриниг алгоритмін жүргізуге мақсатты топ қандай?

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 67 жастағы науқас қан аралас қақырықты аз өнімді жөтелге, жөтелген кезде кеуде келткасының ауырсынуына, айқын ентігуге шағымданып келді. Ауырғанына 6 ай болған, симптомдар біртіндеп үдеген, 9 кг-ға арықтаған. Екі кескіндегі кеуде келткасының рентгенография нәтижелерімен қабылдауға келді. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 38 жастағы әйел буындары мен сүйектеріндегі ауырсынуға, ентігуге, дене салмағының төмендеуіне, оң қабырғаастындағы ауырсынуға шағымданып келді. Жоғары қанағаштық, мол көлемді, ұйындыларымен меноррагиялардың болуын айтты. Физикальды тексеру кезінде тері жамылғылары бозарған, геморрагиялық бөртпелер-петехиялар, экхимоздар, жүрек үндері тұйықталған, тахикардия 100 соққы/мин, пальпацияда бауыры мен көкбауыры ұлғайған. ЖТД қандай зерттеу әдісі арқылы диагнозды нақтылай алады?

Қанайналым жүйесінің ауруларын ерте анықтауда скринингтік бақылау алгоритмін жүргізу үшін кім мақсатты топқа жатады?

Қай ауруларда және жарақаттарда медициналық мекеменің басшысының бұйрығы бойынша дәрігер бір адамға және бір уақытта 6 күнге немесе жалпы ұзақтығы 6 күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі?

Ортопедиялық протездеу кезінде алғашқы медико-сантиарлы көмек ұйымдастыруда қандай құжат беріледі?

Қазақстан Республикасында уақытша болған шет ел азаматтарына уақытша жұмысқа жарамсыздықты дәлелдейтін қандай құжат беріледі?

58 жастағы әйел сол тізе буынының соңғы 3 ай бойы ауырсынуына, таңғы уақытта 10-15 минут құрысуына шағымданып келді. Ауырсыну тұрып жұмыс істесе, баспалдақпен көтерілгенде күшейеді. Ибупрофен қабылдаған. Анамнезінде артериялық гипертензия, гиперхолестеринемия. ДСИ-31.8 кг/м2.Қарау кезінде: буынды пальпациялауда ауырады, толық бүккенде және жазғанда крепитация. Несеп қышқылы 8,0 мг/дл, ЭТЖ 15 мм/с. Сол тізені визуализациялауда не анықталуы мүмкін?



Паллиативті науқас үшін не орынсыз?

Паллиативті науқастарда іш қатуды емдеуде қай дәрілік заттарды белгілеген дұрыс?

Мамандандырылған паллиативті көмек қызметіне жатады:

Қан кетудің қандай сипаты сыртқы артериальды қан кетудің белгісі

Клиникалық өлімнің нақты белгісі болып саналады

42 жастағы ер кісіні 2 жыл көлемінде тез жүргенде пайда болатын, сол қол мен жауырынға берілетін, тыныштықта басылатын төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды. Жағдайының нашарлауын түнгі кезекшілік пен шаршаумен байланыстырады. Об-но: АҚҚ 140/80 мм.с.б. Жүрек тондары анық,ритмді. ЖСД-72 ретмин. Велоэргометриялық сынама физикалық жүктемеге төзімділіктің жоғары екенін көрсетті. Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

Өкпе ісіну кезіндегі эффективті көмек көрсету

Ересектің эффективті компрессиясын жасау үшін, минутына жиілігі

Науқастың жөтелген кезінде алқызыл қақырықтың бөлінуі қандай жағдайда болады

Дифференциалды диагноз қоюға мүмкіндік беретін диагностикалық зерттеуді анықтаңыз. Баланың 6 жыл бойы ауырғаны, әлсіздігі, іштің ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу, шулы тыныс алу, ацетонның иісі:

Глазго шкаласы бағалауға қолданылады:

Жүрек бұлшық етінің некрозының негізгі ЭКГ белгісі болып табылады:

Сірке қышқылымен жедел улануда асқазанды жуатын ерітінді:

Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында өткір ауырсыну, кейін құрғақ жөтел, бас айналуы туындады. Сәл кейін инспираторлы ентігу және терінің бозаруымен үлескен диффузды цианоз туындады. Визуалды түрде эпигастралды аймағында патологиялық пульсация анықталды. Перкуторлы анықталады – жүректің оң жақ шекарасының кеңеюі, аускультативті- ІІ үн екпіні және өкпе артериясының үстінде екіге бөлінуі. Науқаста туындаған жағдайды теңестіруге болады:

Науқас 45 жас мол дастарханды отырыстан кейін түнде қыжыл мазалаған, таңертең көп мөлшерде қан аралас құсу, айқын әлсіздік пайда болған. 5% глюкоза ерітіндісімен инфузионды терапия жасалып, жедел көмек бригадасымен алып келінген. Объективті: жағдайы ауыр, тері жабындылары құрғақ, бозғылт, телеангиоэктазиялар, алдыңғы құрсақ қабырғасының веналарының ұлғаюы, аздаған асцит салдарынан іштің ұлғаюы, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Көлемі 0,5 л дейін қоңыр қан ұйындылары түрінде құсық массалары. АҚҚ 100/70 мм с б.б. Гемоглобин 88 г/л. Қандай күттірмейтін шұғыл жағдайлар жасау керек?



Науқас Л., 67 жаста, стационарға бақшадағы жұмыстан кейін пайда болған кеуденің артындағы тұрақсыз ауырсынуға, мойын аймағынажәне төменгі жақсүйекке берілетініне, өткір әлсіздікпен ұштасатын, суық тер шығатынына шағымданып келді. Анамнезінен: 2 жыл бұрын алғаш рет артериялық қысымның 220/100 мм. с. б. дейін жоғарылауы тіркелді, емделмеген. 15 жыл бойы күніне 20 темекі шегеді. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлықта, ерін цианозы. Өкпеде-сырылдар жоқ, ТҚЖ минутына 24. Жүрек тондары тұйықталған, систолалық шу және қолқа үстінде 2 тонның екпіні, тахикардия, АҚ 110/70 мм с.б.., пульс 120 минутына, ырғақты. ҚЖТ: эритроциттер 4,8x1012/л, лейкоциттер 16,2х109/л, СОЭ 10 мм/сағ. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:



62 жастағы науқас жалыннан күйік алды. Клиникада: эпидермистің зақымдалуы және бөліктік терінің ішкі қабатының зақымдалуы терінің қызаруымен көрінеді, ісіну, серозды сұйықтықпен толған бірнеше көпіршіктердің пайда болуы. Көпіршікті алғанда ылғалды жылтыр немесе алқызыл қабат көрінуде, температураның өзгеруіне, ауа қозғалысына, ақырын сипауға жоғары сезімталды. Жоғарыда айтылғандар күйіктің қай сатысына жатады?

54 жасар ер адам шұғыл түрде жеткізілді, жүрек айну, эпигастрийде ауру сезімі. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 98 рет мин. АҚ– 90/60 мм сб.б. ЭКГ: Төменде аталған шаралардың қайсысы БАРЫНША оңтайлы ?

65 жастағы әйел, АҚ 195/110 мм сб.б. жоғарылауы кезінде сөйлеу қабілетінің бұзылуы пайда болып - бірден сөйлемей қалды. Неврологиялық статуста: есі анық, қарашықтары D=S, оң мұрын еріндік қатпары тегістелген, моторлы афазия, Бабинский симптомымен бұлшықеттік тонус және сіңірлік рефлекс жоғарылауымен оң жақты гемипарез . Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет