Қоректік ортаға экспланттарды отырғызу әдістемесі



Дата13.04.2023
өлшемі11,47 Kb.
#82045

Қоректік ортаға экспланттарды отырғызу әдістемесі.
Лабораториялық жұмыстың басталуынан бұрын залалсыздандыру жұмыстарын жүргіземіз,яғни қолда артық заттар болмайтындай етеміз және оны сабынмен жуып аламыз, содан кейін қолымызды спиртпен залалсыздандырып аламыз. Тяганың астындағы орындарды залалсыздандыру жүргіземіз.Осыдан кейін спирттпен жуылған заттарды спирт жалынымен залалсыздандырып қоямыз. Пробирканың ішіндегі өсімдікті алу үшін қақпағын ашамыз да, арнайы қысқышпенұстап, петри табақшасына салып қоямыз, петри табақшасы да залалсыздандырулы болу қажет. Отырғызылған материалды, яғни өсімдікті бөлшектейміз,ол үшін өсімдіктің буын аралықтарындағы кесінділерді кесіп аламыз.Кесіндінің ұзындығы міндетті түрде 1,5-2 см болуы қажет, одан кейін өсімдіктердің материалды меристемаларын отырғызамыз.Осы өсімдік сабағының төменгі бөлігі 1,5-2 см болуы керек ал үстіңгі бөлігі бөлігі қысқа болуы керек, тағы да айта кетерлік жапырақ тақтасында жұмысқа ыңғайлы бллуы үшін жартылай кесеміз.Отырғызылатын материал толығымен дайын болғаннан кейін,пробирканы от жалынында ұстап,қақпағын абайлап , сол қалпында ашып, материалымызды ұзын қысқышпен алып, пробиркаға отырғызамыз, пробирканың қақпағын қайтадан жауып, жұмысты бітіреміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет