Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
ОСӨЖ
Тақырыбы:Қ.Жұбанов және қазақ әдеби тілі.Қ.Жұбанов және стилистика,тіл мәдениеті жайы. О формах сочетания слов в казахском еңбегі. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі тіл тарихы,сөз мағынасы,қолданысы туралы мәселелер.
Орындаған: Асанбаева Ақерке
Тексерген: Миров Мұхтар
Топ: ҚТӘ-103
Ақтөбе, 2023
Жоспар:
1.Қ.Жұбановтың қазақ әдеби тілі
2. Сталистика және тіл мәдениеті туралы
3. Қ.Жұбановтың еңбектері
4.Тілдің тарихы мен сөз мағынасы мәселелері
Академик Қ. Жұбанов – арнайы тіл тарихына байланысты байыпты пікір айтқан алғашқы қазақ ғалымы деп айтуға толық негіз бар. Ғалымның «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөніндегі лекциялар», 1-кесек, «Қазақ тілінің фонетикасы» («Дыбыс жүйесі»), орыс тілінде жазылған «Қазақ тілі сөйлемдеріндегі сөздердің орын тәртібінің тарихынан» (Из истории порядка слов в казахском предложении»), «Көмекші және күрделі етістіктер туралы» («Заметки о вспомогательных и сложных глаголах»), т.б. тіл тарихы мен этимологиясы, тілдің пайда болуы, тіл дыбыстары және олардың әлеуметтік табиғаты туралы келелі пікір айтқан еңбектерінің маңыздылығы қазіргі тіл білімі үшін де ерекше. Біз бұл шағын мақалада ғалымның, жалпы, тіл табиғатына, тіл дыбыстарының табиғатына қатысты кейбір көкейтесті ойларына тоқталып өтпекпіз. Академик Қ. Жұбанов еңбектеріне тән басты ерекшелік сол – автор қазақ тілі сөздерін тек түркі тілдері аясында ғана емес, орыс, қытай, кавказ тілдерінің деректерімен де байланыстыра қарайды. Бұл тұрғыдан келгенде, біз Қ. Жұбановтың мәселеге тіл атаулының негізі бір деген Ата тіл теориясы тұрғысынан келетінін көреміз және бұл қазір де құптарлық бағыт болып табылады. Еуразия құрылығындағы халықтар тілін бірнеше топқа бөліп, тіпте бүкіл өткен тарихында да, тарихқа дейінгі кезеңдерінде де егіз-қатар өмір сүріп келген халықтардың тілін бірнеше туыстық топтарға ажырата қарастырып, олардың арасында тек мәдени алмасудан өзге ештеңе жоқ деп көрсету қазіргі таңда белең алып отырғаны бекер емес. Осы себептен де, мысалы, түрколог ғалымдар мен үндіеуропа тілдерін зерттеуші ғалымдар бірінің шекарасына бірі көз салудан да қорқатын жағдайға келген. Олар аталмыш тілдердің арасына қытай қорғанын соғып, бірі мен бірін мүлде басқа, өзге планеталық тіл есебінде танытып отырған қазіргі жағдайда академик Қ.Жұбановтың аталмыш зерттеулерінің сол кездің өзінде көрегендік танытқанын айтпасқа болмайды.Сонымен қатар ғалым ақын тіліне, сөзіне әсер етер қоғамдық, жеке психологиялық, халықтық, этнотанымдық себептерге нақты лингвистикалық, әдеби талдаулармен үңілді. Ақын тұлғасының қалыптасуына әсер еткен, оның жадында сақталған халықтық қордың танымдық маңызы мен білім арқылы жиналған тәжірибесін салыстырылу негізінде автор оның жеке тұлғалық болмысын, психологиялық әлемін сомдауға тырысты . Қ.Жұбанов көркем шығармаларды өзі де шығарып, ірі ақындардан аударып, әдеби аударманың, жаңа заман әдебиетіндегі бірқатар белгілі жанрлардың үлгісін іспен береді.Қ.Жұбанов ұлы ақынның шығармашылығын мұқият зерделеп, ХІХ ғасырдың аяғынан бастап қазақ әдебиетінің көші «Абайдың арқасында Европаның классикалық әдебиетінің қалыбына түседі» деген танымға негізделген ой қорытындысына келеді. Сонымен қатар Қ.Жұбанов, 20-жылдардағы басқа да қазақ зиялыларының көпшілігі сияқты, туған халқының мәдени мұрасы – ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялау дегенге қатты көңіл бөлгені байқалады.
Стилистика – тіл ғылымдарының барлық саласын біріктіре отырып, соның нәтижесінде бөлініп шықты, сондықтан күрделі ғылыми сала болып табылады. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын реттейді. Стилистика тармағы бізге қаншалықты маңызды? Мектеп қабырғасынан бөлек, адам баласының қалған өмірінде де стилистиканың рөлі басым. Себебі стилистика - ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль сөйлеп отырған жанның өз лебізін коммуникативтік талапқа сәйкес, қарым-қатынас мақсатына сай құра білуі, яғни белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдерді дұрыс қолдану білу. Адам баласы өмірінде осы саланы дұрыс меңгере білсе, оның тілдік мәдениеті, сөйлеу мәнері, ой өрісі де бір –бірімен тығыз байланыста болады.Тіл – халықтың рухы, байлығы, тарихы. Әрбір адам баласы өз тілінде еркін әрі тілдік мәдениетті сақтай біліп, сөздік қорын байытып сөйлей білсе, бұл оның өзіне деген құрметі. Дәл сол сияқты тілдік стильдік шеберлікті дамытып, ауызекі әрі жазбаша тұрғыда дұрыс жазып, сөйлей білу – бұл тілге деген құрметің. Сондықтан тіл тазалығын сақтап, мәдениетті болуға үлес қосайық.
Стилистика – тіл ғылымдарының барлық саласын біріктіре отырып, соның нәтижесінде бөлініп шықты, сондықтан күрделі ғылыми сала болып табылады. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын реттейді. Бір ескеретін жай, профессор Құдайберген Жұбанов тіл-әдебиет мәселелерін де, халқымыздың этномәдени тарихын да, халық әдебиетінің таным-тәлімдік маңызын да тіл философиясын негізге алып, тілдік дүниетаным тұрғысынан зерделейді. Сондықтан да оның дана Абай мен Хожа Ахмет Яссауиді танып, танытуы да бұрынғы зерттеулерден өзгеше болып келеді. Себебі, олардағы ой топшылау, ой түю астарларды тілдік таным философиясына негізделген және ұлтымыздың өз заманына сай ұлттық рухани өзгеру барысындағы танымы мен тану мүмкіндіктері де ескерілген. Профессор Қ.Жұбанов «стиль» термині, тіл (сөз) мәдениетіне нақты теориялық анықтама бермесе де, филологиялық зерттеулеріне үңілсек, жазусызу мәнерін дағдыға (нормаға) сай қалыптастыру, тілдік дағдыны (норманы) басшылыққа алу, сөз мәдениетін дұрыс қалыптастыру мәселелеріне қатысты ойларын анық ұғуға болады. Бұл ойымызға ғалымның: «Сөз бұйымын дұрыс жасап шығару үшін де оның жасалу жолын, материалының сырсипатын (яғни стильдік ерекшелігін деген сөзі деп ұғамыз – С.Құлманов) білу керек. Білмесе, мұнда да темірді желімдеп, ағашты пісіргендегідей нәтиже шығады», – деген пікірінен стильді дұрыс қалыптастыруға қойылатын талаптың нышанын байқаймыз. Алайда ғалым тілдік норманы «қатып қалған өзгеріске келмейтін нәрсе» ретінде қарастыруға болмайды деген ой айтады. «Қ.Жұбанов және стилистика мәселелері» атты мақаласында профессор М.Серғалиев ғалымның стиль жайлы пікірлерін, талдауларын зерделей келе: «... проф. Құдайберген Жұбанов стилист ретінде де сөздердің қолданысы мен тіл мәдениетіне қатысты елеулі жайларға арнайы назар аударып, бұл саладағы кем-кетіктердің болмауын қалайтын жанашырлық танытады», – деп тұжырымдайды . Қ.Қ.Жұбанов еңбектеріндегі сандық деректерді пайдалану жайымен таныса отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: проф. Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың қазақ тіл білімі туралы зерттеулерінде тілді сандық деректер мен мәліметтер негізінде қараудың алғашқы нышандары бар. Бүгінде тіл білімінің бір саласына айналып отырған лингвистикалық статистиканы ғалым сол кездің өзінде-ақ тани білген. Тілдің сандық сипатынан байқалатын сапалық қасиеттерін оны зерттеуде пайдалануға болатын тиімді әдіс көздерінің бірі екенін де байқаған. Сөйтіп, ол сандық деректердің негізінде тілге қатысты бірсыпыра жайларды (дыбыстар, буындар, сөздер, сөйлем мүшелерінің орны, т.б.) нақты анықтап, кейбір тың тұжырымдар жасаған. Бұлардың маңыздылығы сонда – олар қазіргі кезде бұл саладағы ізденуші-зерттеушілерге үлгі-тірек, бағыт-бағдар болып отыр. Сонымен, қазақ тілінің теориялық және қолданбалы тіл білімінің негізін қалаушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың аз ғана өмірінің бір-ақ мақсаты болған сияқты. Ол – әлі ашылмаған шындықты ашу немесе соның ашылуына ықпал жасау, сол арқылы қоғамға қызмет ету. Мұндай мақсатқа жетудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі, бірақ ғалым Қ.Жұбанов солардың ішінен зерттеудің дәлдігі мен объективтілігін қамтамасыз ететін тәсілді ғана ең дұрысы деп тапқан болу керек. Шындығында да, дәлдік пен объективтілікке ұмтылу – қазіргі ғылымдарға бірден-бір тән қасиет, ал бұның тіл біліміне де қатысы бары сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер:
Қ.Жұбанов қазақ тілі жөніндегі зерттеулер
Қазақ тілі білімінің мәселелері
Қ.Жұбанов және қазақ тілі қолданбалары
Қ.Жұбанов және тіл тарихы мәселелері
Достарыңызбен бөлісу: |