Орындаған: Кабулдинова Ляззат
Топ: 144 ЖМ
Қабылдаған: Құралай Төлеуғажиновна
ЖҮЙЕНІ ДАМЫТУШЫ ФАКТОРЛАР,
ТІНДІК ГОМЕОСТАЗДЫҢ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МЕХАНИЗМІ.
ТІННІҢ ӨЗГЕРУШІЛІГІНІҢ ШЕГІ
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
•Гистогенез
•Тіндерді гомеостазын қамтамасыз етуші механизмдер
•Тіндік жүйені қалыптастырушы факторлар
• Тіндерді өзгергіштік шектері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тін (лат. textus, грек. hіstos), биологияда – адам мен жануар
организмінде болатын, шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас
жасушалар жүйесі. Тіндер жасушаның қарапайым қосындысы емес, тіндер
- организмдегі тіндік жүйені құраушылар. Гистогенез - тіндердің
онтогенезде дамуы. Адам ағзасындағы тіндер 4 топқа бөлінеді:
1) Дәнекер тіні
2) Бұлшықет тіні
3) Эпителий тіні
4) Нерв тіні
Тінмен оны құрайтын жасушалардың тұрақтылығын гомеостаз
қамтамасыз етеді.
ГИСТОГЕНЕЗ
Гистогенез - тіндердің онтогенез
барысында қалыптасуы және дамуы.
Гистогенез эмбрионалдық кезеңде де
постэмбрионалдық кезеңде де жүзеге
асады.
Эмбрионалдық гистогенез - тіндердің
аз дифференциаланған күнінен
маманданған 4 типті тіндердің пайда
болуы.
Постэмбрионалдық гистогенез -
ескірген тіндер регенерация жолымен
қайта қалпына келуі.
Тіндердің регенерациясы
Регенерация - постэмбрионалдық кезеңде
гистогенез барысында өмір сүруін тоқтатқан
тіндердің қайта қалпына келуі. Регенерация
түрлері:
1) Физиологиялық регенерация
2) Репаративті регенерация
3) Жасушаішілік регенерация
4) Жасушалық регенерация
ТІНДІК
ГОМЕОСТАЗ
Тіндік гомеостаз - тіндердің құрылымдық-қызметтік элемент
терінің динамикалық тұрақтылығын сақтау. Тіндік гомеостаз
тінішілік және тінаралық әрекеттесулер арқылы жүзеге
асады. Тіндік гомеостазды қамтамасыз ететін факторлар -
гуморальдық факторлар. Яғни, метаболиттер, гормондар,
цитокиндер
ТІНДІК ГОМЕОСТАЗДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУШІ
МЕХАНИЗМДЕР. ЦИТОКИНДЕР
Цитокиндер - жасушааралық әрекеттесуді қамтамасыз ететін
белсендірілген иммундық жасушалардың ақуызы. Ол
жасушаның пролиферациясы мен дифференциялануын
реттейді. Әртүрлі тіндерге әсер етеді. Цитокиндерге жатады:
интерферондар, интерлейкиндер, ісік некроздаушы
факторлар, хемокиндер, өсу факторлары
Интерлейкиндер - Т жасушалармен және мононуклеарлық
фагоциттерден бөлінетін цитокиндер
Өсу факторлары - жасушалардың ДНҚ синтездейтін ақуызды
молекулалар жиынтығы. Олар организмнің дұрыс дамуын және
қорғаныш реакцияларын қамтамасыз етеді
Ісік некроздаушы факторлар - кахексин мен лимфотоксин жатады.
Кахексин ісік жасушаларын некроздайды, лимфотоксин апоптоздайды.
Интерферондар - қанның ядросы бар жасушаларынан және шырышты
қабаттардың эпителиоциттерінен түзіледі.
Гормондар
Эндокриндік бездерден түзіледі
Тікелей қанға бөлінеді
Тіндік гомеостазды сақтайды
Тіндердің жасушаларына әсер етіп, олардың
өсуін, жұмыс атқару қарқындылығын нормаға
келтіріп, тіндік гомеостазды сақтайды
Тіндік жүйені қалыптастырушы факторлар
1) Біркелкі жасушалар тобы біртұтас тін жүйесіне
интеграцияланады.
2) Бірлескен тіндерді арасында механикалық
байланыс ретінде жасушааралық байланыстар
болуы керек(адгезия, т.б).
3) Бірлескен жасушалардың іс әрекеті
кооперация, яғни ынтымақтасуы керек
Тіндердің өзгергіштік шегі
Тіндердің өзгергіштігі - тіндердің жас ерекшелігіне,
қоршаған орта факторларына байланысты өзгеруі. Жас
ерекшелігіне қарай өзгеруі - жасуша саны азайды, зат
алмасу төмендейді. Қоршаған орта факторлары
әсерінен өзгеруі - экологиялық фактор әсерінен. Бұл
кезде жасушалар митозы төмендейді, жасушалардың
және оның элементтерінің гипертрофиясына,
гиперплазиясына алып келетін метаболиттік
процестерінің күшеюінен болады
Достарыңызбен бөлісу: |