Тобы:ӘЖК-211
Қабылдаған: Тулегенов Еділ
Жоспар: Кіріспе
Негізгі бөлім
Кавказ түркілерінің тарихы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Кавказ түрікмендері – Ресей Федерациясы Ставрополь өлкесінің солтүстік-шығысындағы бірнеше елді мекенде тұратын түркі тілдес халық. Олар өздерін түрікмен ұлтының этнографиялық тобына жатқызады. Алайда түркітанушы ғалымдар оларды түрікмендерден бөлектеп Трухмендер деп атайды. Жалпы саны 33 мың адам (2002). Антропологиялық жағынан Трухмендер моңғол нәсіліне қатысы бар еуропалық нәсілге жатады. Ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Трухмендердің ата-бабалары Маңғыстау өңірін мекендеген түрікменнің чоудар, иғдыр, союнаджи аталатын тайпаларынан шыққан.
Хиуа хандығының жасаған шапқыншылығынан зардап шеккен олар басқа түрікмен тайпаларынан бөлініп, 18 ғасырдың басында солтүстік Кавказдағы Маныча, Кума өзенінің бойына көшіп барып орныққан. Жергілікті халықтар оларды трухмен деп атап кеткен. Трухмендер көп салалы шаруашылықпен айналысады. Қой, сиыр, жылқы өсірумен қатар егіншілікпен де шұғылданады. Қолөнерінің түр-түрі дамыған. Трухмендер тілін түркітанушылар түрікмен тілінің диалектісіне жатқызады. Алайда лексикасы мен грамматикалық құрылымынан ноғай тілінің әсері басымырақ байқалады. Соған қарап қазіргі трухмен тілін түрікмен тілі мен ноғай тілінің ортасындағы аралық тілге жатқызуға болады. Материалдық және рухани мәдениеті жағынан да Трухмендер ноғайлар мен түрікмендерге ұқсас.
Негізгі бөлім Кавказ түркілерінің тарихы XIII-XV ғасырлар ішінде қазіргі Дағыстан халықтары: лезгиндердің, аварлардың, дарғыңдардың, кұмықтардың, лактардың тағы басқаларының жерге иелік етіп орналасуы аяқталды. Татар-монғол шапқыншылығының ауыр зардаптары, әсіресе, басым көпшілігі тау-тасқа тығылуға мәжбүр болған аландар мен асыларға қатты тиді. Аландардың ұрпақтары — осетиндер таулы жерлерде қалып қойды да, Кабардин князьдарына тәуелді бодды, ал оңтүстік осетиндер Грузияға бағынды. Аланияның таулы аудандарыңда алтын ордалықтар мен кабардиндер орналасты. Кабардиндердің топка жіктелуінде өзіндік ерекшеліктері бар еді. Қатардағы қауымдық бұқара халықтан қарамағында құлдары бар феодал топтар және катардағы қауымды қанайтын князьдар мен дворяндар бөлініп шықты.
XIII-XV ғасырлар ішінде Алтын Орданың әлсіреуімен байланысты кабардиндіктер шығысқа қарай біраз жылжып, қазіргі кезде өздері коныстанып отырған жер аумағын иеленді.
Кабардиндер мен осетиндердің Шығыс жақ бөлігінде қазіргі шешендердің, ингуштардың ата-бабалары тұрды. Олардың оңтүстіктегі көршілері қазіргі Грузияның тау халықтары — хевсурлар, тушиндер және пшавтар еді. Шешендердің бірқатар бөлігі авар (хунзах) иемденушісіне тәуелді болды, ал оңтүстік осетиндер Грузияға бағынды. Аланияның таулы аудандарында алтын ордалықтар мен кабардиндер орналасты. Кабардиндердің топқа жіктелуінде өзіндік ерекшеліктері бар еді. Қатардағы қауымдық бұқара халықтан қарамағында құлдары бар феодал топтар және қатардағы қауымды қанайтын князьдар мен дворяндар (ворктер) бөлініп шықты.
Қорытынды XIII-XV ғасырлар ішінде Алтын Орданың әлсіреуімен байланысты кабардиндіктер шығысқа қарай біраз жылжып, қазіргі кезде өздері қоныстанып отырған жер аумағын иеленеді.
Монғолдардың жаулап алуына дейін Солтүстік Кавказ жазықтарында көшіп-қонып жүрген қыпшақ ордаларының кейбіреулері тауға ығыстырылды. Аландармен, сол сияқты адыгамдармен араласып, олар ерекше түркі тілдес халықтар- қарашайлар мен балқарларды дүниеге келтірді. XIV-XV ғасырларда Солтүстік Кавказда ислам діні үстемдік етуші дінге айналды.
XIII ғасырдың аяғында Қара теңіздің шығыс жағалауында өздерінің бірнеше отарларының (Тмутараканының орнына — Матрега. қазіргі Анапаның орнына — Мана т.б.) негізін салған генуэз саудагерлері белсенділік танытты. Генуэз отарлары сол кезде Еуропаның Шығыспен сауда қатынасын нығайтуда аса маңызды міндет атқарған еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Атласи Х. Сібір тарихы. — Қазан: татар. кн. изд-во, 2005. — 96 б.
Греков Б. Д., Якубовский А. Ю. Алтын Орда және оның құлауы. — 2-ші басылым. — М.—Л.: Изд-во АН КСРО, 1950. — 10 000 дана.
Егоров В. Л. XIII-XIV ғасырлардағы Алтын Орданың тарихи географиясы. – М.: Наука, 1985. – 11 000 дана. Түпнұсқадан 2008 жылдың 10 сәуірінде Wayback Machine сайтында мұрағатталған
Исхаков Д. М. XV-XVI ғасырлардағы түркі-татар мемлекеттері. — Қазан: Тарих институты Ш. Маржани А.Н.Р.Т., 2004. — 132 б. — (Библиотека ТАТАРИКА). — 500 дана