Қош келдің, 2023 жыл!
Жануарлар күшті көңіл күймен ойнап күліп кіріп келеді.
-Салем достар қалдарың қалай?
-Алақай, Жаңа жыл келді! Ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды бәріміз бірге қарсы алуға қарсы емессіңдер ме?
-Бүгін барлықтарың сондай әдемі болып тұрсыңдар!
-Біз сонау орманнан сендермен Жаңа жылды қарсы алуға келіп тұрмыз! Өз өнерлеріңді көрсетуге дайындалып келген боларсыңдар?
-Олай болса, Жаңа жылды бірге тойлайық!
*музыка қосып би билейді*
Моана мен Миньондар және Қоян билеп кіріп келеді:
Қоян: Сәлем достар!!! Сағына сағына орталарыңа мен келдім! Биыл бір жыл бойы сендермен бірге боламын!
М: Барлықтарыңа салем достар! Қалдарың қалай? Мен бүгін достарым миньондармен Жаңа жылды тойлау үшін арнайы Байжанов мектебіне келдік!
-Қош келдіңдер миньондар және Моана! Қош келдің, қоян! Дәл уақытында келдіңдер. Біз қазір шыршамызды жандыратын боламыз!
Моана: Ал сыйлықтар қайда? Аяз ата мен ақшақар көрінбейді.
Аңдар: Иә, дұрыс айттың. Бағанадан бері жаңа жылдың басты кейіпкерлерін күтіп жүрміз, алайда әлі жоқ.
-Мәссаған, келетін уақыттары болды ғой. Шыршаны да жағуымыз керек еді...
Моана: Жаңа жылды біреу бұзғысы келіп жүрген сияқты!
Амонг астар келеді:
-Салем достар! Не болып қалды?
Моана: Біздің шыршамыз қосылмай қалды. Біздің жаңа жылды биреу құртқысы келетін сиякты. Бізге сатқынды табуға көмектесіңдерші.
Амонгас: Әрине, біз сендерге сатқынды табуға көмектесеміз
*олар әр жақты іздеп жасыл қылшықты тауып алады*
Амонг ас: Қараңдар мынау жасыл қылшық тауып алдым, ол кім болуы мүмкін?
-хммм, кім екен? Бәлкім біздің достарымыз біледі балалар калай ойлайсыңдар сатқын кім болуы мүмкін?
Миньондар: Бананнаннаннаааа гринч, гринч бананнааана
«ГРИИНЧ!» деп барлығы айкайлайды
*сол кезде гринч кіріп келеді*
Гринч: Не? Мына жерде жа… жа.. жаңа жыл болып жатыр ма? Мен Аяз ата мен ақшақарды жасырып тастап едім ғой. Неге көңілденіп алғансыңдар? Неге ән айтасыңдар? Жек көрем Жаңа жылды!!!
-Ой, Гринч! Ия, көптен күткен жаңа жыл келді, кел Гринч сен де бізбен бірге тойласаңшы
Гринч: жо жо жоқ Жаңа жыл ең ұсқынсыз мейрам мен оны тойламадым және тойламаймын да!
-Жоқ гринч, сен қателесесің. Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана кутетiн таңғажайып қ
ызыкка, куанышқа, сиқырға толы мереке. Жаңа жыл жақындаған сайын жан-жактың бәрi безендiрiлiп, жаңа жылдык әуендер ойнатылып, құдды барлык әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртiптерiнiң жақсы болғанын айтып, қалаған сыйлыктарын кутедi.
Гринч: Ой, ой, ой. Сонда сендер ән айтып, көңілденесіңдер. Ал мен тыңдап отыруым керек пе? Қарай гөр
Қоян: Гринч, сәлем! Биыл менің сонша ұзақ уақыт күткен сәтім келіп еді. Биыл жылды басқаруға келіп едім. Ал сен болсаң, барлық қызығымды құрттың. Қалайша? Менің жазығым не?
Гринч: Қоян! Мен қоянды жақсы көремін, олар сондай сүйкімді. ООООО, мен сүйкімді дедім бе?
Қоян: Сен және жақсы көремін дедің?Ендеше сен жаман емессің ғой, кел, бәріміз бірге ойнайық, көңіл көтерейікші, саған ұнайтынына сенімдіміз! Солай ғой, достар!
Гринчпен бірге ойын, би
Гринч көңілденіп, ортаға Аяз Ата мен Эльзаны алып шығады.
-ОХООО,ХОООО балаларым! Қалдарың қалай?Міне, ортаға біз де келіп қалдық. Гринч Жаңа жылды құртқысы келіп еді, бірақ сендер оның жақсы көру сезімін оятыпсыңдар.Қандай керемет, бәрекелді!
Эльза: Сәлем достар! Иә, Аяз Атамен бірге Жаңа жылды атап өтуге мен де келдім! Сендермен осындай керемет шақты бөліскім келеді! Ендеше, келіңдер қар атысып ойнайық!
*Қар атысу ойыны*
Қоян: ООО, Аяз ата біз бен Сізге арнап оқушылар өнерлерін алып келіпті, келіссеңіз, өнерлерін көрсек....
*
*
*
*
Аяз Ата: -Ал балалар, қандай керемет өнер көрсеттіңдер! Көп көп рақмет! Сендермен бірге болып, өнерлеріңді тамашалағаныма өте разымын! ОХХХХоххоххо, енді мен алға жүрейін! Басқа мектептер де тағатсыздана күтіп отыр! Ал, қоян, саған жаңа жылдың кілтін табыс еттім! Өз уақытыңда балалардың білімді де, тәртіпті болуын, ата аналары, достары мен ұстаздарын сыйлап жүруін қадағала! Ал, балалалар, сау болыңдар!!!
Эльза: Сау болыңдар, балалар!
Достарыңызбен бөлісу: |