Ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитететінің экономикасы әлсіз ауыл шаруашылықтарына 3 мың тәжірибелі басшы кадр жіберу жөніндегі әдейі қаулысы бойынша әуелі Чапаев атындағы ұжымшарға төраға кейін, Құрманғазы атындағы совхозға директор болып тағайындалып, жұмысқа кіріскеніне көп болмаған екен.
1971-1975 жылдары біздің аймақта жыл сайын үлкен қуаңшылық болып, құрлықта ешбір шабындық жер болмағандықтан Құрманғазы, Махамбет, Исатай, Қызылқоға, аудандары Каспий теңізі жағасындағы Новинск ,Әбу,Көзбол аралдарындағы қамысты шабуға кіріскен болатын. Бір күні Қызылқоға ауданының пішеншілері орналасқан жерден тосын өрт шығып, бірнеше жыл шабылмай тұрғн қу қамыс бой бермей өртніп, кең көлемді жерге жайылып кетті. Жақын жердегі дайындалған пішен , мал қоралары мен малшы үйлерінің өртке кету қаупі туды. Аудандар, совхоздар басшыларының алған шаралары нәтиже бермегесін мен барып, өрт сөндіругн басшылық еттім. Сонымен қатар Алматыда республика басшыларынңың тапсырмасымен жағдаймен танысуға Ішкі істер министрінің орынбасары келіп,пікір алысып отырғанымыда Сайфолла кіріп, өз ұсынысын айтты. Бірақ онысына мен келісе қоймадымм. Әйтсе де бәрі орын-орнына кліп, әлгі өрттің шарасын алдық. Тілсіз жау тез арада ауыздықталды.
Осы жылдары республикада қой саны 50 миллионға жеткізіп, онің өнімділігін арртыру керек деген ұран көтеріліп, облыста жыл сайын мал басын , оның өнімділігін 5 процентке көтеру жөнінде жоспар берілді. Облыста малшы кадрлар жеткіліксіз болатын, барларының біршамасы зейнеткер жасына келіп қалған, осы проблеманы шешу оңай болмады. Оның жолын бірінші болып таппқан Сайфолла еді. Ол аудандағы Ленин атындағы совхозда
Достарыңызбен бөлісу: |