Өтірік өЛЕҢдер шіркейдің көтере алмай жұмыртқасын, Жолбарыс үзіп алды



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі169,05 Kb.
#8955

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

 

Шіркейдің көтере алмай жұмыртқасын, Жолбарыс үзіп алды 

омыртқасын.

 

*** 



Шанада Қоян сері сайрап отыр, Бөріні нән қамшымен айдап отыр.

 

*** 



Құмырсқа Арыстанды басып кетті, Ақтарып ішек-қарнын шашып 

кетті.


 

*** 


Борсықтың Бақаменен күресін көр, Бақаның жеңетінін білесіңдер.

 

*** 



Кәдімгі тышқанымыз – Егеу құйрық, Аюды алып ұрды үйіріп-үйіріп.

 

*** 



 

Күзеннің Шегірткеге келмей әлі, 

Жүр дейді беті-жүзін көрмей әлі.

 

*** 



 

Көртышқан Сілеусінді шалып қалды, 

Ал анау ес-түсінен танып қалды. 

 

МАЗАҚТАМАЛАР 



 

Ей, өкпеші, өкпеші, 

Еңіреп жас төкпеші. 

Жібердің бе есеңді, 

Таста, жаман кеселді. 

 

Ашқарақ-ау ашқарақ, 



Ашуланба, аш қабақ. 

Азырқанба, бір табақ 

Алдында тұр асқабақ. 

 

Мақтаншақ-ау, мақтаншақ, 



Әлсіздерге «аттан» сап. 

Күштілерден бұғасың, 

Мүләйімсіп тұрасың. 

 

Сараң, сараң, сараң, 



Не айтамыз саған? 

Достарың жоқ мүлде, 

Көрген күнің қараң. 

 

 



 

МАҚАТ – МАТАЙ 

 

Осы екі қаланың 

Атауынан бір-бірлеп, 

Әріптерді аламын, 

Қанша атау білдің бе? 

 

Мақат, 



  

Ақат, 


   

қат, 


     

ат. 


         

Матай, 


           

атай, 


            

тай, 


             

ай.     


ДОСЫМ МЕНІҢ 

 

-

 



Столда он мандарин, 

Досың алды бесеуін. 

Сен аласың қалғанын – 

Есептеші, нешеуін? 

 

-

Есебіңе мынадай Ешкім, 



сірә, нанбайды. 

Досым менің сұрамай, 

Ештемені алмайды. 

 

СҮРЛЕУ ЖОЛ 

Апарады тауға да, 

Апарады бауға да. 

Әкеледі қайтадан 

Туып-өскен аулаға. 

 

Апарады алысқа, 



Апарады ғарышқа. 

Әкеледі қайтадан 

Туған жерге - қоныс

 

 



 

ҚҰЙЫН

 

«Мен боксшы боламын», -

 

Деді Бәдік бір күні.



 

Жаттығуда қабағын

 

Жырып алды бір күні.



 

Айтты сонда:

 

«Бокстан Самбо жақсы екен», - деп.



 

«Бір-екі рет қатыссам,

 

Тез үйреніп кетем», - деп.



 

Үйренбеді, бірақ-та

 

Самбоны да қиын деп,



 

Қалмағасын тұрақтап,

 

Ат қойдық біз «Құйын» деп.



 

 

 



СОНДАЙ ҮЙДЕ ТҰРАМЫН 

 

Апта сайын, ай сайын 

Көшемізге жараса, 

Бола қалар дап-дайын 

Зәулім үйлер тамаша. 

 

Мен де тұрам әдемі 



Сондай үйде бір биік, 

Ақша бұлттар төнеді, 

Ақ шатырын күн сүйіп.

 

 



 

                    

НАНБАДЫМ

 

«Шындап кетсем егерде, 



Жүйрікпін-ау сенен де»,- 

Деді Желге Қаңбақ кеп, 

Салып сөзге салмақ көп. 

Байғұс бекер бөседі, 

Желмен бірге көшеді.

 

 

                    



АҚША ҚАР 

 

Маңыма қонасың, 



   

Жаныма қонасың, 

   

Жолыма қонасың, 



   

Қолыма конасың. 

 

 


                        

Ақша қар - ақ мамық, 

                           

Аспаннан ақтарып 

                            

Сандығын ашады, 

                        

Кім сені шашады?!

 

 

                                 



ТОЙМАДЫ 

 

«Сәбіздің көк сабағы – 



Қоянның өш тамағы. 

Жесе, жесін сабағын, 

Мен түбірін аламын!» 

 

Ешкі осылай ойлады, 



 

Ал қоян дым қоймады: 

                           

Сабағы мен түбірін 

                           

Жалмаса да тоймады.

 

 

 



 

 

 



МЕНІҢ АУЫЛЫМ 

 

Ауылға келе жатырмын 

 

Әжем туған ауылға, 

Әкем туған ауылға 

Тұңғыш келе жатырмын. 

 

Туыстарды мұндағы 



Көрген жоқпын туғалы, 

Тұңғыш келе жатырмын. 

 

Қандай ауыл алдымда, 



Нендей қызық бар мұнда? 

Тұңғыш келе жатырмын! 

 

 

 



Туған тер таулары 

 

Ұлытау 

Көзіңе оншама 

Көрінбес ірі тау. 

Аласа болса да, 

Атанған Ұлытау. 

 

Аяулы бәріңе, 



Атадай ақылгөй. 

Ұлылық мәні де 

Осында жатыр ғой. 

 

Қаратау 

 

Қорғаным, қонысым – 



Кідімгі Қаратау. 

Халқыма сол үшін, 

Қадірлі Қаратау. 

 

Қаратау – жыр басы, 



Қаратау – жол басы. 

Дәуірлер сырласы, 

Бабалар жолдасы. 

 

АЛТАЙ 

 

Алтайым деп мақтансам, 



Мақтануға тұрады. 

Айналасын ақтарсам, 

Кеннен көзім тұнады. 

 

Алтын, күміс, мырышы, 



Араласып тараған. 

Байлығы – ел ырысы, 

Кәдесіне жараған. 

 

АЛАТАУ 

 

Айбарлы, асқақ пішінде, 



Тұлғасы ерен дара тау. 

Осынша таулар ішінде, 

Орның бөлек Алатау! 

 

Сусындап жүрсің бұлт сауып, 



Береке көзі – мұз, қарың. 

Үстінен түспес көксауыт 

Өркеш те, өркеш құздарың. 

 

КӨКШЕТАУ 

 

Көрсем – ау деп Көкшені, 



Талай адам көкседі. 

Көрген кезде Көкшені, 



Қуаныштың жоқ шегі. 

Қуаныштың жоқ шегі 

Көргендерге әрдайым. 

Сұлулығы Көкшенің 

Қақтыратын таңдайын. 

 

ТАРБАҒАТАЙ 



 

Аласармас заңғары, 

Аялаған аңғары, 

Таусылмайтын шежіре – 

Тарбағатай таулары. 

 

Тамылжыған таңдары, 



Тербетілер талдары. 

Талпындырар биікке 

Тарбағатай таулары. 

 

БАЯНАУЫЛ 



 

Басында бұлты бар, 

Бөркіндей атаның. 

Көруге ынтығар, 

Естіп жұрт атағын. 

 

Жерұйық өңір – бұл, 



Жайнатқан өлкені. 

Көлдері көгілдер 

Көлдердің көркемі. 

 

ҚАРҚАРАЛЫ 



 

Көкшедей пішіні, 

Баяндай мүсіні. 

Көрікті келбеті 

Баурайды кісіні. 

 

Баурайы саялы, 



Аршасы аялы. 

Атаңдай сағынған 

Құшағын жаяды. 

 

ЕРЕЙМЕН 



 

Ежелден биігі 



Өрлігін сақтаған. 

Ереймен бұйығып, 

Ешуақыт жатпаған. 

 

Сайына нұр тұнған 



Сұрасаң жұртынан. 

Өнерге ұмтылған 

Елім деп Ұл туған. 

 

БҮРКІТТІ 



 

Бұлтқа басын жасырған 

Биік шоқы – Бүркітті. 

Көре алмадық басынан, 

Бүркітін кім үркітті? 

 

Қарадық көз талдырып, 



Бүркіт қайта қонбай ма? 

Атын ғана қалдырып, 

Ауып кеткен ол қайда? 

 

МЕДЕУДЕ 

 

Талай рекорд жаңартты 



Талай жүйрік Медеуде. 

Конькишіні талапты 

Бұл мұз айдын демеуде. 

 

Қас қағымда мәреден 



Өте шықсаң зымырап, 

Қол соғадыбар әлем 

Қайран қалып, дуылдап. 

 

ШЫМБҰЛАҚТА 



 

Борандатып, 

Құйындатып, құлдилай, 

Бірде қарғып, 

Бірде орғып, ылдилай 

Шың басынан 

Жөнелгенде төменге 

Нағыз шебер 

Шаңғыға ерік берер ме? 

 

Шапшандыққа 



Солар төтеп шыдаған, 

Шалағайлар орта жолда құлаған. 

 

Шымбұлаққа 



Шығам десең ерік бар, 

Шынығуға 

Шын көңілмен сеніп бар. 

 

Айналайын туған жер 



 

ТУҒАН ЖЕР 

 

Төскейден жел еседі, 

Төбемнен бұлт көшеді. 

Туған жерім мен үшін 

Көк майсасын төседі. 

 

ЕРТІС 



 

Ырыс боп алабы, 

Ертісім ағады. 

Қақ жарып даланы 

Каналы барады. 

 

Қақ жарып даланы 



Каналы ағады. 

Құт болып, қарық қып 

Ауылды, қаланы. 

 

Ертістің толқыны – 



Ерліктің төркіні. 

Айнала сезілер 

Еңбектің серпіні. 

 

БАЯН 



 

Ғажайып көркі оның, 

Мақтаны өлкенің. 

Тау-тасы-таусылмас 

Аңыз бен ертегің. 

 

Көрсең де аралап, 



Етпейсін қанағат. 

Байқасаң – 

Табиғи 


Бұл көрме ғаламат. 

 

ЖАСЫБАЙ 



 

Жасыбай жағасы – 

Орман, тау, қарашы. 

Табиғат әдейі 

Жасаған шамасы. 

 

Шомылып суына, 



Аунап бір құмына, 

Өрмелеп өріне, 

Шығып көр шыңына. 

 

Шипалы ауасы 



Кең тыныс аласың. 

Ай емес аптада 

Тыңайып қаласың. 

 

ЕКІБАСТҰЗ 



 

Екібастұз бүгінгі 

Кеншілердің мекені. 

Еңбегінің дүбірі 

Алыстарға жетеді. 

 

Кен орны әйгілі 



Елімізге аты аңыз. 

Ашқан дейді байлығын 

Малшы Қосым атамыз. 

 

Сол байлығы – көмірі 



Жылу болып, жарық боп. 

 

ШӨПТІКӨЛ 



 

Көктемде көл екен 

Мөлтілдеп шайқалған. 

Жазда мол береке – 

Шабындық шайқалған. 

 

Көл түбін бойласам, 



Көмірдің көзі екен. 

Шөптікөл ойласам, 

Қойманың өзі екен. 


 

 

Өркенімін даланың 

 

ҚЫЗЫЛШІЛІК ПЕН ҚЫЗШІЛІК 

 

Иса жазған жыр қылып 

«Қызылшілік» пен «Қызшілік». 

Екеуінің орнында 

Қалмапты ғой бір шыбық... 

 

Кім сындырды, өртеді, 



Ол не деген «ерке» еді. 

Тартар ма ол сазайын, 

Жұтатушы өлкені? 

 

АҚШИ 



 

Иесіз мал иірген 

Шүйгіні тал үйірген. 

Ақши алдан көрінді 

Селдіреген шиімен. 

 

Неге мұнша жүдеді, 



Тозғаны ма түр-өңі?! 

 

МОЙЫЛДЫ 



 

Шолып қыр мен ойыңды 

Таба алмадым мойылды. 

Мойылды деп неліктен 

Атың сенің қойылды? 

 

ҰЗЫНБҰЛАҚ 



 

Айналаңа қарадық, 

Арнаң жатыр – бәрі анық. 

Айдыныңақаз, үйрек 

Қонатұғын таранып. 

 

Бүгін неге бүйтпеді? 



Кеуіп қалдың өйткені. 

 

СЕРІК ПЕН БЕРІК 



 

Уәдесіне берік, 

Жақсы бала Серік. 

 

Атасына серік- 



Алты жасар Берік. 

 

Екеуіне елім, 



Артады зор сенім. 

 

ДИНАРА АЙТАДЫ 



 

Қоңыр күзде туыппын, 

Іңір кезде туыппын. 

Көктем шыға еңбектеп, 

Жаздыгүні жүріппін. 

 

ТИРДЕ 

 

-

Керікті атшы, балақай, 



-

Ата алмаймын. 

-

Елікті атшы, балақай, 



-

Бата алмаймын. 

-

Қасқырды атшы , балақай, 



-

Құп болады, 

Көкжал бөрі, ағатай, 

Жоқ болады! 

 

ТЕЗІРЕК 

 

Тезірек, тезірек 

Қатарға тұрайық! 

Тезірек, тезірек 

Сапарға шығайық! 

 

Біздерді үнемі 



Алыстар күтеді. 

Біздерді жүлделі – 

Жарыстар күтеді. 

 

КЕШКЕ ТАМАН 

 

-

Мама, мама, бері қара, 



Жақындады күн жерге. 

Ол да ұйқтап дем ала ма, 

Төсек салып бір жерге?- 


Деп Әлімтай сұрады, 

Бататын күн туралы. 

 

«БІЛГІШ» БАЛА 

 

Қайдан келген бұл бала? 

Өзін білгіш санайды. 

Бізді көрсе бұлдана, 

Шекесінен қарайды. 

 

Білетіні көп екен, 



Түйе айдаса, «шек» дейді. 

Түйенікі жөн екен, 

Оған елең етпейді. 

 

Қолына алып қурайды, 



Ешкі айдаса, «шөк» дейді, 

Естімеген мұндайды 

Ешкі тыпыр етпейді. 

 

Мағынасын айырып, 



Сөйлеуді өзі білмейді 

«Жылқы күйіс қайырып», 

«Сиыр жусап тұр», - дейді. 

 

Жұрттан сұрап дұрысын 



Білсе несі кетеді... 

Құптамайды бұл ісін, 

Ауыл мазақ етеді. 

 

БІРДЕ 



 

Теледидар үйдегі 

Балаларға бүй деді: 

«Келіндер, кәне, келіндер, 

Мультфильм қызық көріндер. 

Содан соң , аталарыңа 

Әңгімелеп беріңдер»! 

 

БАЙҚОҢЫР 



 

Көк пен жерді жалғаған 

Космодром Байқоңыр. 

Корабльдер самғаған 

Космодром Байқоңыр! 


 

Қанаттылар мекені – 

Қазақ жері Байқоңыр 

Қай жер саған жетеді, 

Ғажап жерім Байқоңыр! 

 

ПАЙДАЛЫ 



 

Жаяу жүрген пайдалы, 

Жүзің жарқын, жайдары. 

Жуымайды ешқандай, 

Ауру-сырқау қайдағы. 

 

Жаяу Жүрген пайдалы, 



Жүзің жарқын, жайдары. 

Аралауға шақырар, 

Туған өлке аймағы. 

 

ТАМЫЗ 



 

Тамыз айы – 

Қарбыз айы. 

Солай дейміз, 

Қарбыз жейміз. 

 

КЕЛДІ КҮЗ 

 

Санай бер, 



Қарай бер, 

Бояуы жүз 

Келді күз! 

 

ТЫСТА 

 

Суытпақ болып жылы үйді, 



Тыста боран ұлиды, 

Суыта алмай жылы ұйді, 

Сілесі әбден құриды. 

 

ЖАНКҮЙЕР 

 

«Шай-ба! Шай-ба!» лап, - 



Айғалайды Шаймұрат. 

Өзі коньки типпейді, 

Ойнамайды хоккейді. 


Хоккейшілер жанынан, 

Күні бойы кетпейді. 

«Шай-ба! Шай-ба!» лап, - 

Тұр, тағы әне, Шаймұрат. 

 

ШЫРША 

 

Жасыл шырша төрдегі 



Дейді: «Бәрін көр мені!», - 

Кеткен әсем құлпырып, 

Ойыншықтар тұр тұнып. 

 

Түрлі – түсті шамдары, 



Түнде ғажап жанғаны. 

Көргендерді елітеді – 

Керемет бір ертегі. 

 

ӨТІРІК 

 

«Аюды Борсық талапты, 



Аузы –басын қанатты», - 

Деп Шибөрі орманға 

Суық хабар таратты. 

 

Аңдар бұған наныпты, 



Наныпты да налыпты. 

«Не істейміз Борсыққа?!»,- 

Деп талқыға салыпты. 

 

«Борсықтан бұл шығады, 



Бәрімізді ұрады», - 

Деді Қоян дірілдеп, 

Тікірейіп құлағы. 

 

«Ұстап алып Борсықты, 



Домаланған торсықты, 

Сабау керек жабылып, 

Қандай дөй боп ол шықты?» 

 

Деді Қарсақ сыпылдап, 



Зу-зу етіп жылпылдап. 

Қостап оны Түлкі де, 

Шыдамады тыпырлап. 

 

«Бәсе, қайдан күш келді, 



Күреске еш түспейді. 

Мұның жұмбақ сыры бар», 

Деп Жолбарыс тістенді. 

 

Ал Арсытан байсалды, 



Барлығына, ой салды: 

«Аю халін білейік, 

Сосын көрдік», - деп салды. 

 

«Дұрыс екен мұныныз, 



Өзіңіз барып біліңіз, - 

Деп түгелдей шулады, - 

Қазір жолға шығыңыз». 

 

Сонымен ол барыпты, 



Ғажапқа таң қалыпты. 

Өз көзіне сене алмай, 

Қарапты да қалыпты. 

 

Таңырқады қайран қап, 



Маймақ Аю жайрандап. 

Көлеңкеде Борсықпен 

Отыр мәз боп дойбы ойнап. 

 

«Қазір жүріс менікі, 



Содан кейін сенікі. 

Екі жеп би шығарам, - 

Дейді Аю, - Жеңіс менікі». 

 

«Асықпа, дос, асықпа, 



Жеңіс әлі қашықта, - 

Дейді Борсық Аюға, 

Күшің менен асып па?». 

 

«Жеңісіме сенбесең, 



Бәстесейік, ендеше, - 

Дейді Аю – Жеңілсең, 

Бал бересің он кесе». 

 

Әзілдесіп екеуі, 



Маңын думан етеді. 

Ал Арыстан бұрылып, 

Кейін қайтып кетеді. 

 

Айтып келді андарға, 



Не көргенін барғанда, 

Деді: «Достар, байқамай, - 

Өтірікке алданба!» 

 

Аңдар жайды ұғыпты, 



Ұйымдасып бірікті. 

Шибөріні орманнан, 

Аулақ қуып шығыпты. 

 

 



 

ЖАҢЫЛТПАШТАР 

 

Алғыр аттар – 

Арғымақтар, 

Арғымақтарды 

Әркім мақтар. 

 

Таңдап, тарлан 



Атты алдым. 

Таңнан аңға 

Аттандым. 

 

Тарпаң тасты 



Тарпып келеді, 

Тарантасты 

Тартып келеді. 

 

Көкпектіде көкпек 



Көктемеде көктеп, 

Көкпектіде көптеп, 

Көктеген кез көкпек. 

 

Төрт төртім бар, 



Төрт тортым бар. 

Төртім – маған 

Тортым – саған. 

Сортаңнан Шортан кездеспес, 

Шортанды сортаң кездеспес. 

Саба ұстаған ыстай біледі, 

Саба ыстаған ұстай біледі. 

 

 



Шанышқының шаң үсті, 

Шашылғанда шаңы ұшты. 



 

Сүлік шілікке оралды, 

Шілік сүлікке оралғы. 

 

Ғарыш жерді 



Қарыстай көрме, 

Қарыс жерді 

Ғарыштай көрме! 

 

Тайғақта тайлақ та тайғанайды, 



Тарғақ та тайғақта тайғанайды. 

 

Қордайдан қойды айдап қайттым, 



Қойды айдап Қордайдан қайттым. 

 

Баптар бақ бар, 



Баттал баптар. 

 

Қақтан қатқан шақта өттік, 



Қатқан қақтан сапта өттік. 

 

Қар қалыңда Қарғалыға барғамын, 



Қарғалыда қар қалыңда қалмадым. 

 

Шашса-дағы шашбауын, 



Шайзаданың саспауын. 

 

Дау істі 



Дауысты 

Дақпыр шешпейді, 

Тапқыр шешеді. 

 

Шыңға шықтым, 



Сынға түстім. 

Шыңнан түстім, 

Сыннан шықтым. 

 

Арпа ауыр ма, 



Арба ауыр ма? 

Апара ала ма, 

Ат ауылға? 

 

Анау аша – 



Аласа аша. 

Аса аласа – 



Анау аша. 

 

Сынар ағаш – 



Шынар ма? 

Шынар ағаш 

Сынар ма? 

 

Құс қайтты, 



Қыс келді. 

Қыс қайтты, 

Құс келді. 

 

Алғыс алғыш – тіл алғыш 



Тіл алғышқа мың алғыс. 

 

Көгендеуге көнбеген көбеген, 



Көгенделіп көрмеген көбеген. 

 

Алғыр тазы тарғыл тазы екен, 



Тарғыл тазы алғыр тазы екен. 

 

Қабырғалар қалаймыз, 



Қалаймыз да қараймыз. 

Қараймыз да қалаймыз. 

Қараңыздар қалай біз, 

Қабырғалар қалаймыз?! 

 

«Сылқылдақты» 



Сылқым тартты, 

Сұңқылдатты 

Сылқым қатты. 

*** 


«Серперді» шертермен 

Шерте үйрендім, 

Шертермен «Серперді» 

Ерте үйрендім. 

*** 

«Теріс қақапайды» 



Ешкім 

Теріс тартпайды 

Бірақ келістіріп, 

Тегіс тартпайды. 

*** 

Шұғылдандым, шынықтым 



Спорт сырын шын ұқтым. 

*** 

Қайрандап кит тұр, 

Қайран қап, ит тұр. 

 

Қараңыздар, қалай біз 



Қабырғалар қалаймыз. 

Қалаймыз да, қараймыз, 

Қараймыз да, қалаймыз. 

*** 


Алша ағашының 

Жемісі ұнайды. 

Арша ағашының 

Иісі ұнайды. 

*** 

Шаңдақты шандатқан кім, 



Шаңдатып шаң қапқан кім? 

Ақылы кешірек кіріп, 

Ақыры, сан соққан кім? 

*** 


Шақпақ қантты, 

Ұсақтап қойдым, 

Саған шақтап, 

Сақтап қойдым. 

*** 

Бар баздағы 



  

Бар дарбаза – 

     

Осы тар дарбаза. 



*** 

Досжан досқа 

Бармақшы едім, 

Достан топса 

Алмақшы едім. 

*** 


Жиекте шие өсіпті, 

Шие қасына ши өсіпті, 

Бірақ шие жиі өсіпті. 

*** 


Төксе өрікті, 

Тоқсерікті тексеріңдер. 

Тексерсеңдер, 

Тек сеніңдер. 

*** 

Ысқырдым кеп, ысқырдым, 



Ысқырығым жеткендей 

Ар жағына үш қырдың. 



*** 

Аңсаған 


Әнші ағаң – 

Аңшы Ақан. 

Аңсаған 

Аңшы ағаң – 

Әнші Ақан. 

*** 


Аспаз Аппас 

Аз ас аспас. 

Аппас аспаз 

Аспаз ас аз. 

*** 

Алқапта мақташы, 



Ал қапта – мақтасы. 

Мақташы алқапта, 

Мақтасы әр қапта. 

*** 


Құрышшы құрышына 

Күріш алды, 

Күрішші күрішіне 

Құрыш алды. 

*** 

Бос жүрген 



Осы інген – 

Бос інген. 

 

 

Оркестр 

 

Қолға алса сырнайды, 

                           

Ақ Еділді жырлайды. 

                          

«Мұңлы екен әуені» - 

 

Деп әжем көп тыңдайды. 



Иә, балақай, байқалық, 

Бұл өнерпаз қай халық? 

 

Қомыз болса қолында, 



Үнсіз қалмас орнында. 

Құбылтып ән салады, 

Баурап маңын алады. 

Иә, балақай, байқалық, 

Бұл өнерпаз қай халық? 

 

Дутарым-ау, дутарым, 



Дүбірлеткен тұлпарым, 

Думандатшы жиынды, 

Төгілдірші күйімді! 

Тыңдап, кәне, байқалық, 

Бұл өнерпаз қай халық? 

 

 

Ғажап аспап ыңғайлы 

Қолға алса қурайды. 

Салауттың ерлігін 

Әсем сөзбен жырлайды. 

Иә, балақай, байқалық, 

Бұл өнерпаз қай халық? 

 

«Уа, бандура, бандура, 



Ұятқа сен қалдырма. 

Шырқалық ән шалқытып, 

Шаршы топтың алдында». – 

Кәне, тыңдап байқалық, 

Бұны айтқан қай халық? 

 

Балалайка бабында, 



Ағында жыр, ағында! 

Елтіп қалған секілді 

Жайлымдағы табын да. 

Кәне, тыңдап байқалық, 

Бұл өнерпаз қай халық? 

 

Қолға алса кернейді, 



Көшені күй кернейді 

Бүкіл ауыл билейді. 

«Шетте тұрма, сен» - дейді. 

Иә, балақай, байқалық, 

Бұл өнерпаз қай халық? 

 

Туысқандар тойдағы 



Қолға алып дойраны, 

Бізді түгел қолқалап, 

Билеттірмей қоймады. 

Көңіл қойып байқалық, 

Бұл өнерпаз қай халық? 

 

Кезі Мамыр айының, 



Жүзім бағы – айналаң. 

Үні қандай найынның 



Бақ ішінде ойнаған! 

Ал балақай, байқалық, 

Бұл өнерпаз қай халық? 

 

Құлағыма шалынған 



Жалейканың үні екен, 

Полесье жағынан 

Оны ойнатқан кім екен? 

Зейін қойып, байқалық, 

Бұл өнерпаз қай халық? 

 

Бұл аспапты тар дейді, 



«Кәне, қолға ал», - дейді. 

Қолға алсаң болғаны, 

Ереванға қонғаның. 

Зейін қойып байқалық, 

Шерткен Тарды қай халық? 

 

«Айналайын, Гриша!».... 

 

Өтті жылдар қаншама, 



Көп жәй ұмыт қалса да. 

«Шоқаным», - деп, Шыңғыс Қарт 

Күннен күнге шаршаған. 

 

Күндіз күлкі көрмеді, 



Түнде ұйқы келмеді. 

Ұлы жайлы азапты ой 

Оған маза бермеді. 

 

Жиын-тойға бармады, 



Тыныштықты таңдады. 

Үйде жалғыз отырса. 

Көзден жасы парлады. 

 

«Келе жатыр, жолаушы, 



Келе жатыр жолаушы!» - 

Шықты Шыңғыс далаға, 

Жетеледі ел даусы. 

 

Қадірлейтін елі оны 



Сәлемшілер көп еді. 

Аттан түсіп бұл кісі 

Жаяу жүріп келеді?! 

 


Толқып Шыңғыс бір түрлі, 

Көзіне жас іркілді. 

«Айналайын, Гриша!» - 

Деп ілгері ұмтылды. 

 

Бұл Гриша Потанин, 



Еске алып Шоқанын, 

Сырымбетке жол шеккен 

Көруге дос Отанын 

 

Сырымбеттің баурына, 



Шоқан өскен ауылға 

Келген сәлем бергелі 

Шыңғыс қартқа, бауырға. 

 

Болып сонда риза, 



Шыңғыс айтты: «Гриша, 

Жасыл жайлау төрінде 

Тынық біраз, бұйырса...» 

 

Жаздай жатты тынығып, 



Мейірімге жылынып. 

Сахарада – далада, 

Болды қала шуы ұмыт. 

 

Бойы тұнған ертегі 



Аралайды өлкені 

Кеште үйде жыраулар, 

Жыр, аңызды шертеді. 

 

Бірі шерлі назалы, 



Бірі ауыр қазалы, 

Дәптеріне Гриша, 

Түгел бәрін жазады. 

 

Ақын, жырау жырлайды, 



Гриша ұзақ тыңдайды. 

Арасында кідіртіп 

Қайта айтуын сұрайды. 

 

Шарлап оймен даланы, 



Сәл тұнжырап қалады. 

Ерте кеткен Шоқанды 

Еске сонда алады: 

 


«Көп еді ғой арманы, 

Ғылым сырын барлады. 

Ұмытылмас зор ерлік –   

Қашқар жаққа барғаны. 

 

Саяхатшы даңқты 



Екенін ол танытты. 

Өзі өлді, бірақ-та, 

Мол мұрасы қалыпты. 

 

Тауып уақыт ыңғайын, 



Сол мұрасын жинайын, 

Кітап етіп бастыртып, 

Әлеуметке сыйлайын». 

 

Өтті жаздың күндері, 



Өзгерді қыр реңі. 

Гриша да Омбыға 

Отыр, міне жүргелі. 

 

Отыр Шыңғыс қасында, 



Ойлар нендей басында?! 

Оңай емес қоштасу 

Екеуіне, расында. 

 

«Он, он екі жасында, 



Еріп әке қасына, 

Жиі келіп жүретін 

Гришажан осында. 

 

Шоқаныммен танысып, 



Бауырындай қауышып, 

Дос боп кетіп еді ғой, 

Тай-құлындай жарысып. 

 

Хал-күйіңдң ұға лар, 



Дос екенін шын адал. 

Дәлелдеді Гриша 

Талай сәтте сыналар. 

 

Бұл жолы да онысын – 



Досқа деген борышын 

Ақтаймын деп келіпті, 

Мың рақмет, ол үшін!» 

 


Шықты тысқа барлығы, 

Топ ішінде алдыңғы – 

Шыңғыс қарт пен Гриша 

Мінер атты алдырды. 

 

Қоштасты, қол алысты, 



Құшақтасты, қауышты. 

Шыңғыс атай көзінен 

Ыстық тамшы тағы ұшты. 

 

-



Сәлем беріп шалыңа, 

Келіп тұрғай тағы да! 

Шыңғыс әкей, келемін, 



Бермеңізші қамыға! 

 

Аттандырып қолынан, 



Көз айырмай соңынан, 

Күбірлейді Шыңғыс қарт: 

«Айналайын, Гриша, 

Жарылғасын жолыңнан!». 

 

ҚЫЗЫҚ ҚҰМАР БАЛАМЫН 

 

Ырғақты гимнастика 

 

Жаттығайық музыка әуенімен, 

Көрсетейін жобасын әуелі мен. 

 

Қолдың басын үнемі бұлғай түсіп, 



Музыканы беріле тыңдай түсіп. 

 

Бота-тайлақ сияқты тайраңдалық, 



Содан кейін балықтай қайрандалық. 

 

Содан кейін жылқыдай басты шұлғып, 



Саябырлап қол басы, аяқ сырғып, 

 

Музыка үдеп, беліміз қайқаңдаған, 



Қаз-үйрекке ұқсайық байпаңдаған. 

 

Кел, балдырған, жиылып сап құрайық, 



Күнде ертемен осылай жаттығайық! 

 

Ойын 



 

Еңкейемін, 

Құдықтай су аламын, 

Еріп келген 

Төлемді суарамын. 

 

Суға қанған 



Төлдерді айдап қайтам. 

Өзім де үйге 

Олармен ойнап қайтам. 

 

Шапқылайды, 



Қосыла шапқылаймын, 

Жайбасарды, 

Жалқауды жақтырмаймын. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет