Өткен тақырыптар бойынша бақылау тест тапсырмалары



Дата15.12.2023
өлшемі154 Kb.
#139453

Өткен тақырыптар бойынша бақылау тест тапсырмалары

1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі қалай аталады?


A) бизнес;
B) кәсіпкерлік;
C) кәсіпкерлік қызмет;
D) тәуекел;
E) дұрыс жауап жоқ.

2. «Жеке кәсіпкерлік» туралы ҚР Заңы қай жылы қабылданды?


A) 2006 жылы 31 қаңтар;
B) 2006 жылы 7 ақпан;
C) 2005 жылы 11 желтоқсан;
D) 2004 жылы 3 қаңтар;
E) 2006 жылы 2 наурыз.

3. Кәсіпкерлік қызметінің басты мақсаты не?


А) пайда табу;
В) басқару мен ұйымдастыру;
С) жоспарлау;
D) тауар-ақша операциясын орындау;
Е) екі жақтың келісімін біріктіру, оларға көмек көрсету.

4. Бизнес-жоспарға сәйкес келетін анықтаманы көрсетіңіз?


А) фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады;
В) техника-экономикалық негіздеуді жүргізу және барлық талдауды жасау;
С) жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық негізделген аналитикалық құжат;
D) болашақтағы жағдайды талдауға мүмкіндік беретін құжаттың түрі;
Е) коммерциялық жобаны жүзеге асыру жоспары.

5. Бизнес-жоспардың құрылымы мен көлемі неге байланысты анықталады?


А) ұйымдастыру формаларына;
В) мақсатына, кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің өзгешелігіне;
С) мақсаты мен міндеттеріне;
D) кәсіпорын қызметіне;
Е) жоспарлау мен басқаруға.

6.Бизнес-жоспарда кәсіпорын қызметінің нәтижесін таныстыратын ең соңғы қорытынды бөлім қалай аталады?


А) маркетингтік жоспар;
В) ұйымдастыру жоспары;
С) өндірістік жоспар;
D) қаржылық жоспар;
Е) барлығы.

7. Кәсіпкерлік қызметтің қайсысы тауар-ақша және сауда-айырбас операцияларымен сипатталады?


А) коммерциялық;
В) өндірістік;
С) кеңес беру;
D) қаржылық;
Е) барлығы.

8. Саудалық, сауда-көтерме сатып алу, сауда делдалдық, тауар биржалары кәсіпкерліктің қай түріне жатады?


А) өндірістік;
В) қаржылық;
С) коммерциялық;
D) кеңес беру;
Е) дұрыс жауап жоқ.
9. Кәсіпкерлік табыс қандай жағдайда пайда болады?
А) іскерлігі және арнайы шығармашылық белсенділігі үшін сыйақы, шағын бизнес саласындағы коммерциялық табыс әкелетін жаңа ойлар, техника мен технология енгізгенде;
В) инновациялық циклдің ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік беретін басқарушылық шешім қабылдауда;
С) инвестициялық шешім қабылдауда бюрократиялық тәртіпті қысқартуда;
D) инновациялық кәсіпорынның басқару құрылымын оңтайландыруда;
Е) инновациялық жүйеде білім беру мен алмасу үшін жағдай жасауда.

10. Сату – сатып алу объектісі – ақша айналымы, бағалы қағаздар,валюталық қатынастар болатын кәсіпкерлік түрі:


А) коммерциялық кәсіпкерлік;
В) өндірістік кәсіпкерлік;
С) кеңес беру кәсіпкерлігі;
D) консалтингтк кәсіпкерлік;
Е) қаржылық кәсіпкерлік.
11. Мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттарында кәсіпкерлік қызметтердің жүзеге асыратын кәсіпкерлік нысаны:
А) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация;
В) коммерциялық кәсіпкерлік;
С) мемлекеттік кәсіпкерлік;
D) аралас кәсіпкерлік;
Е) бірлескен кәсіпкерлік.
12. Кәсіпкерлік қабілеттілік адамдардың ерекше таланттығын анықтап, оны түсіну үшін кәсіпкердің қандай қызметін түсіну керек?
А) кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, себебі орындаған жұмысы мен көрсеткен қызметі табыс беретініне сенеді;
В) кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және кәсіпорынның іс-бағытын айқындайды;
С) кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін адам;
D) кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын адам;
Е) барлығын.
13. Бір мақсатқа жетуге мүдделенген заңды және жеке тұлғалар арасындағы бақталастық қалай аталады?
А) бәсекелік күш;
В) бәсекелік артықшылық;
С) бәсекеге қабілеттілік;
D) бәсеке;
Е) дұрыс жауап жоқ.
14. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық мөлшері нені анықтайды?
А) ұйымдастыруды;
В) жоспарлауды;
С) оны жүргізу тәртібі мен тоқтату жолдарын;
D) басқару мен бақылауды;
Е) дұрыс жауап жоқ.
15. Кез-келген шаруашылық қызметтегі ерекше белгісі ретінде не саналады?
А) инновациялық тәсіл;
В) инноватика;
С) жаңа технология;
D) экономикалық бәсеке;
Е) бәсекеге қабілеттілік.

16. Кәсіпкер түсінігін алғаш рет енгізген ағылшын экономисі – ол:


А) Р. Кантильон;
В) Ж.Б. Сэй;
С) А.Смит;
D) А.Маршал;
Е) Дж.Б.Кларк.
17. Кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне төмендегілерден қайсысы жатады?
А) Қазақстан Республикасының және басқа да елдің азаматтары;
В) заңды түрдегі шетел азаматтары;
С) өкілеттігі шектеулі тұлғалар;
D) азаматтық бірлестіктер;
Е) барлығы.
18. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидаларына қайсысы жатады?
А) кәсіпкерлік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктері мен қаражаттарын тарту;
В) кәсіпкерлік қызметті іске асыру мен даму бағыттарын дербес анықтау (жабдықтаушыларды, өткізу нарықтарын еркін таңдау, өнім түрлері мен өндіріс көлемін анықтау және т.б.) ;
С) материалдық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды тарту мен оларды пайдалану;
D) салық және басқа да міндетті төлемдерді, міндеттемелерді төлегеннен кейін қалған табыс көлемін бөлу еркіндігі;
Е) барлығы да жатады.
19. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілеріне жатпайтындарды көрсетіңіз?
А) кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамуы;
В) мүліктік және ұйымдастырушылық дербестік;
С) тәуекел мен жауапкершіліктің болуы;
D) экономикалық мүдделілік;
Е) іскерлік іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
20. Қайсысы кәсіпкерлік субъектісі болып табылады?
А) шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері;
B) коммерциялық делдалдық;
C) мемлекет;
D) инновациялық;
E) кеңес беру іс-әрекеттері.
21. Кәсіпкерліктің қызметтің экономикалық жағдайы?
А) нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек;
B) кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы;
C) кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар;
D) адам іс-әрекетінің әртүрлі санасының мазмұны алдындағы формаға берілетін құрмет;
E) бұл өндіріс процесінде неғұрлым төмен шығындар мен табысты нәтижелерге жету мақсатында адамдар ұжымының қызметін ұйымдастыру үшін оларға әсер етудің үздіксіз процесі.
22. Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік жағдайы?
А) нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек;
B) бұл өндіріс процесінде неғұрлым төмен шығындар мен табысты нәтижелерге жету мақсатында адамдар ұжымының қызметін ұйымдастыру үшін оларға әсер етудің үздіксіз процесі;
C) кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар;
D) адам іс-әрекетінің әртүрлі санасының мазмұны алдындағы формаға берілетін құрмет;
E) кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы.
23. Кәсіпкерліктің құқықтық жағдайы?
А) нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек;
B) кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы:
C) кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар:
D) адам іс-әрекетінің әртүрлі санасының мазмұны алдындағы формаға берілетін құрмет:
E) бұл өндіріс процесінде неғұрлым төмен шығындар мен табысты нәтижелерге жету мақсатында адамдар ұжымының қызметін ұйымдастыру үшін оларға әсер етудің үздіксіз процесі.
24. Қаржылық кәсіпкерлік – бұл ...
А) сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады;
B) нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік;
C) белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік;
D) белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі;
E) тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.
25. Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл ....
А) сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады;
B) нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік;
C) белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік;
D) өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері;
E) тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет