Оқу практикасының есебі



Дата23.10.2022
өлшемі26,09 Kb.
#45059
Байланысты:
Студент есебі


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің “Педагогика және психология” факультетінің “Педагогика және психология” мамандығының 3 курс студенті Марденова Аружан

Оқу практикасының есебі


Педагогикалық практикадан өту уақытында Алматы қаласындағы №15 гимназия мектебінде 4”И” сыныбы маған берілді. Сыныпта негізінен 24 оқушы оның ішінде 13ұл ,11қыз оқиды. Жетекшісі Алима Базарбековна. Сынып негізінен гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқиды. Практика барысында сыныпқа психология және жетекшілік ретінде практиканы атқардым. Практика 01.09-30.09 күндері аралығында болды.
Педагогикалык практика негізі міндеті жас педагог студенттерді болашаққа даярлап ,оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты сезіндіре білу және жас мамандар даярлау болып табылады.
Оқу практикасына шықпай бұрын студенттерге конференциялар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Практиканың алғашқы күнінде 01.09 студенттерге конференция болды.Бұл конференцияда студендер мектепте қалай киіну, бізге қажетті құжаттар жайлы ,мектептің ішкі тәртібі және өз жетекшілерімізбен таныстық. Бұл конференцияда студенттер пратикада өздерін тек жақсы көрсете білуді және де өздерін болашақ ұстаздай ұстай білуі сияқты әр турлі бағыттарды тусіндірді.Студентер практикадағы жетекшілерімен танысып, практикаға арналған кунделікті алып сыныптарға бөлінді. Конференция барысында студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтай алатыны жайлы және осы сияқты тағы басқа мәселелер қозғалды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі деп айта кетті. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін талдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешетіндігі жайлы айтылып кетті.
1.Мектептегі алғашқы практикалық күні 02.09) мектеп директоры және сынып жетекшісі мен таныстым . Маған берілген сынып екінші ауысымда оқитын 4”И” сыныбы. Бұл күні мен сыныппен танысу жумысын ұйымдастырдым.Сыныппен тез тіл - табысып араласып кеттік.
Сыныпқа алғашқы сабақ математика сабағы болды. Сабақты өз жетекшілері Алима Базарбековна апай берді. Оқушылар ішінде белсенді оқушылар өте көп екен, сабақты бірімен –бірі жарысып көрініс қойып айтты.Оқушылар өте белсенді отырды.
Біз бұл күні мектептің ішкі тәртіптерімен ,асхана ,спорт зал,жаттығу залдары сияқты жерлерді аралап таныстық.Оқушылар бұл күні оздерін барлық сабақтардан жақсы көрсете білді.
2.Практиканың екінші күні алғашқы сабақ қазақ тілі сабағы болды. Сабаққа мұғалім Карбаева.А келіп сабақ берді. Сабақ жоғары деңгейде өтілді.Осы күні оқушылар өздерін таныстырып жақын араласа бастады.Сабақтарға қатысу жоғары деңгейде болды.
3.Практиканың үшінші күнінде сыныпқа орыс тілі сабағы болды. Сабақты мұғалім Оразбаева.З өтті. Бұл сабақта оқушылар үй жұмыстарын тексертіп, сабақ айтып бағаланды.Мен оқушыларға қосымша сұрақтар қойып өткен тақырыптардан сұрап білімдерін тексеріп шықтым. Оқушылар орыс тілі сабағына өте тиянақты түрде дайындалып келіпті.
4.Практиканың төртінші күнінде мен оқушылардан қосымша мәліметтер жинап , аты-жөндерімен толық танысып шықтым.Осы күнгі сабақтардың барлығына қатысып оқушылардың білім деңгейлерін анықтай түстім.
5.Практиканың келесі күнінде сыныпқа 5 сабақ болды . Бірінші сабақ Қазақ әдебиеті Карбаева.А сабақ берді. Оқушылар Абай Құнанбаевтің қара сөздерін жатқа айтап жарысты.
Осы күні мен оқушылардың ауызша сабақтарға көбірек қызығып, көп көңіл бөлетіндігін байқадым.
6.Практиканың алтыншы күнінде сыныпқа алғашқы сабақ математика сабағы болды. Оқушылар бұл күні амалдар орындау және шешу тақырыбына есептер шығарды.Мұғалім Ақмаханова.Н келіп сабақ берді.Оқушыларды түгелдеп, үй жұмыстарын тексеріп шықты. Балалар тақтаға есептер шығарып ,қосымша ережелер айтып бағаланды.
Практиканың екінші аптасында дүйсенбі күні сыныпқа 6 сабақ болды.
1.сабақ математика сабағы болды. Сабаққа Мейірманов.А келді.Сыныпты тексеріп, оқушыларды түгелдеді. Оқушылар сабаққа жақсы дайындалып келіпті. Сынып топ-топ болып бөлініп сабақ айтты.Әр топ оз беттерінше көрініс ,жарыс ретінде бөлініп сабақ айтты . Сабақ өте көңілді өтті. Осы күні сынып жетекшісі тәрбие сағатын өтті.Осы тәрбие сағатында сынып жетекшілері оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіріп қауіпсіздік ережелеріне тоқталып кетті. Менде жолда жүру ережелерін біршама айтып өз ойыммен бөлістім.
2.практиканың келесі күнінде сыныпқа бес сабақ болды.Алғашқы сабақ қазақ тілі сабағы болды.Мұғалім Карбаева.А оқушылардан сөз таптарын сұрап өткен тақырыптардан сұрақтар қойып білімдерін жетілдіре түсті.Оқушылар ауызша сабақтарда өте жақсы қатысады, ал қалған математикалық сабақтарда оларға қыйындау түсетінін байқадым.
3.Бұл күні оқушыларға ағылшын сабағы болды.Оқушылардан мен үй жұмыстарын сұрап ,дәптерлерін тексеріп күнделіктеріне бағаларын қойып бердім.Оқушылар сабақтарына өте жақсы дайындықта келіпті.Орыс тілі, ағылшын тілі сабақтарында сынып екі топқа бөлініп өтті.
4.Практиканың бұл күнінде оқушыларға 6 сабақ болды.Мұғалімдердің көбі бұл күні оқушылардан тоқсанды қорытындылау, бақлау тесттерін алды. Оқушылардың тоқсандық бағаларын қойып қорытындылады.
5.Жұма күні сыныпта 5 сабақ болды. Бірінші сабақта оқушылар қазақ тілі пәнінен тоқсандық диктант алынды.Ал математика сабағында оқушылардан Ақмаханова Назгүл математикалық бақылау жұмысын алды.Бұл күні оқушылар өз беттерінше жұмыстар жасады .
Педагогикалық практика жалпы мен үшін жақсы, әрі қызықты өтті. Сабақ берудегі алғашқы педагогикалық тәжірибем болғандықтан, біршама жеңілдеу болды. Кейбір, сабақты түсіндіру барысында қобалжу көп болды. Жалпы өзімнің болашақ оқытушы ретінде жүргізген қысқаша оқытушылық жұмысыма, тәжірибем аз болсада , өзімді осы практикада сынап, өзімді жақсы жағынан көрсеттім деп сенемін. Педагогикалық практика барысында өзім үшін көптеген бірқатар жаңалықтарды аштым.
1.Бұл өзім мен өзім жұмыс жасап , оқушылардың алдындағы қорқыныш ,қобалжуымды жеңе білдім.
2.Оқытушылық қызметтің қаншалықты қиын және үлкен жауапкершілікті қажет ететініне көз жеткіздім.
3.Педагогикалық тұрғыдан өзімнің қандай кемшіліктерімнің бар екенін көріп, сол кемшіліктерді түзетуге нұсқау алдым.
Мен үшін бұл практика үлкен жетістіктердің бастауы болмақ.

Оқу практикасының есебі


Орындаған: Бидашева Азиза Әметбайқызы


Курс:2
Тобы:Б-15-1
Мамандығы: Биология
Тараз 2016

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет