Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет41/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   481
ЖАҢА ШОТТАРҒА ӨТУ СЫЗБАСЫ

Бұрын танылған негізгі құралдардың барлық баптары көшу кезінде негізгі 

құралдар ретінде автивті тану критерийлерін, инвестициялық жылжымайтын 

мүлікті, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты ескере отырып 

көзделеді.

Қазақстан 

Республикасы 

Қаржы 


министрлігі 

Қазынашылық    

департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы  №30  бұйрығымен  бекітілген 

Мемлекеттік  мекемелердегі  бухгалтерлік  есеп  жөніндегі  нұсқаулықтың 

(Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №489 

бекітілген)  мемлекеттік  мекемелер  үшін  қаржыландыру  жоспарының 

орындалуының  Бухгалтерлік  есеп  шоттары  жоспарының  қосалқы  шоттар 

(бұдан əрі – қосалқы шоттар) қалдықтарының сальдосы топтар бойынша мы-

надай ұқсас шоттарға (қосалқы шоттарға) көшіріледі:

010 «Ғимараттар»  қосалқы  шоты 2320 «Ғимараттар»  шотының  тиісті 

қосалқы  шоттарына, 2510 «Инвестициялық  жылжымайтын  мүлік»  шотына 

көшіріледі;

010-1 «Жер»  қосалқы  шоты 2310 «Жер»  шотына, 2510 «Инвестициялық 

жылжымайтын мүлік» шотына;

011 «Имарат» қосалқы шотынан 2330 «Имарат» шотына;

012 «Беру қондырғылары» қосалқы шоты 2340 «Беру қондырғылары» шо-

тына;

013 «Машиналар  жəне  жабдық»  қосалқы  шоты 2360 «Машиналар  жəне 



жабдық» шотына;

015 «Көлік құралдары» қосалқы шоты 2350 «Көлік құралдары» шотына;

016 «Құралдар,  өндірістік  (керек-жарақтарды  қоса  алғанда)  жəне 

шаруашылық  мүкəммал»  қосалқы  шоты 2370 «Құралдар,  өндірістік  жəне 

шаруашылық мүкəммал» шотына;

018 «Кітапхана қоры» қосалқы шоты 2382 «Кітапхана қоры» қосалқы шо-

тына;

019 «Өзге  активтер»  қосалқы  шоты  «Өзге  де  негізгі  құралдар», 2411 



«Аяқталмаған құрылыс», 5220 «Өткен жылдардың қажылық нəтижесі», 2620 

«Көп  жылдық  екпелер», 2711 «Бағдарламалық  қамтамасыз  ету»  шоттарына 

көшіріледі.

019 «Өзге  активтер»  қосалқы  шотының  «көп  жылдық  екпелер» 1) тобы 

бойынша  қалдықтар  сальдосы  кітапханалық  активтерге  жататын 2620 «Көп 

жылдық  екпелер»  шотына  көшіріледі  (жеміс-жидектің  барлық  түрлерінің 

екпелері),  қалған  көп  жылдық  екпелердің  сальдосы 2380 «Өзге  негізгі 

құралдар» шотына көшіріледі.

019 «Өзге  активтер»  қосалқы  шотының  «жерлерді  жақсарту  жөніндегі 

күрделі шығындар» 2) тобы бойынша қалдықтар сальдосы 2383 «Өзге негізгі 

құралдар» шотына көшіріледі.



41

019 «Өзге активтер» қосалқы шотының мұражай құндылықтары (олардың 

құнына  тəуелсіз) 3) тобы  бойынша  қалдықтар  сальдосы 2383 «Өзге  негізгі 

құралдар» қосалқы шотына көшіріледі.

019 «Өзге активтер» қосалқы шотының олардың құнына қарамастан, хай-

уанаттар паркіндегі жəне басқа сондай мекемелердегі жануарлар əлемінің экс-

понаттары 4) тобы бойынша қалдықтар сальдосы 2383 «Өзге негізгі құралдар» 

қосалқы шотына көшіріледі.

019 «Өзге  активтер»  қосалқы  шотының  құны  бірлігіне  екі  айлық  есептік 

көрсеткіштен  артық  сахналық-қойылым  құралдары  (декорациялар,  ағаш 

жиһаздары мен кəделік, бутафорлық заттар, театрлық жəне ұлттық костюмдер, 

бас киімдер, іш-киімдер, аяқ киімдер, париктер) 5) тобы бойынша қалдықтар 

сальдосы 2383 «Өзге негізгі құралдар» қосалқы шотына көшіріледі.

019 «Өзге активтер» қосалқы шотының құнына қарамастан үлгілік жоба-

лау жөніндегі құжаттама 6) тобы бойынша қалдықтар сальдосы шығыстарды 

капиталдандыру кезінде 2411 «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотына, капи-

талдандырылмайтын шығыстар бойынша 5220 «Өткен жылдардың қаржылық 

нəтижесі» шотына көшіріледі.

Техникалық тасығыштардағы бағдарламаның 7) тобы бойынша қалдықтар 

сальдосы 2711 «Бағдарламалық қамтамасыз ету» қосалқы шотына көшіріледі.

019 «Өзге  активтер»  қосалқы  шотының  оқу  кинофильмдері,  магниттік 

қатқылдар жəне ленталар, кассеталар жəне өзгелер 7) тобы бойынша қалдықтар 

сальдосы 2383 «Өзге негізгі құралдар» қосалқы шотына көшіріледі.

019 «Өзге активтер» қосалқы шотының өзге мүкəммал, балалар ойындары, 

арнайы  шаңғылар  жəне  өзгелер 8) тобы  бойынша  қалдықтар  сальдосы 2383 

«Өзге негізгі құралдар» қосалқы шотына көшіріледі.

Бұрын  танылған  материалдық  емес  активтердің  барлық  баптары  көшу 

кезінде  активтерді  материалдық  емес  активтер  ретінде  тану  критерийлерін 

ескере  отырып  көзделеді. 014 «Материалдық  емес  активтер»  қосалқы 

шотының қалдықтары материалдық емес активтердің түріне байланысты 2710 

«Материалдық емес активтер» шотының тиісті қосалқы шоттарына көшірілуі 

тиіс, ұйымдастырушылық шығыстардан басқа, олар 5220 «Өткен жылдардың 

қаржылық нəтижесі» шотына көшіріледі.

017 «Жұмыс  жəне  өнімді  мал»  қосалқы  шотының  сальдосын  мыналарға 

көшіру қажет:

«жұмыс малы» 1) тобы бойынша 2383 «Өзге негізгі құралдар» қосалқы шо-

тына;

«өнімді жəне асыл тұқымды мал» 2) тобы бойынша 2610 «Жануарлар» шо-



тына. 

020 «Активтердің  тозуы», 021 «Материалдық  емес  активтердің  тозуы» 

қосалқы шоттарының сальдосы 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амор-

тизациясы», 2721 «Материалдық емес активтердің жинақталған амортизация-

сы», 2521 «Инвестициялық  жылжымайтын  мүліктің  жинақталған  амортиза-

циясы» қосалқы шоттарына тиісінше көшіріледі.




42

Əділ құн бойынша өлшенетін биологиялық активтерге жататын пайдала-

ну  жасына  жеткен  көпжылдық  екпелер  бойынша 020 «Активтердің  тозуы» 

қосалқы  шотының  сальдосы 5220 «Өткен  жылдардың  қаржылық  нəтижесі» 

шотына көшіріледі.

Өзіндік құны бойынша өлшенетін биологиялық активтерге жататын пайда-

лану жасына жеткен көпжылдық екпелер бойынша 020 «Активтердің тозуы» 

қосалқы  шотының  сальдосы 2631 «Биологиялық  активтердің  жинақталған 

амортизациясы» қосалқы шотына көшіріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет