Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Рекомбинантты ДНҚ молекуласын (рДНҚ) жасушаға ендіру



Pdf көрінісі
бет8/211
Дата07.01.2022
өлшемі4.09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   211
3.2 Рекомбинантты ДНҚ молекуласын (рДНҚ) жасушаға ендіру
Біріктірілген  рДНҚ-ын  арнайы  дайындалған  жасушаларға  ендіру – гендік
инженериялық  манипуляциялау  жұмыстарының  соңғы  кезеңі  болып  табылады.
Мұндағы ең күтілетін нəтиже – ендірілген жасуша құрамында олардың көбейуі мен
өздерінің қызметтерін дұрыс атқаруы, яғни қажетті ақуыз синтезін қамтамасыз етуі
керек. Осындай  жасуша  ретінде, хромосомалар  құрамы  жақсы  зерттелген  ішек
таяқшасы (Е. coli) бактериялары  жиі  қолданылады. Бактериялды  жасушалары
рекомбинантты  ДНҚ-ын  қабылдауға  лайық  болуы  үшін  алдын-ала  кальций  немесе
рубидиймен өңделеді.
Жасушаларға  ДНҚ-ның  кіру  мүмкіндігін  арттыру  мақсатында  электропорация
əдісі жиі қолданылады. Бұл əдіс бойынша жасушаларға интенсивті электр  өрісімен
əсер  ету  жүзеге  асырылады. Осындай  əсер  ету  нəтижесінде  жасуша


19
мембраналарында  қуыстар  пайда  болып, жасушалардың  ДНҚ-ын  жақсы
қабылдауына  мүмкіндіктер  туылады. Құрамында  ДНҚ  бөліктері  бар  плазмидалар
ішек таяқшасы жасушасына енеді. Құрамына көп ДНҚ бөліктері бар плазмида енген
соң, ішек таяқшасы бактериялары əртүрлі гендермен байытылады.
Кейіннен, рекомбинантты ДНҚ молекуласы бар бактериялары, осындай қажетті
жасушалардың (рДНҚ-лы) селекциясын  қамтамасыз  ету  үшін  керек  болатын,
арнайы  антибиотиктермен  байытылған, ЕПА (етті-пептонды  агар) қоректік
ортасына  себіледі. Трансформация  жиілігі  көп  болмайды. Көбінесе  бір
трансформант 10
5
  себілген  жасушаларынан  пайда  болады. Егерде  вектордың  тегі
фагтан  шықса, жасуша  трансфекциясын (бактериялар  немесе  ашытқылар) фагпен
жүргізеді.
Жануарлардың денелік (сомалық) жасушаларына келетін болсақ, олардағы ДНҚ
трансформациясын, плазмалық мембранадан ДНҚ-ның тез өтуін қамтамасыз ететін
арнайы химиялық заттардың көмегі арқылы жүзеге асырады. Сонымен бірге құрбақа
ооциттеріне, қоректік  ортада  өсіріліп  жатқан  денелік (сомалық) жасушаларына
немесе  сүт  қоректілердің  эмбриондарына  рДНҚ-ын  тікелей  егу (иньекциялау)
жолымен ендіруге де болады.
Қоректік (селективтік) ортада  арнайы  өсірілген  трансформант  колониялары,
қажетті геномның немесе кДНҚ бөлшектері (гені) бар жасушалар жиынтығы болып
табылады. Осындай клондар коллекцияларын ДНҚ кітапханасы деп те атайды жəне
олар гендік-инженерлік жұмыстарында кеңінен қолданылады.
Гендерді  клондау  жұмыстарының  соңғы  кезеңдерінде, қажетті  гендері  бар
бактериялар түрлі əдістер арқылы бөлініп алынады жəне тексеріліп болғаннан  соң,
құрамында  рДНҚ-сы  бар, қажетті  ақуызды  синтездеуді  бақылай  алатын  құнды
колониялары ары қарай пайдаланылады.
Вектор  ретінде  плазмидалармен  қатар  əртүрлі  бактериофагтар, хайуандар  мен
өсімдіктер  вирустарын  да  пайдалануға  болады. Алайда, хайуандар  мен  өсімдіктер
жасушаларында  хромосомалар  құрамы  мен  гендер  əрекеттері  бойынша
бактериялардан  бірталай  айырмашылықтары  болуы  себепті, бұларда  гендік-
инженериялық манипуляциялар жүргізу жұмыстары қиынырақ келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   211




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет