Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Сараптамалық жүйелер сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет37/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   121
2.3.  Сараптамалық жүйелер сипаттамалары  
Ең алдымен сараптамалық жүйе белгілі бір   мәселе туғызатын 
саланың  шынайы  (немесе  өзге)  табиғатын  үлгілеп  қоймай,  осы 
саладағы  міндеттерді  шешуге  қолданатындай  адам  ойлауы  тетігін 
үлгілейтінін  атап  өткен  жөн.  Бұл  сараптамалық  жүйелерді 
математикалық 
үлгілеу 
немесе 
компьютерлік 
анимация 
жүйелерінен  елеулі  ажыратады.  Әрине,  бағдарлама  осы  пән 
саласындағы  маманның  психологиялық  үлгісін  толығымен 
жаңғыртады  деп  айтуға  болмайды,  бірақ  мәселелерді  шешудің 
сарапшымен қолданылатын әдістемесін компьютерлік құралдармен 
жаңғыртуға, 
яғни 
міндеттердің 
кейбір 
бөлігін 
сарапшы 
орындайтындай етіп орындауға негізгі  көңіл  бөлінуі  маңызды.  
Жүйе  есептеу  операцияларын  орындаудан  басқа  өзінде  бар 
білімдерге негізделе отырып, белгілі  бір тұжырымдар мен долбарды 
қалыптастырады.  Жүйедегі  білімдер  белгілі  бір  арнайы  тілде 
ұсынылып,  тұжырымдар  мен  долбарды  құрастыратын  жеке 
бағдарламалық кодтан бөлек сақталады.  
Сараптамалық  бағдарламалармен  міндеттерді  шешу  кезінде 
негізгі  болып  эвристикалық  және  жуық  әдістер  табылады,  олар 
алгоритмдік  әдістерге  қарағанда табысқа әрдайым кепіл бермейді. 
Мұндай  әдістер  түпкілікті  бастапқы  ақпаратты  талап  етпейтін 
мәнінде  жуық  болып  табылады  және  ұсынылатын  шешім  дұрыс 
болып табылатындығына белгілі бір сенімділік (немесе сенімсіздік) 
дәрежесі бар.  
Сараптамалық  жүйенің  негізгі  сипаттамаларының  бірі  –  оның 
өнімділігі,  яғни  нәтижені  алу  жылдамдығы  және  оның  анықтығы 
немесе сенімділігі. Сараптамалық жүйе қысқа уақыттың ішінде осы 
пән саласының маманы ұсына алатын шешімнен кем емес шешімді 
табуы тиіс.  
Сараптамалық  жүйе  осындай  шешімді  қабылдауды  негіздеу 
және  оны  дәлелдеу  қабілетін  ие  болуы  тиіс.  СЖ  әртүрлі 
пайдаланушылармен  өзара  әрекеттесу  есебімен  жобаланады,  олар 
үшін  оның  жұмысы  мүмкіндігінше  «анық»  болуы  тиіс.  бұл 
белгісіздікпен,  ақпараттың  нақты  болмауымен  сипатталатын 
салалар үшін (мысалы, медициналық диагностикада) салаларда өте 
қажет.  


64 
 
Бұл  жағдайларда  түсіндіруге  қабілет  пайдаланушының  жүйенің 
кеңестеріне  деген  сенім  деңгейін  арттыру  үшін,  сондай-ақ 
пайдаланушыға  жүйенің  пайымдауындағы  ықтимал  ақауды 
айқындау  мүмкіндігін  беру  үшін  қажет.  Пайдаланушы  шешімнің 
«төбеден»  алынбағанына  сенімді  болу  үшін  барлық  қажетті 
ақпаратты  алуы  тиіс.  Осыған  орай,  сараптамалық  жүйелерде 
пайдаланушымен  достық  өзара  әрекет  етуді  көздеу  керек.  Бұдан 
басқа,  жүйе  әрекетінің  жеткілікті  айқындығының  болмауы 
сарапшыға оның өнімділігіне ықпал етуге немесе оны арттыру үшін 
кеңес  беруге  мүмкіндік  бермейді.  Жүйе  әрекетін  тексеру  және 
бағалау  –  өте  күрделі  міндет  және  оны  шешу  үшін  сарапшы  мен 
информатика жөніндегі  маманның бірлескен күші қажет.  
Сараптамалық  жүйелер  кейбір  нақты  салада  сараптамалық 
білімді  талап  ететін  міндеттерді  шешуі  тиіс.  Көбінесе,  білімге 
негізделген  «жүйе»  термині  «сараптамалық  жүйе»  терминінің 
синонимі  ретінде  пайдаланылады,  әйтсе  де,  сараптамалық  жүйе  – 
бұл  анағұрлым  кең  ұғым.  Білімге  негізделген  жүйе  –  бұл 
алгоритмдік 
немесе 
статистикалық  әдістерді  пайдалануға 
негізделмеген,  білімді  символдық  ұсынуға  қатынастар  ережелерін 
қолдануға  негізделген  кез келген жүйе, жұмыс процесі.  Осылайша, 
ауа-райы 
туралы 
пайымдауға 
қабілетті 
бағдарлама 
метеорологиялық  сараптаманы  орындауға  қабілетсіз  болмаған 
жағдайда да білімге негізделген жүйе болады. Ал метеорологиялық 
сараптамалық  жүйе  деп  аталуы  үшін  бағдарлама  ауа  райын 
болжауды беруі тиіс (болжаудың анықтығы – басқа мәселе).  
Жасанды 
интеллект 
саласындағы 
басқа 
жүйелерден 
сараптамалық  жүйелер  ғылыми  және коммерциялық салада айқын 
көрінетін  практикалық бағытталуы болуымен ерекшеленеді.  
Барлық  айтылғанды  қорытындылай  келе,  сараптамалық  жүйе 
адамның практикалық қызметі нәтижесінде жинақталған белгілі бір 
пән саласындағы білімдерді қамтитындығын және оларды осы сала 
үшін ерекше мәселелерді шешу үшін пайдаланатындығын атаймыз.  
Сараптамалық  жүйелер  артықшылығы  анағұрлым  ортақ  және  пән 
саласымен  байланысы  аз  теоретикалық  әдістерге,  көбінесе 
математикалық  әдістерге  берілетін  өзге  «дәстүрлі»  жүйелерден 
осынысымен ерекшеленеді.  
 
 
 
 


65 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет