Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту үшін қандай іс-шара жасар едіңіз. Оқушының бойындағы зерттеушілік қабілетті қалай дамытуға болады?



Дата31.01.2023
өлшемі11,58 Kb.
#64004

16 практикалық тапсырма
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту үшін қандай іс-шара жасар едіңіз. Оқушының бойындағы зерттеушілік қабілетті қалай дамытуға болады?
Оқушының зерттеушілік қабілетін дамытатын ең маңызды фактор ол оқушының қызуғышылығы.Яғни оқушының зерттеушілік қабілетінің дамуы оның қызуғышылығымен тікелей байланысты. Оқушының математикаға деген зерттеушілік қызушылығына кедергі болатын келесі мәселелер: математиканың күнделікті өмірдегі қолданысын көрмеуі және оны практикалық түрде қолдана алмауы. Осыған орай, біздің мақсат оқушының қызуғышылғын арттыру. Келесі берілетін тапсырма, оқушының қызуғышылығын арттыруға және оқушылар ішінде ғылыми жобаға бағыттауға және сонын ішінен бір оқушыны іріктеп алуға көмектеседі.
Тапсырма: Қала ішіндегі ғимараттағы сәулетте қандай фигуралар қолданылған? Осыны жазып келіңіз.
Осы тапсрыманы бір оқушы орындағанда жәй тізім ретінде жазып келуі мүмкін (үшбұрыш, төртбұрыш және т.б.). Ал басқа оқушы бақылау көрсетуі мүмкін. Мысалы, биік ғимараттарды квадрат жиі қолданылады екен кіші ғимараттарда ондай жиі кездеспейді екен, неге олай екен деп ары қарай кіші зерттеу жүргізуі мүмкін. Міне осы жерде байқауға болады қай оқушының қызуғышылы артық екенін. Бірақ, бірінші оқушының қызуғышылы мүлдем жоқ деуге болмайды, тек оның қызуғышылығына үндес тақырып тапқан дұрыс. Сондықтан, мен өз оқушыларыма әр-түрлі жан- жақты қамтитын тапсырмалар бере едім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет