Оқушыларға арналған Қазақстан нарығындағы заманауи ойыншықтарды талдау Тәуелсіз Қазақстанда тілі қазақ, түрі қазақ балалар ойын­­­­­шығын жасаған кәсіпкер Қыдырәлі Болман да «Бал-бала­ның»



Дата01.03.2023
өлшемі16,64 Kb.
#70884
Байланысты:
Өнербек Д. Мектепалды даярлықтағы Арт-технологиялар 6 сөж


Оқушыларға арналған Қазақстан нарығындағы заманауи ойыншықтарды талдау
Тәуелсіз Қазақстанда тілі қазақ, түрі қазақ балалар ойын­­­­­шығын жасаған кәсіпкер Қыдырәлі Болман да «Бал-бала­ның» қуыршақтарына пайда көзі деп қарамайтынын айтты. Бір қуыршақтың өзіндік құны, оның киімін, шашын есептемегенде – 3-5 мың теңге. Қуыршақтың киімдері мен тағы басқа шығындарын қоса есептегенде жиынтығы 8-12 мың теңгенің айналасына барып бірақ тоқтайтын көрінеді. Қытай тәрізді ойыншықтың бір түрін бір мезгілде миллиондап шығарып, қосымша шығынды ойыншықтың сапасымен емес, таралымымен ақтап алатын мүмкіндік бізде жоқ.
«Біз әрбір қуыршаққа 1,5-2 мың теңге үстеме баға қоямыз. Бұл сома қуыршақ бизнесіне мемлекеттен субсидия алып отырған Ресей немесе Қытайдағы сомамен бірдей. Балалар ойыншығы индустриясына бизнес емес, идеология көзі деген көзқарасты қалыптастырмасақ, ертең кеш болады», деді Қыдырәлі Болманов.
Ол қуыршақтарын өткізетін жер іздеп Қазақстанның барлық аймағын аралап шыққанын айтып өтті. Тек бірер облыс қана тапсырыс беруге ниет танытқан. Осыдан кейін қазақтың «Бал-баласынан гөрі шетелден ағыл­ған ойыншықтардың насихаты мықты болып тұр ғой» деген ойға келесің. Әрбір бала сүйіп көретін Монстр Хайдың насихаты мультфильм арқылы баланың санасына сіңді. Сәйкесінше, сатылымы жоғары. Ойыншық өндіру – қыруар қаржы мен біршама уақытты қажет ететін үлкен сала. «Мен бір өзім не істей аламын? Телеарна ашып «Бал-баланың» мультфильмдерін түсіруім керек пе, әлде ойыншық шығаратын зауыт саламын ба? Бүгінгі таңда біз түгіл Американың да, Еуропа елдерінің де зауыт ашып, шаруаны дөңгелетіп әкетуі екіталай. Оған өте қомақты қаржы керек. Зауыт ашып, төл ойыншығымызды шығарған күннің өзінде бағасы Қытайдан жасап әкелгеннен бәрібір қымбат болады. Қытайда ондай зауыттардан аяқ алып жүре алмайсыз. Бірақ сапалылары аз. Сапа сертификатынсыз жұмыс істейтін зауыттарға ұрынып қал­мас үшін сенімді серіктес табу керек. Жүздеген зауытты аралап, таныстық. Бала денсаулығына зияны жоқ таза шикізатты пайдаланатын, сертификаты сенімді зауытты табу оңай болған жоқ. Бұл мәселеге Үкімет араласып, мемлекеттік бағдарламалардың санатына кірсе – әңгіме бөлек», дейді Қ.Болманов.
«Балапан» арнасы, Білім және ғылым министрлігі және «Бал-баланың» мүддесі бір болғанымен, әрқайсысы өз бетімен жүр» деген пікірді сарапшылар да жиі айтады. Кәсіпкердің пайымдауынша, осы аталғандардың бірігуі аса маңызды. «Балапан» арнасында «Бал-баланың» бір сағаттық бағдарламасы болса, біздің бала­ларға айтарымыз көп», дейді Қ.Болманов.
Балаларымыздың көз қуаны­шына айналған өнімдерді өндіру үшін мемлекеттің қолдауы аз еке­нін сеземіз. Кеңес үкіметі кезін­де Алматыдағы пластмасса өңдей­тін «Қызыл Ту» зауытының жанынан бүлдіршіндерге арнал­ған ойын­шық шығарылатын. Кейінірек оны «Сұңқар» атты қазақстандық ойыншық зауыты алмастырған еді. Бірақ өзімізде өндірілді деген аты болмаса, керек заттардың бәрін көрші мемлекеттерден тасу зауытқа еш табыс әкелмеді. Бәсекеге төтеп бере алмай жұ­мысын тоқтатты. Содан бері отан­дық ойыншық өндіру ісі елімізде күрмеуі шешілмеген мәселе болып келеді.
Бүгінде баланың заманға сай болуына назар аударатын­дар көп. Балаларымыздың қия­лын жаулап алған заманауи кейіп­керлердің ұлттық нақышпен балалар ойыншығына айналғанын қалаймыз. Ұлтының ұлы мұ­ра­­сына мән бермей, өзге­нің қуыр­шақ бейнесіндегі тұл­ға­ларын ұлықтап өскен ұрпақ ертең кім болмақ?!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет