1
Өзін-өзі тану курсының қалыптастуы мен даму бағыттары
Ф.Н.Жұмабекова п.ғ.к, доцент.
Өзін-өзі тану» пәні Еліміздің бірінші ханымы С.А.Назарбаеваның идеясы
негізінде дайындалып, 2001-2010 жылдарға дейін эксперименттік байқаудан
өткізіліп, 2010-2011 оқу жылында жаппай Қазақстан Республикасының білім
беру тәжірибесіне енгізілді.
«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру тұжырымдамасы рет-ретімен
қолданылатын барлық тұрғылардың жиынтықталуының маңызын танытатын
теориялық тұрғыны сипаттайды. Ол Қазақстан Республикасының «Білім беру
жөніндегі» Заңындағы халықаралық конвенциялардағы, сондай-ақ өкіметтің
және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің басқа да
нормативтік
құжаттарындағы,
Қазақстан
Республикасы
президентінің
«Қазақстан 2030» атты жолдауындағы тұжырымдамалы идеяларды бірізділікпен
дамытуға мүмкіндік беретінімен міндеттелінген. Сонымен бірге «Өзін-өзі тану»
тұлғаның адамгершіліктік-рухани сауатын ашуға бағытталған мүлдем басқа
бағдары, ұстанымдары, теориялық тұрғылары мен әдістемелері бар жаңашыл
курс бола отырып аталған құжаттардың шегінен асып түседі.
Бүгінгі таңда он жылдық қана тарихы бар «Өзін-өзі тану» курсы осыған
дейінгі шетелдік ғалымдардың ой-пікірлерін зерделей отырып, отандық
ғалымдардың зерттеулері мен тұжырымдарының негізінде білім беру саласына
жаппай енгізілуде. Қазақстандық ғалымдар: А.Н.Нысанбаев және Г.Г.Соловьева
Рухани-адамгершілік білімнің философиялық тұрғысын, К.Ж.Қожахметова
педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғысы, М.Х.Балтабаев оқушыларды
рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі мәденилік тұрғысын,
Х.Т.Шерьязданова
рухани-адамгершілік білім берудегі психологиялық тұрғысын зерттеді. Хасанов
М.Ш, Дмитов Б:К, Алмұхамбетов Б.А т.б өзін-өзі тану курсының концептуалды-
теориялық негіздерін және оны білім беру жүйесіндегі реформаларға сәйкес
тәжірибеге енгізудің жолдарын қарастырса, М.Ж.Жадрина, Ғ.З.Байжасарова,
т.б осы курсты білі беру ұймдарына енігзуде оны жалпы мемлекеттік
сатандарттарын дайындап, нормативтік –құқтық негіздерін жасады, ал, «Бөбек
сауықтыру, білім беру орталығының мамандары білм беру жүйесінің әр
сатысындағы: балабақша, бастауыш сыныптар, орта буын және жоғары
мектептерген арналған оқу әдістемелік кешендерін дайындап бірнеше жылдың
көлемінде байқаудан өткізіп, өңдеулер мен түзетулер енгізіп, жаппай тәжірибеге
дайындады.».
Қоғамдық өндірістің негізгі аумағы білім беру екені белгілі. Дәл осы салада
индивид әлеуметтенеді және оның әлеуметтік – мәдени тәжірибесі ашылады,
дамиды. Алайда Қазақстан Республикасындағы білім беру рационализмнің
еуропалық дәстүріне, батыстағы педагогтық үлгілер мен парадигмаларға
бағдарлана қойған жоқ. Осы үлгілерге сәйкес, білім берудің негізгі міндеті
білімдердің жиынын меңгеру, кәсіби іс-әрекетке даярлану ретінде қалыптасады.
Уақыт талап етіп отырған едәуір тереңірек міндет – жақсылық жасау және
әлемге махаббаттың сәулесін әкелу, адамгершіліктік – рухани ағарту екінші
реттегі аса маңызы жоқ міндет ретінде түсінілуде.
2
«Өзін-өзі тану» курсы білім беру үдерісіндегі екі міндеттің ара қатынасын
өзгертуді, кәсіптік дайындыққа деген бағдарды сақтай отырып, ақиқат, мейірім,
махаббат
пен
күш
көрсетпеудің
ұлттық
және
бүкіл
адамзаттық
құндылықтармен сусындаған тұлғаны қалыптастыру міндетін алға қоюды
көздейді.
«Өзін-өзі тану» курсы осындай жауапты міндетті шеше отырып,
ізгілендіруші және жаратылыстанушы циклдегі пәндерді оқу, материалды
ұсынудың әдіснамасы және әдістемесіне, мұғалім – оқушы – ата-аналардың
өзара қатынастарының сипатына - бүкіл білім беру процесіне жағымды ықпал
етуді көздейді. Жаңашыл инновациялық «Өзін-өзі тану» курсының негізінде
Қазақстан Республикасындағы білім берудің шынайы дүниетанымдық
трансформациясын жүзеге асыруға, жаңа мыңжылдықтың күн тәртібінде тұрған
және уақыттың сұраныстарына жауап беретін руханилықтың беделіне
негізделген құндылықтардың жаңа жүйесіне көшіруге болады.
Қазақстан Республикасы көп мәдениетті қоғам үшін едәуір тұрақты
болашақты құрудың жолдарын іздестіруде. Үздіксіз білім берудің жүйесі
адамдардың адамгершіліктік рухын және тарихи жадын қолдай отырып,
ұрпақтың сәйкесті бейнесін қалыптастыруға бағдарлайды. Қазіргі заманғы
жастардың қоғамды біріктіретін ортақ идеяны жоғалтуларымен байланысты
жағымсыз бетбұрыс қоғамды мазалап отыр. Бұл - жас тәуелсіз мемлекетте
жастардың тұрақты адамгершіліктік – рухани дамуына жеткілікті негіз және
оның құнды ұмтылыстарын мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету жүйесі
жасалынбағанын көрсетеді.
Тұлғаның рухани-адамгершіліктік қалыптасуының мәселесі, уақыттың
рухани жағдайының қалыптасуында, бірыңғай мағынаның болмауымен, рухани
азғындау мен рухани вакуумның орын алуымен, түрлі мәдениеттердің,
әлеуметтік және экономикалық жүйелердің жаһандануымен, жиынтықталуымен
сипатталады. Сондай-ақ, тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыда қалыптасуы,
жас тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуында ерекше маңызға ие болуда.
Жаңа әлеуметтік мәдени ақиқаттар, нарықтық экономика тұлғаны көтермелеп,
экономикалық және әлеуметтік саяси іс-әрекетке адами сипатты табыс ететін
рухани қайнарларға, адами нормалар мен реттегіштерді ұстануда құндылықтар
жүйелерін қайта ойластыру қажеттілігін тудырады.
Білім беру үрдісін құрудың жалпы әдіснамалық тұрғылары гуманистік
психологияның,
психоаналитикалық
бағыттың
және
қазіргі
кездегі
трансперсоналды психологияның теориялық постулаттарына сүйенетін білімнің
ғылыми-теориялық негіздерінің бірлігімен міндеттелген, ал біз теориялық
бағыттың негізін құрайтын бірқатар теорияларды қамтуды маңызды деп
есептедік.
Гуманистік психология, адам жаратылысынан өзін-өзі жетілдіруге қабілетті,
деп есептейді. Психологияның бұл саласы, адамның және жануарлардың
психологиясы мен мінез-құлқы толықтай немесе жартылай теңдестірілген
дейтін тұжырымдамаларға қарама-қарсы бағыт ретінде пайда болған. Осындай
типтегі теориялар (олар бірнешеу және бір-бірінен әлдеқайда ерекше) адамның
3
ішкі тәжірибесі, құрылымы мен дамуын, оның өзінің сана сезімі мен ойындағы
кейіпте сипатталуымен ерекшеленеді.
Тұлға жайлы гуманистік теориялардың жақтастарын ең алдымен адамның
өзінің өміріндегі шынайы оқиғаларды қалайша қабылдайтыны, түсінетіні және
түсіндіретіні қызықтырады. Олар тұлғаның түсіндірмесін іздегеннен гөрі, оның
феноменологиясын сипаттағанды қалайды, сондықтан осындай теорияларды
кейде феноменологиялық деп атайды. Тұлғаның және оның өміріндегі
оқиғалардың сипаттамасы негізінен өткен немесе болашақтың емес, осы
шақтағы өмірдің тәжірибесіне шоғырланған, олар «өмірдің мәні»,
«құндылықтар», «өмірлік мақсаттар» және т.б. терминдермен түсіндіріледі.
Өзін-өзі тану” пәні жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының жалпыға міндетті
пәндері қатарына кіріп, адамның рухани мүмкіндіктерін дамыту, байыту;
адамгершілік-рухани жағынан бай адамды, мәдениет пен әлеуметтік
шығармашылық субъектісін қалыптастыру мақсатын көздейді.
Студенттік жылдары болашақ маманның жеке тұлға ретінде интенсивті дамуы
мен кәсіби қалыптасуы жүзеге асады. Жас адамның мінез–құлық ерекшелігі
айқындалып, азаматтық сана-сезімі қалыптасады. Гендерлік сәйкестікке, сонымен
бірге жыныстық-рөлдік қатынастардың өзгеруіне негізделген сезімдік-
эмоцоналдық қарым-қатынас саласы кеңейеді.
Өзін-өзі тану өмірдің адам үшін маңызды аспектілерін актуалдандырып, әрбір
адамның жалпыбілімдік мүмкіндіктерін мейлінше кеңейтуге жағдай туғызады,
атап айтқанда: жынысы, жасы, анатомиялық және психологиялық қажеттіліктері,
тума қабілеттері мен бейімділігі, қажеттіліктері мен сұраныстары, мотивтері мен
әр түрлі мәдени сипаттағы (этникалық, конфессиялық, гендерлік т.б.)
қызығушылықтары.
Жалпыға міндетті жаңа пән арқылы әрбір адам өзінің даралығы мен
бейімділігін танып, анықтайды, жалпыадамзаттық, жалпыұлттық қазақстандық
идеалдармен сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтарының жүйесін
қалыптастыра алады. Өзін-өзі тану өмірлік мәні бар мәселелерді қарастыра
отырып, болашақ мамандардың ерекше мәдени кодтар және образдар арқылы
жаңа тәжірибелер үшін ашықтық, әлеуметтік жауапкершілік, басқа адамдарды
қабылдап, түсіну, шығармашылық белсенділік және өмірді оптимистік қабылдау
мен өзін түсініп, танып-білуге негізделген даралық және кәсіби өсуіне жағдай
жасап, көмектеседі.
Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс әрекет күнделікті өмірде алған білімді іс
жүзінде қолдану арқылы қоғам үшін белсенді қызмет етуді көздейді.
“Өзін-өзі
тану” пәнінің мақсаты: болашақ мамандардың ізгілікті
дүниетанымын дамыту, олардың өзін және қоршаған ортаны бағалай білу
қабілетін дамыту.
Міндеттері:
- студенттердің өзін-өзі тануы мен шығармашылық өзін-өзі іске асыру
қажеттілігін дамыту;
-
әлемнің
тұтастық
картинасын
қалыптастыру,
жалпыадамзаттық
құндылықтардың мәнін түсінуіне көмектесу;
4
- оқу, өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік сезімін қалыптастыру.
“Өзін-өзі тану” пәнін оқып үйрену барысында студенттердің меңгеретін
біліктері:
- әлемнің тұтастығын, адам, қоғам және табиғаттың өзара тәуелділігін түсіну;
- адам құндылықтарын, оның өмірі мен қадір-қасиетін, құқықтары мен еркіндігін
түсіну, жалпыаздамзаттық құндылықтарды сақтау;
- шын мәніндегі азамат болу, өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүю;
- қоғамдағы өз рөлі мен орнын түсініп, білу, өзін-өзі шығармашылық жағынан
мейлінше толық көрсетуі;
- тарихты, отандық және әлемдік мәдени мұраны бағалау;
- әлемді және өзін-өзі тануда жасампаздық белсенділік таныту;
-өмірлік және кәсіби жағдайларда адамгершілік критерийлерін басшылыққа алу;
- адамдармен қарым-қатынаста позитивті болып, басқа көзқарастағы және наным-
сенімдегі адамдарға толерантты болу, төзімділік таныту;
- адам өміріндегі отбасының құндылығын, мәні мен маңызын түсіну;
-табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау;
-салауатты өмір салтын ұстану, өзінің физикалық және эмоционалды-рухани
жағдайын қалыпта ұстау.
“Өзін-өзі тану” пәні гуманитарлық циклдің басқа пәндері - Қазақстан
тарихымен, Философиямен, Мәдениеттанумен, Этикамен, Эстетикамен, Дінтану,
Психология, Педагогикамен тығыз байланысты.
Жоғарғы мектепте “Өзін-өзі тану” пәні бағдарламасының мазмұнын зияткерлік,
этикалық (этикет және өмір этикасы), эстетикалық тәрізді адам руханилығының
басты аспектілері құрайды.
Студенттердің “Өзін-өзі тану” пәні бойынша оқу жүктемесі 1 кредитті
құрайды (30 сағаттық аудиториялық сабақ – лекция-әңгімелер, студенттердің
оқытушымен өздік жұмысы; 15 сағат – студенттердің өздік жұмысы). Сабақтар
кредиттік технология талаптарына сәйкес өткізіледі.
Өзін-өзі тану сабақтары аудио - және бейнетехникамен, көрнекі және
дидактикалық материалдармен жабдықталған арнайы кабинеттерде өткізіледі.
Сабақтардың ерекшелігі – педагогтің студенттермен жеке тілдесуі, оның
барысында болашақ мамандар өздері мен өзгелердің адами істеріне баға береді,
адамдардың шын мәнінде қандай екенін танып, оларға қайырымдылық,
төзімділікті білдіруге үйренеді.
Оқу-әдістемелік кешенді дайындаушылар пәннің ерекшелігін ескеретін
интерактивтік әдістерді қолдануды көздейді. Осыған байланысты жағдаяттар
үлгілері беріледі, оларда әрекеттердің мәні мен мақсатын анықтау мақсаты
қойылады, адамгершілікті шешімдер таңдау және іздеу, өзі мен өзгенің
әрекеттеріне баға беру, мінез-құлықтың әр түрлі модельдерін өздері мен
өзгелерде проекциялау.
Ағартушы – демократ, қоғамдық қызметкер әрі ойшыл реалист-ақын,
ғалым және озық жаңашыл педагог Ы.Алтынсарин, білім берудің толып
5
жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің имандылық негіздерін
жасаған, мектеп пен отбасы тәрбиесінің моральдық тұғырының міндеттерін
айқындап,
мақсатын
анықтаған.
Алтынсариннің
педагогикалық
көзқарастарының негізі халықтың өмірі мен тұрмысын, қайғысы мен
бақытын, ұлтжандылығын, дәстүрі мен ғұрпын көрсететін ауыз әдебиеті
болып табылады.
Ойшыл-гуманист, ағартушы – демократ, ақын әрі қазақ жастарының
көшбасшысы А.Құнанбаев қазақ өмірінің өзіндік энциклопедиясы болып
табылатын шығармашылығында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың басындағы қазақтың рухани өмірі мен жан күйзелісінің барлық
қырын ерекше батылдықпен және өткір сынмен қамтыған.
Шоқан сияқты Абай да арнайы педагогикалық еңбектер қалдырған
жоқ, бірақ оның көркем шығармалары мен ағартушылық қызметінде
жастарды рухани-имандылыққа тәрбиелеудің жалпыадамзаттық негіздерінің
идеалдары, құндылықтары және ұстанымдары көрінеді. Бұл тәрбиенің
басты құралы еңбек және жалпыадамзаттық мәдениетпен жақындастыра
отырып халықтың көзін ашу деп есептейді Абай.
Бүгінгі күні Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың
моральдық-имани көзқарастарының Қазақстан оқушыларын тәрбиелеу
теориясының негізі және теоретикалық әдістемелік бастауы болып
табылады деп толық мағынасында айтуға болады.
Қазақстанның педагогикалық мәдениетінің қалыптасып, дамуына
жастар мен оқушыларды рухани-имандылықта тәрбиелеудің мақсаты мен
міндетін, әдісі мен құралын қалыптастырған ХХ ғасырдың басындағы
ағартушылар Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, М.Қашимов және қазақтың
алғашқы педагог-ғалымдары Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар айтарлықтай
үлес қосты.
Ойшыл-ақын Ш.Құдайбердиев өз шығармаларында моральдық
идеалдар туралы толғанады, мейірім, махаббат, жауапкершілік, бекзаттық,
кісілік т.б. қасиеттерінің жалпыадамзаттық имани-құндылығының маңызын
дәлелдейді. Оның оқытушы мен оқушының тұлғасындағы этикалық
мәселелерге ерекше назар аударған «Этика», «Әдептілік» сияқты
кітаптарының ғалымдар үшін бүгінгі күні де аса зор маңызы бар.
Алғашқы педагог-ғалымдар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев өскелең
ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі мәселесін тарихи-мәдени көзқарас
тұрғысынан қарастырған.
Оннан астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың, көркем
шығармалардың, педагогика мен эстетикалық оқулықтар мен оқу
құралдарының авторы - Ж.Аймауытов, балалардың моральдық-имани
бейнесін қалыптастырудың мақсаты мен міндетінің, әдісі мен құралының
белгілі бір заңдылықтары мен қағидаларын айқындаған.
М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығында рухани-адамгершілік
тәрбиесінің қайнар көзі мен қағидалары, мақсаты мен міндеті, мұғалім,
тәрбиеші және жетекші тұлғасының моральдық бейнесін қалыптастырудың
әдістері мен құралдары айқын ашылған. Балалардың имани тәрбиесінің
6
бастауына этнопедагогика мен этнопсихология алынған. М.Жұмабаевтың
педагогикалық жүйесінің жетекші қағидалары адамгершілік, демократтық
және отансүйгіштік болып табылады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі идеясы республиканың көрнекті
қайраткерлері мен педагог-ғалымдары – М.Әуезов, Қ.Сатпаев, М.Ғабдуллин,
Б.Момышұлы, Р.Т.Лемберг, Т.Бегалиев, С.Балаубаев, А.Темірбеков,
М.Хамраев т.б. еңбектерінде де жинақталған.
Сондай-ақ, көрнекті кеңестік педагогтар Н.Н.Блонский, Н.К.Крупская,
А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, С.Т.Шацкийлердің
ғылыми мұраларында да рухани-адамгершілік тәрбиесі идеясы орын тепкен.
ТМД
мен
Қазақстан
ғалымдарының
оқушылардың
рухани-
адамгершілік тәрбиесіндегі көзқарастары жүйесін зерттей келе, біз
өзбетінше белсенді тұлғаның қалыптасуының теориялық негіздерін және
тұжырымдамалық ережелердің мінездемесін табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |