Пайдалылықтың мәні және функциясы. Пайдалылықтың сандық және реттік теориясы



бет1/3
Дата08.05.2023
өлшемі60,41 Kb.
#90981
  1   2   3
Байланысты:
7 практика экономикалық принциптері


7 практика

  1. Пайдалылықтың мәні және функциясы. Пайдалылықтың сандық және реттік теориясы.

Пайдалылықтың екі теориясы бар. Алғашқысы болып пайдалылықтың сандық теориясы табылады. Кейбір ғалымдар оны кардиналистік деп те атайды. Сандық теория игіліктің пайдалылығы жорамалданған бірліктермен өлшеу мүмкіндігі туралы болжаммен негізделеді. Ол бірлікті экономист ғалымдар утил (ағылшынның utility пайдалылық деген сөзінен шыққан) деп атайды. Утил – тұтынушының әрбір жұмсалған ақша бірлігіне келетін шекті пайдалылықты көрсететін өлшенген шекті пайдалылылықтың бірлігі. Ал, өлшенген шекті пайдалылылық дегеніміз – тұтынушының әрбір жұмсалған ақша бірлігіне келетін шекті пайдалылық. Тұтынушы өлшенген шекті пайдалылықтың тұтынушы таңдауы теориясына сәйкес әркез ең үлкен мәнін таңдайды. Мұндай сандық бағалау жекелеген субъективті сипатқа ие: бір игілік бір тұтынушы үшін өте бағалы болса, екінші бір тұтынушы үшін ешқандай құндылығы болмауы мүмкін. Сондықтан да сандық теория әр түрлі тұтынушылар үшін пайдалылықтың мәнін салыстыру мен қосу мүмкіндігін қарастырмайды. Пайдалылықтың жалпы және шекті түрлерін зерттей отырып, пайдалылықтың кардиналистік теориясын қолдаған ғалымдар келесідей игіліктің шекті пайдалылық заңын және игіліктің пайдалылық функциясын жасады. Игіліктің шекті пайдалылық заңы былайша түсіндіріледі: белгілі бір сәттен бастап экономикалық игіліктің әрбір қосымша бірлігі тұтынушыға кемімелі қосымша қанағат әкеледі, яғни тұтынылатын игіліктің мөлшерінің артуына байланысты шекті пайдалылық тенденциясының азаюы. Ал, игіліктің пайдалылық функциясы – бұл игілік санының артуымен бірге оның шекті пайдалылығының кемуін көрсететін функция:
МU =

Мұндағы МU – шекті пайдалылық;


– жалпы пайдалылықтың өзгеруі;

Кардиналистік теорияда аталмыш кемімелі шекті пайдалылық заңын Госсеннің бірінші заңы деп атайды. Бұл алғашқы бөлімде аталған неміс экономисті Г. Госсеннің атымен берілген. Негізінде мұндай заң екеу:

  1. Бірінші заң бойынша белгілі бір игіліктің әрбір қосымша бір бірлігін тұтынудан қанағаттану шамасы үздіксіз төмендейді, қаныққан жағдайда нөлге теңеледі. Бұл тұтынылған игілік бірлігіне қосымша пайдалылық шамасының , яғни шекті пайдалылықтың төмендеу принципі.

Шекті пайдалалықтың шамасы тауарлардың саны мен оларға деген қажеттілік қарқындығына байланысты. Осылайша Госсен алғаш рет қажеттіліктердің қанағаттануы өсімен сипатта болатынын көрсетті. Қажеттіліктердің қанығу процесі біртіңдеп жүреді, демек, әрбір келесі игілік бірлігі әкелетін қанағаттану шамасы біртіңдеп төмендейді.

  1. Екінші заң бойынша, қолжетерлік игіліктердің шектеулі мөлшеріндегі қажеттіліктерді қанағатттандырудың жоғарғы шегі әрбір игілікті тұтынуды аяқтаған немесе қанағаттану қарқындылығы теңелген, барлық игіліктер үшін бірдей нүктеде жетеді. Яғни, қарапайым сөзбен айтқанда, бірнеше игілікті тұтынғанда олардың жалпы пайдалылығы максималды болады, егер де олардың шекті пайдалылығы бір-біріне тең болса. Бұл заң тұтынудың оңтайлы құрылымын көрсетеді және келесідей бейнеленеді:

ТU = MU = MU = … = MU
Мұндағы, ТU – максималды жалпы пайдалылық;
MU – А игілігінің шекті пайдалылығы;
MU – В игілігінің шекті пайдалылығы;
MU – N игілігінің шекті пайдалылығы;
Бұдан кардиналистік концепциядағы тұтынушы тепе-теңдігінің шарты өрнектеліп шығады:
МU /P = MU /P = … = MUn/Pn
P – А игілігінің бағасы;
P – В игілігінің бағасы;
Pn - n-ші игіліктің бағасы;





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет