Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысы 2022-2023 оқу жылы Талантты және дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды және талантты, қабілетті адам қоғамға көбірек пайда әкеледі. Әрбір таланты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. Біздің мақсатымыз жан- жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүргізілетін жұмысты дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
«Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам. Оқушылармен ізденіс жұмыстарын жүргізе отырып, табиғи дарындылығына ықпал ету.
Таланттты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс,яғни дарынды балаларды төменгі сыныптан бастап тани білуі тиіс. Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін.Балалар өздері бір ғана пәнге ғана емес, бірнеше пәннен немесе басқа да салада өзін көрсете алуы мүмкін.Мысалы: әртістік, спорттық, музыкалық және де басқа таланттармен танылуы мүмкін. Балалардың қабілеттілігін дамытуға мектепте жағдай туғызуы қажет.Біздің мектепте осындай балаларға жағдай жасалған деп ойлаймын.Себебі мектепте спорттың бірнеше үйірмелері бар,пәндік факультативтерге оқушылар қатысады.
Сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады.
Мұғалім дарынды оқушыны танып, олимпиадаға, дебат сайыстарына қатыстырып, ғылыми жоба жазуға дайындау қажет,яғни бірлескен түрде жұмыс жасаса, міндетті түрде жетістікке жетеді.
Әрбір ұстаз осындай дарынды балаларды жетілдіріп, дамыта алса, ондай балалар біздің Қазақстанымыздың гүлденуіне зор үлес қосады деген ойдамын.
Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру,ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с.
Мектебімізде оқушылар түрлі байқау, сайыстарға қатысып мектебіміздің, ұстаздарының абройын асқақтатты. Әлі де болсада оқушыларымызды үлкен облыстық, республикалық сайыстарға дайындап, жетістіктерге жету үшін көп жұмыстану қажет.
Мектебімізде жылдың қорытындысы бойынша аудандық сайыстардан, байқау олимпиадалардан орын алған оқушыларымызды көтермелеу мақсатында 29 мамыр күні мектепішілік форум өткізіліп, оқушылар марапатталды.
Мектеп өміріндегі педагогтардың, әсіресе мамандардың негізгі қиындық тудыратын мәселесі- бұл үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Әрине, қанша біз тырыссақ та, бес саусақ бірдей емес деген ұғым бар. Ол шындық. Әр сыныпта жоқ дегенде 1 үлгерімі төмен оқушылар болады.Ал, үлгерімі төмен оқушылар дегеніміз кімдер? Оларға қандай оқушыларды жатқызуға болады? Менімше, үлегірімі төмен оқушыларға – ой қабілеті әлсіз дамыған, есте сақтау қабілеті төмен,өз ойын толық жеткізе алмайтын, үй тапсырмасын жиі орындамай келетін, сабаққа деген ынта- жігері төмен, жаңа материалды тез меңгере алмайтын және сабақтан себепсіз көп қалатын оқушылар жатады. Ал, бұндай оқушылар әрбір сыныпта отыр.Ашық сабақтарға қатысқан кезде мұғалімнің үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізетінін байқадық.
Жеке тапсырмалар беріп орындатады, ал оқушының орындаған тапсырмасын қараған кезде, өте нашар екенін көруге болады.