Параметрлі цикл
for – параметрлі цикл операторы
for – инструкциясы егер қандайда бір әрекеттер тізбегін бірнеше рет қайталау қажет болса және қайталау саны алдын-ала белгілі болған жағдайда пайдаланылады. Параметрлі цикл операторының екі форматы болады:
1-ші форматы:
for <циклдың параметрі>:=<алғашқы мәні>
to <соңғы мәні> do
begin
<циклдың денесі>;
End;
2-ші форматы:
For <циклдың параметрі>:=<соңғы мәні>
Downto <алғашқы мәні> do
Begin
<циклдың денесі>;
End;
Цикл операторы - белгілі бір қадаммен барлық мәндегі циклдың денесінің орындалуын қамтамасыз етеді. Циклдың 1-ші форматы үшін параметрдің қадамы 1-ге тең, ал 2-ші форматы үшін параметрдің қадамы -1-ге тең. Яғни параметрдің мәні цикл қайталанған сайын 1-бірге өседі (for... to) немесе кемиді (for... Downto).
Тапсырма №1 Бүтін сан берілген, төмендегі өрнекті есептеңіз:
№ 1 тапсырманың шешімі
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var a,i,s: integer;
begin
a:=strtoint(edit1.Text);
s:=0;
for i:=0 to 5 do
s:=s+sqr(a);
edit2.Text:=inttostr(s);
end;
end.
Достарыңызбен бөлісу: |