Сөж орындаған: Нұрғали Мөлдір ҚФ-403 топ, -курс Тексерген: проф. Шортанбай Шохан Амангелдіұлы, аға оқытушы Тақырыбы: Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік»



Pdf көрінісі
Дата27.09.2023
өлшемі493,98 Kb.
#110476
Байланысты:
СӨЖ -1



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ 
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ 
СӨЖ 
Орындаған:
Нұрғали Мөлдір
ҚФ-403 топ, 4-курс 
Тексерген: проф. 
Шортанбай Шохан Амангелдіұлы,
аға оқытушы 
Тақырыбы: 

Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романының жанрлық 
ерекшелігін талдау 


Жоспар 
КІРІСПЕ 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
2.1 Романның тақырыбы мен идеясы, ерекшелігі 
2.2 Шығарманың жанрлық ерекшеліктері 
ҚОРЫТЫНДЫ 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
Зерттеудің мақсат-міндеттері: Т.Жомартбаевтың жазған романына 
талдау жасау арқылы роман жанрына тән ерекшеліктерді толықтай 
меңгеру; берілген шығармаға анализ жасап қана қоймай, роман туралы 
жаңа ақпарат алу. 
2.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: Бұл жұмысты жазу 
барысында Әбдиманұлы Ө., Шортанбаев Ш. және Қабышев Т. еңбектері 
пайдаланылды. 
3.
Зерттеудің дереккөздері: Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы 
4.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Осыған орай мәселені жете зерттеп-зерделеп, 
тиісті байлам-байыптамалар жасау үшін салыстырмалы-салғастырмалы 
әдіс-тәсіл қолданылды 
5.
Зерттеудің теориялық-тәжірибелік мәні: Бұл жұмыс жоғары оқу 
орнындағы филология мамандығын оқып жүрген 1-2 курс студенттеріне 
білімдерін жетілдіру мақсатында пайдалы болады 
6.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен 
қорытындыдан, және пайдаланылған әдебиеттен тұрады. 


Қазіргі қазақ әдебиетінің жетекші саласынан орын алатын жанр – роман 
жанры. 
 
Қазақ әдебиеттанушысы А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” 
(1926, 2003) романды ұлы әңгіме деп атап, оған “тұрмыс сарынын түптеп, 
терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды” 
жатқызады. Ол “Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалардан болмай, ұсақ істерден 
де өнеге көрсетуге тырысады, оны жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, 
айтыс — барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік 
керек” деп атап көрсетеді. Қазақ әдебиетінде М.Дулатовтың “Бақытсыз 
Жамал”, Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік”, С.Көбеевтің “Қалың 
мал”, С.Торайғыровтың “Қамар сұлу” шығармаларынан бастау алған бұл 
жанр жан-жақты дамыды. 
Өлең үлгісімен жазылған қазақтың тұңғыш романдарының қатарындағы 
бірі де бірегейі, Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы – сол кездегі 
қоғамның алдында тұрған негізгі мәселе, әйел теңсіздігі жайлы сөз қозғайды. 
Сол ғасырда жазылған басқа қазақ романдарынан айырмашылығы – әйел 
теңсіздігі тақырыбын қозғай отырып, әлеуметтік теңсіздік, жастардың 
қосылуына септігін тигізген ескі әдет-ғұрып пен қиянат мотивтері бой 
алмаған. Бұл туынды - қазақ прозасында эпостық әдебиет жанрындағы 
алғашқы үлгілерінің бірі саналады. 
1912 жылы Семей қаласындағы “Жәрдем” баспасынан “Балаларға жеміс” 
атты өлеңдер кітабы мен “Қыз көрелік” романы жарық көрген. Көптеген 
зерттеушілер мен тіл мамандарының пайымдауынша, бұл шығарма – 
көркемдік жағынан бай, тақырыптық-идеялық мазмұны жағынан ерекше 
туған туынды. Мұған дәлелді басталар эпиграфынан байқауымызға болады: 
Деп жүрген жас жігіттер қыз көрелік, 
Таңдап ап сұлу қызды мал берелік. 
Мырзалар қыз таңдаған келсін мында, 
Жігітті қыз таңдаған біз көрелік. 
 
Шығарманың атауы да сол кездегі әйел теңдігін сөз еткен «Қамар сұлу», 
«Бақытсыз Жамал» романдарының атауларынан ерекшеленіп тұр, автор «Қыз 
көрелік» деп бекер алмаған. Оның себебі – жазушының көздеген мақсаты – 
қазақ қызының ескі әдет-ғұрып кесірінен азап шегіп, қиналғанын көрсету 


емес, оқуды қуғанның арқасында өз басының теңдігін сақтап қала алған 
қазақтың тәрбиелі қызының образын дәріптеу.
Шығарманың идеясы – оқу мен білімді насихаттау. «Жасымда ғылым 
бар деп ескермедім» деп Абай атамыз айтқандай, қызын жастайынан 
медресеге оқуға жіберген әке образын елестеткен бойда, кейбір тармақтарда 
ақынның есімі құрметпен еске алынғанда автордың өмірде Абайды аса 
құрметтеп, оны пір тұтқаны, ұстаз санағаны байқалады. Абайдан нәр алып 
өскен жазушының ағартушылық сарындағы жазылған романының тууы 
таңқаларлық емес. Тақырыптық мазмұн қазақ қыздарының бас бостандығы 
болса да, авторлық идея күрделі. Оның Абай қара сөздеріндегі идеялармен 
үндестігін де байқауға болады. 
Өзіне тең келер жарын таңдауға толық мүмкіндігі бар қазақ қызының шын 
бейнесін жасау үшін қаламгерге алдымен оқушы сенетіндей тақырыптық 
мазмұн қажет. Оны іздеу бағытындағы әрекеттер қаламгерді тосын шешімге, 
синтетикалық формаға алып келген. Ал ағартушылық, демократтық идеяны 
жеткізу үшін реалистік шығарма құрылымында ертегілік, аңыздық 
фабулаларды пайдалану сол кездегі әдеби ортада кездесетін. Мысалы, 
“Айқап” журналы бетіндегі А.Сорокиннің әңгімелерінде, өзге де әдеби 
басылымдарда осы үлгілердегі шығармалар жиі жолығады. Қазақ халық 
прозасының хикая, әпсана-хикаяттарында да бұл әдістің талай үлгілері 
пайдаланылады. 
Қыз таңдауы адам көрмеген сыйлықтар әкелген жігіттерге емес, адамзатқа 
пайдасы мол, теңдесі жоқ қажетті нәрселерді жасай алатын сауатты, білімді, 
өнерлі жігітте болуы керек деген ойдан туындаған тәрізді. “Қыз көретін 
жігітті бір көрелік” идеясының бастауы ағартушы-демократтық көзқарас, 
қызметте екені белгілі. 
Қалыңдық іздеген бай балаларының бір күнде келіп құда түсуі, байлық, 
дәулет, атақ абыройларының бірдей болуы авторлық ой, идея, көркем шешім 
үшін әдейі таңдалған тәсіл. Роман сюжеті – талай халықтар әдебиетінде бір 
таныс сюжет, әйгілі мотив. Мысалы, шығыс халықтарында кең таралған 
сюжет: үш жігіт ағаштан (саздан т.б.) сұлу қыз жасайды. Бірі ағаштан 
жонады, бірі киіндіреді, бір жан салады. Бәрі біткенде үшеуі қызды мен 
аламын деп таласады; тағы бір сюжет: самұрық алып кеткен хан қызын үш 
жігіт құтқарады, бірі оның қайда екенін тапса, екіншісі самұрықты атып 
түсіреді, үшіншісі оны жерге түсірмей қағып алады т.с.с. Тағы да оған 
таласады. 
Т.Жомартбаев шығармашылығын арнайы зерттеген Т.Қабышев осы
сюжеттің қазақтың «Күйеу таңдаған қыз», «Ханның үш ұлы»
ертегілерінде, испан халқының «Үш жігіттің қалыңдығы» ертегісінде, 


Базар Оңдасұлының «Айна-тарақ» дастанында кездесетінін баяндайды. 
Т.Қабышевтің бұған қатысты дәлелдемелері де жет-кілікті. 
“Қыз көрелік” романының көркемдік жүйесінің негізіне осындай жасанды 
синкретті сюжет әдейі таңдалады. Роман өлең үлгісінде жазылса да, ертегі 
стиліндегі баяндау тәсілі қолданылып, басқа романдарға қарағанда жеңілірек 
жазылған. Оған қарамастан, көркемдік құрылымы мен мазмұны жағынан 
күрделі. 
Қытай қазақтары арасында кең тараған «Ханның үш ұлы» ертегісі –
«Күйеу таңдаған қыздың» біраз өзгеріске түскен нұсқасы. Шыңжаң халық 
баспасынан 1980 жылы шыққан «Қазақ халық ертегілері» (Құрастырған 
О.Қанафин, З.Сәнік) деген кітапта жарияланған.
Ертегі сюжетінде бір 
қарияның сұлу қызына үш жігіт көңіл білдіргенде, үшеуін де сынау үшін қыз 
сыйлық әкелуін талап етеді. Сиқырлы айнаны тауып, қызға әкеле жатқан 
жерде қыздың аяқ астынан дүниеден өткенін байқайды да, айна арқылы 
жанына ұшып келіп, бір сиқырлы күштердің арқасында тірілтіп алады. Қыз 
олардың арасынан біреуін таңдау үшін бір жыл уақыт сұрайды. Қыз кімді 
таңдар екен деген сұрақ туындайды.
Т.Жомартбаев романының идеясы, фабуласы бұл сюжеттен 
өзгелеу. Қаламгер алдына ағартушы-демократтық мақсат қойып, роман 
көркем мазмұнын соған бағындырады. Бұл форма ертегі мазмұнын да 
айтарлықтай өзгертеді. Оқиғаға да, кейіпкерлерге де авторлық жаңа көзқарас, 
көп идея бар. 
Ертегі сюжетінде қыздың кімді таңдайтыны айтылмайды және төртінші 
Мұхаметқали тәрізді кейіпкер жоқ. Мұхаметқали – Т.Жомартбаевтың 
ағартушылық-демократтық идеяларының жемісі. Романдағы басты тұлға – 
Ғайынкамал. Автор идеясының аясынан табылуы үшін оның сауатты, оқыған 
жан болу керек. Басына түскен қиын таңдаудан сүрінбей, абайлай өтіп өз 
теңіне қосылатын мүмкіндігі бар қалыпта алынуға тиіс. Сондықтан да ол 
көрген-білгені мол, сауатты, ақылды қыз ретінде алынады. Өзіне өмірлік 
серік етіп бай балаларын емес, оқыған, сауатты Мұхаметқалиды таңдайды. 
Бұл шығарма көркем мазмұнынан аңғарылатыны қосалқы ой ғана. 
Қорытындылай келе, автор 20 ғасырдың басында көп қозғалған басты 
тақырыптарының біріне өзіне дейін әңгіме болмаған жаңа қырынан келген. 
Жаңа идея жаңа пішінді тудырған. Автор осы шығарма идеясын шартты 
реалистік мазмұнға көшіріп, көркем бейнелеген. Роман сияқты көлемді 
шығармада шағын ғана ертегіні мақсатты түрде қолдану арқылы шығарма 
идеясын, автордың ойын, көркемдікті күшейте алған. Жұмыстың алдына 
қойған мақсат-міндеттеріне сай, шығарманы талдау барысында роман 


жанрының тек қарасөз түрінде ғана емес, өлең түрінде де болуы мүмкіндігіне 
көзім жетті. Сонымен қатар, күрделі мағынаны жеткізу үшін ертегі сынды 
кішігірім жанрды да көлемді шығарманың арқауы ретінде алуға болатынын 
білдім. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.
Әбдиманұлы Ө., Шортанбаев Ш – ХХ ғасыр басындағы әдебиет. - 
Алматы, 2017, 134 бет
2.
Жомартбаев Т. Қыз көрелік. «Қазақтың 100 романы» сериясы. – 
Алматы: Жазушы, 2009. – 320 б. 
3.
Қабышев Т. ХХ ғасыр басындағы ағартушылық ағым және Тайыр 
Жомартбаев шығармашылығы. Филология ғылымдарының 
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – 
Алма-ты, 2005. – 131 б. 
4.
Әлем халықтарының ертегілері.– Алматы: Дәуір, 1992. – Т.1. – 304 б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет