Контекстік тапсырмалар жинағы Құмырсқа



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата24.09.2024
өлшемі0,87 Mb.
#145492
  1   2   3   4
Байланысты:
контекстер жиынтығы



КОНТЕКСТІК ТАПСЫРМАЛАР
жинағы


Құмырсқа
Құмырсқа – шарында кеңінен таралған бунақденелілер класының өкілі. Құмырсқаның 10
мыңдай түрі бар. Олар Жер биомассаның 10-25% құрайды. Олардың көпшілік түрлері
тропиктік аймақтарда кездеседі.
Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз
аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік
түрлерінің соңғы (құрсақ) бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы
бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Оны медициналық,
дәрілік мақсаттарда пайдаланады.
Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен 
бөлетін ерекше химиялық заттар – протеиндер (феромондар) арқылы реттеледі. Олардың иіс
дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен 
жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. 
1. Құмырсқаның қышқыл бөлетін улы бездері орналасады
A) басында
B) арқасында
C) құрсағында 

D) жұп аяқтарында


2. Құмырсқа қышқылын пайдаланады
A) тоқыма өнеркәсібінде
B) тағам, аспаздықта
C) парфюмерияда
D) антибиотик ретінде

3. Құмырсқа денесіндегі органикалық зат
A) кутин
B) балауыз
C) нәруыз 

D) глицерин


4. Қыстап шыққан аю құмырсқа илеуіне аунайды. Себебі
A) денесін залалсыздандырады 

B) өзін жылытады
C) шөлін басады
D) ымырттағы белсенділікке дайындалады
5. Құмырсқалар тамақтанғаннан соң құрсағын үйкейді. Себебі
A) тыныс алады
B) асын қорытады 

C) өзін-өзі қорғайды
D) аналығын еліктіреді


Марат 9-сыныпта оқиды. Соңғы екі жылда біршама салмақ қосты. Мектепке оқушыларды
тексерістен өткізуге келген дәрігерлер Маратқа эндокринологқа баруға кеңес берді.
Эндокринолог дәрігер Мараттың нешеде ұйқыға жататынын, қанша сағат ұйықтайтынын,
тіпті бөлменің жарықтандырылуы туралы да сұрады. Соңында төмендегі кестені ұсынды.
Марат кестеде берілген гормондардың қызметі туралы іздене бастады. Ол мелатониннің
ағзада өндірілуі тәулік мезгіліне байланысты екенін: түнде организмдегі барлық
мелатониннің шамамен 70%-ы өндірілетінін , яғни күндіз аз, түнде көп синтезделетінін білді.
Мелатониннің жетіспеушілігінен адамның қартаюы тез жүреді, дене салмағы артады. Ал
кортизол стресспен байланысты гормон, оның қызметі ағзаны күні бойы белсенді қалыпта
ұстау. Марат өз гормондарының графигін сақтауға бел байлады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет