Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата21.01.2017
өлшемі391,66 Kb.
#2348
  1   2   3   4   5   6

ТҮСІНІКТЕР

Проф. Қ. Жұбанұлының ғылыми мұрасын қайталап бастыру үстінде біз 

оның еңбектерін мүмкіндігінше түгелдей қайтадан көзбен көріп, қолмен 

ұстап,  түпнұсқаларымен  салыстырып  шықтық.  Кітаптардың  алдында 

олардың  титул  беттерінің  суреттері  берілді,  ал  жекелеген  мақалаларды 

олардың қандай басылымда жарияланғаны көрсетіліп отырды. 

Алғы сөзде атап көрсеткеніміздей, проф. Қ. Жұбанұлының мұраларын 

жариялау кезіндегі арнайы қысқартылған жəне редакцияланып, өзгертілген 

тұстар  көп-ақ.  Біз  солардың  басым  көпшілігін  түпнұсқамен  салыстыра 

отырып, қайта қалпына келтірдік. Ол түзетілген, өзгеріс енгізген тұстардың 

бəрін  бір  «Түсінікте»  тізіп  шығу  мүмкін  болмағандықтан,  біз  олардың 

кейбірін ғана  төмендегідей мысалдармен көрсете кетпекпіз.

  

Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан.

109-бет:

«Бұларды А.Байтұрсыновтың «Тіл-құралында» анықтауыш, толықта-

уыш, пысықтауыш деген үш тапқа айырып, үш түрлі терминмен атайтын. 

Т.Шонанов-тың кітаптарында олай үшке айырмай, екі ғана жікке айырып, 

бірін анықтауыш, екіншісін толықтауыш деп өте шыққан. А.Байтұрсыновтың 

толықтауыш, пысықтауыш деп екі жікке айырғанын Т.Шонанов айырмай, 

бір-ақ топқа иіріп, бір-ақ толықтауыш деген терминмен атайды».

112-бет:

«А.Байтұрсынов  бұларды  тек  мағынасына  қарай  айырған.  Онда  да 

қазақ  тілінің  өзі  тудырған  мағыналары  емес,  орыс  тілінің  мағынашыл 

грамматикаларындағы жіктеулерді əкеліп, өлшемей-шақтамай, қазақ тілінің 

мойнына қамытша кигізе салған. А.Байтұрсыновша сөйлемнің басқа бір 

мүшесін анықтап тұрған сөзді анықтауыш дейміз; толықтап тұрған сөзді 



толықтауыш дейміз, пысықтап тұрған сөзді пысықтауыш дейміз.

Міне, А.Байтұрсыновтың бар айтқаны осы ғана. Бұлардың əрқайсысы-

ның пормысында, басқа сөздермен қатынасуында қандай айырмашылық бар – 

оны А.Байтұрсынов сөз қылмайды. Сондықтан əлгідей қылып түсіндіру – 

анықтап тұрған болса – анықтауыш, толықтап тұрған болса – толықтауыш, 

пысықтап  тұрған  болса – пысықтауыш  дейміз  деп  таптастыру  «сыйыр 

дегеніміз – сыйыр» деп түсіндіргеніміз сияқты жалаңаш тавтология болады. 

Шынында,  анықтаудың  пысықтаудан,  толықтаудан  қандай  айырмасы 

бар  екенін  А.Байтұрсыновтың  өзі  де  түсіне  алмаған.  Осының  кесірінен 

«Тіл-құралға»  сүйенген  мұғалімдер  анықтауыш  пен  пысықтауыштың, 

пысықтауыш пен толықтауыштың арасын аша алмаушы еді. Үйткені бір 

сөздің  өзі  бір  мағынада,  бір  пормада  тұрып-ақ  бірде  анықтауыш  болып 

немесе бірде пысықтауыш, бірде толықтауыш болып саналушы еді». 


582

Түсініктер

К постановке исследований истории фонетики казахского языка.

153-бет:

«...короче – оно против диалектического подхода к изучаемым явлениям 

окружающей действительности...;

«...оставленных аристократической верхушкой».



154-бет:

«...феодально-кастовый культуры...».

«...выступившие на арену истории лишь благодаря Октябрю и после 

Октября».



155-бет:

«...от изменений базиса о классовом характере языка и отражении в языке 

классовой борьбы и многих других, при признании таких теоретических 

достижений...»



155-бет, сілтеме:

«Это отворачивание от новейших достижений науки, поворот назад к 

прошлому, к пройденному этапу является не чем иным, как отражением 

кризиса мысли, кризиса языкознания, представителями которого являются 

эти  критики.  Оно  напоминает  тот  кризис  мысли  в  Западной  Европе  и 

Америке,  свидетелями  которого  мы  являемся,  и  который  заключается  в 

отказе от культуры, от достижений науки и техники. Это одно доказывает, 

что Шпенглеры языкознания отражают идеологию умирающего класса, как 

заграничные их собратья». 

156-бет:

«Какова цена инженеру-строителью, который не умеет или не желает 

уметь разобратся в строении, в свойствах строительного материала, не имеет 

или не желает иметь понятия о сопротивлении материалов?»



157-бет:

«Если на сегодня не так заметна практическая роль нового учения, то 

это не потому, что оно практически не пригодно а потому, что этот гигант 

советской науки, к стыду нашему – лингвистов, еще не освоен.

Неотложной задачей советских языковедов на данном этапе является 

освоение этого нового, бесспорно крупного «научного сооружения», чтобы 

не на словах, а на деле изжить имеющиеся незанчительные его недочеты, 

пережитки  пройденного  этапа,  умелым  применением  метода  марксизма-

ленинизма  в  нашем  научном  производстве.  Такое  освоение  возможно 

тогда, когда каждый лингвист в состоянии будет отразить эти достижения 



Түсініктер

583


в материалах исследований своей специальности». 

161-бет:

«Архаическая или первичная формация земного шара состоит из целого 

ряда наслоений различных периодов, из которых одни ложились на другие. 

Точно так же архаическое образование общества вскрывает перед нами ряд 

различных типов, отмечающих собою последовательные эпохи...»

162-бет:

«...капиталы  и  производительные  силы  делает  возможным  по  этим 

переданным «всеми предшественниками материалам...»

Из истории порядка слов в казахском предложении.

166-бет:

«...и богатую содержанием социалистическую его современность, – вещ  

невозможная...»

169-бет:

«...знаменитых достижений Советской наукой – нового...»

«Подобно  тому,  как  случаи  несвободного  расположения  слов 

выступающие в виде исключения в языках флективных, свидетельствуют 

о  существовании  некогда  несвободного  порядка  слов  как  норма  и  для 

этих  языков,  так  и  выступающие  в  виде  исключения  в  современном 

казахском  языке  случаи  обратного  современному  порядка  слов  дают 

некоторые основания пологать, что эти исключения некогда были нормами, 

что  казхский  язык,  вернее  языки,  из  которых  он  слагался,  знал  такой 

порядок  размещения  членов  предложения,  который  был  диаметрально 

противополож-ным теперешнему».

170-бет, сілтеме:

«...а нормой. Выражение 26-го числа месяца в современном казахском 

языке  будет  аjdьņ  cьjьrmа  аltьsьndа,  где  выражение  cьjьrmа  аltьsьnda 

оформлено  местным  падежом  (показатель – ),  в  то  время  как  в 

юридических документах древних уйгуров ХІV–ХV вв. сплошь и рядом 

встречается обозначение дат направительным падежом, вроде: 

... ijt jil bir jigirminc aj altь otuzqa 

 (начало одного документа из собраний 

акад.  Ольденбурга,  по  С.Малову) – год  собаки  одиннадцатого  месяца 

двадцать шестого числа, где выражение аltь оtьzqа – «26-го» (следует иметь 

в виду, что здесь употреблен так называемый «старый способ» исчисления, 

по  которому  «двадцать  шесть»  будеть  «шесть  к  тридцати»)  оформлено 

направительным падежом последнего слова оtuz – «30». Дательной времени 


584

Түсініктер

спорадически  выступает  в  казахском  языке  в  некоторых  наречиях:  без 

притяжательного суффикса в слове kеckе «вечером», «к вечеру» и с притяжа-

тельным – в  словах  çьlьnа  «ежегодно»,  kynіgе  «ежедневно».  Особенно 

интересно  оформление  последнего  слова,  где  вместо  нормального  для 

казахского языка kynіnе мы видим чагатайскую форму kүnіgе, что не оставляет 

сомнения в том, что данное образование либо заимствовано у средне-азиатских 

соседей казахов, либо же является вкладом тех племен, которые до вступления 

в  состав  казахов  говорили  на  языках  чагатайской  группы  и  обитали  в 

Западном Туркестане».     



192-бет:

«...а  теперь  окончательно  установленных  высказываниями  ак.  Н.Я. 

Марра...»

193-бет:

«Данные  палентологических  раскопок  Н.Я.  Марра  окончательно 

установили, что...»

193-бет, сілтеме:

«Так,  например,  Н.Я.  Марр  считает  органической  частью  основы, 

а не прибавкой, окончание а в слове рука, а так же – флексию Род. Мн. 

существительных сред. рода на – мя вроде плем-ен, знам-ен и пр.». 



194-бет:

«...так же, как и в яфетических языках собственно...»

«Положение Н.Я. Марра...»

201-бет:

«Из работ Н.Я. Марра мы видим...»

«...великого  ученого,  установленно  лишь  палентологическим  путем, 

подтверждается со всей очевидностью, и без всякой палентологии...»



212-бет:

«Мне  кажется,  что  это  была  эпоха,  которая  ознаменована  крупным 

событием для истории языка, именно эпоха разложения аморфно-синте-

тического строя и перехода его в агглютинативный».



218-бет:

«...Байтуpсунова...» (2 рет)



219-бет:

«...как поступил Байтурсунов...»



Түсініктер

585


«СОҢҒЫ  ЖЫЛДАРЫ  ТАБЫЛҒАН  ЕҢБЕКТЕРІ»  атты  арнайы 

бөлімде проф. Қ. Жұбанұлының екі жаңа еңбегі жарияланып отыр. Оларды 

тауып, қайта қалпына келтіріп, баспаға ұсынған ғалымның ұлы проф. Есет 

Құдайбергенұлы  Жұбанов.  Біз  төменде  Е.Қ.  Жұбановтың  осы  еңбектер 

туралы түсінігін толық келтіргенді жөн көріп отырмыз. Ал мəтіндер осы 

ғалымның ұлының жариялаған нұсқасында өзгеріссіз берілді. 



Қазақ тілінің жоғарғы курсы. «Дəрістер»

Проф. Е.Қ. Жұбанов: «... Сөйтіп сөздік бөлімінде кіші ғылыми қызметкер 

болып  жүргенімде 1958 жылдың  басында  жоғарыда  аталған  Шораның 

əкесі, белгілі методист, педагогика ғылымдарының кандидаты, қарт ұстаз – 

Шамғали Харесұлы Сарыбаев ақсақал маған «үйге келіп кетсін» деп хабар 

айтыпты.


Мен Шəкеңді кішкентай бала жасымнан білетінмін. Ол кісі біздің əкеміз-

бен  Орынбордағы  медресе  «Хұсайнияда»  бірге  оқыған  көрінеді.  Жасы 

Құдекеңнен алты жас үлкен бола тұра, өзін Құдайбергенмен «мектептес 

жолдаспыз» деп атайтын-ды. Əкеміз ұсталғанға дейін екі шаңырақ өзара 

үй іші болып араласып тұрушы едік. Мен ҚазПИ-де оқып жүрген шағымда 

Шəкең бізге қазақ тілін оқытудың əдістемесінен дəріс берген. Ал сол мені 

іздететін тұста ол кісі ұстаздықты қойып, демалысқа шыққан, төсегінен ұзап 

кете алмайтын халдегі егде тартқан адам екен. Оның үстіне көп заманнан 

«жолдас»  болған  демікпе  ауруы  да  қартты  шаршатқан  тəрізді  көрінеді. 

Мен  кіріп,  амандық  сұрасқаннан  кейін,  неге  шақырғанын  бірден  айта 

қоймағандықтан əртүрлі жайлардың басын шалып, əңгімелесіп отырдық.

Біраздан кейін Шəкең кітап жиған сөрелерінен бір үлкен қызыл папканы 

суырып  алды  да,  маған  «бері  кел»  дегендей  ишара  білдірді.  Шəкеңнің 

қолындағы  папканың  тысына  жарты  парақтай  ақ  қағаз  желімделіп,  оған 

«Қазақ тілінің жоғарғы курсы» деген сөздер жазылғанын байқадым. Осы 

атау едəуір қалың папканың сыртқы қырына да кішкене қағазға жазылып 

жапсырылыпты. Мұқабаның сыртындағы тақырыптың астында жақшаның 

ішінде «Жазба, 1-ші басылым» деген сөздер бар. Содан сəл төменірек басқа 

сиямен, жақша ішінде берілген бір сөз өшіңкіреп қалғандықтан танылма- 

ды. Бұл сөздердің бəрі де латын əрпімен жазылыпты. Ал осы тақырыптың 

үстіңгі  жақ  шекесіндегі  «Жұбанов  Қ.  Қ.  лекциясы»  деген  сөздер  басқа 

кісінің қолымен орыс əрпімен қондырылыпты. Шамасы, бұны Шəкеңнің 

өзі қосқан тəрізді. Мұқаба қызыл матамен тысталған, оның ішкі қайырма 

қақпақшалары мен сыртқы қыстырмасына жіңішке жіптен өріп бау тағып 

қойыпты. Көне заманның қолжазбасы үлгісіндегі папканың аузы мұқият 

жабылады.

Осы папканы ашқанда ішінен екі түрлі жазба шықты. Бірі – шақпақ торлы 

дəптер парақтарына ұсақ етіп латын əріптерімен таңбаланған қолжазба текст. 

Оның дені көк сиямен жазылған, кей жерлері ұшталған қара қарындашпен 


586

Түсініктер

толтырылған. Каллиграфия тұрғысынан жазу əдемі бедерленген. Шамғали 

Харесұлының  түсініктемелеріне  қарағанда,  бұл  жазба  оның  Қ.  Жұбанов 

лекцияларын тыңдап отырып жазған конспектісі іспетті. Алайда жазудың 

мөріне (қолтаңбаның ерекшеліктеріне) қарағанда оны Құдайберген Қуанұлы 

əзірлеген тезистің түпнұсқасы емес пе екен деп те ойлауға болғандай. Себебі 

Ш.  Сарыбаевтың  осы  конспекті  жайындағы  кейінгі  түсініктемелерімен 

салыстырғанда  екі  жазудағы  əріптердің  графикалық  бейнелері  мүлдем 

өзгеше екендігі көзге бірден шалынады.

Екінші  жазба – алғашқы  латын  харіпті  машинкадан  шыққан 

нұсқасы  екен;  көшіргіш  бояулы  қағаз  арқылы  басылған  кейінгі (2–3) 

даналарының  бірі.  Машинканың  «ғ», «е»  əріптері  түспей  қалатын 

болғандықтан,  көшірме  бетте  оларды  қолмен  қойған.  Шəкеңнің 

əр  алуан  түсініктемелері  де  осы  нұсқаның  ақ  жерлеріне  жазылған. 

Жалпы  бұл  нұсқада  Шəкеңнің  үш  түрлі  қолтаңбасы  бар.  Оның 

біреуі – қолжазбаның мазмұны көрсетіліп: «Қазақ тілі жоғарғы курсының 

бірқатар жинақтары», – деп тақырып қойылған бір жарым беттік мазмұнның 

етек жағында. Онда былай делінген: «16 февральда (1958 ж.) осы тізімдегі 

Құдайберген  Жұбановтың  мұғалімдер  курсінде  оқыған  лекциясын 

Ахмет Жұбанов жолдасқа – Құдайбергеннің көзіне табыс етіп, аман-есен 

тапсырғаныма көңілім жайласып қалды. Шамғали Сарыбаев». Содан əрі 

жақшаның ішіне қол қойған.

Ақсақал  ең  əуелі  қағаздарды  аударыстырып  отырып: «Мына 

конспектілердің  ішіндегі 15–16 беттік  бір  бөлегін  мен  Шораға  беріп 

едім, сен қазір барып соны алып кел», – деді Шəкең ақсақал. Шораға мен 

барып, əкесінің талабын жеткіздім. «Ол кісінің айтып отырғаны мына бір 

қағаз шығар», – деп, машинкаға басылған текстің көшіргіш қағаз арқылы 

жазылған он алты беттік кейінгі данасын столының қобдишасынан суырып 

алып, маған берді. Мен берген қағазын алып, екінші бөлмедегі əкесіне – 

Шамғали  Сарыбаевқа  əкеліп  бердім.  Шəкең  оның  беттелген  бұрыштама 

цифрларын  «Таптасқан  жəне  таптаспаған  сөздер»  деген  тақырыпшасын 

мазмұндағы  тізіммен  салыстырып  қарап  шығып,  папка  ішіндегі  тиісті 

орнына,  қалған  қағаздарға  қосты.  Менің  байқағаным,  бұл  парақтардың 

бəрінің қағазы да, көк түсті көшіргіштің бояуы да, «ғ», «ө» əріптері түспей 

қалатын машинканың ақауы да бірдей екен. Сөйтіп қолжазба түгенделді. 

Шамғали  ақсақал  біраздан  соң  басқа  қағаздарды  былай  алып  қойды  да, 

жаңағы Шора қайтарған текшені қолына алып, бірінші беттегі тақырыптың 

үстіңгі  жағында  ақ  қалған,  харіп  түспеген  жерлерге: «Курста  оқылған 

Жұбанов Құдайбергеннің лекциясын жазып алып, машинкаға бастырған 

Ш. X. Сарыбаев», – деп жазып, қолын қойды. Одан соң: «Мұның 6-бетінің 

орта жеріне шейін салыстырған мен (Ш. X. С.). Арғы жағын біреу түзеткен 

болыпты, 8-бетті түзетуші абдан бүлдірген, – деген сөздер мүлде дұрыс емес 

(Ш. X. С.)» – деген ескерту қосты. Ал сегізінші беттегі жоғарыда келтірілген 

арабша екі сөзді сызып тастап, үстіне: «Мен бұздым. Ш. X. С.» – деп, белгі 



Түсініктер

587


соғып, сол тұсқа тағы да: «Біреу абдан бұзған (кім?) Ш. X. С.», – деп жазып, 

сызылған араб сөздеріне қарата жай оғының белгісін нұсқап салыпты. Бұл 

түзету шамасы ертеректерде жасалған болуы керек, өйткені менің көзімше 

Шəкең қолжазбаның беттерін парақтаған жоқ еді.

Шора қайтарған үзіктің басында: 1) «Таптасқан сөздер», 2) «Таптаспаған 

сөздер»  деген  тақырып  қойылған.  Бұл  бөлікше  Қ.  Жұбановтың  қазақ 

тіліндегі  одағай  сөздер  тарихына  қатысты  оқыған  лекциясының  желісі 

екен.  Шəкең  маған  тақырыптағы  «таптасқан», «таптаспаған»  деген 

терминдік  қолданыстардың  мəнісі  «сөз  табы  бола  алатын»  немесе  «сөз 

табы  бола  алмайтын»  деген  ұғымдарға  саятындығын  түсіндірді.  Бұған 

əкеміздің 1936 жылы ақтөбелік мұғалім Жанғазы Жолаевқа жазған хатын 

оқығанда  өзімнің  де  көзім  жетті.  Онда  ғалым  сөздерді  таптастырудың, 

яғни  сөз  табын  айқындаудың  негізгі  принциптерін  қисындай  келіп, 

«дербес  лексикалық  мағынасы,  қалыптасқан  грамматикалық  тұлғасы 

жəне  сөйлем  ішінде  атқаратын  өзіндік  синтаксистік  қызметі  бар  сөздер 

ғана  белгілі  бір  сөз  табы  бола  алады» – деген  алғы  шарттарды  ұсынған 

болатын.  Соған  орай  ол  өзіне  тəн  лексикалық  мағынасы  жоқ  сыртқы 

тұлғасы  грамматикалық  қалыпқа  түспеген,  ешбір  сөйлем  мүшесі  бола 

алмай,  конспектідегі  басқа  сөздерден  оқшауланып  тұратын  одағайларды 

қалайша өз алдына сөз табы деп танып, өңге сөз таптарымен терезесі тең 

грамматикалық категориялар санатына қосамыз деген əрі терең, əрі осы кезге 

дейін жауабы қайтарылмаған сауал тастаған еді. Шəкең «Қызыл папканы» 

маған көрсеткені болмаса, қолыма ұстатқан жоқ-ты. Бірақ ол менің ішкі 

ойымды сезгендей, одағайлар жайындағы конспектіні аударыстыра берді. 

Сөйтіп «таптасқан» атауыш сөздер мен «таптаспаған» одағай сөздер жайлы 

түсіндіріп  өтіп,  қолжазбада  одағайлардың: 1) шаруашылық  одағайлары, 

2) қатынас одағайлары жəне 3) көңіл одағайлары болып сараланатындығын 

айтты.  Мен  үшін  ерекше,  қалыптан  тыс  болып  көрінгені  əкеміздің 

шаруашылық (малға байланысты) одағайларына берген түсінігі еді... 

...Қысқасы,  қолжазбада  қазақ  тілінің  тарихы,  диалектологиясы, 

фонетикасы  мен  лексикасы,  грамматикасы  жөнінен  «жоғары  курста» 

оқылған  лекциялардың  теориялық  нұсқасы  желіленген.  Латын  əрпімен 

хатқа түскен мұрағат осы уақытқа дейін баспа бетін көрмеген дүниелік еді.

Шəкең ақсақалдың мен үшін «тосын көрінген мінезі» – маған қызыл 

папканың мазмұнын бажайлап таныстырып болып:

– Сірə, мына қолжазбаларды мен саған емес, Ахмет Жұбановқа табыс 

етермін, маған сол кісіні шақырып бер! – дегені болды. Əрине, айтылмыш 

хабарды мен Ахаң ағамызға дереу жеткіздім. Бірақ Шəкеңнің неліктен сол 

арада бұндай шұғыл шешімге келгенін ол жолы түсіне алмадым. Арада бір 

шамалы уақыт өткенде Ахаң ағай маған телефон соғып: «Жұмыс аяғында 

үйге  келіп  кетші!» – деп  ескертті.  Мен  кешкілікте  барғанымда,  ағамыз 

бізге таныс «Қызыл папканы» ақтарып отыр екен. Қолжазбаның жекелеген 

бөліктерін Шəкең тізімдегі «мазмұнмен» салыстырып, тақырыптарын таза 


588

Түсініктер

ақ парақшаларға қайта көшіріп жазыпты. Ал «əн», «күй» сөздерінің тарихы, 

«домбыра»  сөзі  қайдан  шыққан? – деген  тəрізді  музыка  терминдеріне 

қатысты баптардың астын сызып қойыпты. Мені көрген соң Ахаң өзінің 

Шамғали ақсақалға барып сəлемдесіп, ағасы Құдекең оқыған лекциялардың 

желісі хатталған аманат-папканы алып келіп отырғандығын айтты. Шəкеңнің 

бұл қолжазбаны қиын-қыстау замандарда жиырма жылдан артық сақтап 

жеткізгендігін  «ғылым  жолында  жасалған  ерлік»  деп  атайды.  Сонау 

1914–1916  жылдарда  Орынбордағы  медресе  «Хусайнияда»  бірге  оқыған 

мектептес жолдастардың арасындағы бұндай жанашырлық қарым-қатынас, 

биік адамгершілік сананың ғана шынайы көрінісі екендігіне шек келтірмей 

сөйледі. Тек, сөз арасында: «Əттең, осы қолжазбаны машинкадан шыққан 

алғашқы данасы кімдердің қолында кеткенін білсек қой! Шəкең ол жағын 

маған  ашып  айтпады  да,  мен  «оны  кімге  бердіңіз»  деп  анайылап  сұрай 

алмадым:  қарттың  көңілін  жабырқатып  алармын  деп  қаймықтым. «Иə, 

сол бір ұшынып тұрған «қырағылық» заманында қай қағаз қайда кетпей 

жатты?» – деп абзал аға сөзін кілт доғарды.

«Қазақ  тілінің  жоғарғы  курсы»  жекелеген  адамдардың  қалауымен 

ірге  көтерген  əлде  нендей  бір  үйірме  емес,  Қазақстан  Халық  ағарту 

комиссариатының  арнаулы  бұйрығымен (1935 ж. 25 маусым,  №406 

бұйрық)  республикалық  деңгейде  орталықтандырған,  тұрақты  семинар 

іспетті  кəсіби  даярлық  жүйесі  болатын.  Кезінде  қазақ  жұртшылығы 

«темір  нарком»  деп  атаған  жігерлі  де  айбынды  Халық  ағарту  халық 

комиссары Темірбек Жүргеновтың бұл бұйрығы аса ауқымды ұйымдастыру 

жұмыстарын қамтитын бірнеше тармақтардан тұрды. Архив сөрелерінде 

сақталып, күні жеткен құжат əртүрлі оқу орындарында қазақ тілінен дəріс 

беріп  жүрген,  мамандықтары  ала-құла  мұғалімдердің  білім  дəрежелерін 

деңгейлестіріп,  ұстаздық  шеберліктерін  жетілдіру  ісін  комиссариат  сол 

30-шы жылдардың басында-ақ қолға алғандығын айғақтайды. Онда: қазақ 

тілін орта, жоғары, арнаулы оқу орындарында, мектептерде оқытып жүрген 

мұғалімдер өз пəні бойынша білімдерін үздіксіз көтеріп отырулары тиіс, 

ол  үшін  барлық  облыстарда  жəне  Алматы  қаласында  оларды  теориялық 

даярлықтан өткізетін арнаулы курс-семинарлар ұйымдастыру қажет, қазақ 

тілінің  жоғары  курсы  бойынша  семинар  сабақтарының  бағдарламасын 

жасау жəне өтілетін материалдарды іріктеп, Халық ағарту комиссариатына 

ұсыну жұмыстары ҚазПИ-дің профессоры Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 

жолдасқа  жүктелсін;  курстарға  қатысып,  өз  білімдерін  тереңдетуден  бас 

тартқан оқытушы кадрларын қызметтен босатуға дейін шара қолданылсын 

т. б. деген сияқты арнайы қарастырылған шарттар бар.

Ха лық  комисс ары  Т.  Жүргенов  теле фонограмма  арқылы 

берген  жарлықтарының  бірінде  «қазақ  тілінің  жоғары  курс-

семинарын  ұйымдастыру  мақсаттарына  сəйкес  проф.  Қ.  Жұбанов 

негізгі  қызметтерін,  соның  ішінде  ҚазПИ-де  оқитын  лекцияларын 

да  уақытша  қоя  тұрып,  курсқа  даярлық  жұмыстарына  бірыңғай 



Түсініктер

589


кірісуі  тиіс!» – деп  міндеттеген.  Əрине,  бұндай  қарбалас  шақта 

Қ. Жұбанов ұйымдастыру жабдықтарына өзінің ежелгі мектептес жолдасы, 

тəжірибелі  ұстаз,  ҚазПИ-дің  белгілі  оқытушыларының  бірі – Шамғали 

Харесұлы  Сарыбаевты  да  тартып,  жаңа  бастамаға  атсалысуға  шақыруы 

əбден ықтимал. Сондықтан Шəкеңнің: «Мен ҚазПИ жанынан қазақ тілінің 

жоғары  курсын  аштым...» – деп  «өзімсінген»  бопса  сөздерін  күнілгері 

шығармай тұрып, шындығында оның бұл іске қаншалықты жəне қандайлық 

дəрежеде  үлес  қосқанын  айқындап,  тарихи  фактінің  қоғамдық  мəнін 

зерделей зерттеп, сіңірілген еңбектің əлеумет алдындағы лайықты бағасын 

берген жөн деп білеміз. Олай дейтін себебіміз – бізге архив қорынан келіп 

жеткен  əртүрлі  бұйрық-жарлықтар  мен  өткен  күндердің  іс-қағаздарында 

Шамғали ақсақалдың аты аталғанымен, жоғарыдағы естелік жобалалары 

бойынша  əрі  «Қазақ  тілінің  жоғары  курсынан»  оқылған  лекциялардың 

тезистік  желілерін  конспектілеп  алып, 20 жылдан  аса  сақтап,  заңды 

мұрагеріне табыс етуіне қарағанда, ол да аталған курс-семинарды ашысып, 

еңбектенген мұғалімдердің бірі екен-ау деген сенім нығая түседі.

Ал қазақ тілінің мəртебесін үстем ету ниетінен туған бұндай ұйымдық 

шаралардың  бастау  көздерін  танып,  мəдени  өмірімізде  олардың  қандай 

рөл атқарғанын кейінгі ұрпаққа тарихи тұрғыдан егжей-тегжейлі түсіндіру 

қажеттігі,  біздіңше,  ешқандай  дау  туғызбаса  керек.  Бір  ғана  мысал:  сол 

əуел бастағы қысқа мерзімді мұғалімдік курстар мен жеке пəндер бойынша 

ұстаздық  шеберлікті  шыңдайтын  тұрақты  семинарлардың  жəне  Халық 

ағарту комиссариаты құрамындағы əдіс-программа секторының негізінде 

осы  күнгі  (Білім  министрлігіне  қарасты)  Педагогикалық  ғылымдардың 

ғылыми-зерттеу  институты,  мұғалімдердің  білімдерін  жетілдіретін 

республикалық, облыстық, қалалық, аудандардағы мектептер шоғырының 

əдістеме бірлестіктері, педагогикалық оқулар өмірге келіп, оқытушылардың 

өзара тəжірибе алмасу мүмкіндіктері молайды. Сондай-ақ, біз əңгіме етіп 

отырған «Қазақ тілінің жоғары курсының» өзі де 1933–1934 оқу жылынан 

бастап қолға алынып, ақтық сабақтары проф. Жұбановты «халық жауы» деп 

атап, нақақтан қаралаған 1937 жылдың соңына шейін жүріп келсе керек. 

Бұл жөнінде осы семинардан дəріс тыңдаған, ұзақ жылдар бойы ҚазГУ-дің 

қазақ тілі кафедрасының доценті болған белгілі тіл маманы – Ыбырайым 

Есенғұлұлы Маманов өзінің «Қазақ тіл білімінің көш бастаушысы» деген 

естелік-мақаласында  мынандай  деректер  атайды: «Елімізде  сталиндік 

репрессия қызу басталған кезі – 1937 жылы мен... Алматыға келіп, № 37 

орыс мектебіне қазақ тілі мұғалімі болып орналастым.... Бір күні ҚазПИ-де 

профессор Қ. Жұбанов қазақ тілі мамандары, мұғалімдері үшін семинар 

ұйымдастырып, өзі лекция оқиды екен дегенді естіп, ҚазПИ-ге келдім. Бір 

аудиторияда жиырмаға жуық адам отыр, ішінде бірлі-жарым студенттер де бар 

секілді. Бір кезде аудиторияға Құдайберген Жұбанов кіріп, отырғандармен 

сыпайы  сəлемдесіп,  лекция  оқуға  кірісті...  Қай  ай  екені  есімде  жоқ,  бір 

күні кезекті семинарға келсем, аудиторияда 4–5 мектеп мұғалімдері ғана 


590

Түсініктер

отыр, институт мұғалімдерінен ешкім жоқ... Отырғандар маған қарап: «Сен 

Қ. Жұбановтың пəтеріне барып біліп кел, бүгін семинар бола ма екен?» деді. 

Мен есік қаққанда Қ. Жұбановтың өзі есік ашып,... семинар өткізуге бара 

алмайтынын айтты, басқа сөз қатыса алмадық. Көп ұзамай Қ. Жұбановтың 

ұсталып кеткенін естідік. Үйірмеге қатысып, Қ. Жұбановтың лекциясын 

ынтамен тыңдап, өзіне зор құрметпен қарайтын мұғалімдер бір-бірімізбен 

кездесіп қалған күндері Қ. Жұбановтың атын атауға қорқатын болдық...» 

Демек, Ы. Мамановтың бұл айтып отырғаны 1937 жылдың күзінде, қараша 

айның 19-ы күні болған жағдай. Сол білім көтеруші топқа «ағалық» еткен 

Ш. Сарыбаев оқылған лекциялардың бəрін конспектілеп, оны басқалардың 

жазбаларымен толықтырып, одан əрі проф. Қ. Жұбановтың тезистерімен 

салыстырып  түзетіп,  бірсыдырғы  таразылаған  дəйекті  стенограммалық 

хаттама  қалдырған.  Сөз  арасында  айта  кетейік,  проф.  Қ.  Жұбановтың 

ҚазПИ-де  жалпы  тіл  білімінен,  түркологиядан,  қазақ  тілінің  тарихынан 

оқыған  лекцияларын  ұстазының  өз  аузынан  тыңдап  жазып  алып, 

кейінгі  ғылыми-педагогикалық  ізденістерінде  табан  тірейтін  негізгі 

ой-түрткі  көземелдер  ретінде  пайдаланып  келгенін  ғылымның  үміт 

артқан  шəкірттері,  соңынан  өздері  де  танымал  тіл  маманы  атанған  Ғ. 

Мұсабаев,  Ə.  Ермеков  т.  б.  əр  алуан  естелік  əңгімелерінде  сөз  ететін. 

Жоғарыда  бір  естелігінен  үзіндіні  доцент  Ы.  Маманов  та  ҚазГУ-

дің  осы  талапты  студенттеріне: «Ешкімге  көрсетпей  оқы!» – деп, 

Қ. Жұбановтың етістік категориясы жайындағы жазбаларын беріп тұрады екен. 

Сырт естуімізше, бұл қолжазбаның да өзіндік тарихы бар секілді. Көзі тірісінде 

Ыбырайым ағамыз: «Құдекең туралы əлі жазарым бар!» – деуші еді. Бірақ амал 

нешік, осы аттары аталған аға буын лингвистердің үшеуі де өмірі өкініште 

кеткен Қ. Жұбановтың ғылыми мұрасын толықтырарлықтай ештеңе беріп 

үлгірмей бұл дүниеден өтті.

«Шаш  ал  десе,  бас  алатын  сталинизм  заманының  қанды  шеңгелінен 

қаймықпай,  Қ.  Жұбанов  есіміне  қатысты  қолжазба  материалдарды  ұзақ 

жылдар  бойы  сақтап  келіп,  ғылыми  айналымға  қосып,  жұртшылық 

кəдесіне жаратқан екі адамның атын ерекше атауымыз қажет. Оның бірі 

– 20–30-жылдарда Ақтөбе облысының Шалқар ауданында, Алға, Жұрын 

поселкелерінде,  Ақтөбе  қаласының  өзінде  қазақ  тілінен  сабақ  берген, 

ескіше  үлкен  сауаты  бар  қарт  мұғалім  Жанғазы  Жолаев.  Ол  өзіне 1936 

жылы Қ. Жұбанов жазған, көлемі бір дəптер толы жауап хатты, соңындағы 

қол  қойылған  жерін  қиып  тастап,  тоздырмай  сақтап,  ғалымның 1936 

жылы жарық көрген «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулығының бір 

данасымен қосып, бізге табыс етті. Хат əуелі 1958 жылдан бермен қарай 

шыға бастаған «Қазақ тілі мен əдебиеті» журналының № 2 санында басылды, 

кейіннен ғалымның 1966 жылы жарық көрген бір томдық жинағына енді. 

Тек  қазақ  тіл  білімі  ғана  емес,  тілтанудың  жалпы  түркілік  шеңберінде 

ғылыми мəні зор, дəйекті лингво-дидактикалық принциптерге негізделген, 


Түсініктер

591


эпистолярлық  үлгіде  баяндалатын  бұл  туындының  түпнұсқасы  қазірде 

Мəскеудегі «Төңкеріс музейінде» («Музей революций») сақтаулы. 

Ал  проф.  Қ.  Жұбановтың  терең  мазмұнды  лекцияларының  маңызды 

сүзіндісі, тұжырымдары іспетті қолжазба тексті кейінгі ұрпаққа аманат етіп 

қалдырған екінші адам – өзіміз əуел бастан əңгіме етіп отырған Шамғали 

Харесұлы Сарыбаев. Жалпы көлемі алты баспа шамасындағы құрылымы 

тіл табиғатының алуан құбылыстарын нысанаға алатын бұл материалдар 

ғалымның баспа бетін көрген бірқыдыру еңбектерімен іштей өзектесіп те 

жатыр. Яғни бұларды тесіле тексерген жаңа талап жастар ізденіс мұратына 

жету жолында ғұлама аталарының қаншалықты тіл фактілерін ой елегінен 

өткізіп, не сынды қорытынды пікірлер түйгенін зерделеуге мүмкіндік алады. 

Міне,  сол  Шамғали  ақсақалмен  сұхбаттасқалы  да  отыз  бес  жылдан 

асып  барады  екен.  Осы  уақыт  ішінде  Шəкеңнің  қастерлеп  сақтап,  бізге 

табыстаған қолжазбасын жұртшылыққа тұтастай таныстырудың реті келмей, 

əр алуан анықтама, зерттеу, өмірбаян, естелік типіндегі мақалаларда аталып 

кеткендігі болмаса, оның мазмұны мен сипаты жағынан толық мағлұматтар 

берілмеген-ді... Бұның өзіндік себептері де болды. Алғашында Шəкеңнің... 

«науқасымнан тəуір болған соң, бұл əңгіме туралы жазарым көп...» деген 

қолтаңбасынан «дəмелі» болып та жүрдік. Бірақ ол кісі науқасынан айығып 

кете алмады, сол жатқаннан тұра қоймай, ақыры қаза болды, өзінен кейін 

«о, бəрекелді-ай!» дерлік толымды естелік те жария болмаған тəрізді.

Сондай-ақ, Шəкең берген материал проф. Қ. Жұбановтың өз қаламынан 

туған тезистік желілердің дəл көшірмесі ме, жоқ, дəріс тыңдаушылардың 

конспект-жазбаларынан  Шəкең  қорытып  алған  стенограммалық  хаттама 

ма? – деген дүдəмал ой да əрдайым жадымыздан шыққан емес. Бұның өзі 

қолжазбаны жанр тұрғысынан дөп басып атауды қиындататын жағдай еді. 

Оны баспаға лекциялар, не тезистер, не конспектілер деп, болмаса, қазақ 

тілі жоғары курсының материалдары, тіл тарихына шолу, немесе ғұлама 

ойының үздіктері (фрагменттері) дегендей айдар тағып ұсынуға болғанымен, 

сол тақырыптардың ешқайсысы да жеке тұрып текстің табиғи болмысын 

ашып көрсете алмайтыны да бізді ойландырады. Сөйтіп, Ш. X. Сарыбаев 

келер ұрпаққа аманат етіп қолтаңбасын басып қалдырған проф. Құдайберген 

Жұбановтың дəріснамалары өзінің болашақ зерттеушісін күтулі».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет