«Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру» 2014-2015 Менің өзін-өзі жетілдіру тақырыбым «Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру»



Pdf көрінісі
Дата05.02.2017
өлшемі126,67 Kb.
#3458

«Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын 

арттыру» 2014-2015 

 

 



Менің өзін-өзі жетілдіру тақырыбым «Ойын арқылы бастауыш сынып 

оқушыларының білім сапасын арттыру». Ойынды әдетте балалықпен 

салыстырады. Бала мектеп табалдырығын аттайды және сол сәттен бастап 

оқу оның уақытының көбін алады, теориялық оның негізгі әрекетіне 

айналады. Бұл бойжеткендік уақытқа дейін созылады.Сонда да ойын әрекеті 

деп жалғасады, бірақ оның түрі жас ерекшеліктеріне сай  бастауыш сынып 

оқушыларының ойлау, сөйлеу, психикалық және психологиялық қабілеттерін 

дамытуға бағытталған болады.  

Жұмыстың бірінші жылы оқытудың жаңа формалары мен әдістерін үнемі 

ізденуде өтті.Қазіргі заман мектебінде, жаңа технологиялар ғасырында оқу 

және тәрбие үрдісінде мұғалім қазіргі заманның білім беру және ақпараттық 

– коммуникативтік технологияларды игеруіне тура келеді. Педагогикалық 

технологияларды өз жұмысымда пайдаланамын. Қазіргі кезде АКТ-сын 

теориялық және практикалық  меңгердім . Болашақта да қолдануды 

жалғастырамын деп ойлаймын. Өзімнің кәсіби деңгейімді жетілдіруді өзін-

өзі жетілдіру үрдісінде іске асырамын, жаңа әдістемелік әдебиеттерді үнемі 

қарап отырамын, «Ұстаздар», «Бастауыш сынып мұғалімі» журналының 

жазылушы болып табыламын, жұмыс барысында әртүрлі сөздіктерді, 

анықтамаларды, энциклопедияларды, журналдарды т.б пайдаланамын. 

Бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ жұмысына қатысып және ашық 

сабақтарға барып, әріптестерімнің тәжірибесін қолданамын.  

Жыл бойы ойын әдістерінің технологиясын жиі қолдандым.Әсіресе ойын 

бастауыш сынып оқушысына оқу материалын тез әрі жеңіл меңгеруге, 

логикалық ойлауға және қиялдауға көмектеседі.  Сыныпта және таза ауада 

эстафеталар, жарыстар өткіздім.  

Әдебиеттік оқу сабақтарында сөйлеу дағдысын қалыптастыру және дамыту 

бойынша жұмыс істедім, оның негізгісі оқу дағдысы болып табылады, 

түсініп оқу, мазмұндау,негізгісін бөліп алу, көркем шығарманы қабылдау, 

кейіпкелерге жанашыр болу . Оқуға деген қызығушылық ойятуға тырыстым. 

Түрлі ертегілерді сахналау, топпен жұмыс жасау, жүйелі түрде оқу 

машықтықтарын тексеру. Оқу машықтарын тексеру кезінде балалармен 

«Капитан» ойыныны ойнадық. Мұнда балалар өздері сурет арқылы жол жүру 

парақтарына өздерінің оқу машықтарын белгілеп отырды. Нәтижесінде олар 

капитан болғылары келіп дұрыс және түсініп шапшаң оқуға тырысты. Өздері 

кітапшалар құрастырды, бір-біріне тапсырмалар дайындады, мақал-мәтелдер 



сайысы, «Ұйқасын тап», «Мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді. 

Қазақ тілі сабағының негізгі міндеті – оқушыны ауызша және жазбаша 

сауатты тұлға ретінде дамыту. Бастауыш сыныпта каллиграфиялық дағдыға 

көп көңіл бөлінеді. Дене бітімдерін тік ұстап, дұрыс отыруларын қадағалап 

отырдым. Өзіміз ереже құрастырдық:  

 

«Дәптерімді көлбеу қойып, 



Қаламымды дұрыс ұстап,. 

 

Тік отырып, еңкеймей, 



 

Жұмысымды бастаймын!» 

 

Қазақ тілі сабағында әртүрлі дидактикалық ойындар және ойын тапсырмалар 



қолдандым, карточкалар, схемалар,иллюстрациялық материалдар 

пайдаландым.  «Сөз тізбегі», «Схемаға сөз таңда», « Сөз құра» т.б ойындар 

балаларға өте ұнайды. Сонымен қатар грамматикалық ойындар,қызықты 

тапсырмалар қолдандым. Балаларға «Мені түсін» ойыны өте ұнайды.Балалар 

ойын арқылы орфограммаларды жаттап, сауатты болуға үйренеді.   

                Математикада сапалы және саналы,  көп жағдайда автоматтанған 

есептеу дағдыларын қалыптастыруға  маңызды көңіл бөлдім. Қызықтылыққа 

сабақта ең негізгі орындардың бірін бөлемін. Менің математика 

сабақтарымның ең қызығы(«Изюминка» ) – ауызша есептеу. Ауызша есеп 

кезінде балалар сабаққа  өздерін дайындайды. Сөз есептерге көп көңіл 

бөлеміз. Қолданған ойындарым: ,  «Үй саламыз» (геометриялық материал), 

«Алдар көсе» (көбейту және бөлу), «Қызықұмар мысық» , сонымен қатар 

өлең түріндегі әртүрлі есептер.  Бұл жұмысты жасай отырып, еркіндіктің 

арқасында оқушылардың жұмыс барысында  ізденетінін, білім алатынын

топтасып, жұптасатынын байқадым.   

Дүниетану пәні қиын, бірақ қызықты пәндердің біріне жатады.Дүниетану 

сабақтарында әңгімелесулер, дидактикалық ойындар, экскурсиялар өткіздім. 

Сабақтар таза ауада да, сыныпта да өткізілді. Бұл жұмыстың барлығы бояу, 

сурет салу, құрастыру, мүсіндеумен толықтырылды. Ал бұл әрине балаларға 

өте ұнайды. Сабақта басталған жұмыс әртүрлі формада үйде жалғастырылды. 

Бұл кроссворд құру, презентация жасау, үлкендерден ақпарат алут.б. 

Балалармен тәжірибе, бақылау ,тесттер, сонымен қатар сыныптың 9 

оқушысы халықаралық «Золотое руно» сайысына қатысты.  

Еңбек және бейнелеу өнері сабақтары балаларға үнемі қызықты.Бірақ бұл 



сабақтарда да біз тек қана тігу, сурет салу, құрастырумен тоқталмай ойын да 

ойнадық. Топсеруенге шығып табиғи материал жинадық. Кейін ұжымдық 

жұмыс «Күзгі бақ» атты жасадық . Сереңкенің қораптарынан түрлі заттар 

жасау «Автопарк» ойынына айналды. Бұл ойын оларға өте ұнап, біз өз 

фермамызды жасауды ойладық та онда әртүрлі жануарларды жасадық. 

Балалардың барлық жұмыстары «Біздің шығармашылығымыз», «Ең көрікті 

шырша»  мектеп көрмелерінде қойылды.  

Әрбастауыш сынып  мұғалімі сонымен қатар сынып жетекші де болып 

табылады. Ал сынып жетекші білім ғана емес тәрбие де беру міндетті. 

Сондықтан күнделікті сабақта да сынып сағаттарында да барынша тәрбие 

беруге тырысамын. Жыл бойы жоспарға сәйкес немесе әртүрлі мерекеге 

сәйкес түрлі іс шаралар өткізілді және міндетті түрде ойын элементтері 

ұтымды пайдаланылды деп ойлаймын. 

 

Ата-налармен жұмысқа дща көп көңіл бөлінді. Мазмұны бойынша ағымдағы, 



тақырыптық, қорытынды ата-аналар жиналыстарын өткіздімЖиналыста ата-

аналармен де түрлі анкеталар, тестіле, тренингтер, ойындар да өткізілді.  

Сыныбымда – 16 оқушы. Олар дамуы, білімі, мінезі жағынан барлығы 

әртүрлі. 

Болашақта тәрбиелеу міндетім – тату, бірлігі жарасқан ұжымды 

тәрбиелеу,оқу үрдісінде өздігінен жұмыс жасауға көбірек көңіл бөлемін. 

Өзімнің өздігімнен білімді жетілдіру тақырыбым бойынша  жұмысымды 

жоспарға сәйкес жалғастырамын. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет