Преподаватель: Ирина Буркова
9 СӨЖ
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше
білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқу
жетістіктерін бағалаудың критерийі және
өлшемшарттары
Психикалық дамуы тежелген балаларды
оқытуды ұйымдастыру
Орындағандар:Калдыкулова.М
Жомартбек.А
Кіріспе
Білім алушылардың тілдік емес пәндер бойынша
оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары
Білім алушылардың тілдік пәндер бойынша оқу
жетістіктерін бағалау өлшемшарттары
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуды
ұйымдастыру
Қорытынды
Жоспар
Кіріспе
Оқушыны бағалау─ ол білімнің нәтижесі болып есептеледі.
Оқушылардың сабаққа даярлығы мен қабілеті бағамен
есептеледі.
Бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында
тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге
қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың
мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Білім алушылардың тілдік
пәндер бойынша оқу
жетістіктерін бағалау
өлшемшарттары оқу материалын
меңгерудің деңгейлерін
бағалауға негізделген:
1) тыңдалым;
2) айтылым;
3) оқылым;
4) жазылым.
Білім алушылардың тілдік емес
пәндер бойынша оқу
жетістіктерін бағалау
өлшемшарттары оқу материалын
меңгерудің деңгейлерін
бағалауға негізделген:
1) білу;
2) түсіну;
3) қолдану;
4) талдау;
5) жинақтау;
6) бағалау.
Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістікті
оларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен
тәрбиелеу істерін жүйелі жүргізу арқылы
әлеуметтік жолмен толықтыруға болады» деп
айтқан болатын. Мемлекетіміз мүмкіндігі
шектеулі жандарға айрықша назар аударып,
қамқорлық көрсетуде. Соның бір көрінісі -
жалпы білім беретін мектептерде арнайы
сыныптардың ашылуы. Біздің міндетіміз - даму
мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-аналарға
түзеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Психикалық дамуының тежелуі
бар балалардың оқу үлгірімі
төмен болады. Бұл балалардың
оқуға үлгермеушілігі 1-
сыныптан бастап көріне
бастайды. Бірақ, анық белгілері
2-3 сыныптарда белгілі болады.
Даму мүмкіндіктері уақытша
шектелген балалармен
жүргізілетін қандай жұмыс
болмасын оқушыларды
қоршаған өмірге биімдеуге ,
олардың сөйлеу тілін ой -
өрісін дамытуға негізделуге
тиіс .Мұғалім олардың ойлау
белсенділігін арттырып , білім
алуға деген ынтасын оята
алатын жұмыстардың әдістері
мен тәсілдерін таңдап алады .
Ол тәсілдер үш топқа бөлінеді :
1. Әңгіме айту, түсіндіру,
әңгімелесу, оқулықпен және
кітаппен жұмыс істеу.
2. Көрнекі әдістері:
қызықты тақырыпқа сай
көрнекі құралдар болу
керек.
3. Осы өтетін тақырып
практикалық әдістер болу
керек .
Оқу әрекетін қалыптастырудағы түзету жұмысы сабақ
уақытында қалаған оқу пәні кезінде жүзеге асырылады,
әсіресе, еңбек сабағында баланың көптеген қасиеттерін
(батылсыздық, енжарлық, баяулық т.б. ) дамытуға
болады. Баланы айналадағы ересектермен,
құрдастарымен араласуға, өзіне-өзі қызмет етуге үйрете
білу қажет. Баланы қоршаған ортамен таныстыра
отырып, оны саяхаттарға, серуендерге шығару қажет.
Мұның барлығы оның дүниетанымын кеңейтеді, сөздік
қорын дамытады.
Қорытынды
Инклюзивті оқытуда бақылау, тексеру және оқыту нәтижелерін бағалау –
оқыту-тәрбиелеу үдерісінің ажырамас құраушысы болып табылады,
оларсыз мұғалім мен оқушы арасында толыққанды өзара әрекет ету
мүмкін емес. Бағалау – бұл қолданыстағы бағдарламалардың
талаптарымен салыстырғанда пән мазмұнын меңгерудегі оқушының
білім деңгейін анықтау үдерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |