Тақырыбы: Кибербуллинг Жоспар



Pdf көрінісі
Дата02.11.2022
өлшемі68,33 Kb.
#46841
Байланысты:
Новый документ



Тəжірибелік жұмыс №1
Тақырыбы: Кибербуллинг


Жоспар
:
Кибербуллинг дегеніміз не?
Күресу жолы қандай?
Ұстаздар мен ата-аналар білуі тиіс шаралар.
Қысым көрген балалардың айрықша белгілері.
Кибербуллингке тап болғанда.


Кибербуллинг – дегеніміз не?
Кибербуллинг жасайтындардың арасында педофилдер
көп кездеседі. Олар балаларды алдап-арбап, желіге
жалаңаш түскен видео не суреттерін салуға көндіреді.
Кейін сол суреттерді жұртқа жария етемін деп
қоқан-лоққы жасау арқылы кездесуге шақырады не
ақша бопсалайды. Ал қысымға шыдамай, шарасыз
күйге түскендері көп жағдайда өзіне қол салады.
Сарапшылардың сөзінше, кибербуллинг қазір бүкіл
əлемдегі өте өзекті проблемаға айналған. Өкініштісі,
Қазақстанда да кибербуллингке ұшыраған балалар аз
емес.
Кибербуллинг – адамды интернетте, əлеуметтік желі
мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету.
Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін.
Бірақ бұл тəсілмен шабуыл жасайтындар негізінен
кəмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын
нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар
қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы
ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына
тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.
Күресу жолы қандай?


Халида Əжіғұлованың айтуынша, балаларды
ғаламторлық қысымнан қорғайтын заң 21 елде бар. Ал
Қазақстанда кибербуллингтің құрбандары туралы
ешкім статистика жүргізбейді. Сондықтан, мамандар
Ұлыбритания мен Ресей тəжірибесінің негізінде
буллингтен қорғану туралы кодекстің үлгісін əзірлеген.
Онда тек виртуалды кеңістікте ғана емес, жалпы
зомбылық көрген балаларға көмектесу жолдары
туралы ата-аналар мен ұстаздарға нұсқаулар жазылған.
Сондай-ақ, мұндай жағдайға тап болмау үшін қандай
əрекет ету қажеттігі айтылады. Енді қаланың білім
басқармасы мен барша мектеп ұжымы осы
бағдарламаны жетілдіріп, маусым айына дейін бекітуі
тиіс. Сөйтіп, балаларды бопсалау мен қысымнан
қорғап, аман алып қалуға болады.
Ұстаздар мен ата-аналар білуі тиіс шаралар:
Егер ұстаздар оқушының мінез-құлқында қандай да бір
өзгеріс барын байқаса, оны мұқият бақылауға алуы
қажет. Ал кибершабуылға ұшырағанын немесе жоғары
сынып оқушыларынан теперіш көргенін анықтаса,
жасырмай мектеп директоры мен ата-ананы да дереу
хабардар етуі тиіс. Əрмен қарай, бұл құрықтан баланы
құтқарудың жолдарын іздеуі керек. Егер мектеп
ұжымының оқушыны тығырықтан шығаруға шамасы
жетпесе, арнайы мамандардың көмегіне жүгінгені жөн.


Кейін болған жайтты журналға тіркеп, оқушының
мінезіндегі өзгерісті тағы бір ай бойы бақылауы қажет.
Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі
маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші
кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар.
Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі
қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті
бақылау ұсынылды.Егер қамқоршылар өз
ұл-қыздарының күмəнді желілерге кіріп, қаскөйлердің
құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша
қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе
отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге
күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс
дейді зерттеушілер.
Қысым көрген балалардың айрықша белгілері:
*Мектепке барғысы келмейді;
*Сабақ оқуға зауқы болмайды жəне үй тапсырмасын
нашар орындайды;
*Көңіл-күйі түсіп жүреді;
*Үнемі уайымдайды жəне өзіне сенімсіз болады;


*Ешкіммен əңгімелесуге зауқы соқпайды жəне оқшау
жүреді;
*Қорқып сөйлейді, тамақ ішуге тəбеті тартпайды;
*Үйден қашып кетуге тырысады;
*Суицид жасайтынын айтып қорқытады;
*Түнде дұрыс ұйықтамайды жəне шошып оянады;
*Өзіне не болғанын айтудан қорқады;*Жиі ақша
сұрайды не ұрлық жасайды;
*Ғаламторды не гаджеттерді қолдануға үрейленеді;
*Телефонына хабарлама келсе, ашуланады.*
Қорытындылай келе кибербуллингке тап болғанда:
-Əлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның
хабарламасына жауап бермеу;
-Онымен сөйлесуді тоқтатып, бұғаттау;
-Əлеуметтік желі əкімшісіне сен туралы жарияланған
жазба не суреттерге шағымдану;


-Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана не
ұстаздарға хабар беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет