Есептік сызба жұмыс №2 №2 Есептеу графикалық жұмыс (ргр №2 ) тапсырмасы 1-тапсырма



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата02.12.2022
өлшемі190,75 Kb.
#54354
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
РГР 2 тапсырмасы 2022-2023 оқу жылы (2)



Есептік сызба жұмыс №2 
№2 Есептеу - графикалық жұмыс (РГР №2 ) тапсырмасы 
1-тапсырма.
 
Тақырыптар 1-кестеден вариант бойынша алынады. Вариантты оқытушы 
тағайындайды. Бұл тапсырмада жаңғыртылатын энергия көзімен жұмыс жасайтын 
еліміздегі белгілі бір аймақта орналасқан станция қарастырылады. Берілген станция 
туралы толық ақпарат берілуі керек. Әсіресе станцияның қуаты, бір жылда өндіретін 
энергия мөлшері, құрылған жылы, құны, қай аймақты энергиямен қамту үшін құрылғаны, 
қандай аумақты алып жатқаны, қазіргі жағдайы, перспективасы, экологиялық және 
экономикалық тиімділігі, станцияда орналасқан негізгі және қосымша қондырғылар 
туралы (қондырғы саны, қуаты, түрі, сипаттамасы, т.б) ақпараттар нақты қарастырылуы 
керек. Осы тақырып бойынша баяндама (реферат) 15 беттен кем болмау керек. 
1-кесте 
Вариант 
Тақырыбы 

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданындағы жел электр станциясы. Станцияда 
қолданылатын жел қондырғылары. Ақтөбе облысындағы басқа да жел 
электр станциялары. 

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жел электр станциясы. Станцияда 
қолданылатын жел қондырғылары. Жамбыл облысындағы басқа да жел 
электр станциялары. 

Ақмола облысы, Ерейментау қаласының маңындағы - Қазақстандағы 
өнеркәсіптік үлгіде салынған ең алғашқы жел электр станциясы. Станцияда 
қолданылатын жел қондырғылары. Ақмола облысындағы басқа да жел 
электр станциялары. 

Алматы облысындағы Қапшағай өңіріндегі «Кербұлақ-ВЭС» жел электр 
станциялары. Станцияда қолданылатын жел қондырғылары. Алматы 
облысындағы басқа да жел электр станциялары. 

Атырау облысы, Исатай ауданы, Манаш ауылындағы жел электр 
станциясы. Станцияда қолданылатын жел қондырғылары. Атырау 
облысындағы басқа да жел электр станциялары. 

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе ауылында 
орналасқан жел электр станциялары. Станцияда қолданылатын жел 
қондырғылары. Шығыс Қазақстан облысындағы басқа да жел электр 
станциялары. 

Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласында орналасқан жел электр 
станциясы. Станцияда қолданылатын жел қондырғылары. Маңғыстау 
облысындағы басқа да жел электр станциялары. 

Алматы облысындағы «Сарбұлақ» күн электр станциясы және Қапшағай 
өңіріндегі күн электр станциялары. Станцияда қолданылатын күн 
қондырғылары. Алматы облысындағы басқа да күн электр станциялары. 

Ақмола облысындағы «Нұра» күн электр станциясы және Ақмола облысы, 
Қабанбай ауылындағы күн электр станциясы. Станцияда қолданылатын 
күн қондырғылары. Ақмола облысындағы басқа да күн электр 
станциялары. 
10 
Маңғыстау облысындағы күн электр станциясы. Станцияда қолданылатын 
күн қондырғылары. Маңғыстау облысындағы басқа да күн электр 
станциялары. 
11 
Жамбыл облысындағы «Бурное-Солар» күн электр станциясы және 
Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Отар» күн электр станциясы. 
Станцияда қолданылатын күн қондырғылары. Жамбыл облысындағы басқа 
да күн электр станциялары. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет