СЫЗЫҚША ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАРЫ
Сызықша - жиі қолданылатын тыныс белгілерінін бірі екені. Ол-
сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне де, бүкіл сөйлемнің және ол сөйлемдегі
кейбір жеке сөздердің мағынасына, интонациясына байланысты да
қойылатыны. Кейде сөйлемнің белгілі бір мүшесін басқа мүшелерден бөлу
үшін де қойылатыны. Оның сөйлемді ықшамдап жинақтап айтумен
байланысты да қойылатын белгі екендігі
Зат есімнен болған бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын
сызықша.
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болғанда, бастауыштан соң
сызықша қойылатыны.
Бастауыш та зат есімнен, баяндауыш емес көмекші етістігінің қатысуы
арқылы жасалғанда бастауыштан соң сызықша қойылатыны.
Бастауышы бірі, біреуі, біріншісі, екіншісі деген заттанған сан
есімлерден және көбі деген сөзден болып, баяндауышы қосымшасыз атау
тұлғалы зат есімнен не заттанған өзге сөз таптарынан болғанда
баяндауыштан соң сызықша қойылуы Бастауыш сілтеу есімдігінен,
баяндауыш зат есім не заттанған өзге сөз
таптарынан болып, қосымшасыз
тұлғада тұратын болса, баяндауыштан соң сызықша қойылатыны Ол, бұл
деген сілтеу есімдіктерінен болған бастауыш анықтауышпен шатастырылмас
үшін баяндауыштың қай сөз табынан болғандығынан қарамастан
бастауыштан соң сызықша қойылатыны.
Жалпылауыш сөзге байланысты қойылатын сызықша.
Жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен кейін келген жағдайда,
сызықша жалпылауыш өздің алдынан қойылатыны. Кейде бірыңғай мүшеден
кейін келуге тиісті жалпылауыш сөз айтылмай қалуы мүмкін екені, ондай
жағдайда жалпылауыш сөздердің орнына сызықша қойылатыиы.
Бірыңғай мүшелерден кейін жинақтау сан есімі келсе, жинақгау сан
есімнің алдынан сызықша қойылатыны.
Оңашаланған сөздерге байланысты қойылатын сызықша.
Оңашаланған мүше сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен болғанда, жігін
ажырату үшін оңашаланған мүшелердің екі жағынан сызықша қойылатыны.
Зат есімнен болған атау тұлғалы оңашаланған баяндауыштар сөйлем
соңында келсе, айқындап тұрған оңашаланған мүшесінен сызықша
арқылы ажыратылатыны. Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын
сызықша. Қарсылықты мен себеп-салдар салаласты байланыстыратын
жалғаулықтар түсіп қалған жағдайда, екі жай сөйлемнің арасына сызықша
қойылатыны. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы осы, соншалық, сондай
деген есімдіктермен және сонда, себебі деген сөздермен аяқталса,
бағыныңқы сөйлемнен соң сызықша қойылатыны.
Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің екі сыңары да
мағыналық жағынан тең келетін болса, екі жай сөйлемнің арасына сызықша
қойылатыны.
Сызықша бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылады.
Сызықша бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан
қойылады .
Алдында жалпылауыш сөзі бар бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем
аяқталмаса, ең соңғы бірыңғай мүшеден соң сызықша қойылады.
Диалог төл сөздің алды-артынан (егер төл сөзден кейін автор сөзі тұрса),
тырнақшаға алынған төл сөздің артынан сызықша қойылады. Сызықша
жалғаулықсыз салаластардың арасына қойылады.
Оңашаланған айқындауыш мүшелердің екі жағынан сызықша қойылады.
Бірыңғай сұраулы мүшелерді немесе сұраулы сөйлемдерді жинақтап
тұратын әйтеуір деген сөз түсіп қалған жерге сызықша қойылады:
Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе — денесі зілдей ауыр
екен. (С. Мұқанов.)
Оңашаланған айқындауыштың алдынан сызықша қойылады.
Сонда, сонша, сондай, соншалық, сол, мынау, мынадай деген сөздерге
аяқталған тіркестен кейін жеке сөйлем тұрса, бұл сөздерден кейін сызықша
қойылады.
Мекен, уақыт, сан шендестігін білдіретін сөздердің арасына сызықша
қойылады (ол -дан жалғауы мен шейін шылауының мағынасын білдіреді): 1)
Мойынты— Шу темір жолы. 2) Институтта күніне 6—8 сағат лекция
болады. 3) Машина сағатына 30—45 километрден жүріп отырып, жолдың
жартысына келіп қалды.
Бұларды белгісіздік-жалпылық және болжалдық мағынадағы қос сөз
сан есімдермен шатастырмау керек. Олар дефис арқылы жазылады: 1)
Кермеге төрт-бес ат қатар байланыпты. (Мұндағы төрт-бес — болжалды
сан есім.) Екі-үш күннен бері жаңбыр жауып тұр (мұнда да екі-үш
болжалды сан есім).
Әдебиеттер тізімі
1
Мырзабеков С. Қазақ орфографиясының арнаулы курсы
бойынша методикалық қүрал. Алматы,2001.
2 Жүнісбеков А. Проблемы тюркской словестнои просодики и
сингармонизма казахского языка. АДЦ. Алматы, 1999.
3 Қалиұлы Б. Қазақ орфографиясындағы қайшылықтар Алматы, 2009.
4 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 2007.
5 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.- Алматы, 2011.
Достарыңызбен бөлісу: |