ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА ИСЛАМ ДІНІ ТАРАЛУЫ
ТҦ РҒЫСЫНДАҒЫ ҚОЖАЛАР МӘСЕЛЕСІ
Абдрашитова Жансая Ермековна
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ҧ лттық университетінің ІV курс студенті. Астана
қ. Ғылыми жетекші – т.ғ.д., доцент Махсат Алпысбес
Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға Араб халифатының VIII-ғасырда ислам дінін
тарату мақсатында жасаған жорықтарынан бастап ене бастады.
633 жылдан басталып, бір ғасырдан астам ҥ здіксіз жҥ ргізген жорықтарының нәтижесінде
арабтар оңтҥ стікте Солтҥ стік Африкаға ие болды, батысында Францияның Бурбонне аймағына
дейін, шығысында Саид (Ҥ нді) ӛ зеніне дейінгі жерлерді бағындырып, алып империяға айналды.
Қылыш пен Қҧ ранға қатар сҥ йенген арабтар солтҥ стікке де ҧ мтылып, Палестина, Сирия, Ирак,
Иран, Ауғаныстанды жаулап алып, 705 жылы Мауереннахр жеріне басып кірді.
Атақты араб қолбасшысы Қҧ тайба ибн Муслим 709 жылы Бҧ хараны соғыссыз алады,
710-712 жылдары Самарқанды, 714 жылы Шаш (Ташкент) пен Фарабты алды. Сӛ йтіп,
Испиджапқа жорық жасайды. Насыр ибн Сейяр 737-748 жылдары Орта Азияның бірқатар
аймақтары мен Қазақстанның оңтҥ стігіне басып кіреді. [1, 10 б.].
235
Қазақ тарихы журналының тілшісі Жанҧ зақ Ғизатов «Исламның Қазақстанда таралуы»
атты мақаласында арабтардың Орталық Азияға, Тҧ ран еліне жорығы, исламды кҥ штен енгізу
әрекеті және исламды енгізудің бейбіт жолына қатысты деректер келтіреді [2]. Бҧ л мақалада:
«Арабтар ислам дінін тарату мақсатындағы бір ғасырға жуық жҥ ргізілген жорықтары
нәтижесінде кӛ рші елдерден кӛ птеген жер иеленіп, ірі империяға айналды. ӛ здерінің
солтҥ стігіндегі Палестина, Сирия, Ирак, Иран, Ауғаныстан елдерін бағындырған арабтар 705
жылы Мауереннахр жеріне әскери жорығын бастайды. Қҧ тайба ибн Муслим бастаған араб
әскері 710-712 жылдары Бҧ хара мен Самарханды, 714 жылы Шаш пен Ферғананы алады», - деп
жазған.
Жоғарыда Кәріпбеков Айтбайдың кітабынан алынған мәліметті Жанҧ зақ Ғизатов та:
«Араб қолбасшысының бірі Насыр ибн Сейяр 737-748 жылдары Орта Азияның бірқатар
аймақтары мен Қазақстанның оңтҥ стігіне басып кірді», – деп айта келе, ары қарай:
Арабтардың исламдандыру жорықтарының қарқынды жҥ ргізілуіне қарамастан,
тҥ ріктектілер арасында мҧ сылмандану алға жылжи қоймады. Осы кезде Орта Азия мен
Қазақстан аумағын мекендеген тҥ ркі халықтарының тарихына, діни болашағына зор ықпал
еткен оқиға, яғни 751 жылдың шілде айында Тараз қаласы маңында Атлах қамалы жанында
болған соғыс. Соғысқан екі кҥ штің бірі – Қытайлар сол жылдары Жетісудың кӛ п жерлерін
бауырына басып, енді оңтҥ стік аймаққа мойнын соза бастаған. Тҥ рік тайпаларының
бытыраңқылығын, арабтарға қарсы қорғаныс кезіндегі қарбаласты пайдаланып, Қытай әскері
Тҧ ран жерін ешкіммен бӛ ліспей, тҥ ркілерді тҥ ріп тастап, ӛ зі тҧ тас иемденуді мақсат етті. Ал
бҧ л соғысқа қатысқан екінші жақ - Тҥ рік тайпаларының қолы Араб әскерінің қолдауымен
Қытай әскерін кері бас кӛ тере алмастай етіп, ойсыраты жеңді. Әл-Макдиси ӛ зінің «Әл-Баду әт-
Тарих» еңбегінде «бес кҥ нге созылған бҧ л соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы ӛ ліп, 20 мыңы
тҧ тқынға тҥ сті», - деп жазған.
Атлах тҥ біндегі жеңіс тҥ ркі халықтарын Қытай қҧ лдығынан, оның будда дінінен аман
сақтап, ислам ӛ ркениетімен дамуына жол ашты», - дейді. [2, 18 б.].
Осы жерде мына бір дерекке назар аудара кеткен жӛ н сияқты. «Тҥ ркеш елін 748 жылы
қытайлар басып алды. Тҥ ркештер соғды жерінде соғысып жҥ рген арабтардан кӛ мек сҧ рауға
мәжбҥ р болғанда, арабтар белгілі шарттар қойды. Десек те, ол бізге тарихи тҧ рғыда тҥ гел
жетпеді. Сол шарттарының бірі – тҥ ркеш қағанатына дін таратуға рҧ қсат беруін сҧ райды»
дейді Халифа Алтай атындағы Халықаралық Ислам қайырымдылық қорының директоры,
тарихшы Абдрахман Ескендір. [3].
751 жылы Атлах қаласының тҥ біндегі шайқас жӛ нінде Кәріпбеков Айтбай ӛ зінің
шежіре-кітабының «Ислам» атты бӛ лімінде: «Арабтар қарлҧ қтармен одақтасып, тҥ ркеш
әскерін талқандады. Арабтардың әскери жеңістері Батыс тҥ рік, соңынан Тҥ ркеш
қағандықтарының ыдырауын тездеткен фактор болды. Арабтардың келуімен бірге Орта Азия
мен Қазақстан аумағында ислам діні кеңінен тарай бастады», - деп жазған. [1, 10-11 бб. ].
Осы Атлах тҥ біндегі шайқастан кейін ислам діні Қазақстанның оңтҥ стігіне кеңінен
тарала бастады. Ал, Қазақстанның Атырау, Орал, Маңғыстау қатарлы батыс ӛ ңір
аймақтарының бір кездері Хазар қағандығының жері болғанын ескерсек, ислам діні
Қазақстанның батысына Хазарлар арқылы (732 жылы) тым ертеде келгеніне мына бір дерек
арқылы кӛ з жеткізуге болады:
«VII ғасырдың екінші ширегінің басында арабтар, Арменияны, Грузияны және
Албанияны жаулап алған соң Хазарлар еліне жасаған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталды.
Хазарлардың VII-Х ғасырларда солтҥ стік-шығыс Каспиймен Еуропаның шығыс бӛ лігінің кӛ п
жерін алып жатқан куатты мемлекет болғанын тарихтан білеміз [4].
«692 жылы Армениядағы араб билеушісі ибн Огбай Албания арқылы ӛ тіп, Хазарлардың
шапқыншылығынан берік қорғаныс жасау мақсатымен Дербент қамалын алды. Осы қамал араб пен
хазар кҥ штерінің қолына 40 жылдай алма кезек кӛ шіп отырды. Хазарлар Араб халифатының
236
солтҥ стік ӛ ңірлері ҥ шін қауіпті кҥ ш болып қала берді. 721 жылы хазарлардың Арменияға
басып кіріп, ондағы арабтарды талқандаған кезі болды. Арабтар шешуші шайқасқа дайындалды.
Кавказдағы белгілі араб қолбасшыларының бірі Мерван 150 мыңдық әскермен Хазарияға жорық
жасап, Еділдің жағасында хазар әскерін талқандайды.
Бітім сҧ раған хазарлардан Мерван қолбасшы мҧ сылмандықты қабылдауды талап етеді,
сӛ йтіп Хазар елі біраз уақыт мҧ сылмандықты ҧ станды» [5].
Осы дерекке орайлас келетін дінтанушы, зерделі ғалым Мҧ ртаза Бҧ лҧ тайдың
жазғандарына кӛ ңіл аударсақ:
«...Академик Бартольд және профессор Таниҧ ең алғашқы мҧ сылман тҥ ркі мемлекеті
Қарахандықтар емес, 732 жылы исламды ресми тҥ рде қабылдап, 68 жыл мемлекеттік дін еткен
Хазар әулеті болған», - дейді [6].
Орта Азияны исламдандыруға қатысты келесі бір деректе:
«Кеңестік республикалар территориясында араб жаулап алушылары алғаш рет Солтҥ стік
Иранды бағындырған соң, VII ғасырдың 30-жылдары келе бастады. 639 жылы араб әскері
қазіргі Азербайжан территориясына басып кіріп, одан әрі Дағыстанға енді, VII ғасырдың 40-50-
жылдары Дербентті басып алды.
Иран территроиясын жаулауды аяқтаған соң, Араб әскері VII ғасырдың 70-жылдары
Амударияға келіп жетті. Бҧ л ӛ зеннің арғы жағындағы территорияны арабтар Мауереннахр деп
атаған. Мауереннахр толығымен 706-716 жылдары бағындырылды. Бағындырылған
территорияларды исламдандыру ҥ рдісі бірнеше ғасырларға созылды, жергілікті халық ҥ лкен
қарсылық танытып отырды.
Ол кезеңде исламдандыру ҥ рдісі халықты кҥ штеп бағындырумен қатар, экономикалық
механизмдермен де жҥ ріп жатты. Исламды қабылдағандар жанбасылық алым-салықтан (жизья)
босатылды. Араб жаулап алу соғыстарынан кейін (VIIІ ғасырдың ортасы) КСРО
территориясына дінді тереңірек енгізу негізінен дінді уағыздау жолымен іске асырылды»
делінген. [7].
Наршаһидің жазуынша, Кутейбаның әскері Бҧ харды бірнеше қайтара алғанымен, арабтар
кете салысымен жергілікті халық ислам дінінен безіп, ӛ з ата-бабасы ҧ станған дінге кӛ ше берген.
Тӛ ртінші рет Кутейба әзер дегенде қаланы алып, қалаға сол қаланың тҧ рғындарының жартысына
жуық мӛ лшердегі арабтарды әкеліп қоныстандырды. Солардың кҥ шімен ислам дінін енгізіп,
бҧ рынғы табынатын пҧ ттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырған. «Кімде-кім мешітке
келсе, оларға ол (Кутейба) екі дирһам береді» деп жар шақыртады. Соның ӛ зінде де жергілікті
халықтан қорыққан арабтар мешітке қару-жарағымен келуге мәжбҥ р болған. Дегенмен де, қоқан-
лоқы, сатып алу, т.б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізді.[8].
Кәмел Жҥ ністегінің бас редакторлығымен жазылған шежіре-кітаптағы мәлімет те
жоғарыда аталған Бҧ қара тарихын жазған Наршахидің айтуына орайлас келеді: «Мҧ сылман
дінін кҥ штеп тарату жолын ҧ станған Қҧ тайбаның әскері Бҧ хара қаласын ҥ ш рет алады. Бірақ
қала әскер кеткен сайын қайта кӛ теріліп, тӛ ртінші шабуылдан соң ғана жаңа дінге
мойынсҧ нған». [9, 41 б.].
Исламды зорлап қабылдап, кҥ шпен ҧ стап отыру кейінгі замандарда да кӛ рініс
тапқандығы жӛ нінде академик В. Бартольд 1968 жылы баспадан шыққан еңбегінің 5-томында:
«Исламды қазақ халқына толық тараттым деген Мҧ хаммед хан (1416 жылы қайтыс болған)
мҧ сылмандықтың бір белгісі саналатын бас киім киіп жҥ ру тәртібін бҧ зғандардың басына
шеге қағып ӛ лтіріп отырған» - деп жазады. [10].
Арабтар басқыншылық мақсатпен қалың елді отарлаумен бірге таза идеологиялық саясат
та жҥ ргізді. Олар Тҧ ран атауын Тҥ ркістанға айналдырды. Бҧ харадан ӛ зге елдімекен
атауларын тҥ гел ӛ згертті. Сонымен бірге халық атауларын да жаппай арабтандырды [11].
237
Тҧ ран атауын араб жаулап алушыларының Тҥ ркістан деп атауы жайлы «Абд ул-Жалил
баб (Хорасан ата)» кітабының авторы Сейт-омар Саттарҧ лы: «Шығыс тҥ ркі мемлекеті 645-648
жылдары қытайлықтардан жеңілген соң, нашарлап, ел кӛ п қиыншылық кӛ рген.
704 жылы Жетісу әкімдігі тҥ ркештер қолына ӛ ткен еді. Тҥ ркілер енді соғдылықтарға
жәрдем бере бастады. Орта Азия халықтарының қарсылығы, араб ру басыларының ӛ зара
кикілжіңдерінің салдарынан арабтар VII ғасыррда Орта Азияны толық игеріп бағындыра
алмады, - дей келе: - Осы жерде бір тарихи шындықтың бетін ашуға тура келеді. Араб жаулап
алушылары келемей тҧ рып бҧ л ӛ лке Тҧ ран деп аталған. Арабтар жергілікті халықтың
атауымен бҧ л ӛ лкені Тҥ ркістан, яғни тҥ ркілер елі деп атайды. Қолда бар жазба деректер соны
кӛ рсетеді. Бҧ л ӛ лкені орыстар жаулап алған соң мҧ нда тҧ ратын ҧ лттар мен ҧ лыстардың
белінен бір-ақ сызып Орта Азия деп атады. Тҥ пкі мақсат бҧ л ӛ лкеде тҧ ратын халықтардың
жадынан ескі елдік атауды ӛ шіру болатын», - деп жазған. [12, 326 б.].
Орта Азия халықтарын ислам дінін кҥ штеп енгізуіне қарсы бас кӛ теруі жайлы және
одан әрі исламдандыру ҥ рдісі бейбіт сипат ала бастағаны туралы келесі деректер мәлімдейді.
770 жылы Қарлҧ қ қағандығы арабтардан жеңіліс тауып, Мҧ хаммед пайғамбарға бас иді.
Араб жорықтарының солтҥ стікке қарай одан әрі ӛ рістеуіне жауынгер тҥ ркі тайпалары қуатты
тосқауыл болды. Арабтар шабуылын тоқтатып, қорғанысқа кӛ шті. Талас шайқасы мен
Мҧ қанна (ақ киімділер) қарсылық қозғалысы (776-780) басылғаннан кейін арабтардың Орталық
Азияға ықпалы негізінен бейбіт сипат алды. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне
енгізуі негізінен VIIІ-Х ғасырларда жҥ ргізілді [1, 10-11 бб.].
Жағарыдағы мәліметті мына бір деректер де растайды: «Жаулап алынған халықтардың
кейбір жерлерінде халық 2-3 ғасыр бойына араб жаулаушыларына, ислам дінін қабылдауға қарсы
шайқасты. Мысал ретінде, Азербайжан халқының Бабек қолбасшылығымен болған кҥ ресі, Орта
Азиядағы Муканнаның кӛ терілісі, т.б. келтіруге болады. Дегенмен де, бҧ л халықтар біртіндеп
исламды қабылдауға мәжбҥ р болады. ІХ-Х ғасырларда исламның негізгі қҧ дайға сыйыну орталығы
алдымен Иракқа, одан кейін Иранға және Орта Азияға ауысады» [13, 94 б.].
Ал енді Қазақстан тарихы очерктерінде Қарлҧ қ қағанатына араб ӛ ктемдігі орнағаны
туралы: «893 жылы жылы самани Исмаил ибн Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлҧ қ қағаны
Оғҧ лшақ Қадырхан қаланы ҧ зақ уақыт қоршаса да шыдайды, бірақ ақырында қала қҧ лап,
оның халқы ислам дінін қабылдайды. ...
Оңтҥ стік Қазақстан жерінің Қарлҧ қ қағанатына кіретін азғана бӛ лшегінде ғана араб
ӛ
ктемділігі орнайды. Фараб, Исфиджаб, Тараз сияқты қалалар саяси кҥ рестің небір қиын-
қыстау кезеңдерінің ӛ зінде, ерте орта ғасыр дәуіріндегі араб тарихшыларының айтуынша,
арабтар ҥ шін тынышсыз жерлер болып қала берді». [14, 63-64 бб.].
Қазақстан тарихы очерктерінің «Қазақстан орта ғасырда» атты екеніші бӛ лімінің «Ерте
және дамыған ортағасыр мемлекеттері (VI-XIII ғғ. бас кезі)» атты алғашқы тарауының авторы
Б.Е. Кӛ меков: «Араб жағрафияшысы Ә-Марвизи (ХІІ ғ.) қарлҧ қтар қҧ рамында тоғыз тайпа
болған дейді. Қарлҧ қ конференциясына Жетісу мен Оңтҥ стік Қазақстанның: тҧ хси, шігілдір,
әзкіштер, тҥ ргештер, халаджылар, чаруктер, барысхандар сияқты кӛ шпелі және жартылай
кӛ шпелі тҥ рік тілді тайпалары енген», - деп жазған.
Демек, Қарлҧ қ қағаны Оғҧ лшақ Қадырхан тҧ сында ислам дінін қабылдаған қарлҧ қ
конфедерациясының тайпалары Қазақстанның тек Фараб, Исфиджаб, Тараз сияқты қалаларына
орналасқан оңтҥ стік аймағын ғана алып жатқан.
766 жылдан ӛ мір сҥ ріп келе жатқан Қарлҧ қ қағандығы 940 жылы қҧ латылады да,
мемлекеттік билік Қарахан әулетіне ӛ теді. [15].
«...Амудария Қарахандар мен Ғазнауилер арасындағы шекара болып табылады.
Солтҥ стік Қарахан мен Қыпшақ хандығының шебі Тараз қаласына жуық ӛ тетін. Ал Солтҥ стік-
шығыс бетте Қарахандар шекарасы Балқаш кӛ лі мен Алакӛ л шетінен аспайтын. Шығыста олар
ҧ
йғырлармен шектелетін, Қарахандардың оңтҥ стік шығыстағы иелігі Шершенге дейін
238
созылатын. Олардың Батыс пен оңтҥ стік-батыс жаққа қарай жылжуы Оңтҥ стік Тҥ ркменияда
салжықтар қарсылығына, Амударияның тӛ менгі бойында Хорезмшах қарсылығына тап болады.
Бҧ дан кейінгі екі ғасыр бойына Қарахандар иелігі Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы
Мауараннахдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашғарға дейін кең кӛ сіліп жатады». [16, 71 бб.].
А. Кәріпбеков Қазақстан территориясында ислам дінінің алғаш қабылдануы жӛ нінде:
«Осы кезеңде қала мәдениетінің дамуына ислам маңызды рӛ л атқарды. 10 ғасырдың басында
Қарахандар әулетінің негізін салушы Сатҧ қ хан ислам дінін қабылдады. Ал оның баласы Боғра
хан 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің діні деп жариялады. Алғашқы кезде ислам діні
қалаларда тарай бастайды. Қазақстан жерінің ислам дініне ену ҥ рдісі кӛ п уақытқа созылды.
Арабтар ҥ стемдігі халифат қҧ рамына енген Оңтҥ стік Қазақстан мен Жетісудың жекелеген
аймақтарында ғана орнады. Сондықтан исламдану оңтҥ стік аймақтарда айқын қарқын
алғанымен, Қазақстанның қалған бӛ лігінде ӛ те баяу жҥ рді. Бәлкім, осы кезде болар, 10
ғасырда араб жиһангезі Әбу-Л-Қасым ибн Хаукалдың: «Тараздан әрі қарай бірде бір
мҧ сылманды кӛ рмегенін» жазатыны», - деп тҧ жырым жасайды. [1, 11 б.].
Академик В.В. Бартольд: «ХІІІ ғасырдың басында мҧ сылман Хорезм билеушілері
мҧ сылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура
келді» [17]. – деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым кӛ пшілігі әлі
мҧ сылмандық жолға тҥ сіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты.
Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың ӛ зінде де қазақтар пҧ тқа
табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Ӛ йткені
шариғат заңдарын араб миссионерлері ҥ ндеп, ҥ гіттеп, насихат жҥ ргізгендеріне қарамастан,
халық ата-баба аруағына, тәңірге, жҧ лдыз-айға ҧ зақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына
сиыну бәлекеттен сақтап, ӛ здеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман
болуына, ӛ сіп-ӛ нуіне кӛ мектеседі деп, сол ҥ шін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ
аттаған оңбас» деп аруақты ҧ мытпады... [18].
Жанҧ зақ Ғизатов исламды енгізудің бейбіт жолына қатысты деректерінде: «Мҧ хаммед
пайғамбар исламды тарату ҥ шін сахабаларын жан-жақты аттандырғанда, мҧ сылмандықты
қабылдаған әр ҧ лттың салт-дәстҥ ріне сергек қарауға, қиянат, зорлық жасамауын қатаң
тапсырған. Пайғамбардың бҧ л ӛ сиетін ҧ мыт қалдырған Қҧ тайба ибн Муслим, Зияд ибн Салих
сияқты арабтың әскербасыларының зорлық-зомбылығынан ислам діні тҥ ріктектілер арасында
ойдағыдай тарай қоймайды. Қару кҥ шімен талаптарын орындата алмаған арабтар, «ҥ гіттеу,
сендіру» деген пайғамбар ӛ сиетін енді естеріне алады. Сӛ йтіп, 780 жылдардан бастап
Қазақстан аумағына арабтардың әскери жорықтары тоқтатылады. Исламды тҥ ріктектілер
арасында насихаттау мақсатында оқымысты, исламды жетік меңгерген арабтар келе бастады.
Бҧ лар халық арасында қожа атымен белгілі»,- дей келе, «Ӛ збекстан тарихында 710-800
жылдары Бҧ хара, Самарханд, Хиуаға Арабстаннан 6 мыңға тарта жанҧ я қоныс аударғаны
айтылады» деген мәлімет келтіреді [2, 18 б.].
Ж. Ғизатовтың Арабстаннан 6 мыңға тарта жанҧ яны қоныс аударуға қатысты Ӛ збекстан
тарихынан келтірген мәліметті Сейт-омар Саттарҧ лы ӛ з кітабында кеңірек ашып, бҧ л
отбасылардың кӛ шіп келу себебін кӛ рсетеді: «Бҧ л кезде Ислам халифаты орталығында да
тыныштық болмай, тӛ рт халифадан соң Әлидің ҧ лдары Хасан мен Хҧ сайын ӛ лтіріліп, билік
Мағауия қолына, одан Язидке ӛ тіп, Қҧ райыш тайпасының ішінде тӛ рт халифаға бҥ йрегі
бҧ рғандар мен Хашим ҧ рпағына едәуір қиыншылықтар туған еді. Сол себептен 710 жылдар
шамасында Самарқанд пен Бҧ хара қалаларына 6 мыңнан аса отбасы араб Қҧ райыштары
әсіресе Бану-Хашим әулеттері кӛ шіп келіп, орналаса бастады. Бҧ л кӛ штің соңы қайырлы
болып, соңынан Орта Азияда кӛ птеген Ислам ғалымдары жетіліп шықты». [12, 326 б.].
Сейт-омар Саттарҧ лы осы еңбегінде: «...Ӛ ткен тарихтан кӛ ріп отырғанымыздай, дін ҥ шін
кҥ рес Орта Азияда оңайлықпен жҥ зеге асқан жоқ. Оған себеп Арабиядағы халифалықтың Умия
239
әулетінің қолында болуы және алғашқы тӛ рт халифа Мҧ хаммед (с.ә.у.) ізбасарларының, ҧ рық
әулетінің әкімшілік басынан аластатылуы исламның ӛ ркендеуіне ӛ зінің кері әсерін тигізді.
Осы кезеңнің алғаш тарихын жазып, арабтардың Тҥ ркістан аймағына жасаған
жорықтарын қағазға тҥ сірген тарихшы ат-Табари мен Бҧ хара тарихын жазған Наршахи,
Балазури, т.б. тарихшылар еңбектерінде бҧ л оқиғалар жазылған емес. Ӛ йткені, Мҧ хаммед ибн
ал-Ханафия ҧ рпақтары қатысқан тарихи оқиғалар ислам орталықтарынан шетте болды. Сол
себепті, бҧ л тарихтарда Тҥ ркістан жеріне «ислам аша» келген Абд ул-Жалил баб, Ысқақ баб
және Абд ар-Рахим бабтар жайында еш бір хабар айтпайды. Есесіне осы әулеттердің ҧ рпақтары
сақтап келген қолжазба «Насаб намаларда» жоғарыдағы ҥ ш бабтың жорық жолы, атқарған
еңбегі тәптіштеліп баяндалады», - деп жазған. [12, 330 б.].
Сафиаддин Қойлақидың жазған «Насабнамасында» Қҧ тайбадан басқа Бағдат патшасы
Ысқақ бап (Баба ата), Иран патшасы Әбдіжалил баб (Хорасан Самани), Сирия патшасы
Әбдірахим баб (Әулие ата) ибн Қараханның да ҧ лы дала жҧ ртына Ислам дінін тарату ҥ шін
келгенін айтады. Қалың қолмен келген Әбдіжалил баб жергілікті халықтың кескілескен
қарсылығына ҧ шырап, ӛ зі қатты жарақаттанады. Сәтсіздіктің себебін терең тҥ сінген Ысқақ
баб інісін кері қайтарып алып, «дінді кҥ шпен таратпаймыз» деген шешімге келеді. ӛ зі қамал
салдырып Бабата қаласында тҧ рады. Мешіт-медресе тҧ рғызып, жергілікті халықпен тығыз
байланысқа кӛ шіп, Ислам жолын насихаттайды. [9, 41б.].
Жанҧ зақ Ғизатов: «780 жылдардан бастап Қазақстан аумағына арабтардың әскери
жорықтары тоқтатылады. Исламды тҥ ріктектілер арасында насихаттау мақсатында оқымысты,
исламды жетік меңгерген арабтар келе бастады. Бҧ лар халық арасында қожа атымен белгілі» [2,
18 б.], - деген мәлімет келтірсе, «Қазақ ҧ лттық энциклопедиясында» қожаларға келісі анықтама
беріледі: «Қожалар Орталық Азияда ислам дінін таратуда белсенділік танытқан әулеттер.
Қожалар арғы тегі бойынша Мҧ хаммед пайғамбардан кейінгі халифалар Әбу Бәкр ас Сыдық
(632-634), Омар (634-644), Осман (644-656) және Әли Әбу Талиб (656-661) ҧ рпағы болып
есептеледі. 13-ғасырдың 1-жартысында Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақи жазып қалдырған
«Насабнама» шежіресінде дін таратушы Ысқақ бап (Баб ата), Әбдіжәлил баб (Абд Ал Жалил,
Хорасан ата), Әбдірахим бабтардың (Абд ар Рахим) Орта Азия аумағына 766 жылы келгендігі
айтылады. Тҥ ркі даласына келген Қожалар орта ғасырларда тҥ рлі сопылық ағымдарды
ҧ
станды. Әли Әбу Талибтің арабтық халифа тайпасынан алған әйелі Хауладан туылған имам
Мҧ хаммед ибн ал-Ханафиядан тарайтын «қожалар әулеті» Қожа Ахмет Иассауи тариқатының
ӛ
кілдері болып табылады. Осы тариқаттағы «қожалар» Алтын Орда мемлекеті дәуірінен бастап,
қазақ халқының рулық, тайпалық, жҥ здік қҧ рылымдарының пірлеріне айналды.
...Қазіргі уақытта қожалар Орта Азия елдеріндегі этностардың тарихи қҧ рамдас бір
бӛ лігі болып қалыптасқан. Отбасылық әдет-ғҧ рыптарында кейбір этно-мәдени ерекшеліктері
сақталғанымен, әдет-ғҧ рып, салт-дәстҥ рлері жергілікті халықтармен астасып кеткен. Ӛ мір
сҥ рген ортасына қарай шартты тҥ рде «ӛ збек қожа», «тҥ рікпен қожа», «татар қожа», тағы
басқалар болып аталады. Қазақстанда қожалар кӛ п шоғырланған жерлер Қызылорда және
Оңтҥ стік Қазақстан облыстары», - деп кӛ рсетілген [19, 12 б.].
Қожалар тҥ зген «Насаб-нама» нҧ сқаларын салыстыра зерделеген ғалым Зікірия
Жандарбектің пайымдауы бойынша Әлінің баласы Хусайыннан тараған сайидтар Орта Азияда
зор беделге ие болып, олардан Қылышты қожалар, Сабылт қожалар ӛ рбіген. Заманында сайид
қожалар Алтын Орданың исламдануына елеулі ықпал еткен. Бҧ л әулет ӛ кілдері халық
арасында «қоңырат қожалары» деп те аталады. Олар негізінен Ӛ збекстанның Ташкент
қаласында, Қазақстанның Сарыағаш, Арыс аудандарында тҧ рады. Ал, қазақ арасындағы
«қырықсадақ» деп аталатын қожалар ӛ здерін Омар ибн Хаттабтан таратады. Олар Қызылорда
облысында тҧ рады. Еділ бойы мен Кубаньды қоныс еткен қожалар ӛ здерін әрісі Хакім-ата
Сҥ леймен Бақырғаниден, берісі Абу Бакр Сыддықтан таратады. Сондай-ақ, Орта Азиядағы
тҥ ркі халықтарының ішінде ӛ здерін Мҧ хаммед ибн ал-Ханафиядан ӛ рбітетін қожалардың
тӛ рт әулеті айтылады. Олар:
240
Аққорған қожалар, Қарахан қожалар, Дуана қожалар және Хорасан қожалар. Бҧ лар ӛ здерін
Мҧ хаммед ибн ал-Ханафия ҧ рпақтары Абд ар-Рахим-бабтан, Абд ал-Жалил-бабтан, Исқақ-
бабтан ӛ рбігенбіз деп есептейді. Олар Қазақстанның Қызылорда, Оңтҥ стік Қазақстан, Жамбыл
облыстарында, Ӛ збекстан Республикасының Ташкент, Қарши, Жизақ, Ферғана облыстарында,
Қырғызстанның Ош облысында тҧ рады. [20, 21 б.].
Ал енді Нҥ реддин Усеннің тарихи деректер мен мәліметтерге негізделген ӛ з еңбегінде:
«Мҧ хаммед Ханафиядан кейін одан тікелей тарайтын ҧ рпақтары Ысқақ Баб пен Әбдіжәлил Бабтар
мҧ сылман әскерлерін басқарып, аталары Мҧ хаммед Ханафияның шаһид болған жеріне барып
Ислам дінін біржолата тҧ рақтандырып, ӛ здері де сол елде тҧ рақтап қалу ҥ шін VIII ғасырдың
басында келіп Орта Азияны қылыштай қақ жарып ӛ тіп, Қазақстан жеріне жетіп оңтҥ стік ӛ ңірде
тҧ ратын елге ислам дінін таратып, халқына тҥ гел мҧ сылмандықты қабылдатқанда бҧ л жердің бәрі
сол Мҧ хаммед Ханафияның батыр қолбасшы ҧ лдарының меншігіне берілген екен (Шежіреде
жазылған «Хиссасул Әнбия» кітабында)», – деген мәлімет келтіреді. Сонымен бірге автор ол жер
бӛ ліскен кездерінде тегі Халифалардың біріне баратын шын сейіттер мен қожаларға берілгендігін
айтады. Содан кейін басып алынған бҧ л оңтҥ стік ӛ ңірге Арабиядан дін таратып – Қҧ ран Кәрімді,
Хадисті, шариғатты ҥ йретіп, оқыту ҥ шін, оқыған ғалым, ҧ стаз, қаландарлар ағылып келген. Олар
негізінен арабтар болған, соңынан тҥ рік қыздарына ҥ йленіп бала-шағалы болып біржолата сіңіп
ақырында қалып қойған. Қазіргі кезде олардың барлығын да, жергілікті халықтар «сейіттер мен
қожалар» деп атайды. [21, 284 б.].
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жҧ маділов
«Прометей алауы» атты тарихи романында тҥ ріктектілердің исламды қабылдауына қатысты:
«Мҧ сылмандықты қабылдау тҥ рік жҧ ртының бағы болды. Бҧ ған дейін кӛ шпенділер Тәңірге,
яғни ӛ лі табиғатқа табынатын. Тәңір діні бір жҥ йеге тҥ спеген, қағидалар мен хадистер
жасалмаған, анайы тҥ сініктердің жиынтығы еді. Ислам дінінің кереметі Мҧ хаммед (с.ғ.с.) сан
тҥ рлі халықты Хақ жолына тҥ сіріп, рухани туыстыққа негіздеген адамдардың мҥ лде жаңа
қауымдастығын қалыптастырды», – деп жазады.
«Бақсайыс әулие» атты кітаптың қҧ растырушылары: «Қазақ халқы елдігін, ҧ лттық
бірлігін сақтап, тәуелсіз мемлекетке жетер жолда ӛ зінің бай тілін, дінін, мәдениеті мен әдет-
ғҧ рпын қызғыштай қорып, бҥ гінгі ҧ рпаққа сол кҥ йі жеткізе білді. Талай қыспақтан, бҧ ралаң
қиын-қыстау қиыншылықтан аман ӛ тті. Тар жол, тайғақ кешуде кӛ регендікпен жол таба білді.
Шашырап, шашылып кеткен халқының басын біріктіріп, ҧ лт болып қалыптасуда елдің
кемеңгерлері иманның, Исламның шынайы таза кҥ шін керемет пайдалана білді», - деп жазған.
[22, 34 б.].
Жоғарыда айтылған мәліметтерге қорыта айтқанда, қазіргі таңда жалпы «Қожа» деп
аталып жҥ рген ҥ лкен тайпа ӛ кілдері пайғамбарымыз Мҧ хаммедке (с.ғ.с.) туыстық
байланыспен баратын кісілер ҧ рпақтары, нақтырағы Хәзіреті Әлидің ҧ рпақтары. Олар
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сара жолы болып табылатын Ислам дінін уағыздау ҥ шін қазақ
топырағына қоныс тепкен. Келудегі мақсатының ӛ зі Ислам дінін насихаттау, яғни қазіргі
тілмен айтқанда миссионерлік. Оған қоса, ҧ шан-теңіз Ислам ілімін, тазалық пен ізгілік
жолдарын насихаттау, әдебиет пен мәдениетке бой тҥ зету. Осыған ҧ лы бабаларымыз Қорқыт
ата, Арыстан баб, Қожа Ахмет Иассауидің ӛ мір жолдары мен қалдырған мҧ ралары дәлел бола
алады.
Әлем жҧ ртшылығының беделді де абыройлы мҥ шесі тҥ ркілердің хақ дін Исламды
қабылдау тарихына жеңіл кӛ зқараспен қарауға болмайды. Орталық Азия халықтарының
Исламды қабылдауы тарихшылар бҧ рын-сонды жазған оқиғалардың ең маңыздылары
қатарында. Кеңес ҥ кіметі кезінде қазақ халқы Ислам діні, қожалар туралы шындықты айтудан
қаймығатын Кеңестік саясаттың әсерінен «қазақтар Ислам дінін ХV-XVI ғасырларда
қабылдаған, қожа атанып жҥ ргендер ислам дінін таратушы башқҧ рт, татар молдалардың
ҧ
рпақтары. Қожа атауы – қазақтан олжа жинаушы адам деген сӛ зден шыққан» - деген
сыңаржақ пікірлер қалыптасты. Бҧ л мағлҧ маттардың жалған екеніне, қазақтар ислам дінін VIII
ғасырдан
241
бастап қабылдай бастағанына жоғарыда жазылған деректер куәлік ете алады. Дегенмен де
қожалар қазақ халқының ӛ сіп ӛ ркендеуіне елеулі ҥ лес қосқанын ешкім жоққа шығара
алмайды.
Әдебиеттер
1.
Кәріпбеков Айтбай. Ислам және қожалар. Шежіре кітабы // Кәріпбеков Айтбай.
Ислам және Қазақстан, – Алматы: Айдана, 2009. – І бӛ лім.– 270-б. – 10-15 бб.
2.
Жанҧ зақ Ғизатов. Исламның Қазақстанда таралуы // Қазақ тарихы. – 2009. - №2.
– 17-
19 бб.
3.
«Тҥ ркістан» №51, 19.12.2002 ж.
4.
Новосельцев А. П. Хазарское государство и его роль в истории Восточной
Европы и Кавказа. М., 1990. (гл. 4.5)
5.
Қазақстан Ҧ лттық Энциклопедиясы // Араб-Хазар соғыстары. – Алматы, 1998. –
Т.1. –
407-б.
6.
Бҧ лытай М. Тҥ ркілер исламды қашан қабылдады? – Ислам әлемі №1, 2001
7.
Ислам: история, догматика и обрядность// Когда и как ислам распространился на
территории нашей страны? Сб.материалов. – Москва, 1997. –96-97 бб.
8.
Н. Ӛ серов, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғҧ рыптары. Алматы 1992 ж.
135-б.
9.
Ҧ
лы Пайғамбар және ҧ рпақтары / С. Қҧ рбанқожаҧ лы, А. Жолдасов, М.
Омартайҧ лы, Т. Жҥ нісов және т.б.; Жауап.ред. К. Жҥ ністегі, - Астана: Арай, 2007. – 312
б.
10.
Байбатша Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы. Егемен Қазақстан.15-қазан. 1997.
11.
Мырзахметҧ лы М. Ана тілі. 9.12.2004. – 11 б.
12.
Сейт-омар Саттарҧ лы. Аб ул-Жалил (Хорасан ата). – Алматы: РИИЦ-Азия,
2007. –
517б.
13.
Ислам: история, догматика и обрядность // Как возник и распространился
ислам? Сб.материалов. – Москва, 1997. – 92-95 бб.
14.
Қазақстан тарихы кӛ не заманнан бҥ гінге дейін (очерк) // Қазақстан орта
ғасырда. А.К. Ақышев, М.Х. Асылбеков, К.М. Байпақов, Ж.Қ. Қасымбаев, М.Қ. Қозыбаев
және т.б.; Жауап.ред. М.Қ. Қозыбаев, - Астана: Дәуір, 1994. – 445 б.
15.
Бҧ лҧ тай М. Тараз – ежелгі ислам мәдениеті орталығы. – Қазақ әдебиеті. 31-
қаңтар.
2003
16.
Қазақстан тарихы кӛ не заманнан бҥ гінге дейін (очерк) // Қазақстан орта
ғасырда. А.К. Ақышев, М.Х. Асылбеков, К.М. Байпақов, Ж.Қ. Қасымбаев, М.Қ. Қозыбаев
және т.б.; Жауап.ред. М.Қ. Қозыбаев, - Астана: Дәуір, 1994. – 445 б.
17.
Бартольд В.В. Двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии //
Соч.
1968. –Т.5. – 68-б.
18.
Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. –Москва. 1961 ж.
19.
Қазақ Ҧ лттық Энциклопедиясы, – Алматы, 2004. – Т.6. – 12-б.
20.
Жандарбек З. «Насаб-нама» нҧ сқалары және тҥ ркі тарихы. – Алматы: Дайк-
Пресс,
2002. – 168 б.;
21.
Ҥ
сенов Н. Қҧ райыштар және сейіттер мен қожалар. – Алматы: Ҥ ш Қиян, 2006.
– 432
б.
22.
Е.Тӛ реқожаев, М.Омартаев. Бақсайыс әулие. – Алматы: Тамыр, 2006. – 149-б.
Достарыңызбен бөлісу: |