МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ
БИОФИЗИКА
РЕФЕРАТ
«
ЭКГ – ні тіркеу және талдау
қағидалары
»
Орындаған: Барат Ақерке
Курс:1 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 102 Б
Қабылдаған: Оқытушы Актан Б. Р.
Алматы, 2021
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ
«
ЭКГ – ні тіркеу және талдау
қағидалары
»
ЖОСПАР
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Жүрек құрылысы.Электрокардиограмма
II. Электрокардиограмманы тіркеу
III. Электрокардиограмманы талдау
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ
КІРІСПЕ
Электрокардиография- жүректе пайда болатын биоэлектрлік құбылыстарды
тіркеу әдісі.Қозудың миокардтың аса көп жасушаларын қамтуы осы жасушалардың
бетінде теріс зарядтардың пайда болуын тудырады. Жүрек қуатты электр
генераторына айналады. Жоғары электрлік өткізгіштігі бар дене ұлпалары жүректің
электрлік потенциалын дене бетінен тіркеуге мүмкіндік береді. Жүректің электрлік
белсенділігін зерттеудің В. Эйтховен, А.Ф. Самойлов, Т.Льюис, В.Ф. Зеленин және
т.б. ұсынған осындай әдістемесі электрокардиография деген атқа ие болды, ал оның
көмегімен
тіркелетін
қисық
электрокардиограмма
(ЭКГ)
деп
аталады.
Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң
өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін
медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады.
Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық және минуттық көлемі
жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз - әр жиырылу кезінде
сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Систолалық
көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға байланысты.
Салыстырмалы тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық
көлемі шамамен 70—80 мл- ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде
артериялық жүйеге қанның 120—160 мл көлемі келіп түседі. Жүректің минуттық
көлемі дегеніміз – жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып
шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды.
Жүректің систолалық және минуттық көлемі қанайналымның барлық
аппаратының қызметін сипаттайды.Жүрек қызметінің сыртқы көріністерінің
(жоғарғы ұшының соққысы, жүрек тондары) берілген мәліметтері бойынша дәрігер
жүрек жұмысы туралы жорамалдай алады.
Осы берілгендерге жеке тоқталайық:
1. Жоғарғы ұшының соққысы.
Қарыншалар систоласы кезінде жүрек солдан оңға қарай бұрылып, айналмалы
қозғалыс жасайды. Жүректің ұшы (басы) көтеріліп, бесінші қабырғааралық аймақта
кеудені (қысады) басады. Систола кезінде жүрек өте тығыз болады, сол себепті
жүрек ұшының қабырғааралық аралықты қысуын көруге болады (көтерілуі,
быртыю). Жүректің жоғарғы ұшының соққысын анықтауға болады, сөйтіп оның
шекарасы мен күшін анықтауға болады.
2. Жүрек тондары- жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық
құбылыстар. Тонның екі түрі бар: систолалық және диастолалық.
Систолалық тон. Осы тонның пайда болуына негізінен атриовентрикулярлы
клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовентрикулярлы
клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген сіңір
жіпшелерінің тербелісі І- ші тонды береді. Сонымен қатар І- ші тонның пайда
1
Достарыңызбен бөлісу: |