Көп компонентті құрмалас
сөйлемдердің көлемі жөнінде
С Ә Р С Е К Ә С Е Л
Сөйлемнің көлемі лебізді құруға да, лебізді
қабылдап, түсінікке алуда да ықпалы бар.
Жай сөйлемде оның көлемін сөздің саны
қалыптастырады. Көп компонентті
құрмалас сөйлемнің көлемін оны
құрайтын жай сөйлем типтес
компоненттердің саны, қатысатын
сөздердің саны қалыптастырады.
Көпкомпонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық
компоненттерінің саны үш факторға бағынышты:
1.Адамның психикалық қабілетіне бағынышты.
2.Сөйлемнің коммуникативтік мақсатына
бағынышты
3.Сөйлемнің грамматикалық құрылысына
бағынышты
Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің көлеміне шек қоятын фак-
тор – адамның физиологиялық, психикалық қабілеті.
Психологтардың зерттеуіне қарағанда адамның күнделікті
тіршілікте көрінетін есте сақтау қабілеті 7±2 символға шақталған
(символ дегеніміз – сөз, зат, т.б.)
Психологтардың тағы бір айтатыны – қабылдауға, айтуға түсетін
сим- волдар синтаксистік конструкцияның грамматикалық
сипатына сай тұлға болып ілінеді.
Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер ауызекі
сөйлеу тілінде сирек кездескенімен, әдеби тілімізде жиі
кездеседі.
Мысалы: Үміт пен қатер безбенге түсіп, кейде
үміт кейде қатер басып, Әбіштер ауылына
жеткенше еңсе алмады. (М. Әуезов)
Мысалы: Алғашқы бір қағысулар осымен өтіп,
ойын арасында айтысқа тағы оралып келді,
Қуандық ән айтты, термеде тартты.
(М.Әуезов)
Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп
«бағыныңқы – басыңқы –басыңқы» тұлғалы
сыңарлардың мағыналық және интонациялық жағынан
тығыз байланыста болып, синтаксистік байланыстың
тәсіліне бағынған күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді
айтамыз. Бұл жерде ескеретін бір мәселе - аралас
құрмалас сөйлем мен көп басыңқылы сабақтас
құрмаластың ұқсастығы мен айырмашылы.
Мысалы: Бұлар түн ортасы ауа үйге келсе,
Балтабек ұйықтап қап, Айбала көйлек
жамап отыр екен. (Ж. Аймауытов)
Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің
басты ерекшелігі бір-бірімен ұласа байланысқан жай
сөйлемдердің соңғысынан басқасы тиянақсыз
тұлғада тұрады. Сабақтас құрмаластың
грамматикалық құрылымы өзіне тәндігімен
ерекшеленеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің
құрылымында компоненттердің қызметі
бағыныңқылық және басыңқылық сипатта болады.
Көп сыңарлы салалас сөйлемнің құрамындағы сыңарлар теңдік
қатынаста салаласа байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің
сабақтас құрмалас сөйлем функциясынан айырмашылығы
компоненттерінің (сыңарларының) бір-бірімен салыстырғанда
өзіндік қасиетімен көрінеді.
Мысалы: Оның дөңгелек көзі кірпігін қақпастан қадала қалатын
әдеті бар еді, бұл жолы ол тесіле қараған жоқ, Әбдірахманның
тұла бойын, жүзін шарлап қарады.(М. Әуезов)
Аралас құрмаластың құрамында кемінде үш компонент болады,
олар салаласу арқылы әрі сабақтасу арқылы байланысады. Аралас
құрмалас сөйлемнің көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнен
айырмашылығы сыңарлардың байланысу ерекшелігінде. Көп
басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқы компоненттері
бағыныңқы компонетпен жарыса байланысады. Аралас құрмалас
сөйлемнің құрамындағы сөйлемдер бір-бірімен сатылана
байланысады. Ерекшелігін осыдан байқауға болады.
Мысалы: Тап сол күні аң қатыдан шыққан жолаушылар Теректіден
үлкен бір селоның шетіне төніп келгенде, сіркіреп ақ жаңбыр жауып
өтті де, електің бетіндей бұжырланып, жол шаңы шөгіп қала берді.
(Қ.Е)
А.Байтұрсынов «Тіл тағылымы» Алматы, 1992 ж.
Қазақ грамматикасы Астана-2002 жыл.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» №5 2003 жыл.
Қазіргі қазақ тілі «Ана тілі» баспасы 1992 ж
1.
2.
3.
4.
Пайдаланған
әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |