КӘсіптік және техникалық білім беру жүйесінде оқушыларға сапалы білім берудегі озық педагогикалық технологиялардың тиімділігі



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі223,42 Kb.
#8205

 



КӘСІПТІК ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА САПАЛЫ 



БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Махметова А.С. 

Орал қ. 

 

Ақырын жүріп, анық бас,  



Еңбегің кетпес далаға.  

Ұстаздық еткен жалықпас,  

Үйретуден балаға.  

                                      Абай.  

ХХІ  ғасыр  –  ғылым  ғасыры.  Сондықтан  жас  ұрпаққа,  жас  буынға  жаңаша  білім  беру  жолында 

түбегейлі  өзгерістер  жүріп  жатыр.  Елбасымыздың  “Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  – 

Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері”  еңбегінде  2020  жылға  қарай  қалалық,  сол  секілді  кәсіптік  және 

техникалық білім беру жүйелерінде тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.  

Бүгінгі  ғылым  мен  техниканың  қарыштап  даму  заманында  мектепте  дәстүрлі  оқыту 

технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне 

кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан 

оқу-тәрбие  үрдісін  жандандырудың  қазіргі  педагогикалық  технологияларын  жетілдіріп,  оны  пән 

сабақтарын  оқытуда  тиімді  қолдану  арқылы  білім  сапасын  жоғарылату  үшін  басты  бағыт-бағдар 

берілуде.  

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер-бүгінгі  мектеп 

оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға 

жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу 

ғана  емес,  сондай-ақ  тарихи  танымдық,  педагогикалық-психологиялық  сауаттылық,  саяси 

экономикалық  білімділік  және  ақпараттық  сауаттылық  талап  етілуде.  Ол  заман  талабына  сай  білім 

беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың 

жаңа  технологиясын  шебер  меңгерген  жан  болғанда  ғана,  білігі  мен  білімі  жоғары  жетекші  тұлға 

ретінде ұлағатты саналады. 

Бүгінгі  күні  әлемдік  ақпараттық  білім  кеңістігінің  тиімді  жолы  -  білім  беру  саласын  толықтай 

ақпараттандыру.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру»  Заңында  білім  беру  жүйесін 

ақпараттандыру  осы  саладағы  мемлекеттік  саясат  негізінде  анықталып,  осы  жүйедегі  басты 

міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық 

моделінің  қалыптасуымен  және  Қазақстанның  білім  беру  жүйесін  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне 

кіріктірумен сипатталады. 

Ел  президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауында  өткен  ғасырдың  отызыншы  жылдарында 

сауатсыздықпен  күрес  жүргізілгендей,  компьютерлік  сауаттану  жөніндегі  ауқымды  іске  азаматтарды 

тарту  қажеттігі  айтылған  және  мемлекеттік  қызметке  жаңа  қызметкерлерді  қабылдау  кезінде 

компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс 

екендігі  атап  көрсетілген.  Осыған  байланысты  XXI  ғасырда  ақпараттанған  қоғам  қажеттілігін 

қанағаттандыру  үшін  білім  беру  саласында  төмендегідей  міндеттерді  шешу  көзделіп  отыр: 

компьютерлік  техниканы,  интернет,  компьютерлік  желі,  электронды  және  телекоммуникациялық 

құралдарды,  электронды  оқулықтарды  оқу  үрдісіне  тиімді  пайдалану  арқылы  білім  сапасын  көтеру. 

Электронды оқулықтың тиімді жағы өте көп. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Түрлі анықтамалық 



ақпараттар алады 

Көрнекілік, сурет, 

сызбалар компьютермен 

іске асырылады 



 

 



 

 

 



 

 

Ээ 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Білім беруде ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен 



талап  қояды.  Ол  мұғалімнің  өзін-өзі  дамуына,  өзіндік  білім  алуына  және  шығармашылықпен  жұмыс 

жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік 

кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. 

Қазіргі  таңда  жаңа  әлеуметтік  жағынан  қорғанған  адам-ол  технология  ауысуына  және  нарық 

талабына  сай  терең  білімді,  жан-жақты  адам.  ХХІ  ғасыр  ақпарат  ғасыры  болғандықтан  адамзатқа 

компьютерлік  сауаттылық  қажет.  Ал  бұл  сауаттылықтың  алғашқы  баспалдағы  мектептен  басталады. 

Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. 

Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  маңызы  зор. 

Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-

әрекетінде  дербес  компьютердің  құралдарын  қажетті  деңгейде  пайдалана  алатындай  жан-жақты  дара 

тұлға тәрбиелеу. 

Ақпараттық  технология-«information  technology»  -біріншіден:  обьектінің,  процестің  немесе 

құбылыстың  күйі туралы жаңа ақпарат алу  үшін мәліметтерді жинақтау,  өңдеу, жеткізу тәсілдері мен 

құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс. 

Екіншіден: ақпаратты өңдеу үшін пайдаланатын технологияның, элементтердің, құрылғылардың 

немесе әдістердің жиынтығы. 

Ақпаратты  жеткізу  әдістері  мен  механизмдерін  және  оларды  жазып,  жинақты  құрылғыларын 

қамтитын жалпы ұғым. 

Сонымен,  ақпараттық  технология  ұғымы:  өңделген,  жинақталған  ақпаратты  пайдаланушыға 

жинақы  түрде  жеткізу  әдістері,  құрылғыларын,  элементтерін  қамтитын  жиынтық.  Яғни,  ақпаратты 

бізге жинақты түрде жеткізу технологиясы болып табылады. 

Мемлекеттік  бағдарламада  оқу  үрдісіне  педагогикалық  және  ақпараттық  технологияларды 

кеңінен пайдалану-жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі делінген. 

Сонымен,  жаңа  ақпараттық  технологияның  басты  тиімділігі  –  бұл  мұғалімге  оқу  үрдісін 

түбегейлі 

өзгертуге, 

оқытудағы 

пәнаралық 

байланысты 

күшейте 


отырып, 

оқушылардың 

дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Қазіргі 

заманның  даму  қарқыны  мұғалімдерден  шығармашылығын  жаңаша,  ғылыми-зерттеу  бағытында 

құруды  талап  етеді.  Сондықтан,  ХХІ  ғасырдың  информатика  ғасыры,  яғни  ақпараттандыру 

технологиясы  дамыған  заманда  мемлекетіміздің  болашағы  –  жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  білім 



Электронды 

оқулық 

Оқушылардың 

өздігінен білім алуы 

Пәнге 


қызығушылығын 

арттырады 

Білім алудың 

шығармашылық 

сипаты 

Терең білім алуы 



Алған білімін өзі 

тексереді 

Табиғи құбылыс 

туралы бейне көрініс 

тамашалайды 

Білім-білік дағдылары 

қалыптасады 

Дидактикалық 

материаалды қолдану 

тиімділігі артады 

Тестік тапсырмалар 

шешеді 


Деңгейлік тапсырмалар 

орындайды 

Ойлау қабілетін 

дамытады 

Сарамандық 

тапсырмалар 

орындайды 


 

беріп,  жан-жақты  дамуына  ықпал  ету  мұғалімнен  шығармашылық  ізденісті,  үлкен  сұранысты  талап 



етеді.  

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын 

және  компьютерлік  оқыту  ісін  дамытатын  жалпы  заңдылықтардан  тарайтын  педагогикалық 

технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін [4].  



 

Әдебиеттер 

 

1.  А.Б.Айтбаева «Білім берудегі жаңа технологиялар» оқу құралы  



2.  «Білім технологиялары» журналының 2009 ж. №5, 19-24 беттер 

3.  С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова «Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың 

әдіс-тәсілдері» Алматы, 2008ж.  

4.  А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет