ДƏріс бейімбет Майлин (1894-1938)



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі102,43 Kb.
#8291

 

109

 

13-ДƏРІС 

Бейімбет

 Майлин (1894-1938). 

 

1. Шығармашылығы.  

2. Ақындық əлемі. 

    1)  Қазақ  əдебиетінің  жанрлық  дамуына  айрықша  үлес 

қосқан  дарындардың  бірегей  тұлғасы  Бейімбет  Майлин 

шығармашылығы  сан  қырлы  шеберлік  биігіндегі  болмыс-

бітімімен  ұлттық  сөз  өнеріндегі  өзіндік  мектеп  болып 

табылады. Бейімбет Майлиннің жаңа дəуірдегі қазақ кеңес 

əдебиетінің  негізін  салушы  ретіндегі  тұлғасы  жан-жақты 

зерттелгенімен, шығармашылығының алғашқы дəуірі жəне 

де  Алаш  қайраткерлерімен  рухани  сабақтастығы  енді-енді 

зерттелу  үстінде.  Біріншіден,  сөз  зергері  алғашқы  білімін 

атақты  «Ғалия»  медресесінде  алса  əрі  сонда  оқыған  қазақ 

шəкірттері  шығарған  қолжазба  «Садақ»  журналының 

белсенді  авторларының  бірі  болды.  Бұл  жерде  аталған 

медресе шəкірттері жəдитшілдік, миллəтшілдік ұстанымды 

басты  орынға  қойғаны  жəне  олардың  бəрі  ХХ  ғасыр 

басындағы  Алаш  идеясынан  нəр  алғанын  назардан  тыс 

қалдыруға  болмайды.  «Садақ»  журналында  жазушының 

қазақ прозасындағы лиризмнің хас үлгісі болып табылатын 

«Шұғаның  белгісі»  повесі  жарық  көрді.  Екіншіден, 

Б.Майлин  Алаш  қайраткерлерін  өзінің  рухани  ұстазы 

санап,  Алаш  қозғалыс  тұсында  Алаш  атты  əскерінің 

қатардағы  жауынгері  болды.  «Бұл  күнді  де  күн  бар  екен 

көретін» (1918) өлеңінде Алаш Орданың өмірге келуіндегі 

баршаның 

қуаныш 


шаттығын 

ақындық 


шабытпен 

жырлады.  «Құтты  болсын,  алаш,  ұлы  тілегің!  Көп  жыл 



жүріп  қолға  түскен  кеңдігің.  Атқа  мініп,  ұраныңды 

шақырып  Бірлік  үшін  басты  қосқан  елдігің  Зор  қуаныш 

төгілді  алтын  Ордаңа.Саф  азамат  бағылан  керек 

қорғауға,Елдің  жайын  ойлағандар  қамданар,Бомайды  ғой 

 

110

 

қамсыздарды  зорлауға,  Жұрттың  іші  жұрт  қозғалса 

гүлденер. 

Қызыл 



жасыл 

гүл 

бақшадай 

түр 

кірер.Алалықты  арадағы  жойдырып,Заман  келді  бірге 

тұрып,  бір  жүрер,Алаш  туын  желпілдетіп  қолға  алып, 

Мынау  жау  деп  қаймықпай  еш  қорғанып.  Үрім  -  бұтақ, 

нəсіл  -  нəсіл  бəріне,Кетіңдерші  бітпейтін  бір  жол  салып, 

Жұртты  сүйер  ерлер  шығып  қол  басы,  Саф  азамат 

бағылан  болып  жолдасы,  Жарық  сəуле  ендіретін  қазаққа. 

Мəңгі  жылдар  жасасын  Алаш  ордасы!».  Үшіншіден, 

Б.Майлиннің  «Айқап»,  «Қазақ»  басылымдарында  жарық 

көрген  шығармаларына  «ұлтшылдық»  сипат  дарытып, 

біржақты қарастырып келдік.  

Б.Майлин  –  қазақ  əдебиетіндегі  əңгіме  жанрының 

классигі.  

Жазушы    əңгімелері  тұтас  дəуірдің  болмыс-бітімін 

шынай суреттеуімен,  

ағымындағы  күрделі  өзгерістерді  адам  психологиясымен 

байланыста берудегі шыншылдығымен құнды.  «Бейімбент 

шындықты  бояламай,  жаңаның  бəріне  бас  шұлғи  бермей, 

реалист  жазушы  есебінде  өмірде  орын  алған  ұнамсыз 

құбылыстарды, 

халық 


үмітін 

алдауға 


құрылған 

шындықтың  көлеңкелі  жақтарын  өз  шығармаларында 

үнемі 

ашып 


көрсетіп 

отырды. 


Адам 

бойындағы 

қайшылықты  мінездер  мен  өмірдегі  жақсы-жаманның 

күресін  жіті  танып,  оның  диалектикалық  байланысын 

шебер  суреттей  алған  жазушы  реализмінің  күші  де 

осында»  (С.Қирабаев).  Бұл  ретте  жазушының  1920-30 

жылдардағы  қазақ  қасіретін,  яғни  аштық  трагедиясын, 

кеңес саясатындағы асыра бұрмалаушылықтарды ашудағы 

шығармаларына  ерекше  мəн  беруіміз  керек.  Ол  қазақ 

тарихындағы  «ақтаңдақтары»  жəне  де  сол  шындықты 

жазудағы  қаламгердің  азаматтық  ұстанымын  тануымызға 

əрі  Б.Майлинді  тек  қана  тап  жазушы  тұрғысында  бір 

жақты  қарастыруымыздағы  кейбір  қателіктерді  барынша 


 

111

 

əділ  түзетуімізге  мүмкіндік  береді.  Мəселен,  «Күлпаш», 

«Айт  күндері»,  «Естай  ауылы»,  «Иелі  ауру»,  «Аштық 

құрбаны»,  «Əже»  əңгімелері  Қазан  төңкерісінен  кейінгі 

қазақ  қоғамының  əлеуметтік  тыныс-тіршілігін  кеңестік 

саясаттағы    асыра  сілтеулермен  сабақтас  ел  тұрмысы, 

аштықтың  орын  алуы  шынайы  көрініс  тапқан.  Бір 

жылдары  айтқа  жиылған  тұтас  елді  қымызға  қандырып 

риза  еткен  Бəкеннің  əйелімен  аштықтан  өлуі  («Айт 

күндері»),  аштық  қысып,  жұқпалы  ауру  жайлаған 

Естайдың  ауылының  қонақтарына  айтқан  өлеңінде  де 

өлген  жігіт  мұңын  шертуі  («Естай  ауылы»),  отбасының 

аштыққа  ұшырап,  қызын  байға  тоқалдыққа  беру  («Аштық 

құрбаны»)  мұның  бəрі  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  қазақ 

даласының, қазақ қоғамының шындығы. «Б.Майлин əңгіме 

жанрының  арқауын  ширатып,  оны  қазақ  топырағында 

өзгеше  өрнекпен  дамытуға  да  үлкен  үлес  қосты.  Оның 

ауыл  тақырыбын,  ауыл  адамдарының  типтік  бейнелерін 

жасауға  арналған  «Сексен  сом»,  «Айранбай»,  «Сары  ала 

тон»,  «Қара  шелек»,  «Даудың  басы  –  Дайрабайдың  көк 

сиыры»,  «Арыстанбайдың  Мұқышы»  т.б.  əңгімелері  20-30 

жылдардағы  таңдаулы  қазақ  əңгімелері  қатарынан  орын 

алады» (Қ.Алпысбаев). 

Қаламгердің 

күштеп 

ұжымдастырудың 



ауыр 

зардаптарын, 

жаңа 

өкімет 


орнатудағы 

шолақ 


белсенділердің 

əпербақандығын 

шынайы 

ашудағы 


талантын  «Қалекеңнің  үйінде»,  «Жандыбай  Жындыбаев», 

«Даудың 


басы 

– 

Дайрабайдың 



көк 

сиыры», 


«Арыстанбайдың 

Мұқышы», 

«Сот 

алдында», 



«Əміржанның  əңгімесі»  т.б.  əңгімелері  айқын  танытады.  

Драматургиядағы  «Талтаңбайдың  тəртібі»,  «Көзілдірік» 

пьессалары  да  дəуір  шындығын  реалистік  тұрғыдан 

суреттеуімен 

əрі 

жаңашылдық 



дəстүрін 

қалыптастыруымен 

маңызды. 

Атап 


айтқанда, 

«Талтаңбайдың  тəртібі»  -  тұңғыш  сатиралық  пьесса. 



 

112

 

Жалпы  драматругия  шебері  Б.Майлиннің  «Неке  қияр», 

«Майдан», 

«Шаншар 


молда» 

сынды 


комедиялық 

шығармаларында  ескілік  қалдығы,  адам  бойындағы  кесір-

кесапат  əжуа  етілсе,  «Біздің  жігіттер»,  «Жалбыр», 

«Аманкелді»  пьессаларына  1916  жылғы  ұлт-азаттық 

қозғалыс,  жаңа  заман  орнатудағы  күрес  жолдары 

суреттеледі. 



2)Бейімбет  өз  туындыларымен  қазақ  əдебиетіне  жаңа 

типтегі  адамдар  бейнесін  сомдаған  жазушы.  «...Жаңа 

қоғамға керек жаңа адам көктен түспейді, бар адамды жаңа 

рухта  тəрбиелеу  керек.  Қателігін  өзіне  сабақ  ете  отырып, 

биік  адамдық  мұраттарға  бағыттау  қажет.  Бейімбет  осы 

жолды  ұсынады.  Оның  шығармаларындағы  жаңа  типті 

адамдардың  барлығы  күрес  үстінде  шынығып  өседі» 

(С.Қирабаев).  Бұл  ретте  «Азамат  Азаматыч»  романы, 

«Раушан  коммунист»,  «Күлтай  болыс»  повестері  соны 

көрсетеді.  Əдебиеттің  бар  жанрында  қала  тербеген 

дарынның 

поэзиясында 

жаңа 

замандағы 



жаңа 

лирикалық  кейіпкердің  мұрат-мақсаты,  арман-мүддесі 

жырланады.  «Гүлденсе  ауыл,  гүлденеміз  бəріміз, 

Ауыл  –  дене,  біз  қозғалтар  жанымыз»  деп  қыр 

қазағын,  дала  тынысын  жырлаған  ақын  аул  жыршысы 

болды. 


«Құтты 

болсың 


мейрамың», 

«Бүгін», 

«Мырқымбай»,  «Бер,  Мырқымба,  қолыңды»,  «Бөліс», 

«Мырқымбай  –  онжылдық  тойда»,  «Əй,  Мырқыбай», 

«Кедейге»,  «Кедейдің кейістігі»,  «Əйт-шуу, ала атым» 

т.б.  өлеңдерінде  енбек  адамының  бейнесі  сомдалды. 

Ақын  таптық  танымды  айқын  ұстанғанымен  де,  кедей 

мұңына  əлеуметтік  теңсіздік  тұрғысынан  үңіледі. 

«...Тап  тартысының  шиененіскен  күндерінде  Бейімбет 

бай-кедей  деген  ұғымдардың  бірін  қара,  бірін  ақ 

бояумен  бояп  көрсету  жолына  барған  жоқ.  Оның 

түсінігінде,  байдың  бəрі  жаман  емес,  кедейдің  бəрі 

жақсы  емес.  Олардың  бəрі  да  адам.  Адамның  жақсы-


 

113

 

жаманы 


болады» 

(С.Қирабаев). 

«Сенің 

зарың 


зарлайтыным  өмірде  Сенің  арың  арлайтыным  өмірге. 

Сен  не  көрсең,  мен  де  соны  көрмекпін,  Белді  буғам 

ауырға  да  жеңілге.  Сен  жыласаң  көзден  жасым 

тамшылар,  Сен  қуансаң,  қайғы-шерім  ашылар,  Айт 

өлеңлі  ен  дананы  күңірентіп,  Кеше  жүрген  қойшы-

қолаң, 


малшылар!» 

(«Кедейге»). 

«Рəзия 

қыз», 


«Қашқан  келіншек»,  «Өтірікке  бəйге»,  «Кемпірдің 

ертегісі», «Маржан», «Қанай» поэмаларына əлеуметтік 

теңсіздік, əйел тағдыры арқау болған.  

Тұтастай  алғанда,  қазақ  əдебиетінің  классигі 

Б.Майлин  өз  дəуірінің  жаршысы  бола  отырып,  сөз 

өнерінің  реалистік  сипатын,  көркемдік  болмысын 

еселеуге ерекше үлес қосқан қайталанбас талант иесі.  

 

 



     Дəріс бойынша сұрақтар: 

1)

 



Қазақ кеңес əдебиетінің негізін салушы. 

2)

 



Б.Майлин -  қазақ поэзиясындағы лиризмнің хас 

шебері. 


3)

 

Б.Майлин – қазақ əдебиетіндегі əңгіме 



жанрының классигі. 

4)

 



Тұңғыш сатиралық пьесасы. 

5)

 



Драматургия шебері. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

114

 

Негізгі

 əдебиеттер тізімі: 

1.

 



Нұртазин Т. Бейімбет Майлин творчествосы. – Алматы, 

1967. 


2.

 

Ордалиев С. Бейімбет Майлин творчествосы. – Алматы, 



1990. 

3.

 



Сарбалаев Б. Бейімбет Майлин. – Алматы, 1989. 

4.

 



Байменше С. Майлының Бейімбеті – Алматы, 2002. 

Қосымша

 əдебиеттер тізімі: 

1.

 



Қаратаев  М.  Нұртазин  Т.  Қирабаев  С.  Қазақ  совет 

əдебиеті. – Алматы, 1967. 

2.

 

Қазақ əдебиетінің тарихы. 3 т. 1 кітап. – Алматы, 1967. 



3.

 

Майлин Б. Бес томдық шығармалар жинағы.  – Алматы, 



1986-1988. 

4.

 



Базарбаев М. Замана тудырған əдебиет. – Алматы, 1997. 

 

 



 

 

 



                                                                                                                              


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет