103-топ
Абдихалилова Маржана
Саясаттану пәнінде не білдім,не үйрендім және қайда
қолданамын
Саясаттану пәні жалпы алғанда қоғаммен және
билікпен өте тығыз пән.Бұл пәнді оқу барысында білгенім
мен ой санама тоқығаным өте көп.Саясат бұл әр адам
үшін өмірімен тығыз жүйелердің бірі де бірегейі деп
білемін.Қазіргі таңда саясаттану пәні жоғарғы оқу
орындарында оқытылатыны бәрімізге белгілі.Біз мектеп
бітіріп кәмелет жасқа толғаннан кейін қоғамда өз орны
мен өз ой пікірі бар адам ретінде қалыптасамыз.Дәл сол
секілді саясаттану пәні де тек қана тұлға ретінде
қалыптасқан жандар үшін оқытылатын пән.Сол себепті
бұл пән ЖОО-да оқытылады деп санаймын.Саясаттану
пәнін оқи отыра мен қоғамдағы әрбір адамның ел
саясатына сонымен қатар қоғамда болып жатқан әр түрлі
оқиғалармен жәйттарға бей жай қарамау керек екендігін
ұғындым.Саясаттану адамдарға саяси қажеттіліктерін
мемлекет тарапында іске асырудың жолдары мен
әдістерін дұрыс таңдап алуға,демократиялық тәртіптерді
және қоғамдық институттарды қалыптастыруға
көмектесетін пән.Осы пәнді оқи отыра мен қазіргі қоғам
дамуындағы саяси мәселелердің мәнін түсіндім десемде
болады.Сонымен қатар саясаттану пәнінің маған өз саяси
санамды артыруда үлкен көмегі тиді. Саясаттану тек саяси
сипаттағы зерттеулерді негіздеумен шектелмейді, сонымен
қатар адамдардың өздері арасындағы өзара
әрекеттесу желісіне жауап береді, бұл әкімшіліктен гөрі
антропологиялық. Билік отбасыларда, достар тобында,
жұмыста немесе тіпті бейтаныс адамдар арасында болуы
мүмкін.Міне дәл осы тұрғыда саясаттану пәні
қоғаммен,адамдармен қарым қатынасты қалайша дұрыс
әрі ұтымды құрау керек екендігін көрсете білді десемде
болады.Саясаттану әрбір адам үшін аса керек
ғылымдардың бірі екендігі анық.Оның көмегі болмаса
зияны ешқашан болмайды.Өмір сүріп жүрген қоғамдағы
кез келген мәселелер мен түрлі оқиғалар бұның барлығы
тікелей саяси жайттар деп қарастыруға әбден негіз
бар.Саясаттану пәнінен түйген білімдерімді
болашақта,тіпті қазірдің өзінде көптеген салалар үшін
қолдана аламын.Мәселен адамдармен қарым қатынас
орнатуда,еліміздің саяси пробемаларына халықты
құраушы азаматша ретінде өз ой пікірімді
білдіруде,айналамдағы достарыммен дұрыс қарым
қатынаста болуда үлкен септігін тигізеді.Мен бұл пәнді
оқып білгенім үшін өте қатты қуанамын,себебі осы күнге
дейін білмеген ақпараттар мен саяси ой санамды кеңейте
алдым десемде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |