Философияның ҚЫСҚаша тарихы. Сократтан дерридаға дейін



Pdf көрінісі
Дата25.05.2023
өлшемі0,84 Mb.
#97421
Байланысты:
filosofiyany-ysasha-tarihy-sokrattan-derridaa-deyn 24 lecture



24-дәріс
Жак Деррида: нақты дүниені
деконструкциялау. 2-бөлім
4-тарау. Қазіргі философия
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҚЫСҚАША 
ТАРИХЫ.
СОКРАТТАН ДЕРРИДАҒА ДЕЙІН


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
4. Қазіргі философия
24. Жак Деррида: нақты дүниені деконструкциялау. 2-бөлім
2
Деррида – бүгінгі таңдағы әлемдегі ең қызықты да, пікірлері қайшылыққа толы тіл 
философы. Сондай-ақ, ол мән немесе мәтін философы. Кейбіреулер: «Деррида – өз заманының 
ұлы философы болды», – деп есептейді. Енді біреулер: «Адамдар оның ойларын түсінбегендіктен 
солай айтады», – деп мәлімдейді. Кітап сатушылар оның кітаптарын немесе ол туралы 
кітаптарды қай тұсқа қою керегін білмей дал болады: философиялық еңбектерге арналған 
сөреге ме, әлде әдеби сынға арналған қатарға ма? Ол өзінің бастапқыда кәсіби футболшы 
болғысы келгенін айтқан екен. Орасан зор түйсігінің арқасында ол идеяны жеткізетін тілдің 
сол идеяны қалай болғанда да өзгертетінін түсінді. Оның үстіне, Деррида кез келген мәтін 
оны зерттеудің белгілі бір кезеңінде өзі баяндап отырған ойға қарама-қарсы пайымдарды 
дәйектейді және бойына көптеген әртүрлі мәндерді тоғыстырады деген ойға келді. Кей адамдар 
Дерриданы шын мәнінде толық мағынадағы философ болған жоқ деседі. Ал енді біреулер 
ол бүкіл философиялық міндеттердің ішіндегі ең бастысын орындады – назарына іліккеннің 
бәріне сыни рухты енгізді деп тұжырымдайды.
Өмірі
Жак Деррида 1930 жылы 15 шілдеде Алжирде беделді еврей отбасында өмірге келген. 
Отбасында 3 бала болып, ата-анасы оны Жаки деп атаған. Бозбала күнінде кәсіпқой футболшы 
болғысы келген Деррида, кейінірек Руссо, Жид, Ницше, Валери, Камю шығармаларымен ша-
быттанып әдебиет пәнінің мұғалімі болғысы да келген.
Алжир елі ол кезде Францияның отары еді. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында ол 
Вишилік Францияның қол астында болды. Алжирде антисемиттік заңдар үстемдік еткендіктен, 
шыққан тегі еврей жас Дерриданың білім алуға мүмкіндігі болған жоқ.
Толық емес орта білімі бар Деррида 1949 жылы Францияға аттанып, Лион қаласындағы Ecole 
normale superieure-ге оқуға түседі де, философияны зерттеуге кіріседі. Оны Жан-Поль Сартрдың 
экзистенциалистік философиясы қанаттандырды. Ол ылғи да Кьеркегорды, Хайдеггерді және 
Джойсты бас алмай оқитын. 1957 жылы Деррида аgrеgation* оқытушы дәрежесін алды. Сол 
жылы ол Маргерит Окутюрьені өзіне жар етті. Философтың әскери қызметін өтеген кезі Алжир 
соғысымен тұспа-тұс келді. Алайда ол жауынгер емес, оқытушы еді. Біраз уақыттан кейін 
Дерриданы Ecole normale superieure-ге ассистент ретінде шақырды.
1960–1970 жылдар аралығында ол өзін постструктуралист ойшыл ретінде танытқан көп 
кітап жазып, мақалалар жариялады.
Оның алғашқы үш кітабы («Жазу және айырмашылық», «Дауыс және феномен», 
«Грамматология туралы») 1967 жылы жарияланды.
Алайда ол докторлық диссертациясын Сорбонна университетіне 1984 жылға дейін ұсынған 
жоқ. Деррида Берлин университетінде семинарлар өткізді. Оны өзі дәріс беретін Америкадағы 
Джон Хопкинс университетінде, ал кейінірек Ирвиндегі Калифорния университетінде жылы 
шыраймен қарсы алатын. Деррида, сондай-ақ, атақты College de France-те сабақ берді. Әйтсе 
де, Францияның университеттері Дерридаға сенімсіздік танытты. Кембридж университетінде де 
дәл осылай болды: Дерридаға құрметті «доктор» дәрежесін беру туралы ұсынысты 1992 жылы 
ғана дауысқа салды. 336 адамның 204-і жақтап дауыс бергендіктен, Деррида құрметті доктор 
ғылыми дәрежесін иеленді. Әлемдегі басқа университеттер философқа әлдеқайда ықыласты 
болды. Беделді газеттер мен журналдар Деррида туралы мақалаларды 1970 жылдардың 
басында жариялады. Оны әдебиет теориясы қызықтырды. Бірақ ол Филипп Соллерстің және 
«Tel Quel» журналының әдеби теорияшыларының көзқарастарымен келіспеді.
Философтың әйелінің Чехословакияда отбасылық байланыстары бар болатын. Осыған 
орай 1987 жылы Жак Деррида чех зиялыларының қудаланушы және диссидент өкілдеріне 
көмек көрсетуді көздейтін Ян Гус қауымдастығының негізін қалады. Конференцияны заңсыз 
өткізгені үшін философ Прага түрмесіне қамалды. Франция президенті Франсуа Миттеранның 
өзі араласқан соң ғана Дерриданы түрмеден босатты. Кейінірек оны Париждің шетіндегі Ля 
Вилетт ғылыми саябағы қызықтырды. Ол өзінің бірқатар еңбектерін сәулет өнеріне арнады. 
Сондай-ақ, Деррида басып алынған аймақтардағы Палестина зиялыларымен байланыста 
болды.


3
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
4. Қазіргі философия
24. Жак Деррида: нақты дүниені деконструкциялау. 2-бөлім
3
Оның философиясына феноменология мен психоанализ ерекше әсер етті.
Ең алғашқы ғылыми еңбегі де феноменолог Эдмунд Гуссерльдің «Геометрия бастамасын», 
өзі кіріспесін жазған тәржімалауға арналған еді.
1967 жылы Дерриданың атын асқақтатқан «Грамматология жайлы» және «Хат және айыр-
машылық», сондай-ақ, «Дауыс және феномен» атты еңбектері бірінен соң бірі жарық көрді. 
Оның философиялық позициясы постструктурализм аясында қалыптасқан болатын. Ол Клод 
Леви-Стросс пен Соссюрдің структурализмін ғылыми еместігі үшін сынады. Жак Дерриданың 
негізгі еңбектері – «Грамматология туралы», «Хат және айырмашылық», «Дауыс және феномен», 
«Философия алқабы» және т.б. еңбектері мен жүзден аса зерттеу мақалалары жарық көрді.
1992 жылы Деррида Францияның жоғары марапаты – Құрмет легионы орденімен ма-
рапатталды.
Ол 2004 жылы қайтыс болды.
Структурализм және постструктурализм
Структурализм – ХХ ғасырдың 60-жылдарында сәнге айналған философиялық және 
әдіснамалық дүниетаным. Бұл – тілді, қоғамды, сондай-ақ, әртүрлі суретшілер мен жазу-
шылардың еңбектерін зерттеу әдісі. Структурализмнің мәні – нақты дүние нәрселерден емес, 
байланыстардан тұрады деп қарастыру. Бұл бағыт бойынша, біз қоршаған дүниенің объектісін 
көргенде, сезгенде, иіскегенде ол туралы ақпарат аламыз, яғни оны қабылдаймыз.
Ақпараттың алынуына нақты дүниенің өз ішіндегі қым-қуыт байланыстарды бірыңғай 
жүйеге, қандай да бір байланыстардың тұтас жиынтығына жинауы себеп болып отырған жоқ – 
ол байланыстарды адамдар көбінесе білмейді де, аңғармайды да.
Бұл дүниетанымның негізі – швейцариялық лингвист, бұрын синхрондық деп аталған 
лингвистиканы диахрондық ғылым етіп өзгерткен Фердинанд де Соссюрдің еңбектері. Соссюр 
ғалымдар өздерінің назарын тілдің тарихи даму процесін зерттеуге емес, оның элементтері, 
ішкі құрамдас бөліктері белгілі бір уақытта қалайша бірігіп, тілдің қызмет істеуіне мүмкіндік 
беретінін зерттеуге аударуы тиіс деп есептеді. Ол өзінің көлемді дәрістерін 1907 жылдан 
1911 жылға дейінгі аралықта оқыды. Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы тіл білімі курсы» ол 
қайтыс болғаннан кейін, 1916 жылы жарық көрді. Бұл кітап автордың дәріс оқуы барысында 
студенттердің түртіп алған жазбаларынан құрастырылды.
Структурализм біздің дүниені қабылдауымыз барлық объектілердің бинарлық, жұптық 
категорияларға бөлінуіне негізделеді деп тұжырымдайды. Мысалы: жақсы/жаман, піскен/
шикі, ақиқат/жалған, ер/әйел, ақ/қара, дерек/қиял, табиғи/жасанды және т.б. Структурализм 
заттардың мәні немесе бастапқы себебі саналатын құрылымды талдайды. Ол тарихты 
зерттеудің қажеттігін жоққа шығарып, негізгі назарын нақты объектілердің құрылымдарына 
шоғырландырады.
Деррида бұл дүниетанымға қарсы шықты. Оның ойынша мәтінде қатып қалған тұрақты мән-
мағына жоқ, шығарманың мәңгілік өзгермейтін ақырғы мәні деген нәрсе өмір сүрмейді. Себебі 
құрылымда өзек жоқ. Құрылым қашанда тұрақсыз болады, ол көптеген айырмашылықтардан 
тұрады. Құрылымдық өзгешелік өзгеріске түсетіндіктен, құрылым да өзгеріп отырады және 
өзінің тұрақсыздығы мен ашықтығын үздіксіз паш етумен болады. Структурализмнен бет 
бұрғандықтан, деконструкциялауды кейде постструктуралистік тәсіл деп атайды.
Фердинанд де Соссюр тілді таңбалар жүйесі деп есептейді және оны таңбалардың кез 
келген жүйесімен қатар қойып, солармен барабар деп қарайды. Тіл тек коммуникативтік құрал 
емес, сонымен бірге, адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі, өйткені мәдениет таңба, 
белгіден тысқары, яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық 
әлем қоршаған, өйткені адам болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс. Адам бір мезгілде 
таңбаны тудырушы да, оны талдаушы да және оны пайдаланушы да болып табылады.
Тілдің таңбалық табиғаты мәселе ретінде көтерілгенде сөздің лексикалық мағынасын аттап 
өту мүмкін емес. Сөздің екі жағы бар. Фердинанд де Соссюрдың терминологиясы бойынша, оның 
бірі таңбалаушы, екіншісі таңбаланушы. Жалпы, лингвистикада дәстүрлі түрде белгіні (таңбаны) 
белгілеуші (таңбалаушы – означающее) мен белгіленуші (таңбаланушы – означаемое) бірлігі 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
4. Қазіргі философия
24. Жак Деррида: нақты дүниені деконструкциялау. 2-бөлім
4
ретінде анықтап келген болатын. Фердинанд де Соссюр белгіні екі беті бар қағаз парағымен 
салыстыра қарастырған. Қағаздың бір беті – белгілеуші, ал екінші беті – белгіленуші болып 
елестетілмек. Таңбалаушы – сыртқы жақ, ол – дыбыстар тіркесінен тұратын сөздің дыбыстық 
жамылғышы, ал таңбаланушы – ішкі жақ, ол – мағына, мазмұн, ұғым. Соссюр, осы екі ұғымды 
мәнге қатысты ғылымдардың барлығы үшін қажетті деп біледі. Сондай-ақ, ол, тілді белгілер 
жүйесі деп санайды, әрбір белгінің екі жағы бар – білдіруші, белгілеуші және білінуші, белгіленуші 
деп есептейді. Осыны басқашалап айтар болсақ, тілдік белгі өз құрамына дыбыстық бейнені 
(белгілеушіні) және де мән-мағынаны (белгіленушіні) енгізді. Бұдан көретініміз тіл дегеніміз –
форма, кез келген мазмұнды сипаттаушы құрал болып шығады.
Осы екі элементтің – таңбалаушы мен таңбаланушы бірін басым деп қарастыру, нақтылай 
кетсек, таңбаланушыны – яғни мән-мағынаны алғашқы, негізгі, басым деген эпитеттермен 
байланыстыру өздігінен түсінікті болады. Міне, осы айтылған дүние дәстүрлі лингвистиканың 
– метафизикалық элементі болмақ. Сонымен, белгіленуші мән-мағынамен, болмыспен тікелей 
байланысты деп, есептелінеді. Соның нәтижесінде, тіл – ойдың қосалқы құралы, ал жазылған 
хат – ауызекі сөзді, жеткізу құралы болып, екінші реттегі ұғымдар санатында көлеңкеде қалып 
қойған. Бұлардың барлығы: тіл – ойдың, ал хат – тілдің құралы деген сатылы бағыныштылыққа 
сүйенген көзқарастар, дәстүрлі фоноцентристік лингвистика және орталықтандырылған 
метафизика үшін дағдылы түсініктер еді.
Осы фонологоцентристік метафизикаға күмән келтірген Жак Деррида, оған деконструкция 
әдісін қолдана отырып, философиялық-лингвистикалық талдау жасайды. Деконструкция 
– Дерриданың грамматологиялық стратегиясының негізгі тәсілі. Ол дегеніміз – таңбадағы 
белгіленушінің іргелі негіз екендігін жоққа шығару. Деррида белгіленушіні симулякр ретінде 
танытады.
Тарихи лингвистика жазудың дамуын пиктографиялық жазудан иероглифтік жазуға және 
одан әрі қарай әліпбилік және алгебралық белгілік, формальданған жазуға қарай қозғалуы 
деп қарастырады. Философия бұл қозғалыста – жазудың үнемделуін өзгертетін, сондай-ақ, 
иероглифтік жазуды десакрализациялап, таңбалаушыны таңбаланушының пайдасына жоюға 
ұмтылатын іс-әрекеттің атауы. Пиктография мен алгебра араларында жазу, философия, ғылым, 
білім тарихтары қанат жаятын екі полюс, демек, тарихтың өзі. Жазудың тарихы сондықтан 
жазу тәрізді тарих, тарихтың тұғырнамасы жазумен тығыз байланысты. Осылайша, тілдің 
фонетизациясы барлық батыстық мәдениеттің ғылымның, діннің, философияның, саясаттың, 
экономиканың, техниканың, құқықтың, өнердің қалыптасуымен тығыз байланысты. Бірақ егер 
Деррида тек осыны ғана бекітсе, ол, бәлкім тамаша структуралист болар еді, тек структурализмнің 
ауқымынан шықпас еді. Оның тұғырнамасының өзіндік ерекшелігі де осында, яғни мәдениеттің 
мұндай графикалық талдауы грамматология деп атайтын жазу тұғырнамасының тек шарты ғана 
болып табылады. Міне, сондықтан да оның тұғырнамасын постструктурализмге жатқызады. 
Ал Деррида өзінің тұғырнамасын деконструкция деп атайды.
Антикадан жеткен дәстүр
Батыс мәдениеті Сократтан бастап, христиандық орта ғасырды бастан өткеріп, бүгінгі күнге 
жеткенше логоцентризм мен фоноцентризм қағидасы бойынша дамыған.
Платонның айтуы бойынша, идея мен логос бір нәрсе. Идея дегеніміз – рухтың үн қатпауы, 
рухтың өз-өзімен үнсіз сөйлесуі болса, ал үн қатқаны – логос болмақ. Платон адамның ақылды 
субъект екенін белгілеп қана қоймай, сөйлеудің логостық алғышарты туралы да айтты – сөйлеу 
логикаға бағынуы керек.
Антикалық заманнан бастап гректер өз ұлты қолданған грек тілін бірден-бір «үйлесімді» 
тіл деп есептеп, ал грекше сөйлемейтін халықтарды «жабайылар» мағынасындағы варварлар 
дегені мәлім.
Варвар сөзі «сөйлемейтін», «шүлдірлеп сөйлейтіндер» деген мағынаны да білдірген. 
Христиан діні пайда болған кезде антикалық мәдениет ықпалын пайдаланып, Исаның шәкірті 
Иоанн жазған «Иоанн інжілінде» былай деп бастайды: «Алғашында логос болды, логос тәңірімен 
біртұтастанды, логос дегеніміз – тәңірі». Мұндағы логос айту және ақиқат мағынасында, яғни 
бір мағынада Тәңірінің ақиқаты, енді бір мағынада Тәңірінің сөзі.


5
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
4. Қазіргі философия
24. Жак Деррида: нақты дүниені деконструкциялау. 2-бөлім
5
Гректер ақылға сай келетін идея мен логос бір нәрсе деп қарады. Бұл рационалды, логикалы 
ерекшелікке ие грек мәдениеті болып дамыды.
Ал, Қытай философиясындағы Дао ұғымы да дәл осындай мағына береді. Ол әлемнің ең 
арғы мәні, ең алғашқы бастама, табиғи заңы деген сөз.
Дегенмен қытайлық Даоның Еуропалық Логос сөзінен айырмашылығы, Дао бәрін білмейді, 
яғни ол саналы емес, демек ол сөз айтпайды, тек орындатады. Әсіресе Еуропа мәдениетінің 
бір тамыры болған ежелгі Еврей мәдениетінің ерекшелігі бойынша Логос бәрін білетін және 
сөйлейтін нәрсе. Әрине, бұл түрдегі ойжеліден діни мәдениет басталған.
Логоцентристік көзқарас
Логоцентризм мен фоноцентризм бір нәрсенің екі жағы іспетті. Логоцентризм дегеніміз логос 
негіз етілген идея. Логос сөзін ең алғаш ежелгі грек ойшылы Гераклит қолданған, ол: «Логосты 
білсең бәрін білесің», «Тіпті, Зевс те логосқа бағынады» деген секілді көптеген нақыл сөздер 
қалтырған. Бұл сөздің әдетте ақыл, логика, сөз, ақиқат, тектілік қатарлы мағыналары бар. Яғни, 
«әлемде бір логостық негіз бар, барлық нәрсе содан бастау алады, бәрі соған бағынады, соны 
тану бәрін тану болады, соның заңы барша заңның негізі» деген идея логоцентризмнің бастау 
ойжелісі есептеледі.
Ал, фоноцентризм дегеніміз үн – ақиқат пен мәнді паш ете алады, логостық ақиқат пен мән-
мағына үн арқылы ғана жарқырап көрінеді, үн – көрсеткі, ал ақиқат пен мән – көрсетілгі, үн кез 
келген нәрсенің ішкі логостық мәнін толық бейнелеп, жариялай алады деген ойжеліге саяды. 
Дерриданың айтуынша, фоноцентризм бойынша «үннің негізі сонда, ол логостық идея ретінде 
ішкі жағынан мәнмен байланысады, ол мәнді жарататын, мәнді қабылдайтын, мәнді айтатын, 
мәнді құрылымдайтын нәрсемен жақындыққа ие». Сондай-ақ: «логоцентризм дегеніміз де 
фоноцентризм, яғни онда тіл мен болмыс, олардың мәні, үн мен мәнділік арманы бірлікке ие». 
Логоцентризм «заттың болмысы мәлім майданды белгілейді, майданда өзін көрсетеді» дегенді 
жақтайды.
Деррида Батыс өркениетінің ұлы ойшылдарының бүкіл еңбектерінде бұрмаланған ағат пікір, 
сыңаржақтық бар екеніне сенімді болды. Оны жазба сөзді емес, ауызша сөзді жоғары қоюдан 
көреміз. Жазба сөздің бұл түрін Деррида «логоцентрлік» деп атады және оған «деконструкция» 
жасау қажет деп тұжырымдады.
Нақтырақ айтсақ, логоцентризм – идеяны бейнелейтін дұрыс сөзді таңдағанда ғана осы 
идеяның мәніне жете аламыз дегенді білдіреді. Сөйлеген кезде біз идеяның мәнінен бір қадам 
алшақтағандай боламыз. Жазатын болсақ – екі қадамға. Сөйлеу әрдайым жазудан артығырақ 
деп саналады, өйткені, біз сөйлегенде идеялардың шынайы мағынасына жақынырақпыз. 
Өзгермейтін, тұрақты мәнге ие идеялардың адам ақыл-ойының көмегімен ғана таныла 
алатыны сөзсіз. Мұндай түсініктерді Деррида теріске шығарды. Сонымен қатар, айқындыққа 
ұмтылыс Батыстың интеллектуалдық өмірі мен ойын қатаң жаулап алды деп санады. Сенімді 
түрде анық деп танылмайтынның бәрі теріске шығарылып, кейде олардың қатарына поэзия, 
этика және мистика жатқызылды. Мұндай көзқарас – логоцентризм тираниясының бір бөлігі 
деп тұжырымдалды. Дерриданың айтуынша, Сократ философияның ойлау мен адамдардың 
арасындағы көзбе-көз кездесулерде туындайтынын алға тарта отырып, ойларын жазудан 
бас тартты; осы себептен де Платон еңбектерін диалог түрінде жазды. Аристотель адамның 
зердесіндегі ойлардың нақты дүниедегі заттармен тікелей байланысты екенін айтты.
Сөйлеу – адамның өз сұхбаттасының идеясынан алыстағанының белгісі; жазу – адамның 
ойдан бұрынғыдан бетер алыстап, заттарға тікелей бет бұрғанының белгісі. Дінбасылар 
мен хатшылар өз биліктеріне қарапайым адамдардың есебінен ие болды. Өйткені олар 
жазудың көмегімен заңдарды, жазбалар мен тілді қадағалады. Осылайша олар ашық 
өтірікке, жалғандыққа дейін жетті. Кейінгі замандардағы ойшылдар оқу мен жазуды үйрету 
– бостандыққа жету формасы, өз тағдырын басқаруды өз қолына алу тәсілі деп пайымдады. 
Қазіргі адамдар бір нәрсені білдіретін сөз жоқ болса, демек, ол нәрсе мүлде жоқ деп санайды. 
Сөз – зат қандай болса, дәл сондай түрде қабылдау үшін қажет құрал. Тілді меңгеру – затты 
қадағалау деген сөз. Бұдан бөлек, логоцентризм бинарлы қарама-қарсылықтардың біреуін 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
4. Қазіргі философия
24. Жак Деррида: нақты дүниені деконструкциялау. 2-бөлім
6
жоғарырақ қоюға тырысты: жарық – қараңғылықтан, дерек – қиялға қарағанда маңызды, 
пісірілген – шикіден, ер – әйелден, капиталист – жұмысшыдан жоғары.
Біз ауызша сөзді жазбашаға қарағанда маңыздырақ еткен сайын логоцентризм көрініс 
табады. Сөйлеу – адамның бар екенінің белгісі. Біз сұхбаттастарымызға әлдене айтқанда, 
олар жанымызда отырады. Ал жазу – болмаудың, жоқтықтың бейнесі. Сұхбаттастарымыз 
қашықта болғандықтан, біз оларға хат жазамыз. Хатта сөздердің көбі жасырылып, түсіп 
қалады. Логоцентризм сондай сөздердің көпшілігі нақты заттардың өздері емес, көшірмелері 
деп тұжырымдайды. Деррида адамның қатыстығы теориясына қарсы шығып, өзінің сынын 
сөйлеудің жазуға қарағанда басымдыққа ие екені туралы түсінікке негіздеді. Бұл жерде ол 
ешқандай айтулы тарихи мәлімдеме жасаған жоқ; алғашқы қауымдық бабаларымыз жазуды 
сөйлеуден бұрын үйренді демеді. Ол тілдің екі формасы да – символдар, белгілер екенін айтты. 
Оның пікірінше, бұл формалар ішінара қатыспауды және ішінара қатысуды білдіреді, яғни 
олар салыстырмалы сипатта. Мысқылдап отырып, ол жазуды екінші деп қынжыла сынаушы 
адамдардың бәрі өз сындарын жазбаша түрде жеткізетінін атап көрсетті.
Деррида сөйлеудің жазудан басымдығын терістегенде қандай да бір абсолюттілік ұғымын 
сынады. Сөйлеу де, жазу да – белгілер. Олар пайдалы, себебі, оларды қайта-қайта қолдануға 
болады; біз ақиқат, бастапқы қатысуға немесе мағынаға ешқашан жақындамаймыз, яғни тіл – 
жартылай қатысу және жартылай қатыспау деп қорытындылауға болады.
Дифферанс
Структуралистік лингвистиканың аясында мағына белгілердің арасында айырмашылықтар 
туындағандықтан пайда болады. Егер досым маған «жамбасым ауырып тұр» десе, мен 
олардың сөздерінің мағынасын түсінемін, себебі, «жамбас» және «бас» сөздерінің арасындағы 
айырмашылықты назарға аламын. Мен мағынаны тікелей аңғармаймын, мен ықтимал бай-
ланыстар жиынтығының арасындағы айырмашылықтарды анықтаймын. Деррида «мағына 
бірден ұғынылмайды; оны түсіну ылғи да баяу» деп тұжырымдады. Бірақ біз олардың аясында 
ешқандай бинарлы – жұп – шешімдер қабылдай алмайтын жағдайға тап болсақ, мәселелерді 
шешу мүмкін болмайды және қолданыстағы бүкіл тәртіп бұзылады. Ойлаудың осындай ретін 
бұзып, санада хаос орнату қорқынышты фильмдерде жиі кездеседі; олар біздің бинарлы 
логикамызға сәйкес келмейтін жағдайларда қолданады. Франкенштейн солардың бір ғана 
мысалы: ол – не адам, не машина, не жануар емес. Ойлаудың бинарлық тәртібін қалпына 
келтіргенде, тыныштық қайта оралады. Ал егер қандай да бір жағдайлардың нәтижесінде осы 
бинарлық тәртіпті қайтадан қалпына келтіруге мүмкін болмаса ше? Мәселенің шешілмейтіні 
қалыпты болса ше? Деррида шешілмейтін дүние іс жүзінде Батыстың философиялық 
дәстүрінің бір элементіне айналғанын, бірақ осы дәстүрдің өзі бұл негізгі фактіні мойындаудан 
бас тартып отырғанын тұжырымдады. Батыс философиялық дәстүрінде жақсы немесе жаман 
мағынада түсіндіруге болатын көптеген түсініксіз, көпмағыналы сөздер көп. Мәтіндер көбіне 
екіұшты және дәл емес, бұл бинарлық мағыналық жұптан бір категорияны шығарып тастайды. 
Мысалы, ағылшын тілінде «drug» сөзі емдеу, заңға томпақ балағат және тіпті есірткінің мәжбүрлі 
жетіспеушілігін бейнелеу үшін қолданылады. Оның пікірінше, жазу структуралистік қарама-
қарсылықтарды бұзатын қасиетке ие.
Сөздердің бірмағыналы болуы, әрине, мүмкін емес. Олар ешқашан ешбір өзгеріске 
ұшырамайтын, тұрақты, бірмағыналы бола алмайды. Мысалы, ағылшын тіліндегі «реn» сөзі 
жазуға арналған құралды, аққудың аналығын және үй жануарларына арналған кішігірім 
қораны білдіреді; АҚШ-та бұл сөз «penitentiary» (түрме) сөзінің қысқартылған нұсқасы ретінде 
қолданылады; Кариб аралдарында бұл сөз плантация дегенді, сондай-ақ, суасты қайықтарының 
жабық тұрақтарына арналған докты білдіруі мүмкін.
Бұл сөздің мағынасын біз нақты мән-жайларды негізге ала отырып түсінеміз. Алайда 
кейбір тілдік айырмашылықтардың нәзіктігі сондай, біз оларды байқамастан, бірінен екіншісіне 
ойша секіреміз. Мәселен: кез келген заттың түпкілікті мақсаты – кемелдікке жету. Өлім – 
өмірдің түпкілікті мақсаты, демек, өлім – өмірдің кемелдігі. Бұл жағдайда «түпкілікті мақсат» 


7
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
4. Қазіргі философия
24. Жак Деррида: нақты дүниені деконструкциялау. 2-бөлім
7
сөзі «міндет» деген мағынада, сондай-ақ, «соңғы оқиға» мағынасында қолданылады. Сірә, 
жоғарыда келтірілген болжам біз екі түрлі мағынаны байқамаған жағдайда ғана дәлелденсе 
керек. Екі түрлі мағынаның арасындағы айырмашылықты көргенімізде, бұл болжамның 
мағынасы жоқ. Сондай-ақ метафоралық мағыналар бар. Метафоралық мағына – дәлмедәл 
мағына дегенмен мүлде бірдей емес. Айталық, бір адам «жас өспірімдерге кеңістік қажет» 
деді дейік. Бұл әр жасөспірімнің өз ісімен айналысар бөлек бөлмесі болуы қажеттігін білдіруі 
мүмкін. Сондай-ақ бұл сөйлем жасөспірімдерге өз идеяларын іске асыруы, шығармашылық 
машықтарын дамытуы үшін еркіндік қажет дегенді және қателіктер жасау үшін кеңістік керек 
екенін білдіруі де ғажап емес. Жоғарыда аталған барлық мысалдар қазір айқындалды. Бірақ 
күнделікті өмірде бізді сансыз тілдік шатасулар қоршап тұрғандықтан, біз мұндай «секірістерді» 
байқамаймыз да.
Деррида тіл мәселелерінің шешілмеуінің базистік негізі бар екенін атап өтті; бұл жағдай 
ішінара тілдік бұрмалаудан көрініс табады. Түпкі мағынаға біз ешқашан жете алмаймыз. Ол 
барлық тілдік белгісіздіктерді «деконструкциялап», бүкіл тіл жүйесінің жұмыс істеу процесіне 
тән шешілмес қасиетін анықтады. Оның еңбектері бізге көпке мәлім академиялық мағынадағы 
дәлелдер ұсынбайды. Ғалымның ойлары – Платонның, Гуссерльдің және Фердинанд де 
Соссюрдің мәтіндерінде жай ғана саяхаттап жүреді. Бұл ретте Жак Дерриданы шешілмес 
түйіннің өзі емес, мәтіннің ішкі айқындылығы әлсіз көрінген жерлері қызықтырды. Ол Батыстың 
рационалистік метафизикасының негізін дәл осылай бұзуға болады деп тұжырымдады.
Тіл қоғамның игілігіне айналғанда, оны ауызша және жазбаша баяндау үшін қолданатын 
адамдар тілді бақылау мүмкіндігінен айырылып қалды. Мысалы, жаңа кітап, роман, кино 
немесе ән жарыққа шыққан бойда сыншылардың оларды қалай лайықты бағалайтыны немесе 
бағаламайтыны, талданатыны немесе дұрыс түсінбейтіні туралы ойлап көріңізші. Ақыр соңында 
біз Дерриданың өзі ойлап тапқан «дифферанс» ұғымына да келіп жеттік. Француз тілінде 
«difference» деген сөз бар. Ол айырмашылықты, ұқсамауды білдіреді. «Differant» есімшесіне 
негіз болатын «differer» етістігі – кейінге қалдыру немесе әлдебір нәрсеге кедергі келтіру 
дегенді білдіреді. Осы екі сөзден Деррида «differаnce» терминін жасады. Бұл термин қарастыру 
пәнінен шығарып тасталған барлық мағыналарды бейнелеу үшін жасалды. «Difference» және 
«Differance» сөздерінің айтылуы бірдей. Олардың арасындағы айырмашылықты жазу аясында 
ғана байқай аласыз. Жаңа сөз жаңа идеяны білдірмейді; ол шешілместік ұғымын тағы бір рет 
еске салады. Тіл, ой және мағына бізге енді тұрақсыз, көпмәнді болып көрінеді. Бұл бізді сөзсіз 
оларға сенім артуға бола ма деген сұрақ қоюға мәжбүрлейді. Мағынаға қатысты соңғы шешімді 
кейінге ығыстыруға тура келеді – деп тұжырымдайды Дерек Джонстон.
Жазу және қайталану
Көпшілігімізде бірнеше мағынаға ие сөзді немесе сөйлемді қарапайым қолдану дағдысы 
бар. Біз сөздің мағынасын оның контексінен ұғуға тырысамыз. Алайда контекст ылғи осы 
мағынаны бере ме? Мысалы, заңдар белгілі бір контекспен беріледі. Бірақ олардың бір жиын-
тығымен берілген заң бір де бір заң шығарушы елестете алмаған мүлдем басқа жағдайда 
қолданылуы тиіс болғанда не болуы мүмкін? 
Деррида бұл жағдайда жазуды қайталану ретінде – кейбір айырмашылықтарға жол бере 
отырып қайталану қабілеті ретінде қарастырады. Хат әрқашан автордың ғана емес, хат жол-
данған адамның да шектелген еркін білдіреді. Солардан кейін осы жазылғанды өзіне ар-
налмаған үшінші тарап көбіне басқаша оқып, мәтіннен бұрынғыдан өзге мағына табады.
Мысал келтірейік: Гомер және «Илиада». Гомер бұл күнде жойылған өркениеттің зағип 
ақыны болатын. Поэмадағы дұрыс және бұрыс идеялар жауынгерлер табының батырлығы 
туралы түсініктерге байланысты. Бұл поэма мереке күндері, қатысушылардың көпшілігі оқи 
да, жаза да алмайтын той-думандар кезінде оқылды, дәлірек айтсақ, елге дауыстап оқып 
берілді немесе жырланды. Қазір бұл туынды көп жағдайда классикалық білім алған және 
зиялы қауымға жататын адамдардан тұратын табынушылардың шағын орталарында ғана 
оқылады. Олардың бәрі үйлерге, автомобильдерге ие және қазіргі уақыттағы кез келген әскери 
іс-әрекеттер ғаламат соғысқа және адамзаттың толық жойылуына әкеліп соғатынын түсінеді.


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
4. Қазіргі философия
24. Жак Деррида: нақты дүниені деконструкциялау. 2-бөлім
8
Поэманы әркім әртүрлі оқиды: біреулер соғыстың басталу себебі экономикалық жағдайдан 
болды дейді, басқалары соғыстың ақиқат себебі – Еленаның басын айналдыру, ісі алға басқан 
бәсекелеске шабуыл жасап, оның байлығын алудың нақты алғышарты болды деп түсінеді. 
«Әйелді иелену» ұғымын жек көретін феминист әйелдер бұл туындыны басқаша оқиды. Жалпы, 
«Илиада» жиырма бірінші ғасырда дәл б.д.д. 800 жылдағыдай оқыла ала ма? – деп сұрақ қояды 
Дерек Джонстон.
Сөйлеу және жазу
Дерриданың пікірінше, логоцентризм мен фоноцентризм ақиқат пен мәннің бар болуына 
сенім артып, ақылмен сөйлейтін тұлға образын жасауға тырысты, адамды ақылды жан деп 
есептеп, ақыл арқылы оның іс-әрекетін, таңдау мүмкіндігін шектеу амалын жасады. Бұл 
жамандықтан сақтану, адамның бұзылуын болдырмау үшін деп түсіндірілді. Оның ойынша 
батыстың бұл метафизикасы ойдан құрастырылған жасанды нәрсе, сондықтан дәстүрлі 
мәдениетке деконструкциялау әдісін қолданып, оның бойындағы тым ақылды сандырақтарды 
сығып алып тастау керек.
Батыстық логоцентризм мен фоноцентризмнің маңызды бір рөлі – бәріне біртұтас 
болып келетін түбегейлі ақиқатты тауып шығару, біртұтас ақылды меңгерген ғажайып тұлға 
образын сомдау болды. Бірақ бұл өмірдегі әрбір жеке адам бостандығының тоналуына алып 
барады. Дерриданың деконструкциялау тәсілі жазуды сөйлеудің орнына бастыру, өзгешелікті 
біртұтастықтың орнына ауыстыру амалы болатын. Батыстық мәдениет фоноцентризм әсерінде 
«сөйлеу жазудан маңызды, сөз бен ақиқат бір нәрсе, сөйлеу ақиқатқа жеткізеді және мәнді өмір 
сүргізеді» деп есептеуді негіздік ұстаным еткен. Батыс ойшылдары жазуға күдікпен қарады.
Олар жазуды мағынаның Меннен бөгделенуі деп түсінді. Мәннің өзгешеленуінің ең маңызды 
бір белгісі – жазушы болмаған және жазушы қайтыс болған кезде де жазылған мәтін жалғасты 
сақтала береді. Бұрынғыларға ол бір түрлі құбылыс секілденіп көрінген. Мысалы, Платон 
жазуды қылмыс деген. Оның ойынша, бейне жазу таңбалары «заңсыз бала» секілді өз әкесі 
болған жазушыны тастап кетеді, ал сөйлеу «заңды бала» секілді, ол қашанда сөйлеушіден екі елі 
ажырамайды. Платон сөйлеуді «Рухта қашалған парасатты сөздер», «тірі сөз» деп атады және 
жазылған сөздерді соның бір түрлі елесі ғана деп түсінді. Деррида жазу сөзінің бұлдырлығына, 
көп мағыналылығына және өзгешелігіне сөйлеудің анықтығы мен біртұтастығын қарсы қойды. 
Жазу сөзі жазушыдан бөлініп дербестенсе де, ол кез келген уақытта оқуға болатын, мағынасына 
талдау жасап, жаңа мағына қосуға болатын нәрсеге айналады, бұл жазудың шексіз өзгеше 
мағынада түсінуге болатын жүйе ретінде өмір сүру үшін жаратылғанын көрсетеді деп есептеді.
Әдебиет – деконструкцияның нағыз жүрегі
Деррида әдеби талпыныстар біртұтас болуы тиіс деп пайымдады. Ол автордың әр 
кітабының жазылуы барысында тіл құдды жаңадан жасалғандай болады – жаңа сөздермен 
және терминдермен жаңартылады деп есептеді. Мәселен, оның әртүрлі жазушылардың 
шығармаларын оқуы ақынға тілмен күресуші, шығарманы жасандылыққа ұрындырып, 
бастапқы мағынасынан айырушы тұлға ретінде қызығуына байланысты болды. Бірақ бұл 
оқу тілдің ішінде не болып жатқаны туралы теориялық бейнелеуге де ұласты. Дерриданың 
түсінігінде тіл елеске ұқсайды. Ол үнемі қайталанып отырады; өзін әр жағдайда әртүрлі 
көрсетеді. Ақындар, жазушылар, драматургтер әлденеше рет тілдің құдіретінің ықпалында 
болды. Олар тілмен тікелей байланыста болып, өздері де оған талай әсерін тигізді.
Деррида «мәтін» ұғымын қайта қарады. Ол: «Мәтін дегеніміз – нақты дүние объектісінің 
тілімен сипатталған мәннің – материялылықтың шегіне дейін қандай түрде де тарыла алмайтын 
іздер», – деген қорытындыға келді. Оның орнына, біз осы мәтін туралы жаңа түсініктің көмегімен 
ғана мәтіннен тысқары шыға аламыз. Дерриданың «мәтіннен тыс ештеңе жоқ» деген сөзінің 
мағынасы да дәл осы жерде көрінеді.


9
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін
4. Қазіргі философия
24. Жак Деррида: нақты дүниені деконструкциялау. 2-бөлім
9
Ол «қолтаңбаның» үш түрін атап көрсету қажет деп ұйғарды: 1. Автордың мұқабадағы 
есімі. 2. Автордың жазу мәнері, мәтіннің ерекше қасиеттері: сөз орамының ырғағы, ұзындығы, 
автордың сөздік қоры. 3. Бірақ қолтаңба қолданысқа ену үшін туынды виртуалды оқырманға 
сеніп тапсырылуы тиіс. Ол енді осы хабарламаны алып, қабылдауға және «қол қоюға» жауапты 
болады.
Деррида және дін
Дінді қарастыра отырып, Деррида бинарлық қарама-қарсылықтарға байланысты емес 
бастапқы нүктенің болуы тиістігін атап көрсетеді: бір жағынан – дін, ал екінші жағынан – ақыл-
ой және Маркс, Ницше, Фрейдтің дінді сынауы. Ол дін мен ақыл-ойдың бір бастаудан – жауап 
ұғымынан тарайтынына сенімді болды.
Ақыл әрдайым сенімнің маңызын жоққа шығаруға ұмтылады. Сенім әрқашан адам үшін 
тартымды, өйткені ол өмір сүруге ұмтылдырады, сонымен қатар, өлімге де итермелейді. Ол 
әулиелікті мақұлдайды. Барлық діндарды дінде жалпыға бірдей құрбандық ұғымының болуына 
байланысты жасалған зұлымдық туралы ойлануға шақырады. «Құдай» атауына байланысты 
қиындық, әсіресе «Құдай – біз бола алмайтын нәрсе: Құдай – Өзге» дегенде туындайды. 
Деррида Өзге идеясын Құдайдың Мұсаға күймесгүл оқиғасы кезінде айтқан: «Мен – қандай 
болсам, сондаймын» деген сөзінен алды. Тіл бізге дейін және біздің қатысуымызсыз пайда 
болды. Теологтар Құдайдың еңбегін дәл осы жерде еске салады. Мұндай тіл «теологиялық 
қалыптасу» ұғымына байланысты. Дін – «Құдай» терминінің адамның пайымдауларында 
қолданыла бастауының, тіл ұшына орала кетуінің дәлелі. Тіл туралы айтып, одан тысқары 
ештеңе жоқ деген кезімізде, біз теологияға енеміз. Деррида Құдайды да, дінді де тұрақты 
тұжырымдамалар деп санаған жоқ және көп жағдайда дін ұғымын қолданудан аулақ болуға 
тырысқан сияқты; оның теологияға қатысты ұстанымын анықтау оңай емес. Алайда Деррида 
қанша дегенмен деконструктивті ойлау мен негативті ойлаудың немесе апофатикалық 
теологияның жақындығын сезінді.
Апофатикалық теология – түсіну мүмкін емес Құдайды сипаттайтын бұ дүние 
категорияларының шеңберінің сыртына назар салу тәсілі. Тек сенім түнегінде, интеллектуалдық 
және сезімдік түйсіктер жалаңаштанғанда ғана адамның жаны Құдайға жақындауға қабілетті. 
Via negativa («терістеу арқылы») құдіретті мән, шындығында, адамдар оған таңып жүрген 
қасиеттерге ие емес екені туралы мәлімдеменің арқасында адамды Құдайды ақиқат түсінуге 
жақындатады. Бұл – мистицизмнің бір түрі.
Екінші жағынан, Деррида негативті теология өзінің аксиомаларына деконструкция қарсылық 
білдіруі тиіс көзқараспен байланысты деген пікірді ұстанды. Деррида – дүниеде құдіреттің бар 
екенін танып-білген адам емес, яғни мистик емес. Бірақ мистицизм тастап кетуді, жатсынуды 
және қараусыздықты ұғыну туралы да көрсетеді. Деррида өзі атеист бола отырып, еврейлердің 
мұрасынан Құдайдан «қабылданған» білімді адамның ұғынуының жарқын көрінісін байқады. 
Оның пікірінше, Құдайдан берілген білімдерді тану үрдісі, бейнелеп айтқанда, іріктеу, артықты 
алып тастау, түсіндіру, қайта өңдеу, бұрмалау деген рәсімдерді мақұлдады. Осы іс-әрекеттер 
дұрыс, сонымен қатар, трансгрессивті, яғни адамның белгілі, рұқсат етілген шектен асуды 
білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет