«Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары үшін мамандандырылған мектепке қабылдауға өтінім беру жөніндегі Нұсқаулық Құрметті «Мың бала»



Pdf көрінісі
Дата02.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#98039
Байланысты:
kz-instruction



«Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары үшін
мамандандырылған мектепке қабылдауға
өтінім беру жөніндегі Нұсқаулық 
Құрметті «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының жеңімпазы (бұдан әрі – Олимпиада), 
дарынды балаларға арналған мектепке қабылдануға өтінім беру үшін мына сілтеме 
бойынша олимпиада сайтына өту қажет:  
https://1000bala.elbasyacademy.kz
 
➢ Олимпиада сайтында авторизациялану үшін профильдегі «Кіру» батырмасын 
басыңыз және «Ұялы телефон» жолына тіркеу кезінде көрсетілген телефон нөмірін 
енгізіңіз. Бұдан әрі «Пайдаланушыны таңдаңыз» өрісінде өз атыңызды (аты-
жөніңізді) таңдаңыз. Содан кейін «Құпиясөз» өрісіне құпиясөзді енгізіңіз. 
➢ Жеке кабинетте «Мектептер тізімі» қосымша бетіне өту қажет, онда сіз дарынды 
балаларға арналған мектептердің толық тізімімен танысып, оқуға түсуге өтінім бере 
аласыз. 


➢ Өзіңізге қажетті мектепті тапқыңыз келсе, «Мектеп бойынша іздеу» кеңейтілген 
сүзгіге жүгіне аласыз: облыс бойынша, оқыту тілі бойынша, мектепте интернаттың 
болуы бойынша. 
➢ «Мектептер бойынша іздеу» сүзгісін пайдалану үшін мектептің атын жазып, 
«Қолдану» батырмасын басу қажет 
➢ Аймақ бойынша іздеу үшін «Аймақ» өрісін басыңыз және көрсетілген тізімнен өз 
аймағыңызды таңдап, «Қолдану» түймесін басыңыз 


➢ 
Оқу тілі бойынша іздеу үшін қажетті тілді таңдап, «Қолдану» батырмасын басыңыз
➢ Интернаты бар мектептерді іздеу үшін «Интернат» сүзгісін қосып, «Қолдану» 
батырмасын басыңыз 
➢ Барлық сүзгілер мен іздеу нәтижелерін қалпына келтіру үшін «Сүзгіні тазарту» 
түймесін басыңыз 


➢ 
Мектеп туралы толық ақпаратты көру үшін «Толығырақ» түймесін басыңыз
➢ Таңдалған мектепке өтінім беру үшін «Өтінім беру» батырмасын басу керек 


➢ Мектепке
қабылдауға өтінім беру нысанында барлық міндетті жолдарды толтыру 
(*белгіленген) керек, дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімді растап, «Жіберу» 
батырмасын басыңыз. 
Өтінімді жібергеннен кейін Сіз «Өтінім сәтті жіберілді» хабарламасын көресіз


➢ «Берілген өтінімдер» қойындысында сіз мектепке оқуға түсуге өтініш берген 
мектепті көре аласыз. Берілген өтінімді «Өтінімді қайтарып алу» батырмасын басу 
арқылы жібермеуге болады, содан кейін сіз өзіңіздің оқу тіліңіз бойынша бос 
орындары бар басқа мектепке өтініш бере аласыз. 
➢ Өтінімді жою әрекетін жоюға болмайды. Егер сіз өтінімді қайтарып алғыңыз келсе, 
«Иә» түймесін басыңыз. Егер сіз өтінімді қайтарғыңыз келмесе, «Жоқ» түймесін 
басыңыз. 
Егер сіз техникалық себептер бойынша олимпиаданың сайтында мектепке қабылдау 
туралы өтініш бере алмасаңыз, 
1000@elbasyacademy.kz
электрондық поштасына 
жазыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет