№ 1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
ACCESS 2010 МҚБЖ қолдану арқылы мәліметтер қорын құру
Жұмыстың мақсаты: MS ACCESS МҚБЖ ортасында мәліметтер
қорын құрудың практикалық дағдыларын меңгеру.
Құрылғы: компьютерлік сынып
Бағдарлама қамтама: MS Access 2010 МҚБЖ
Қысқаша теориялық мәліметтер
Microsoft Access мәліметтер қоры – бұл белгілі бір міндетке жата-
тын және аяқталған жүйені ұсынатын мәліметтер мен объектілердің
(яғни формалар, есептер және т.б.) жиынтығы. Access мәліметтер
қорын кестелер, сұраныстар, формалар, есептер, кіру беттері, макро-
стар мен модульдер құрайды. Сонымен қатар, Access қосымшасы басқа
объектілерді, яғни мәліметтер қорының байланыстарын, қасиеттерін
және импорт және экспорт сипаттамасын құрайды.
Кесте – мәліметтер жазбалар (қатарлар) мен өрістер (бағандар)
түрінде сақталатын мәліметтер қорының объектісі. Реляциялық
мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі құрылымдық элементі
болып табылады.
Сұраныс – берілген талаптарды қанағаттандыратын (сондай-ақ
бірнеше кестелерден тұратын), кестелерде сақталатын мәліметтерді
іздеу мен шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мәліметтердің
қорының объектісі.
Форма – бір немесе бірнеше кестелерде мәліметтерді қарауға,
енгізуге және түрлендіруге арналған пайдаланушылық интерфейстің
элементі болып табылатын мәліметтер қорының объектісі.
Есеп – пайдаланушының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған
және форматталған мәліметтерді баспаға шығаруға және талдауға
арналған мәліметтер қорының объектісі.
Макрос – есептерді автоматтандыру үшін қолданылатын макроко-
манда немесе макрокомандалардың жиыны.
Модуль – барлық қосымшада қолданылатын ішкі бағдарламалар
мен функциялар кітапханасын құруға мүмкіндік беретін мәліметтер
қорының объектісі. Модульдердің кодын қолдана отырып, енгізу
қателігін өңдеу, айнымалыларды хабарлау мен қолдану, циклдарды
ұйымдастыру және т.б. сияқты есептерді шешуге болады.
1-
кестеде Microsoft Office Access 2010 қосымшасында қарастырылған
мәліметтер типтерінің тізімі, әрбір типтегі мәліметтерді сақтауға
қажетті орынның өлшемі туралы мәліметтер мен оларды қолдану
нұсқаулары көрсетілген. Сонымен қатар, Office Access 2010 мәліметтер
қорындағы файлдың максималды өлшемі 2 гигабайтты құрайтынын
есте ұстау қажет.
1-кесте
MS Access мәліметтердің типтері
Достарыңызбен бөлісу: |