«педагог мәртебесі туралы» Қазақстан республикасы заңының ТҰжырымдама жобасы заң жобасының атауы – «Педагог мәртебесі»



бет1/6
Дата31.12.2021
өлшемі43,29 Kb.
#22429
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Педагог мәртебесі туралы



«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМА ЖОБАСЫ

1. Заң жобасының атауы – «Педагог мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының Заңы
2. Заңныңжобасын әзірлеуқажеттілігінің негіздемесі

Заң жобасының тұжырымдамасы 2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы шеңберінде әзірленді, онда келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын».Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалауға тиіс».   

Педагогтардың жағдайының жыл сайынғы жақсаруына қарамастан, білікті кадрлардың жұмыстан кетуіне және оларды жұмыста ұстап қалуға әлі де ықпал ете алмай отырғандықтан, аталған себептерге байланысты педагогтардың жағдайын түбегейлі түзету үшін жеке Заң жобасы қажет. Республика тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында да педагог мамандығы үздік мектеп түлектерінің арасында әлі де аса қажеттілікке ие болмай отыр. Осылайша 2018 жылы 140 мүмкін баллдан педагогикалық мамандықтарға грантқа оқуға түсу үшін орташа балл - 78-84 баллды құрады (мамандықтар арасында аса төмен балл). Бұдан басқа, білім алушылардың көбі (70-80%) педагогикалық мамандыққа аса төмен 50 баллмен ақылы негізде оқуға түседі.

Жоғары білімді жас маманның жалақысы: мектепке дейінгі білім ұйымдарында - 54 мың теңге, орта білім ұйымдарында – 60 мың теңгені құрайды.

Орын алып отырған жағдай жыл сайын мамандық таңдаған кезде педагог мамандығын дұрыс таңдамауға, кадрлардың ЖОО оқыған кезде (шамамен 35%), және оны аяқтаған кезде сол саладан кетуіне әкеп соғады. Кадрлардың ағымы нәтижесіндемемлекеттік білім беру тапсырысын айтарлықтай ұлғайтуға қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, ағылшын тілі мен арнайы мамандықтар (арнайы педагогтар, музыка және т.б.) тапшылығы орын алған.

Педагогикалық мамандықтың феминизациялану дәрежесі жоғары. Мысалы, Қазақстанның орта білім беру саласында әйелдердің үлесі орта халықаралық мәннен 10% жоғары, (69% қарсы 80,3%).

Кәсіпке қанағаттану және оларды ұстап қалу сақталған оларға тән емес функциялардың айтарлықтай көлеміне, тосын тексерулер, педагог автономиясының жеткіліксіз болуы, педагогтың құқықтық қорғалуының арнайы тәртібінің болмауы, ай сайынғы тиісті төлемақы деңгейіне қол жеткізу үшін жоғары педагогикалық жүктемеалуға мәжбүр және шектен тыс психоэмоционалдық жүктеме, көптеген кепілдіктер мен жеңілдіктердің декларативтік сипатытеріс әсер етеді.

Ұсынылып отырған Заң жобасы педагог мәртбесін жоғарлатуға бағытталған, оған құқық пен кепілдіктерді, академиялық бостандықтарты, педагогикалық және ғылыми шығармашылықты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік, қоғамды қолдауды жүзеге асыру және білім беру ұйымының меншік нысанына, типтері мен түрлеріне қарамастан оларды тану кіреді.



Аталған міндеттерді шешу педагогты құқықтық қорғаудың жеке санатына бөлуді болжайтын жүйелі тәсілді талап етеді.

Қазірг таңда педагог мәртебесі:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен;

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен;

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен;

«Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен;

«Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығымен;

«Педагог» кәсіби стандартын бекіту туралы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығымен және басқа құқықтық актілермен реттеледі.

Қолда бар нормативтік құқықтық базаның болуына қарамастан педагог мәртебесі заңнама дегейінде жеткіліксіз реттелген, қоғамның сұранысына және заманауи талаптарға жауап бере алмағандықтан, білім беру ұйымының меншік нысанына қарамастан педагогтың кәсіби және әлеуметтік мәртебесін толық және нақты айқындауды талап етіледі.

Педагогикалық қызметтің мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары қазіргі уақыттаолардың мазмұндық жинақталуын нақтыламай айқындалады. Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сүйейене отырып, «Білім туралы» Заңдағы нормалар құқықтық жағдай жасауға бейімделген, білім беру саласында мемлекеттік саясат қағидаттарын барынша нақты сақтауды, мақсаттарға қол жеткізу мен міндетррді толық көлемде шешуді жүзеге асыратын міндетті көзделген кепілдіктерді болжайтын салалық түсіндіру қағидаларын толық ұстамайды.

Әр мақсатқа сәйкес міндеттер де көзделген. Ұсынылып отырған құрылымдалған мақсаттар мен міндеттер олардың түсінігі мен педагогикалық қызмет саласында, атап айтқанда, тұтастай педагогтың қарым-қатынас субъектілерінің қолдануын айқындайды.

Құқықтық қорғау педагог мүддесін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершіліктің болуымен айқындалады. Атап айтқанда:



  • педагогтың оның кәсіби қызметіне жатпайтын функцияларды орындауы;

  • педагогтың кәсіби міндетіне жатпайтын түрлі есеп берулер мен

мәліметтерді ұсынуды заңсыз талап ету;

  • педагогтың кәсіби қызметіне негізсіз араласу және/немесе оның кәсіби

қызметін іске асыруға кедергі жасау;

- педагогтың ары мен қадыр-қасиетін кемсітпеу;

- педагогтардың еңбекақысынан заңсыз ақша жинау, оның ішінде оқу

процесін қамтамасыз ету үшін товарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу үшін педагогты мәжбүрлеу.

Қолданыстағы заңнамада педагогтардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғау көзделген,олжалпы сипаттау тиімділігі жеткіліксіз болып табылады. Қазіргі формализммен декларативтілікті жою үшін жобада «Білім туралы» Заңның тиісті ережелерін жеке баптар ретінде жазу ұсынылды:

–  кәсіби қызметтегі педагогтардың құқығы;

– кәсіби қызметтегі педагогтардың міндеттері;

– білім беру процесінің барлық қатысушыларының заңды жауапкешілігі.

Заң жобасы:


  • педагог қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен қолайлы еңбекпен

қамтамасыз ету құқығына кепілдік беруді;

  • жергілікті артқарушы органдармен педагогтардың балаларына

тұрғылықты мекен-жайы бойынша кезектен тыс балабақшадан орын

беруді;


үшін құрметті атақ, марапаттарға педагогтың құқығын;

  • оқытушылық қызметте үздіксіз 30 жыл өтілі бар (еңбек сіңірген

жылдар), лайықты зейнетақыман қамтамасыз ету үшін бекітілген зейнет жасына жетпей зейнетке шығу құқығын беруді;

  • жергілікті атқарушы органдармен белгіленген (мерекелік күндерге,

біржолғы сыйақы, жергілікті марапат белгілері және құрмет атақтары) педагогтардың еңбектерін қосмыша материалдық көтермелеу шараларын;

  • ғылыми дәрежесі бар педагогтарға сараланған қосымша үстемеақы

төлеуді;

-педагог қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолайлы тетіктерін іске асыру нормаларын (қызметтік тұрғын үймен, жатақханамен, тұрғын үй лизингі);

- тұрғын үй және коммуналдық қызмет төлемі бойынша әлеуметтік қолдау шараларын, жергілікті атқарушы органдармен бектіліген көлемде жер телімдерін беруді қамтиды.

Қос педагогикалық мамандықтары бар бейінді мамандарды қайта даярлауды енгізу (мамандыққа «жанама тарту») педагогтардың сапалық құрамын жақсарту және мамандарға қажеттілік мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Қолданыстағы заңнамада педагогтің міндеттерін, тыйымдарын, шектеулерін және жауакершілігін талдау жалпы сілтемелі болып табылады және ведомстволық актілер ережелерінде негізделеді. Нормативтік материалдарды осылай орналастыру құқықтық қатынастарды бейберекет, жүйесіз реттеуге жағдай туығызады.

Аморфтылықты алып тастау және тиісті ұйғарымдарды одан әрі жинақтау үшін бірыңғай актіде, жобада мыналар:

– педагогтің кәсіби қызметтегі міндеттері туралы;

– педагогикалық қызмет саласындағы шектеулер мен тыйымдар туралы;

– педагогтің заңды жауапкершілігі туралы нормаларды дербес регламенттеу ұсынылады.

Бұл ретте тыйымдарды мүлтіксіз сақтау жалпы қоғамдық қатынастарда, оның ішінде білім беру саласындағы қатынастарда тұрақтылықты сақтауға бағдарланған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет