Педагогика Жоспары: - 1.Пеагогикалық идеялар, көзқарастарды анықтау
- 2.Педагогикалық еңбектерге мазмұндық сипаттама беру
- 3.Пндагогикалық еңбектердің ерекшеліктері
Мақсаты:
Педагогикаға өздерінің үлестерін қосқан ағартушылардың еңбектеріндегі педагогикалық идеяларды көрсету
Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды арман етті.
Шоқан қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда «нағыз шынайы білімдер» ұясы болатындай мектеп түрлерін ұйымдастыруды талап етті. «Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді», - деді ол.
ХІХ ғ.60-жылдарындағы Ресейде қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың, орыс педагогикасының озық идеялары Шоқанның ағартушылық көзқарасына тікелей ықпал етті. Шоқан арнайы педагогикалық еңбектер жазбаса да, оның қоғамдық және ғылыми еңбектері ағартушылық сиптта болды. Ол білімі мен мәдениеті озық елдерден үлгі -өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын, мәдениетінен үйренуге шақырды.
Шоқан мемлекеттік жауапты істермен айналыса жүріп, халықты оқу-ағарту ісіне шақыруды үнемі есінде берік сақтаған. Халықтың келешегі тек оқу-ағарту, мәдениет ісімен байланысты деп қараған.
Ы. Алтынсариннің шығармашылығы философия, тарих, педагогика ғылымдары тұрғысынан талданды. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесі. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары демократияшыл ағартушылық ой-пікірлер мен алдыңғы қатарлы орыс мектебінің тәжірибесі негізінде қалыптасты.
Ы. Алтынсариннің педагогикалық жүйесінде Қазақстан жағдайында алғаш рет жалпы педагогика, дидактика және методика слаласының аса маңызды ғылыми принциптері қолданыла бастады: оқытудың көрнекілігі, тәжірибе мен бақылау, оқытудың белгілі мақсатқа құрылуы, класс жұмыстары мен кластан тыс жұмыстардың түрлері жүзеге асырылды. Ол оқыту әдісін өз түйгенінше, орыс мектебінің озық үлгісіне неіздеп құруды ойластырды. Мектеп оқушыларына арнап оқу құралдарын, программалар, нұсқау хаттар жазды. Мектеп кітапханаларының физикалық, химиялық, астрономиялық құралдарымен жабдықталуына, оқушылардың түрлі ғылым мен өнер саласындағы жаңалықтарды біліп отыруына үлкен мән берді.
Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық түрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
Ол оқу-ағарту саласындағы таптық, ұлттық және мүліктік шектеулерге қарсы шығып, оқытудың ана тілінде жүргізілуіне баса назар аударды. Сонымен қатар: «Орысша оқу керек... өнер де, ғылым да - бәрі орыста... Сен оның тілін білсең, көкірек- көзің ашылады», - деп, орыс тілін үйренуге де ерекше мән берді. «Балаңа қатын әперме, - дейді ақын замандастарына, - енші берме, барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет». Абай Отыз сегізінші сөзінде ғылымды әл- Фарабидің үлгісімен сала-салаға бөліп, ұстаздарға ғылым негізін жоспарлы және жүйелі түрде балаға түсінігіне ұғымды, қызықты, тартымды етіп оқытуға, білімді өмір талабымен ұштастыра білуге кеңес береді.
Тұлғаның рухани дамуыңдагы музыканың шешуші ролі жайлы айта келе Әл-Фараби (870-950) өз пікірін дәлелдеуде халықтардың көп ғасырлық тәжірибесін есепке алады. "Музыка жайлы трактатта" ("Музыканың үлкен кітабынан" үзінді) ол былай деп жазды: "Біреулер әнді өзіне жағымды сезінулер туғызу, дем алу, шаршағанды, уақыттың өзі жайлы ұмыту үшін айтты. Басқалары ішкі сезімінің сол не өзге жағдайын орнықтыру немесе тарату, өзгертуге тырысты. Болмаса құмарлықты түтандыру не басуға пайдаланды. Ең соңында, үшіншілері әнді өзінің өлендеріне мәнерлілік беру, сондай-ақ тындаушы қиялын күштірек ояту үшін қолданды. Бұл түрлі себептерге байланысты адамдар, әуезге ән айтуға, дауысты реттеуге ерте өуестенді. Әндер мен күйлер ұрпактан ұрпаққа, халықтан халыққа ауысып, көбейіп отырды
Әл-Фараби творчествосында көрнекті орын алатын мәселенің бірі - тәрбие мәселесі. Тәрбиеге анықгама бере келіп, ол: "Тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделгенн этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту әдісі деген сөз... тәрбиелеу кезінде халықгар мен қала түрғындарына білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, осы қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер адамдардың жан-дүниесін баурап алатыңдай және адамдарды осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді" деп жазды.
Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.
«Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген.
«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы педагогика негіздері мен оның жүйелі түрде зертелмегендігі арасында, оқу - тәрбие үрдісінде Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы адамгершілік тәрбиесін халықтық педагогика тұрғысынан пайдалану мен оны пайдалануға байланысты әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама - қайшылықтың бар екені айқын көрінеді және тақырыпты «Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» шығармасындағы адамгершілік идеялары» - деп алуымызға себепші болды.
«Құтты Білік» дастаны терең мәнін жолғалтпаған құнды шығарма. Оның таным- білігінің түпкі тамырына ой жүгіртіп, тәлім-тәрбиелік заңдылықтарын ашу - педагогика тарихын байытып, теориялық - практикалық мәнін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |