Педагогикалық диагностика



Дата12.05.2023
өлшемі0,99 Mb.
#92734
Байланысты:
Пед.диагностика.ИиФДО.РақметуллаБалғын

Педагогикалық диагностика

Орындаған: Рақметулла Б.И

Қабылдаған: Арзанбаева Б. О.

ДИАГНОСТИКА

  • Қазіргі жалпы ғылыми концепция бойынша диагностика деп белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында диагноз қоюдың теориясы мен тәжірибесі түсініледі.
  • Қазіргі заманғы педагогикалық диагностиканың тарихы XIX ғасырдың бірінші жартысынан басталады. Бұл кезеңнің ерекшелігі сонда, адам туралы эмпирикалық психологиялық білімдерді талдауда шешуші рольді дәрігерлер атқара бастады.
  • ХХ ғасырда бұл термин философияда, одан кейін психологияда және басқа салаларда қолданыла бастады.
  • 1968 жылдан бастап «Диагностика» педагогикада да пайда болды. (неміс педагогы Карлхайнц Ингенкамптың ұсынысымен).

Педагогикалық диагностика –

- балалардың білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейін, білім алғандық, дамығандық және тәрбиеленгендік деңгейін өлшеу.

Оның нәтижелері педагогикалық процестің, педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігін, әр баланың даму сипатын көрсетеді. Бақылау және диагностика басқару функциялары болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесіндегі диагностика бірнеше функциялар орындайды: диагностикалық, дидактикалық, тәрбиелеушілік, дамытушылық.

Мектепке дейінгі ұйымда оқыту процесі нәтижелерін диагностикалау әртүрлі бақылаулар арқылы жүзеге асады.


Педагогикалық диагностканың қызметтері
Ақпараттық
Болжам жасау қызметі
Бақылау-түзету қызметі
Бағалау қызметі
Кері байланыс

Бастапқы

Оқу жылы басында (қыркүйек)

Оқу жылының ортасында (қаңтар)

Оқу жылының аяғында (мамыр)

  • Мониторинг баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға, өзара әрекет ету тәсілдерін өзгертуге, педагог тарапынан қамқорлық пен көңіл бөлуді ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, жүйелі бақылау ретінде қарастырылады.
  • Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму
  • динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетінжоспарлауға, мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.

Индикаторлар – білім беру салалары бойынша баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіштері. Күтілетін нәтижелер баланың әр жас топтарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған

Балалардың дамуына мониторинг жүргізуде педагог:

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стнадарты талаптарын;
  • Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын;
  • Бақылау парағы мен баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптерін білуі;
  • Мектепке дейінгі педагогика мен психология негіздерін;
  • Баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін өлшеу әдістері: бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, өнімді әрекет түрлерін;
  • Мектепке дейінгі жастағы баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін есептеу әдістерін;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеруі қажет.

Принципті жүзеге асыру бірқатар ережелерді сақтауды болжайды:

  • Диагностикалық әдістердің диагноз қойылған адамның жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі;
  • Алынған мәліметтерді басқа педагогтардың, ата-аналардың немесе зерттеушілердің мәліметтерімен салыстыру;
  • Диагностика кезінде алынған фактілік материалды қайта тексеру, нақтылау;
  • Педагогикалық рефлексияны дамыту.

Балалардың Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын білім беру салалары бойынша меңгеру индикаторлары

Педагогикалық диагностика баланың жеке басын зерттеу үшін ғана емес, оны зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер негізінде шешім қабылдау үшін қажет.

Педагогикалық диагностика кез келген оқу-тәрбие процесінде бар – педагог пен баланың өзара әрекетінен бастап, жалпы білім беру жүйесін басқаруға дейін.

Диагностикалық іс-әрекет педагогикалық жобалаудың бастапқы кезеңі болып табылады, ол оқу міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді және осы мәселелерді шешудің технологиялық тізбегін аяқтайды, өйткені ол оқу процесінің тиімдігін анықтауға бағытталған.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет