Педагогикалық идеяның атауы: Оқытудың белсенді әдістері



Дата13.04.2023
өлшемі68,77 Kb.
#82519

Автордың аты-жөні: Джантаева Рауан Абишевна


Педагогикалық идеяның атауы: Оқытудың белсенді әдістері:
«Оқиға картасы»
Бағыты: «Шығармашыл толқын»
Білім беру ұйымы: Жиенбет негізгі мектебі Жиенбет ауылы
Тілеуғабыл болыс көшесі №11 5-10-56
Мекен-жайы,телефоны: 87788764397
Эл.почта: rauan_01.04@mail.ru

Педагогикалық идеяның тақырыбы: Оқытудың белсенді әдістері: «Оқиға картасы»


Педагогикалық идеяның мақсаты:
Бастауыш сыныптың әдебиеттік оқу пәнінің мақсаттарына қарай «оқиға картасы»әдісін орынды қолдану арқылы,оқушылардың мәтіндегі негізгі ойды дұрыс жеткізе алу қабілеттерін арттыра отырып,мәтін желісін болжауға үйрету
Міндеттері:
- «Оқиға картасы» әдісін сабақтың мақсат-міндеттеріне,оқушылардың жас және таным әрекеттерінің ерекшеліктеріне сай қолдану
-«Оқиға картасын» жүйелі,дұрыс орындату арқылы оқушының бойында іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Бастауыш сыныптардың әдебиеттік оқу пәндерінің сабақ мақсаттарына қарай отырып,сабақ барысында «оқиға картасын» тиімді пайдалану оқушылардың ой-өрісін арттырады.
«Оқиға картасы»

1.Тақырыбы

2.Кейіпкер

3.Ахуал
Жағдай

4.Оқиғаның негізі

5.Проблемасы

6,Шешімі (Болжау)



















Сонымен қатар оқушының мәтінді жүйелі баяндауына септігін тигізері анық.3-сыныптың әдебиеттік оқу пәніндегі «Күн тәртібі» сабағында оқушылар «оқиға картасы» кестесін топта толтырып жазып,оқиға желісін ретімен баяндап айтып берді.Бұл әдісті жеке жұмыста қолдануға болатынына да көз жеткіздім. «Оқиға картасы» әдісін сабақ барысында қолданар алдында сабақ мақсатына сай келе ма, жоқ па соған назар аудару қажет.
Үй тапсырмасын бекітуге «оқиға картасын» пайдалану оқушының мәтіндегі негізгі ойды дұрыс,жүйелі жеткізуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар оқушыларды тиімді бағалауда да,өзін-өзі бағалауда да тигізер пайдасы мол.Оқушыларға берілетін тапсырмалар бойынша дескриптор құрылатыны белгілі.Дескриптор арқылы оқушы өз-өзіне балл жинап,жоғары балл жинауға талпынады.
Дескриптор

Оқушының аты

Берілетін балл

Жинаған балы

Оқиға желісін дұрыс жеткізе алады

1




Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

1




Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады

2




Мәтінді жалғастырып,болжай алады

1




Топтағы топ жетекші дескриптор арқылы топ мүшелеріне балын жазып отырады немесе әр оқушы әр тапсырмадан неше балл алғанын жазып отырады.Сабақ барысында мұғалім де «оқиға картасы» бойынша әр оқушының неше балл жинағанын біліп отырады. «Оқиға картасы» әдісін «Оқуға құштар» жобасы аясында да қолданысқа енгізсе болады.Шығарманың тақырыбына құрылысына,мазмұнына қарай «оқиға картасы» әдісі арқылы оқушының шығарманы оқыған,оқымағандығын тексеруге болады.Шығармамен таныс,оқыған оқушы әңгіменің мазмұнын,желісін картаға түсіру арқылы жүйелі баяндап бере алады.


«Оқиға картасын» сабақ барысында тиімді қолдану арқылы оқушыларымның белсенділігі артып,сабаққа деген қызығушылықтары артты.Үлгерімі төмен деген оқушыларымның өзі картамен жұмыс жасауға дағдыланды.Мәтінді түсініп оқыған оқушы «оқиға картасы»арқылы өз ойын жүйелі жеткізуге талпынды.Сыныбымның да білім сапасы артты.3-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен 85% білім сапасын құрайды.3-сыныптың әдебиеттік оқу пәні бойынша бірнеше сабақтар бойынша «оқиға картасы» әдісін пайдаландым. «Күн тәртібі», «Бақыт құсы (ертегі)», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Ақбас торғай», «Сауысқан мен көкек», «Шал мен бала», «Алтын мүйізді киік» деген тақырыптардағы оқиға желісін жүйелі баяндауда оқиға картасының көмегі зор болды деп есептеймін.Сондықтан да осы әдісті бастауыш сыныптардың әдебиеттік оқу пәндерінің сабақ мақсатына қарай тиімді қолданудың пайдасы көп.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет