Педагогтердің қауымдастығы – кәсіби қажеттілік
Білім саласында жаңа білім мен инновациялар алмасу үдерісінде қауымдастық қызметінің маңыздылығын көптеген білім ұйымдары мойындап отыр. Заман ағымына сай сындарлы оқыту теориясына негізделген заманауи мектепке жаңа талаптар қойылып отыр, атап айтқанда: білімнің жаңа мазмұны, оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды интеграциялау; оқу әрекетінің белсенді түрлері, соның ішінде, жобалау, зерттеу әрекеттері, қашықтықтан оқыту формасы, жекелеу тұрғысы; педагогтің мектептегі жаңа ролі; жаңа сандық және электрондық оқу құралдарын қолдану; мектепті басқарудағы жаңа әдіс-тәсілдер.
Бұл талаптар мұғалімдер алдына жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгілейді. Белгіленген бағытпен қойылған міндеттерді орындау жалғыз пән мұғаліміне ауыр тиеді. Ал егер жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс істеп жүрген шығармашыл педагогтер қауымдастығы болып жұмыс жүргізсе, мәселені шешуге болар еді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мұғалімдер тәжірибесіне терең еніп кетті, күнделікті пайдаланып жүр десек те болады. Уақыт өте келе компьютерлік технология қызметін кәсіби түрде пайдалану қажеттілігі туындауы заңдылық. Мысалы, қандай да бір озат тәжірибені насихаттауда, болмаса оқыту жүйесінде туындап жатқан өзекті мәселелерді талқылауда, педагогикалық идеялармен алмасуда мұғалімдердің командалық іс-әрекеттері нәтижелі көрсеткіштерге жетелейтіні сөзсіз. Осы орайда мұғалімдердің желілік қауымдастықтары аталған қажеттіліктерді қанағаттандыратын бірден-бір құрал болып табылатыны айқындалып отыр.
Қауымдастық деңгейлік бағдарламалардың концептуалдық идеясын тарату және тәжірибе алмасу, қарым-қатынас жасау мақсатымен ұстаздар арасында құрылады. Өзара белсенді қарым-қатынас жасайтын әрі заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен бірлесіп әрекеттесетін педагогтер тобын қауымдастық деп атаймыз. Қауымдастықтың ортақ мақсаты, қызығушылығы, қажеттіліктері және оның барлық мүшесі қолдана алатын ортақ ресурстары болады.
Сонымен қатар, ұстаздарды өз білімін жетілдірудің құралы ретінде мүдделес топтар арасында қарым-қатынас жасаудың заманауи түрін қолдануға бағыттаудың тиімді болатынына назар аудардық. Қазіргі уақытта қауымдастықтың белсенді қолданушыларын анықтау және олардың табысты оқытуындағы жетістіктерін насихаттай отырып компьютерлік желілік құрылғылар арқылы педагогтер арасында белсенді қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын көрсету аса маңызды. Қауымдастықтың көмегімен өз тәжірибесін таратып, оған кері байланыс
алып, өзінің жоғары кәсібилігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамытып жүрген ұстаздардың тәжірибесін таратуды қажет деп санадық.. Өкінішке орай, облыс бойынша биология және химия пәндері бойынша тек екі мұғалім ғана атсалысты.
Қауымдастық жұмысын табысты ету қажырлы еңбек пен табанды жұмысты талап етеді. Кез келген мұғалім кәсіби әрекетінің қандай кезеңінде болмасын өз білімінің шыңырау шегіне жеттім деп айта алмайды. Желілік қоғамдастық жұмысына қатысу – бұл тек уақыт талабы ғана емес, оқу процесіне жаңа стандартты енгізетін кез-келген пән мұғалімінің өнімді еңбек етуі үшін қажеттілік болып табылады.
Мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісіп, биология және химия пәндері бойынша жыл бойы вебинарларда оқыту сапасын арттыру, қашықтан оқытуға байланысты білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелерін талқылады.
Қауымдастықтың миссиясы
. Бейіндік ұлттық жобалардың міндеттері мен отандық жаратылыстану-ғылыми білім берудегі инновациялық үрдістерге сәйкес педагогтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, «Биология және химия» пәні бойынша педагогикалық ұжымның кәсіби өзара іс-қимылын күшейту мәселесіне тұжырымдамалық көзқарастарды анықтау. .
.Қысқаша сипаттама
. Қауымдастық қызметінің негізгі мақсаты биология және химия мұғалімдерінің кәсіби қызметін үйлестіру үшін біріктіру болып табылады. Қауымдастық дамуының айқындаушы векторы оның мүшелерін қазіргі ашық ақпараттық қоғам жағдайында әртүрлі деңгейдегі өңірлік білім беру жүйелерінің белсенді өзара әрекеттестігіне тарту болып табылады.
Қызметінің бағыттары
болашақ биология және химия мұғалімдерін кәсіби даярлау процесіне тиімді инновациялық технологияларды енгізу
43.
44. мектеп оқушыларына биология және химия бойынша қосымша білім беру шеңберінде ғылыми-танымдық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру
45.
46. Заманауи мектеп бейнелерін цифрландыруға сәйкес жаратылыстану пәндерін оқытудағы инновациялық тенденциялар