Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекеті



Pdf көрінісі
Дата15.11.2023
өлшемі52,37 Kb.
#122435
Байланысты:
Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекеті.



Орындаған Дəулетбек Рахат
Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кəсіби іс-əрекеті.
Мұғалім киелі мамандық. Адам тəрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мəлімет беру,
баланы өмір сүруге үйрету өте қиын шаруа. Бұған Елбасының білім жəне ғылым
қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп
оқушылары, мұғалім оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан да мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр» деген сөзі дəлел. Оқушыларды
Отан сүюге, адамдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке баулу ұстаздың басты парызы. Ол
үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық
ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген, білігі мен
білімі жоғары болуы міндет. Сонда «мектеп те, мұғалім де – бала үшін» қызмет етпек,
Н.Ə. Назарбаев: «Мұғалімдер қоғамның ең білімді, ең отаншыл бөлігі болып табылады.
Сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл-ойын жетілдіресіздер. Олар үшін
кейде ата-анала-
рына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен. Жас ұрпақтың болашақ азаматтық
бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге деген махаббаты көп ретте сіздерге
байланысты» десе, атақты педагог – ғалым В.А. Сухомлинский «мұғалімдік мамандық –
бұл адам тану, адамның күрделі жəне қызықты, шым шытырманы мол рухани жан
дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты
жүрекпен ұға білу болып табылады» деп, ұстаздық қабілетке ерекше баға берген.
Мұғалім – дəрігер мамандығы сияқты ертеден келе жатқан мамандықтың бірі. Ол
ұрпақтар арасын байланыстырушы.
Орыс халқының ұлы педагогы К.Д. Ушинский былай дейді: «Жас жеткіншекті
тəрбиелеуде оқулық арқылы да, моральдік көтермелеу арқылы да, жазалау арқылы да
əсер ете алмайтын күшті мұғалімнің жеке жақсы оқу бағдарламасы, тəрбие əдісі
болсын, ол тəрбиеші болмаса, жай сөз болып қала береді. Тəрбиені ешқашан айтқанды
көзсіз орындаушы бола алмайды, ол өз жүрегінің жылуын беруші, жанымен сезінуші
болғанда ғана тəрбиеші бола алады». Ал, ұлы педагог жəне қоғам қайраткері Ы.
Алтынсарин «Мектепте мұғалім – басты тұлға, онымен ешкім теңесе алмайды», дейді.
Ы. Алтынсарин өз еңбектерінде адам жəне оны биік адамгершілік тұрғыда
тəрбиелеудің жолдары туралы айтады. Сол тұрғысында ұстаздық қабілеті дамыған
тəрбиешіге үлкен сенім артқан.
Қабілетті шыңдауда Ы. Алтынсарин мұғалім оқытудың тиімді əдіс-тəсілдерін теру
арқылы жетеді. Баламен қатынас жасауда төзімді болу керек жəне əр пəнді түсінікті,


ұғымды жеткізе білу де шеберліктің шыңына бастайды. Абай Құнанбаев мұғалім бір
орында тұрып қалмай үнемі іздену, оқу, өсу үстінде болу керектігін, біле білгенін
басқаға үйрету қажеттілігін ескертеді. Ең бастысы мұғалім адамгершілігі мол, үлкен
жүректі, əділетті болуы шарт. Өз дегеніне жету үшін мұғалімнің мінезі кең, ерік-жігері
мол, ішкі жан дүниесі сұлу, баланы сүйе білетін, рухани жағынан таза болмағы лəзім.
Абай адам мінезі рухани жан дүниесі мен ерік-жігері арқылы анықталады дегенді
айтқан. П. Подласыйдың айтуынша, педагогке тəрбиелей жəне басшылық ете білу,
тыңдата жəне тыңдата білу, дүниетанымның кең болуы, сөйлеу мəдениеті, адам мен
қарым-қатынас жасай білу, оған сенім арту, алға ұмтылуға үйрету, байқампаз болу
қандай жағдайда болсын шешім қабылдай білу қажетті қасиет. Педагогтік мамандық
білімділікті қажет етеді
Құзыреттілік бірінші орынға білімдердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мəселені
дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің
қалыптасуын орта кəсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік,
дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты
дайын екендігі туралы айтуға болады. Мұғалім қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз
тəрбиелеп отыратын, ортамен, адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе
алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тəжірибесі мол, т.б. қасиеттерді
жинақтағанда ғана оның бойынан кəсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады.
Коммуникация ортақ түсінушілікке əкелетін екі жақты ақпарат алмасу. «Коммуникация»
терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді.
Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін
білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай
қабылдады тағы сол сияқты сұрақтарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық
құзыреттілік адамдармен керекті контактіні құру жəне ұстай алу қабілеттілігі.
Педагогикалық іс тəжірибесінде де мұғалімнің коммуникативті қабілеттілік адамның
жасына, біліміне, мəдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік жəне кəсіби
тəжірибесіне байланысты ерекшеленеді.
Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара əрекет пен қарым – қатынас
тəсілдерін білуді, түрлі əлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі
əлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін
байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, қазақ тілінде, халықаралық
қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады
Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тəжірибе (білім, икем, дағды,
жалпы адамзаттық мəдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол əрбір
профессионалды қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді
кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.
Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының
арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін жəне
қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды
регидтілігімен мінезделеді. Жəне керісінше, демократиялық стильді ұстанатын
педагогтарда əдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық жəне мейірімді, сынға
төзе алады, өзіндік ирониясы болады жəне өзгеруге дайын.


Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық
зерттеуші А.Б.Орлов «мұғалімнің тұлғалық центрациясы» деген терминді қолданды,
оның ойынша ол педагог іс-əрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады,
оның көптеген көрінулерін анықтайды: педагогиалық стиль, қатынас, əлеуметтік
перцепция. Сөйтіп, педагогикалық іс-əрекет мұнда сонымен қатар
рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап синатталады. Орлов əрбіреуі
педагогикалық іс-əрекетке басыңқы бола алатын негізгі жеті центарцияны бөліп
көрсетеді: эгоистік (өзінің «Мен» қызығушылығында), бюрократиялық
(админстрацияның, басшылықтың), конфликтік (əріптестерінің қызығушылығында),
авторитетт (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту жəне тəрбиелеу
талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік
мəн мен басқа дамдардың-админстратордың, əріптестердің, ата-аналардың,
қатысушылардың мəндерінің көрінулерінде). Орлов бойынша центрация тəлімділік
іс-əрекетінің əдісі мен сəттілігін анықтайды.
Қарым-қатынас біріккен іс-əрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы
байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың
танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. Бұл қарым-қатынас
адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің
сезімін басқа адамдарға хабарлай алады жəне өзі басқа адамдардың ойын түсіне
алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің
көмегімен сөйлеу қарым-қатынастарында əрбір адам білімнің көп бөлігін басқа
адамдардан алады. Жинақталаған тəжірибиені жəне білімді меңгеруге оқыту үрдісі
жатады. Сөйлеу - тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас үрдісі.
Қарым-қатынастың түрлері:
Маскілі қарым-қатынастар; бір күннің ішінде бірнеше маска кию. Формалды
қарым-қатынас, яғни мұнда маскілерді пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық
ерекшелігін түсініп ескертуге талпынамыз (сыпайылық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы
сұхбаттасушыларға деген сезімдерін. Эмоцияларын қарым қатынас барысында
көрсетпейді.
Формалды рөлдік қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен əлеуметтік
рөлі маңызды болып табылады.
Іскерлік қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының іске деген тұлғалық ерекшелігі,
мінезі, жасы, көңіл-күйі ескеріледі. Сонымен бірге оның іске деген қызығушылығ мəндік
маңызды орын алады.
Достардың рухани жəне тұлғалық қарым- қатынасы – мұнда кез-елген тақырыпқа
əңгіме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бірін-бірі
жақсы түсінеді.
Маникулятивтік қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгілі бір пайда табуға бағытталған.
Ол үшін сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелігіне байланысты түрлі əдістер
пайдаланады.
Вербалды жəне вербалды емес қарым-қатынас.
Комммуникациялық жүйе – бұл алынатын жəне берілетін ақпаратты түсінуді
қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Қарым-қатынас – бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген
рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары


қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал
жəне қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді.
«Қарым-қатынас» сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы
қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни
адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс
адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз.Осы қарым
қатынаста педагокиканың айырылмас бөлшегі.Қарым қатынас арқылы педагогтың
өнімділігі артып оқушыларымен арасы жақсарып,бір бірімен жұмыс істей алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет