ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Пәні: ӘСБ2 Саясаттану
Курс: 2
Тобы: 6В08615-Су ресурстарын басқару
Орындағандар: Жүсіпбек Ажар Нұржанқызы
Тексерген: Кульбаева Д.Д.
Кафедра: Су шарушылығы және табиғатты үйлестіру
Тақырыбы: Әлихан Бөкейханов
ЖОСПАР
- Әлихан Бөкейханов өмір жолы, отбасы.
- Әлихан –қоғам қайраткері ретінде.
- Ә.Бөкейхановтың ғылыми зерттеу жұмыстары.
- Қорытынды.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05.03.1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы -27.09.1937 жыл, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ата
тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Жылдары
|
Оқу орындары
|
1878-1879
|
Ауыл молдасынан сауат ашады.
|
1879-1886 жылдары
|
Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.
|
1886-1890 жылдары
|
Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.
|
1890-1894 жылдары
|
Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |