2 есеп. Энтальпияны табу керек.
Шешуі
Егер процесс тұрақты қысым кезінде өтетін болса, онда дененің алатын жылуын мына түрде жазуға болады:
. (3.27)
(3.28)
күй функциясын энтальпия немесе жылу функциясы деп атайды. (3.27) және (3.28) өрнектерден дененің изохоралық процесс кезінде алатын жылу мөлшерінің , (3.29)
немесе интегралдық түрде
(3.30)
болатындығын көреміз. Демек, қысым тұрақты болып қалатын кезде, дененің алатын жылуы энтальпияның өсімшесіне тең болады екен.
Тұрақты қысым кезінде энтальпия тұрақты көлем кезіндегі ішкі энергия тәрізді рөл атқарады.
3 есеп. Гиббстің термодинамикалық потенциалын табу керек.
Шешуі
Гиббстің термодинамикалық потенциалы
(3.31)
болып анықталатын күй функциясы Гиббстің термодинамикалық функциясы деп аталады. Бұл функцияның дербес туындылары
, (3.32)
Егер температура мен қысым тұрақты болып қалатын болса, онда
(3.33)
деп жазуға болады. Осы өрнектен, тұрақты температура мен тұрақты қысым кезіндегі қайтымсыз процесс Гиббстің термодинамикалық потенциалының кемуі кезінде өтеді екен. Тепе-теңдік кезінде уақыт бойынша өзгермейді. Сонымен, тұрақты Т және р кезінде Гиббстің термодинамикалық потенциалы минималь болатын күй тепе-теңдікте болады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |