PhD, Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры



Дата08.12.2023
өлшемі14,28 Kb.
#135309
Байланысты:
Қуғын-сүргін жылдары


Жаралы жылдар жаңғырығы


Рахимов Мәди Иләлұлы
Торайғыров университеті
PhD,
Қазақстан тарихы кафедрасының
қауымдастырылған профессоры

Жаралы жылдар жаңғырығы өткен ғасырдың 20-50 жылдар аралығы қазақ тарихында нәубет жылдар деген атпен аталды. 1919-1921 жылдары қуаңшылық пен жасанды жасалған аштықтан 1 млн. астам, ал 1931-1933 жылдары 2 млн. дейін қазақ аштықтың құрбаны болып кетті. Қазақ АКСР-і жергілікті тұрғындарының 48 % аштан опат болды немесе елден кетті, т.е. практически половина населения казахского населения. Можно с уверенностью говорить, что таких масштабов трагедии не испытала ни одна из советских республик.


1928-30 –шы жылдары және 1937-1939 жылдары қазақ зиялылар қаумының өкілдері репрессияға ұшырап, айдалды. 1937 жылғы санақ нәтижесінде қазақтың саны небәрі 2 млн. ғана қалды. Қазақстан ішіндегі қазақтардың саны тек 1970 жылдары ғана 1926 жылғы деңгейге жетті. Құжат деректері бойынша Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстанда саяси репрессия ұшырағандардың саны 3,5 млн. адам болды. 1920 -40 жылдары тұтқындалған адамдардың көпшілігінің тағдыры әлі күнге белгісіз. ХХ ғасырдың 30-50 жылдары қазақстанның тұрғындары ГУЛАГ, Карлаг, АЛЖИР және басқа лагерлердің тұтқындарымен толықты.
Қазақтардың маңдайына біткен жауқарлары елім, жерім үшін жанпида деп бас көтерген, қазақтың санасын ашуға үгіт-насихат жүргізген көптеген зиялы қауым өкілдерін 1937-1939 жылдары азапқа салып өлтірген болатын. Тәуелсіздік жылдары 500 мыңға жуық күнәсіз отандастарымыздың аттары жазылған «Аза кітабы» жарыққа шықты және 340 мыңнан астам жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматттарымыздың аттары ақталды. Эта работа, как известно, продолжается и сегодня.
Жалпы бұл кісілерді біз ешқашан ұмытпаймыз, олардың алдында мәңгілік қарыздармыз.
Жалпыұлттық зобалаңнан Павлодар облысы да қалыс қалған жоқ. Сталиндік репрессия құрбандығына біздің облыс бойынша 6 мыңнан астам адам ілікті. Олардың ішінде әйгілі жазушылар, ақындар, Ертіс өңірінің белсенділері болды. Атап айтар болсақ Жүсіпбек Аймауытов, Әбікей Зейінұлы Сәтбаев, Жұмат Шанин, Ахметолла Барлыбаев, Қабыш Бердалин, Мұқыш Боштаев, Зейін Шашкин және т.б. Также в конце 1940-начале 1950-х годов были подвергунты гонениям и травле и такие выдающиеся деятели науки, литературы и искусства как К.Сатпаев, М.Ауэзов и другие. Личности, составлявшие цвет казахской интеллигенции. Так прервалась преемственность поколений и последствия трагических периода репрессий мы в значительной мере ощущаем и сегодня.
Біздің елімізде 1997 жылдан бастап 31 мамыр жазықсыз жазаланғандармен ашаршылық құрбандарын ресми түрде еске алу күні деп аталып келеді. Егеменді елде туған жаңа буын қазақстандықтар туған елінің тарихын жақсы білу керек. Қасіретті заманның куәсі болған сол заманның аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуіміз керек. Халық басына түскен зұлмат заман қайталанбас үшін, қыршын кеткен бейкүнә жандардың рухына тағзым жасау үшін біз осы күнде жыл сайын атап өтуіміз қажетті. Считаю необходимым добавить, что наши скорбь и поклонение перед жертвами тоталитаризма должны занимать важнейшее место в контексте исторической памяти.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет